Сот ұғымына жалпы түсінік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Сот ұғымына жалпы түсінік

Сот құрамы мен өкілеттігі

Тәжірбелік бөлім.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сот билігі бұл Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып саналады. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтарымен заңды мүдделерін қорғайды.

Ол туралы Президенттің Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заң күші бар Жарлығында айтылған. Соттың шешімдерін, үкімдерін, өзге де қаулыларын, сондай ақ олардың заңды өкілдерін, талаптарын, тапсырмалары және басқа да өтініштерін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар сияқты мемлекеттік емес ұйымдар, лауазымды адамдар, азаматтар, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқтар да орындағы міндетті. Аталған актілерді орындамау заңды бұзғандықтың жзәне сотты құрметтемеушіліктің көрінісі болып табылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін ҚР Жоғарғы Соты мен жергілікті соттары құрайды.

Мен жалпы өзімнің өндірістік тәжірбие жинағанымды ескере отырып, келесі теориялық және тәжірбиелік бөлімдерде сот ұғымына, сондағы судьялардың мәртебесіне, соттың құрамымен өкілеттілігіне, іс бойынша төрағалық етуші дегеніміз не ? деген сұрақтарға толық тоқталамын.

Сонымен бірге өзімнің өндірістік тәжірбиеден өту кезімде қылмыстық, азаматтық істер бойынша үйреніп білігімді толық баяндаймын.

Сот ұғымына жалпы түсінік

Сот, сот билігі органы бола отырып, қылмыстық, азаматтық және басқа да істер бойынша әділ сотты жүзеге асырады. Кез-келген қылмыстық іс соттың заңды, тәуелсіз, құзыретті және бейтарап құрамымен ғана қаралады. Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша әділ сотты:

Қазақсатан Республикасының Жоғарғы Соты; облыстық және оларға теңестірілген соттар; аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттар; әскери соттар жүзеге асырады.

Сот бірінші кезекте Констиуцияның орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндетті сот әртүрлі тәсілдермен орныдайды. Нақты қылмыстық - азаматтық және басқа да істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.

Қазақстанның Конституциясына сәйкес әр азамат өзінің туған тілін пайдалануына құқылы. Осы констиуциялық қағида іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша сотты олардың мәлімдеме жасау, түсініктеме мен айғақ беру, сотта туған тілінде сөйлеу құқығын қамтамасыз етуге міндетті болып табылды. Соттардың адамдар мен азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануына құқығы жоқ.

Сот басшылық ететін қайнар көз- заңдар болып табылады. Судъя сот төрелігі кезінде тек Конституциямен заңдарға ғана бағынады.

Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген азаматтық, қылмыстық және өзге нысандары арқылы жүзеге асырады.

Соттың шешімдерін, үкімдерін, өзге де қаулыларын, сондай ақ олардың заңды өкімдерін, талаптарын барлық мемлекеттік органдармен ұйымдар лауазымды адамдар, азаматтар, шет ел азаматтары жзәне азаматтығы жоқтар орындауға міндетті. Аталған актілерді орныдамау заңды бұзғандықтың және сотты құрметтемеушіліктің көрінісі болып табылады.

Сот құрамы мен өкілеттігі

Бірінші сатыдағы соттарды қылмыстық істерді қарауды судъя және өзі немесе үш судъядан тұратын алқа жзүзеге асырады. Әділ сотты алқадан тұратын сот жзүзеге асырған кезде олардың бірі төағалық етуші болып табылады. Жаза шарасы ретінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасаған адамдарды айыптау жөніндегі қылмыстық істі қарауды бірінші сатыдағы соттың судъялары жеке- дара қарайды. Қылмыстық істерді апелляциялық сотта қарауды судъялар жеке-дара жүзеге асырады. Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қарауды және сот шешімдерін қайта қарауды кемінде үш судъя құрамындағы сот жзүзеге асырады.

Сот билігінің иесі ретіндегі соттың өкілеттілігі заңмен айқындалады.

Тек соттың ғана: адамдарды қылмыстық жасалуына айпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбұрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға, төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оған өзгертуге құқығы бар.

Сот процестің сотқа дейінгі сатыларында сот қылмыстық ізге түсу органдарының шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды. Қылмыстық іс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судъя істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді. Судъя келіп түскен іс бойынша мынадай: басты сот талқылауын тағайындау, істі қосымша тергеуге қайтару, қылмыстық істерді біріктіру туралы шешімдеренің бірін қабылдайды. Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастар бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.

Судъялар алқасының құрамына қылмыстық істі қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңмен көзделген тәртіппен уәкілеттік берілген судъялардың біреуі төрағалық етеді. Істі жеке- дара қараған судъя іс бойынша төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылардың барлығы және сот заңындағы өзге де адамдар үшін міндетті болып есептеледі.

Сот жүйесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік бірыңғай сот жүйесін белгіледі, Қазақстан Республикасының сот жүйесін Республиканың Жоғарғы соты және жергілікті соттары құрайды. Жергілікті соттарға заңмен бекітілген облыстық және оған теңестірілген соттар, аудандық \қалалық\, әскери соттар жатады.

Шаруашылық, салық, отбасы, әкімшілік, еңбек істері, кәмелетке толмағандардың істері және т. б. бойынша мамандандырылған соттар белгіленетін болса, онда олардың аудандық \қалалық\ сот мәртебесі болады. Сот төрелігін тек заңға сәйкес және соның негізінде белгіленген соттар арқылы ғана жүзеге асырылатынынын атап айтқан жөн. Ешқандай өзге органның, лауазымды адамнаң сот қызметін міндетіне алуына құқығы жоқ. Азаматтар тарапынан өзінше билік етіп, өлке сотын ұйымдастыруына заңмен тыйым салынады.

Аудандық соттың төрағасына белгілі бір өкілеттіліктер берілген. Ол бірінші инстанциядағы істерді қарайды, азаматтарды қабылдайды, сот практикасын зерделеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Облыстық және оған теңестірілген соттар әр облыста Президент арқылы құрылады. Әр облыстық сот үшін судъялар санын да Президент белгілейді. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан, өзге де тұрақты судъялардан тұрады.

Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының әскери соттары, әскери сот бірлестіктері құрылады. Әскери соттардың жалпы санын Президент белгілейді. Әскери сот бірлестіктері сот төрағасы және әскери сот судъялары құрамында құрылады. Әскери сот бірлестіктері заң бойынша өздерінің қарауындағы істерді қарайды, сот статистикасын талдайды. Республика әскерінің әскери соты төрағадан, алқалардан төағалары мен судъялардан тұрады. Онда Төралқа, азаматтық істер жзөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа зжұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты бүкіл жүйесін басқарады.

Жоғарғы Сот төменгі соттардың қаралуына жататын азаматтық, шаруашылық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады.

Жоғарғы Сот судъялардың жалпы санын Президент белгілейді. Пленум, Төралқа, азаматтық іс жөніндегі алқа, шаруашылық іс жөніндегі алқа, әскери іс бойынша алқа Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.

Президентке мемлекеттік опасыздық жасады деп тағылған айыптың негізділігі туралы қортынды беру Жоғарғы Соттың ерекше маңызды өкілеттігі болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасында бірыңғай сот жүйесі құрылған. Ол ұйымдық және құқықтық шарттарды қамтамасыз етеді.

Олар:

- барлық сот судъялары мәтебесінің тепе- теңдігі;

- сот төрелегенің конституциялық принциптері, сот билігін сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысанда жүзеге асыру;

- соттардың біріңғай заңдарды қолдануы;

- соттарды қалыптастырудың Конституциялық тәртібі;

- еліміздің бүкіл аумағында заңдық күшіне енген сот шешімдерін орындаудың заңмен белгіленген жзүйесі;

- барлық соттарды республикалық бюджет қаржы есебінен қаржыландыру.

Тәжірбелік бөлім.

Мен Қарақия аудандық сотында өндірістік тәжірбиеден өткен болатынмын.

Қарақия аудандық соты 1973 жылы құрылды. Онда 15 шақты адам жұмыс жасайды. Олардың ішіне 3 судъя, бас маман, маман кіреді.

Қарқия аудандық сотында Е. Ж. атты судъяның көмекшісі ретінде жұмыс жасадым.

Алғашқы екі күн мен үшін танысу кеші болды есептеледі. Себебі мен сол жердегі қызметшілермен, олардың атқаратын жұмыстарымен таныстым. Ал қалған күндер мен үшін ұмытылмас маңызды болып қалды. Мен өндірістік тәжірбиеден өту барысында азаматтық, қылмыстық істер бойынша анықтама парағын жаздым. Сонымен бірге қылмыстық істерге қатысып, Сот мәжілісінің хатшысымен қатарласып сот мәжілісінің хаттамасын жасақтадым.

Қылмыстық, азаматтық істер бойынша сотқа шақыру қағаздарын тараттым. Азаматтық, қылмыстық істі тігіп, оның тізімдемесін жзасақтап тіктім.

Н. Жұмағалиев пен А. Жұмағалиеваның неке бұзу туралы ісі бойынша кейінге қалдыру жөніндегі сот мәжілісінің хаттамасымен таныстым. Абырашев және Қуанышбекпен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175- бабының 3 бөлім «б» тармағы қылмыстық ісі бойынша сот мәжілісіне қатыстым. Сонымен бірге әкімшілік іс бойынша құқық бұзушыға қолхатпен қаулы көшірмесін тапсырдым. Еңбекақы өндіру туралы азаматтық ісі бойынша орныдау қағазын жазып, шешім көшірмесін тараптарға тараттым.

Сонымен қатар мұрағаттағы күші жойылған қылмыстық істердің үкімдеренің тұпнұсқаларын алып оны өзімнің жетекшілігіме тапсырдым. Міне, мен осылай өндірістік тәжірбиеде көптеген нәрселерді үйреніп білдім. Сондықтан, мен үшін өндірістік тәжірбиеден өту кезі өмірімдегі ең маңызды зор жұмыстарымның бірі деп білемін. Өндірістік тәжірбиеде жүріп судъялардың мәртебесімен және судъя республикада сот билігін жүргізуші болып табылатындығын білдім. Оған Конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттілігі берілген. Нақ Конституцияның өзімен судъяға өзінің өкілеттігін кәсіби деңгейде атқару міндеті жүктелген.

Конституцияға сәйкес жиырма беске толған, жоғарғы заң білімі бар, заңгерлік мамандықта кем дегенде екі жзыл істеген жзәне біліктілік емтиханын тапсырған республика азаматы судъя бола алады. Ол азаматтарға, органдарға және ұйымдарға, олардың жағдайына, тағдырына қатысты мәселелерді шеше отырып, заңды қолданады. Судъялардың барлығының да мәртебесі, құқықтық жағдайында бірдей болады. Сот жүйесінің қай буынында істейтініне қарай ғана судъялардың өзара құқықтық айырмашылықтары болады. Қазақстан Республикасының судъяларының тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтыныны Конституцияменен жзәне Президенттің «Соттар жзәне судъялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығымен бекітілген.

Судъялардың тәуелсіздігімен ауыстырылмайтыны мынадай кездерде көрінеді. Сот төрелігіне жүгінерде, яғни істі қарау кезінде судъялар тәуелсіз болады. Олар тек Конституциямен заңға ғана бағынуы тиіс.

Судъяның сот төрелігін жүргізу кезінде оның ісіне ешкімнің араласып, ықпал етуіне құқығы жоқ. Егер мұндай әрекеттер байқалса, онда кінәлі адам заңдық жауаптылыққа тартылады. Судъя қаралған немесе қаралу үстіндегі істер туралы ешкімге ешқандай түсініктеме бермеуге тиіс. Судъяға заңда көзделмеген сот ауқымынан тыс қызмет пен міндетті жүктеуге болмайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы судъяға қол сұқпаушылық кепілдігін берген.

Судъяны қамауға алуға, күшпен әкелуге, сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды. Президенттің Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің қортындысына негізделген келісімінсіз судъяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы соттың судъялары Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Судъяларға қатысты қылмыстық істі тек Республиканың Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судъя сот төрелігін жүргізеді және мемлекеттік биліктің

Үш тармағының біріне жатады. Судъяға ерекше жауапты өкілеттіктер берілген. Сондықтан судъяның жзеке басына кәсіби ғана емес, жзеке бастың сипаттағы талаптар да қойылады. Судъя Конституциямен заңдарды да мүлтіксіз сақтауы, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Судъя өз міндетін орныдау кезінде де, сондай-ақ қызметтік қатынастардын тыс кезде де Сот төрелігін беделіне, судъялардың қадір-қасиетіне кір келтіретіндей немесе олардың объективтілігі мен кінәратсыздығына күмән туғызатындай жәіттерден аулақ болуы керек.

Судъя оның қызмектіне заңсыз араласудың қандай да болсын әрекетіне қарсы тұруы тиіс. Ол жабық сот отырысында келтірілген судъялардың кеңесімен мәліметтердің құпиясын сақтауы тиіс. Өз қызыметін жүзеге асыруда тәуелсіз болуы үшін судъя заң ұсынған белгілі бір шарттарды орындауы тиіс. Судъяның қызметі депутаттық мандатпен, өзге де ақы төленетін жзұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

Судъяның ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануына рұхсат етілмейді. Судъялық қызметке бірінші рет сайланған адам ант береді. Жоғарғы соттың Төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың Пленумында ант қабылдайды.

Белгілі бір жағдайларды судъяның өкілеттігі тоқтатыла тұрады, сондай ақ судъя қызыметінен босатылады.

Егер:

-судъяны қамауға алуға немесе оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға рұхсат етілсе;

-судъяға медициналық сипаттағы күштеу шаралары қолданылса немесе соттың күшіне енген анықтамасымен немесе шешімімен қабілеттілігі шектелсе;

- судъяның хабарсыз кеткендігі заңды күшіне енген сот шешімімен танылса;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
Арнайы субъектісінің мәні, ұғымы, белгілері
Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері
Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен ғылыми көзқарас тұрғысында қарастыру
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz