ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ2
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ4
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ8
3. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ9
4. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ10
Қолданған әдебиеттер13
КІРІСПЕ
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның онімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оның бірден-бір дәлелі, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъекгивті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайлалану иелену және билік ету құқықтары тиесілі.
Иелену құқығы дегеніміз-мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс. : азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз ететін пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп иелігінен шығаруға, өзі меншік исеі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
1. Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтгі.
КСРО-ның азаматтық заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті халықтың меншігі деп жоғары деңгейде тәртіптеді. КСРО Конституциясы социалистік меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі, сондай-ақ социалистік меншіктен туындайтын өзіндік меншік (КСРО Конституциясының 10, 11, 12-баптары, Қазақ КСР Конституциясының 10, 11, 12-баптары) . Оның үстіне КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық, яғни мемлекеттік меншікті жекелеген азаматтардың өзіндік меншігінен басым бағалады. Ал оның соңғысы тиісті құқық жағынан қорғалмады және өндіріс құралы болып есептелмеді.
90-шы жылдардың басынан бастап "социалистік меншіктен" бас тарту үрдісі басталды. КСРО Конституциясының 10-бабы (КСРО Заңының редакциясы 1990-жылғы 14-наурыз) және 1990-жылға 6-наурыз КСРО-дағы "Меншік туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағының негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінді: "азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік. " КСРО Конституциясының 11-бабына сәйкес мемлекеттік меншік бүкіл халықтың игілігі деп танылды. Мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын бір қорды құрды, ол бұл меншіктің дара және бірден бір субъектісі болды, ал Қазақ КСР-інің егемендігі тек сөз жүзінде қалды. КСРО-ның "Меншік туралы" заңы (21, 22, 23-баптары) жерді және басқа табиғи объектілерді ешқандай мемлекеттің құрылымының қарауына жатқызбады. Бұл объектілер КСРО-ға да, республикаларға да бірдей қарайтын, сөйтіп, шын мәнінде меншік субъектілерінің даралығына қайшы келді. Осындай жұмбақ тұжырымдар әр республикага өз меншік құқығын бермей қойып, мынадай салдарға душар болды, айталық, осы баптарға сүйеніп, Қазақстан Украинаның жерін меншіктеуге, керісінше, Украина қазақ жеріне құқылы болуына әкеп соқты. Әлгі "жалпы игілік" деген ұғымның, өзі бұл мүлікті иесіздікке душар етті, зат бір қарағанда бәріне тиесілі болды, сонымен бірге оның нақты иесі де болған емес, Демек, әу бастан "халықтың игілігі" категориясы заңмен бекітіле тұрса да, ешқандай ілгерілеуді әкелген жоқ. Өз кезегінде Қазақ КСР-нің Конституциясы да меншік бүкіл халықтыкі деп жар салды, бірақ та "халық" деген сөз де тағы келіп нақтылықты көрсете алмады. Егер меншік субъектісі экономикалық мағынада - халық десек, оның бір де бір бөлігі өз бегінше меншік иесі болып танылмады. Заттардың бүкілхалықтық болуы тауар - ақша қатынасына қайшы келді, нәтижесінде мемлекеттік мүлік нақты қатынастардан шығып қалды. Бірыңғай меншік иесіне тауарсыз экономика ғана тән еді. Шын мәнінде затқа халық емес, оның бір бөлігі (заңды тұлғалар мен азаматтар) иелік ету тиіс.
2. КСРО-дағы мешік туралы заңда бұрынғы "өзіндік меншік" ұғымының орнына "азаматтардың меншігі" деген жаңа ұғым пайда болды. Заң әдебиеттерінде жеке меншік тек капиталистік шаруашылыққа ғана тән емес, бар болғаны тауарлы шаруашылықтың белгісі деп тұжырымдалды.
Қазақ КСР-нің өзін-өзі басқару өзін-өзі қаржыландару тұжырымдасында Қазақстан КСРО шеңберінде дербес республика ретінде шаруашылық жүргізуді бекіту мен дамыту жағдайларын қарастырды, сол арқылы жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде жекедара (өзіндік) меншікті және жекедара - өндірістік меншікті енгізу идеясы ұсынылды.
Қазақ КСР-інің 1990-жылғы 15-желтоқсанда қабылдаған "Меншік туралы" заңында тұңғыш рет меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСР-нің жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды. Меншіктің қалған басқа түрлері де республиканың меншігі болып танылды, дей тұрғанмен, онда бүкілодақтық меншікті қалыптастыру жағы да ескерусіз қалған жоқ. ''Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңының 3-бабында "Республика аумағындағы барлық ұлттық байлық оның меншігі болып табылады және республиканың заңдық құзырына өтеді" деп нақты жазылды. Қазақ КСР-і өзінің меншігін, КСРО-ның меншігін, республикалық және коммуналдық меншіктерді қадды.
3. Қазақ КСР-нің меншік турады заңындағы ең бір ұнамды тұс оның 7-бабы 2-тармағында азаматтың меншігі былайша тұжырымдалды: "азаматтың дене және рухани қажеттерін табыс келтірмей қанағаттандыруға арналған өзіндік меншігі табыс келтіруге арналған жеке меншік түрінде көрінеді". Бірақ та Заңның бірқатар ережелеріне елеулі түзетулер қажет еді. Сонымен мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі Халық депутаттары Кеңесінің барлық деңгейі деп танылды. Мүліктің меншік иесі Кеңестер болып табылатын органдар емес, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық құрылымы аталды. Бұл Заңда көңілге қонбайтын ережелер де кездесті. Мысалы, Қазақ КСР-і мемлеқет ретінде коммуналдық меншіктің субъектісі бола алмады.
Қазақ КСР-нің "Меншік туралы" заңында меншіктің үш түрі белгіленді: азаматтардың, меншігі, ұжымдық және мемлекеттік. Заңның 24-бабына сәйкес жер мемлекеттін айрықша меншігі деп айқындалды, ол тек жалға немесе ғұмырлық мұрагерлік құқығына ғана берілетін болды, Тұңғыш рет осы Заңда заттық құқық бекітілді (шаруашылық жүргізу құқығы және т. б. ) .
1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік құқығының жағдайын түбірімен өзгертті.
Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық ғылымының нәтижелерін және меншік құқығына байланысты заңдардың қол жеткен жетістіктеріның ең таңдаулысын заңды түрде тұжырымдады да, нарық талаптарына сәйкестендірді.
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Мемлекеттік меншік Конституциямен (6-бап) .
Азаматтық кодексте азаматтық-құқықтық қатынастардағы барлық қатысушылардың теңдігі көзделген.
Мемлекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар мен қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады; в) мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық, баж салығы, жинау және т. б. бар; г) мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп тұсіну керек және де ол мемлекеттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.
Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.
3. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz