Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихы туралы
қысқаша мәліметтер 2
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы 3
Қазақтың барлау қызметі қалай құрылды? 6

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихы туралы
қысқаша мәліметтер

1991ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
жарияланғаннан кейін, 19 желтоқсанда Министрлер Кабинетінің Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы №788-ші қаулысына
қол қойылды, оның бірінші тармағында былай делінген:
Республикада КСРО МҚК-нің одақтық-республикалық органының құқықтық
мұрагері болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті
мойындалсын. Бұл егеменді мемлекеттің қауіпсіздік органдары жүйесін
құрудағы алғашқы қадам болатын.
1992 ж. 20 маусымда ҚР Жоғары Кеңесінің қаулысымен Қазақстан Республикасы
Президенті қол қойған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары
туралы Заңы өз күшіне енді.
1992ж. 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев ҚР МҚК-нің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
болып қайта құрылуы туралы Жарлығына қол қойды. Тәуелсіз Қазақстанның
ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихы осы күннен басталады.
1992 – 2001 жылдар аралығында ҚР ҰҚК-ін генерал-лейтенант Б.Ә. Баекенов,
генерал-полковник С.Б. Тоқпақбаев, генерал-лейтенант Д.М. Жұманбеков,
генерал-майор Ә.Ә. Мұсаев, Н.Ә. Әбіқаев, М.М. Тәжин, генерал-лейтенант
Н.Н.Дүтбаев басқарды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан
Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып
табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның
қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық
тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін
қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін
төмендегілер құрайды:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына
кіретін департаменттер және өзге құрылымдық бөлімшелер;
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық деңгейдегі
қаланың және Республика елордасының аумақтық органдары мен оларға бағынатын
қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдер, бөлімшелер);
- қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Барлау қызметі,
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы
бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге ұйымдар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық,
дара басшылық, бәрінің заң алдында теңдігінің, адам және азаматтың құқығы
мен еркіндігін құрметтеу және сақтау, саяси партиялар және өзге қоғамдық
бірлестіктердің қызметтерінен тәуелсіз болу қағидаттарында құрылады.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Президентімен
Республика Парламенті Сенатының келісімімен лауазымға тағайындалатын және
лауазымнан босатылатын төраға басқарады.






Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдары туралы Заң күші бар Жарлығының 2 бабына сәйкес,
ұлттық қауіпсіздік органдарының негізгі міндеттеріне мыналар енеді:
1. жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
саласындағы мемлекет саясатын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
2. Қазақстан Республикасының мүддесіндегі барлау ақпараттарын алу;
3. шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жеке
тұлғалардың Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне залал келтіруге
бағытталған барлау және басқа да қызметтерін анықтау, алдын алу және жолын
кесу;
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын өзгертуге,
біртұтастығы мен қауіпсіздігін бүлдіруге бағытталған лаңкестік және басқа
да қызметтерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;
5. заңмен ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қылмыстарды анықтау,
жолын кесу, ашу және тергеу;
6. Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік органдарды, Қарулы
Күштерді, еліміздің басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын бейбіт және
әскери уақытта үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдары мен әскери
құрылымдарында шифрлеу жұмысын ұйымдастыру;
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының күзетілуі мен
қорғалуын қамтамасыз ету;
2. Басқа міндеттер ұлттық қауіпсіздік органдарына тек заңмен жүктеліне
алады.
Сіздер мұнда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
қызметін реттейтін құқықтық негіздермен таныса аласыздар.

Қазақтың барлау қызметі қалай құрылды?

Қарашаның 5 жұлдызында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетіндегі негізгі құрылымдардың бірі – Барлау қызметі құрылғанына 10
жыл толу мерекесін тойлады. Кеше Алматыда Сыртқы барлау қызметінің
ардагерлері бас қосып, төл мерекелерінің онжылдық мерейтойын атап өтті.
Ең көне кәсіптердің бірі – журналистиканың тарихы біздің дәуірімізге
дейінгі мыңжылдықтардағы папирусқа жазылған хаттардан басталады. Ал барлау
жұмыстары одан бұрын пайда болса керек. Алғашқы қауымдастықтардың адамдары
аңға шығу үшін алдымен барлау жасады емес пе. Барлау қызметінің
алғышарттарының қашан пайда болғанын кім білсін, бірақ ең ежелгі
мамандықтардың бірі екендігіне дау жоқ. Қандай жойқын соғыстар болмасын
барлаусыз басталмаған. Ұлы Шыңғыс ханның, Македонский, Наполеондардың әрбір
шабуылы барлаушылардың әкелген мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылғаны
тарихтан белгілі. Қазіргі барлау қызметі мемлекеттің қауіпсіздігіне,
тұтастығына негізделген. Бүгінгі Барлау бүкіл арнайы қызметтердің ішіндегі
ең жоғары тұрған, өресі биік элит құрылым болып саналады. Қанжар мен сулық
рыцарьлары деген шартты атақ алып, аңызға айналған Рихард Зорге,
Исаевтардың талай прототиптері дәл қазір халыққа қызмет етіп жүр. Халық
олардың есімдерін білмеуі мүмкін, бірақ олардың істеген ерліктері
ұмытылмауы тиіс.
Кеңес өкіметі тұсында Қазақстанның сыртқы барлау қызметі, азғана
уақытта Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі кішігірім бөлімнен осы
жүйедегі аймақтық құрылымдардың ішіндегі ірі басқарма деңгейіне дейін өсті.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін дербес мемлекеттік басқару жүйесіне көшкен
тәуелсіз Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының ШҚО және Оңтүстік Қазақстан облыстарының туристік потенциалдары. Шекара қызметiнiң негiзгi функциялары
Қазақстанның қазіргі армиясы туралы
Құқық қорғау органдары жайында
ҚР конституция түсінігі
Гурьев қалалық атқарушы комитетінің ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Пәндер