Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы 2
2 Мемлекеттiң негiзгi түсiнiктерi 5
3 Құқық туралы негiзгi түсiнiктер 7
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 18
КІРІСПЕ
Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық
мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады.
Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы
өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның
мәнінеде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы немесе
қазіргі кәсібін заңгер деп таңдағандарға аса маңызды болып табылады.
Бастапқы айта кететін жайт мемелекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы
туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді:
мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти
алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп
аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің
дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған
нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы
болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде
оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды
тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.
1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, құрылымдық,
басқарушылық салаларындағы обьективтiк даму процестерi бiр-бiрiмен тығыз
байланыста өзгерiп, жаңарып отырды. Малшылық пен егiншiлiк қалыптасты,
ажарланған тастан жасалған қарулар өмiрге келiп, адамның тәжірибесi өсiп
молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделi тарауға бөлiндi: малшылық, жер игеру,
өндiрiстiк және саудагерлер тобы. Бұның бәрi еңбектiң өнiмдiлiгiн арттырды,
қоғамның шығысынан кiрiсiн асырды. Сөйтiп қоғамдық байлық қалыптаса
бастады, оны иемденетiн топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерiстер
әлеуметтiк қайшылықтарды өмiрге әкелдi. Олар төмендегi негiзгi обьективтiк
заңдардың - қосымша өнiмнiң пайда болуы; жеке меншiктiң қалыптасуы; топтар
мен таптардың арасындағы күрестiң басталуы - әсерінен туындайтын
қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшiн өмiрге мемлекет пен құқық келдi.
Мемлекеттiң дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке
меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң
туындысы. Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi
ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi
салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына
үйренетiн басқару жүйесi.
Мемлекеттiң пайда болуының, дамуының бiрнеше түрлерi бар:
1. Шығыс елдерiнде (Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типтi
елдерде) мемлекеттiң қалыптасуы негізінен қоғамдық меншiктi қорғаумен
байланысты. Себебi алғашқы қоғам ыдырау кезiнде бұл елдерде күрделi
құрылыстар болды: iрi су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер
құру, құрғақшылықпен күресу. Мiне осы күрделi жұмыстарды жақсы жүргiзу үшiн
қоғамдық-мемлекеттiк меншiк қалыптасты. Сол меншiктiң иелерi: шенеуніктер,
ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдерiндегi мемлекеттердiң қалыптасу себептерiне:
- iрi ирригациялық жүйелердi жасау;
- оны iске асыру үшiн құлдарды, жұмысшыларды жүйелi түрде топтастыру,
бiрiктiру;
- барлық жұмыстарды бiр орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттiң басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан
өсiп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсiп әдiлетсiздiктi,
қанаушылықты күшейттi. Азия типтi мемлекеттер өте бәсең дамып, Х1Х–ХХ
ғасырларға дейiн көп өзгермей, сақталып келдi (Қытай, Иран т. б.).
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншiктiң шапшаң, күрделi дамуы,
қоғамның тапқа бөлiнуi арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезiнде экономикалық күштi
топтар мен таптар мемлекеттiк билiктi өз қолдарына алып, өз мүдде-
мақсаттарын орындайтын мемлекеттiк аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер,
көбiнесе, демократиялық жүйедегi саяси бiрлестiк болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттiң қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға
тәуелдi болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типтi мемлекеттер
Европаның бiрнеше елдерiнде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi
обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың
(әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде
бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi
қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi
кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.
Құқық екi жолмен дамыды. Бiрiншiден, мемлекеттiк қоғамдық меншiктi
реттеу моралдық - дiни нормаларға сүйендi. Мысалы, Индияда Ману заңы,
мұсылман елдерiнде Құран заңы. Екiншiден, жеке меншiк бағытындағы
қатынастарды мемлекеттiк органның өзi бекiткен нормалар арқылы реттеп,
басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмiр сүрiп келедi. Жеке адамдар тиiстi
мемлекеттiң азаматы болып, сол мемлекеттiң билiгiне, құқықтық тәртiбiне
бағынып, өзiнiң iс-әрекетiн, мiнезiн, тәртiбiн қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келедi. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келедi?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеулер жасап келедi.
Ендi мемлекеттiң және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейiк.
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмiрiмен қалыптасып,
дамып келедi деп түсiндiредi.
Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекеттi,
құқықты ешкiм ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзi сияқты табиғаттан бастау
алып, әдiлеттiлiкке негiзделген абсолюттiк ұғымдар деп атайды.
Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан
бастау алып, тарихпен бiрге жетiлдi дейдi.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесiнен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерiнiң мүдде-мақсаттарын iске
асыру үшiн бiрiккен одақ деп түсiндiредi. Күрделi iрi патриархалдық отбасы
басшысы бiрте-бiрте мемлекеттiң басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттiң басшысы - монарх.
Психологиялық теория - адамдардың психологиялық бiрiккен көзқарасы, iс-
әрекетi, мiнезi, тәртiбi – бәрi келiсiп, ұжымдық түрде басқарады деген
тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Қазақ жерiнде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда
болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберiнде өмiр
сүрдi. Бұл аймақта мекендеген көшпелi тайпаларда мемлекеттiң құрылуы
ғасырларға созылып, ол ерекше күрделi түрлер арқылы қалыптасты, ал барша
жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесi әдет заңына бағынып келген.
1465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негiзi қаланып,
Жәнiбектiң ұлы Қасым ханның тұсында көркейiп, қуатты мемлекетке айналды.
Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерiн жүйелеп Қасым салған қасқа жолды
тұжырымдап бердi. Ол бес тараудан тұратын:
1. Мүлiк заңдары (мал, мүлiк, жер дауы мәселелерi).
2. Қылмыс заңдары (кiсi өлтiру, ел шабу, мал талау, ұрлық мәселелерi).
3. Әскери заңдар (қосын, аламан, әскери мiндет, тұлпар ат, қара қазан
мәселелерi).
4. Елшiлiк жоралары (майталмандық, шешендiк, сыпайылық, әдептiлiк).
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т. б).
Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрi жетiлуiне әкеп соқты.
Осындай мiндеттi Есiм хан (1598-1645 жж.) бұрынғы қазақ заңдарына,
әдеттерiне жаңадан дем берiп, әсiресе, әскери заңдардың беделiн күшейттi.
Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды.
Есiм хан өзiнiң заңдар жинағында ежелгi құқықтық әдеттердi қаз-қалпында
сақтағаны үшiн оған халық “Есiм ханның ескi жолы” деген ат бердi.
Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуiр ыңғайына сай бейiмдеп
қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттiк дәрежеге көтердi. Тарихта
бұл заңдар “Тәуке ханның жетi жарғысы” деген атпен белгiлi. Жетi жарғыда
бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгiзiлдi.
Бұл тарихи құжатта мемлекеттiк, әскери iс, шаруашылық, қылмыс, дiни,
жұртшылық, отбасы және неке мәселелерi қамтылды.
2 Мемлекеттiң негiзгi түсiнiктерi
Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тiршiлiгi мен дамуын
қамтамасыз ететiн, өзiнде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың
құқықтарын, бостандықтарын әрі заңды мүдделерiн қорғайтын, мемлекеттiң өз
iшiндегi және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетiн институт.
Мемлекет - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп
отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын,
барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын,
халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.
Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:
1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi.
2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы
белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады.
3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.
4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана
басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында
тұратындардың бұлжытпай орындауы.
6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік
мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттiң нысаны көбiне үшке бөлiнедi: басқару нысаны, мемлекеттiк
құрылымының нысаны және саяси режим.
Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарының
құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды
сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.
Мемлекеттiң басқару жолы монархия және республика деп екi түрге
бөлiнедi. Монархияда жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл
билiк мұрагерлiкпен берiледi. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия,
Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.
Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгi органдардың бәрi сайлаумен
белгiлi бiр мерзiмге құрылатын болса, осындай мемлекеттiк басқару формасы
республика деп аталады. Қазiргi кезде республиканың екi түрi кездеседi:
президенттiк - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т.б.) және
парламенттiк республикалар - (Италия).
Мемлекет нысанының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны
жатады. Бұл - мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке бөлiнуi, сол бөлiмдердiң
бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекет пен бөлiмдердiң арасындағы байланыстары.
Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк болып
үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның
жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғуға болмайды.
Мемлекеттiң нысанының соңғы элементi - саяси режим. Мемлекеттiң саяси
режимiн, оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен
бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды
қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы
болған режимдер болып бөлiнедi.
Ендi мемлекеттiң келсек, ол күрделi екi топқа: iшкi және сыртқы болып
бөлiнедi.
Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне:
- экономикалық;
- әлеуметтiк;
- қаржы реттеу;
- мәдениет бағытындағы;
- экологиялық;
- құқықтық тәртiптi реттеу жатады.
Сыртқы қызметтеріне:
- шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды
дамыту;
- мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;
- мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты
қалыптастыру;
- дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру;
- мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi
және т. б. жатқызуға болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан
негізгі мақсаты болған. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекуеттің өзара қатынасын инабаттылық,
парасаттылық, әділеттік жолмен дамуын армандады. Аристотель: заң үстемдігі
болмаса, демократия жоқ – деді. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы
пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ
ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.
Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:
1. Заңның үстемдiк етуi.
2. Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi.
3. Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық
нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi. Адамдар заңның құлы болмайынша
құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, Бұл туралы өмір
тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:
Заң – мемлекеттің ақылы.
Сот – мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет – мемлекеттің тәртібі.
Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалыптасып және
мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен
принциптерге сәйкес келсе, елімізде құқықтық мемлекет орнайды. Қорыта
айтқанда, құқықтық мемлекет дегенiмiз - жеке Тұлға мен қоғам мүддесiн
қорғайтын, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделген мемлекет.
3 Құқық туралы негiзгi түсiнiктер
Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың
қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық
нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-
әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды
басқарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
• Құқық нормасы.
• Моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-
әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық,
адамгершілік т. б. қасиеттер.
• Саяси нормалар.
• Эстетикалых нормалар.
• Қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары.
• Әдет-ғұрып нормалары.
• Салт-дәстүр нормалары.
• Діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
Техникалық нормалар – адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас,
байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс
уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты
қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін
мәселелердің ең күрделісі.
Қоғамның тарихи объективтiк даму процесiнде құқықтың маңызы туралы екi
пiкiр бар: бiрiншiсi, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыртын
факторлардың бiрi - құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бұл пiкiрдi
заңды көзқарас дейдi. Екiншiсi, бiрiншi пiкiрге қарсы пiкiр. Қоғамның
дамуында құқықтың ешқандай рөлi, маңызы жоқ деп түсiндiредi. Бұл пiкiрдi
заңды нигилизм дейдi. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкiл адамға пайдалы
нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.
Сонымен, құқық дегенiмiз мемлекет орнатқан және оның күшiмен
қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп
ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ
мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негiзгi элементтерi:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтiк,
мәдениеттiк т. б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретiн, ара-
қатынасын реттеп, басқару;
- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік
түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан
қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап
бекіту.
Құқықтың негiзгi функцияларын реттеу және қорғау болып табылады.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бiрдей мiндеттi, мемлекет
қамтамасыз ететiн, қоғамдық қатынастарды реттейтiн нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің
шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып
отырады.
Құқықтық нормалардың белгiлерi:
1. Норма мемлекеттiк органның қабылдаған, бекiткен актiсi, оның заңды
күшi бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртiптiң үлгiсiне айналады. Өйткенi ол
нормаларды халықтың басым көпшiлiгi дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектiлердiң құқығы мен мiндеттерi, орындалу жолдары
толық әрі нақты көрсетiледi. Егер көрсетiлмесе, субъектiлер өз еркiмен іс-
әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтiрмеулерi керек.
3. Норма ерiктi түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет
қамтамасыз етедi.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртiбiнiң кепiлдiгi ретінде жұмыс
істейді.
Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары
мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен
қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын
қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі
заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Салық кодексінде нормалардың элементтері 1 –ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР
Азаматтық кодексінің 482 бабы). Диспозицияның үш түрі болады:
• Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқықығы айқын
көрсетілмейді.
• Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық
көрсетіледі.
• Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады.
Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық
үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz