Тінту ұғымы мен мақсаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері 3
Тінту ұғымы мен мақсаты 3
Тінту түрлері 6
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер 11

Кіріспе

Тінту өте қатал тергеу әрекеті болып табылады, ол азаматтардың
конституциялық құқығына елеулі әсер етеді, олар: тұрғын үйдің дербестігі;
жеке меншікке қол сұғылмайтындығы.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экономикалық, әлеуметтік
және саяси өзгерістері, азаматтар мен әртүрлі жекеменшік түрлеріне қол
сұқпауға сенімді кепілдікті қамтамасыз ету және азаматтардың нақты
конституциялық құқығы мен бостандығын қорғаудың, мәтінінің өте жоғары
екендігін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасында 1995 жылы қабылданған Конституцияда адамның
мынадай өзекті құқықтарын жариялайды және кепілдік береді өмір сүруге,
денсаулығы мен қауіпсіздігіне құқылы екендігіне. Адамның құқығы мен ар-
ожданы, қоғамның әр мүшесі қаншалықты қамқорлыққа алса, соншалықты сақтала
алады, ал мемлекет демократиялық бастаманы қорғайды және көтермелейді соның
негізінде тұлға өзінің құқығын іске асыра алады. (18 бет).
Тінту әрекеті көп еңбек етуді талап етеді, оған уақытты, күш-қуатты,
әр-түрлі құралдарды жұмсау қажет болады.
Тінтудің нәтижесінің жемісті болуы, тергеушінің тінтуді жүргізу
тәсілін қаншалықты игергеніне байланысты болады және оған оның құқық қорғау
органындағы алған тәжірибесі де әсер етеді.
Тергеу әрекеттерінің ішінде, қылмысты тез ашуды толығымен қамтамасыз
етуге, қомақты дәлелдік материалдар алуға, көптеген ауыр қылмыстардың
тергеуін саналы алқауы, тінтудің нәтижелері өте маңызды орын алатынын
күнделікті тергеу ісі көрсетіп отыр. Бір қатар жағдайларда, заттық
дәлелдерді табудың жалғыз тәсілі тінту болып табылады. Табылған заттық
дәлелдер, көп жағдайларда, қылмыскерді толығымен әшкерелейді.
Алдын-ала тергеу органдарына, құқықтық ғылым, соның ішінде
криминалистика, көптеген мәселелерді шешуге өзінің септігін тигізеді, ол
қылмысты тергеу ісіне тиісті тәсілдердің жолдарын ойластырады және ұсынады.
Мен өз жұмысымда, іздестіруді соншалықты нәтижелі жүргізу үшін, тінту
ісін ғимарат ішінде жүргізу жолдарын қарастыруды, алдыма мақсат етіп қойып
отырмын.
Қылмыскердің қулық сұмдықтарына, тергеу қызметкерлері жасырылған
заттық дәлелдерді тауып алу шеберлігін қарсы қоюлары керек. Сол себептен,
көптеген авторлардың тінту шеберлігін сөз етуі бекер емес, олар оны жүргізу
кезінде тап болатын қиындықтар туралы баса айтып көрсетеді.

Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері

Тінту ұғымы мен мақсаты

Тінту - мәжбүр ету сипатындағы кейінге қалдыруға болмайтын тергеу
әрекеті болып табылады. Бұл әрекетті қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес
өкілеттік берілген лауазымды тұлғалар іске асырады.
Тінтуге тән нәрсе, оның белгілі бір заттарды табу қажеттілігі
туындаған жағдайда жүргізілетіндігі.
Қажетті нысандарды іздестіруден басқа А.В.Дулов пен П.Ф. Нестеренконың
пікірлерінше, тінтуді тұлға туралы мәліметтерді жинау үшін, қолдануға
болатындығы: Оның күнделікті қоршаған заттардың барлық жайын, хаттарды,
фотосуреттерді терең зерттеу мәдениеттілігі мен тәртібін терең зерттеуге
өте көп мәліметтерді береді, сонымен қатар басқалармен қарым-қатынасының
қандай екендігін көрсетеді. Жиналған материалдардың барлығы тінтілуші тұлға
туралы бағалы мәліметтер беруі мүмкін. (16 145б)
Қылмысты ашу және тергеу барысында тінтуді жургізу қажеттілігі пайда
болады, бұл тінту ісі, тұлғаны осы әрекетке көпе-көрнеу еріксіз мәжбүр ету
сипатында болады. Тергеудің сапалылығы, көп жағдайларда, тергеу әрекеті
қаншалықты тыңғылықты және шебер жүргізілгендігіне байланысты болады.
Дәлелдерді жинап және тексеруге бағытталған тергеу әрекеттерінің бірі тінту
болып табылады.
Тінту - тергеу әрекеті болып табылады және ғимараттарды, басқада
нысандарды еріксіз түрде тексеру екендігімен, оны іске асыру барысында
қылмыс құралы болып табылатын немесе қылмыстық нысан ретіндегілерді алу
екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, тінтудің мақсаты, заттық дәлелдерді,
мәйіттерді, тергеу мен соттан жасырынып жүрген тұлғаларды тауып және алу
болып табылады.
Тінтудің көптеген басқа тергеу әрекеттерінен өзіне тән айырмашылығы,
оның еріксіз жургізу сипаты. Қажет болған жағдайда - ғимараттарға еріксіз
кіру; іске мәні бар дәлелдік заттарды еріксіз тексеру және алу. Бұл
әрекеттердің барлығы азаматтардың конституциялық құқығына нұқсан келтіреді,
себебі тінтілушінің жеке мүддесіне қол сұғумен байланысты болып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке өміріне және
тұрғын үйіне қол сұқпауды, хат жазысу, телефонмен сөйлесу мен телеграфтық
хабарлардың құпиялылығының сақталуына қамтамасыз етеді. Тұлғаның тұрғын үйі
тек оның еркінсіз, ешкімнің кіруіне хақысы жоқ.
Тұрғын үйге кіруге байланысты тінту және басқа да әрекеттерді,
тергеуші негізделген қаулы арқылы жүргізеді, сонымен қатар, кейінге
қалдырмайтын жағдайларда, айталық, белгілі бір ғимаратта немесе басқа
жерде, немесе қандайда - бір тұлғаның қолында қылмыстық қарудың, қылмыстық
жолмен тапқан заттар мен бағалы заттардың бар екендігі туралы, немесе іске
мәні бар басқада заттар мен құжаттардың бар екендігі туралы жеткілікті
негіз, тергеу ісін жүргізуші немесе анықтаушы тұлғада болса, қылмыстық іс
жүргізу заңына сәйкес, ол тінту ісін жүргізе алады.
Ғимаратта тінтуді жургізу деп мынаны айтады: азаматтық еркінсіз тұрғын
үйін тексеру немесе жасырылған қылмыстық дәлелдерді немесе іздестірудегі
тұлғаларды табу мақсатында мемлекеттік мекемелер мен өндірістердің
ғимаратын тексеру. Мұндай дәлелдері бар қылмыскер, егер олар табылған
жағдайда, оның қылмыс жасағаны әшкерелетінін ол толығымен ұғынады, сол
себептен ол бұл дәлелдерді құқық қорғау органдарының тауып алу
мүмкіндігінен айқуға тырысады. Тінтуді жүргізу ісі екі мәселені жүзеге
асыруға мүмкіндік береді бұл жәбірленушінің бұзылған құқығын қалпына
келтіру және қылмыскерді жазаға тарту, немесе оған бөтен біреудің
мүліктерін жасыруға немесе заңсыз заттарды сақтауға көмектескен тұлғаларды
жазаға тарту. Сол себептен, тінту өз уақытында, жоспарлы және дәйекті
жүргізілуі керек. (2.7 б)
Заттық дәлелдердің мәні қылмыскерлерге өте жақсы әйгілі. Сол себептен,
олар өздерін әшкерелейтін заттарды жасауда үшін, әртүрлі қулықтарды
қолданады, сондықтан оларды табу оңайға тимейді. Осыған қарай тінту, қиын
және күрделі іс болып табылады. Тек бірқатар сирек жағдайларда, тінту
нәтижелерінің оңды аяқталуы, қиындықсыз жүзеге асырылады. Қылмыскерлердің
қулық-сұмдықтарына, тергеу қызметкерлері заттық дәлелдерді табу шеберлігі
қарсы қойылуы керек.
Табысты жүргізілген тінтудің нәтижесі көп жағдайда тергеу ісінің
аяқтауында шешуші орын алады. Кейбір жағдайларда жасалған немесе дайындалып
жатқан қылмысқа дәлелдер алуға тек тінту ісін жүргізу қажет болуы мүмкін.
Сол себептен, егер тінтуге негіз болған жағдайда оны жүргізу
тергеушінің тек құқығы ғана емес, бұл оның міндеті. Тінту кезінде заттық
немесе басқа да дәлелдер іздестіріледі және алынады, сол себептен оны басқа
тергеу әрекеттерінің қатарына жатқызады, оның еріксіз жүргізу сипаты бар,
оны іске мәні бар заттарды, мәйіттерді, іздестірілудегілерді тауып және алу
үшін, тергеуші және өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар жүргізеді.
Сонымен, тінтудің тікелей мақсаты болып табылатындар:
1) Заттық дәлелдерді табу;
2) Заттардың сыртқы көріністерінің белгілерін жекелеп бөліп алып
бейнелеу және жүргізу барысында олардың ұқсастығын анықтау;
3) Іске мәні бар немесе айналымға тыйым салынған заттарды алу, сонымен
қатар, іздестірілудегі тұлғаларды ұстаудың заңдылығын қамтамасыз ету;
4) Іздестірілудегі заттардың немесе іздестірілудегі тұлғалардың
жиналған заттардың жасырылған жерлерін, іздестірілудегі заттарды әдейі
жасырып және көмескілеген, өзгертілген құпия орындалуын, тауып
бекіту.(3,334 б)
Тінту кезінде іздестірілетін заттардың шеңбері ете кең болуы мүмкін.
Оларды екі топқа бөлуге болады.
а) шығу тегіне қарамай азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар
мен бағалы заттардың, тінтілетіннің қарамағында немесе арнайы берілген
рұқсаты жоқ болуына қарамай қолында болуы;
б) қылмысқа байланысты келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру
мақсатында, тінту барысында немесе содан кейін, тұтқынға алынуы мүмкін
бағалы заттар, сонымен қатар бағалы заттардың жатқан орнын көрсететін
заттар мен құжаттар.
Тінту, өзінің сипаты мен мақсатына қарай алу мен қарауға ұқсас келеді.
Алу - бұл іске мәні бар белгілі бір заттар мен құжаттардың, кімнің қолында
екендігін анық болған жағдайда алынуы. Егер талап етілген заттар мен
құжаттар өз еркімен берілмесе, алу оның еркінсіз жүргізіледі. Сонымен, алу
кезінде, алуға тиісті заттар мен құжаттарды іздестірудің қажеттігі
туындамайды.
Тінтумен оқиға болған жерді қараудың ұқсастықтарын мынадан көруге
болады, екі жағдайда да нысандарға тексеру жүргізіледі де, қажетті заттар
мен іздер табылып, алынады.
Сонысына қарамай тінту мен қараудың әртүрлі мақсаттары бар. Оларды
жүргізудің негізі бірдей емес. Қараудың мақсаты болып табылатынын,
тергеушінің нысанды тікелей өзінің қабылдауы, қылмыстың материалдық іздерін
табу, бағалау және алу үшін және оның жасалу жайын анықтау үшін, нысанның
белгілерін зерттеу және бекіту. Тінтудің қараудан айырмашылығы,
әдеттегідей, тұлғалардың әртүрлі құлық-сұмдықтарын, іздестірудегілерді
шебер жасыру тәсілдерін анықтауды, құпия орындарды табуда, нысандардың
көмескіленген бүркемелерін ашуда, оларды табуға әдейі жасалған кедергілерді
жою мақсатындағы, әрекет болып табылады (4,102 б).
Тінтудің мәні, қылмыс ісін тергеуге қатысты, тұлғалардың жасырған
нысандарын іздестіру мен алуда. Сонымен, тінтуге тән нәрсе, тергеушіге
белгілі немесе мүмкін деген нысанды қажымай-талмай іздестіру, мұндай
іздестіру қазумен құрылыстарды бұзып бөлшектеумен және орындарды табу үшін,
жүргізілетін күрделі жұмыстармен байланысты. Тінтудің тиімділігі, оның
кенеттен жүргізілуінде екендігін айта кеткен жөн деп есептеймін.
"Тергеушінің тінту жұмысын орындауы қылмыс жасаған тұлғаның жасырынып кету,
іздерін жасыру немесе мүдделі тұлғалардың заттық дәлелерді жойып жіберу
мүмкіндігінен айырады". (1, 272б)
Тінтудің негізгі іс жүргізу тәртіптері мынадай: (ҚР ҚІЖК 230-234
6.6.)
1) Іздестірілетін нәрсе қандай бір бөлмеде немесе басқа бір жерде,
немесе белгілі бір тұлғаның қолында деген, жеткілікті негіз болған кезде,
тінту жүргізіледі.
2) Тінту, тергеушінің негізделген қаулысына, прокурордың, немесе оның
орынбасарының рұқсатымен жүргізіледі, бірақта жүргізілген тінту туралы, бір
тәулік ішінде, міндетті түрде прокурорға хабарланады.
3) Тінту кезінде куәгерлер, тінтілуші немесе оның от басынының
кәмелетке толған мүшелері, қатысулары керек; ал егер мүмкін болмаған
жағдайда - жергілікті атқару органының өкілі, егер тінтілуші немесе оның от
басының мүшелері қатыса алмайтын жағдайда - тінту жүргізіліп жатқан
ғимаратта, әкімшілік өкімнің қатысуымен.
4) Тінтуге қатысуға тілмаш пен маман шақырылуы мүмкін, олар өздерінің
арнайы білім мен бейімділігін қолдану арқылы тергеушіге дәлелдерді табуға,
бекітуге және алуға көмектесе алады және осы дәлелдерді табуға, бекітуге
және байланысты жайларға көңіл аудартады.
5) Тінту, әдеттегідей, күндіз жүргізілуі керек, тек кейін қалдыруға
болмайтын жағдайда ғана, тінтуді түнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Ғимаратта тінтуді жүргізудің тәсілдері
Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
Тергеу кезіндегі тінту жүргізудің құқықтық және теориялық негіздері
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Тінтуді жүргізудің жалпы мәселелері
Жасырын тергеу әрекеттері
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу
Пәндер