Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы, хатшысы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Халықаралық құқықты дамыту бағыттары 3
БҰҰ-ның Жарғысы 9
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 9
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 10
Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті 11
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы 11
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет 12
мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 12
Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі 13
конференциясы (ЮНКТАД) 13
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты орналастыру 13
қоры (ЮНПФ) 13
Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры 13
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты
өкілдігі 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың
бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар
реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр
түрлі. Бір елде - әдет-ғұрып, екінші елде - мораль, үшінші елде - құқық
басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер
бар. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік
ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық
жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқық жүйелердің мазмұны мен
нысандарында бір-біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін
жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі. Ал осы бірнеше жүйелердің
жетілген және барлық елдерге құқы бірдей тең жүретін құқықты біздер
халықаралық құқық дейміз.
Мемлекеттер мен әртүрлі мемлекеттік қайымдастықтар арасындағы түрлі
құқықтық жағдайларды шешуде халықаралық құқық маңызды роль атқарады.
Мен бұл жұмысымда БҰҰ-ның негізінде халықаралық құқықтың реттелетінін
көрсетуге тырыстым.
Халықаралық құқықты дамыту бағыттары
Жалпы адамгершілік табиғи - құқық негізінде және халықаралық
нормалардың қағидаларына сәйкес қалыптасқан әлемдік-қоғамдық қатынастардың
жүйесін - әлемдік құқықтық тәртіп дейді. Әлемдік құқықтық тәртіпті дүние
жүзіндегі адамдардың, мемлекеттердің сан қырлы қатынастарының топтасып
қалыптасқан нақты шындық түрі деп түсіну керек. Бұл шындық қалыптасудың үш
объективтік түрлері бар:
1) адам — ел — планета — космос;
2) адам - ұжым - қоғам - әлемдік қоғамдастық;
3) адам - оның құқықтық статусы - қоғамның құқық жүйесі -халықаралық
құқық - әлемдік құқықтық тәртіп.
Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастырудың негізгі себептері: 1)
экологиялық қауіпсіздікті қалыптастыру; 2) адамдардың өмірін қамтамасыз
ету; 3) ядролық соғысты болдырмау; 4) әлемдік кеңістіктің барлық
саласындағы қатынастарды біріктіріп ғаламдық жүйеге айналдыру.
Қазіргі заманда әлемдік құқықтық тәртіп шындыққа айналып отыр. Барлық
мемлекеттердің арасында саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-
техникалық қатынастар қалыптасып, дамуда. Осы бағытта халықаралық басқару
органдарының құрылуы. Олардың ішіндегі ең негізгісі — Біріккен Ұлттар Ұйымы
(БҰҰ)-24.10.1945 жылы құрылған. Оның 185 мемлекет мүшесі бар (1 қазан 1995
ж.). БҰҰ Жарғысы бойынша ұйымның негізгі мақсаттары:
- халықаралық қауіпсіздікті, бейбітшілікті қорғау-сақтау;
- халықтардың достығын, бірлігін, бостандығын, теңдігін қорғау;
- мемлекетаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік даму
процесін мүмкіндігінше біріктіру;
- осы мақсаттарды іс жүзіне асырудың ұйымдастырушы, басқарушы заңды
орталық органы болу.
Әлемдік құқықтық тәртіпті нығайтуға, сапалы болуына БҰҰ-нан басқа тағы
біраз дүниежүзілік ұйымдар маңызды үлес қосуда. Олар: халықаралық еңбек
ұйымы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, дүниежүзілік интеллектік
меншіктің ұйымы, халықаралық азаматтық авиация ұйымы т.б. Халықаралық
құқықтық қатынастарды реттеп, басқаруда БҰҰ-ғы халықаралық соттың маңызы
өте зор. Әлемдік құқықтық тәртіптің негізгі белгі-нышандары:
1). Әлемдік құқықтық тәртіп (ӘҚТ) - әр түрлі мемлекеттердің,
халықаралық ұйымдардың, ұлттардың әлеуметтік топтардың арақатынасының
күрделі және өсіңкілік жүйесі.
2). ӘҚТ — мемлекеттердің, халықтардың өзара бірлігінің,
ынтымақтастыгының нақты шындық көрінісі. Бұл бірліктің негізгі деректі
құжаты — халықаралық шарт. Онда қатынастың субъектілерінің міндеттері мен
құқықтары толық көрсетіліп, өздерінің бақылауында болады.
3). ӘТҚ - әр саладағы халықаралық ынтымақтастықтың іс-әрекетінің
дұрыс, сапалы орындалуының кепілдігі деуге болады. Оның түрлері:
- қоршаған ортаны, табиғатты қорғау, жақсы дамуына тиісті мүмкіншілік
жасау;
- БҰҰ, дүниежүзілік сауда ұйымы, халықаралық даму банкі, халықаралық
валюталық фонд арқылы барлық мемлекеттердің өсіңкілік экономикалық дамуын
қамтамасыз ету;
- БҰҰ-ның ЮНЕСКО ұйымы арқылы барлық елдердің мәдениетін, білімін,
ғылымын дамытуға сапалы, маңызды үлес қосу;
- әлемдік көлемде қылмыспен күресті сапалы, нәтижелі жолға қою т.б.
Сонымен халықаралық құқықты дамыту және ғаламдық проблемаларды реттеп
шешу екі жақты байланысты процесс: бірінші - әр мемлекеттің ерікті түрде
осы бағытта сапалы іс-әрекет жасауы қажет; екінші — халықтардың,
мемлекеттердің бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға ерікті түрде бет
бұруы қажет. Бұл процесте терең ұлттық, аймақтық, ғаламдық саяси-әлеуметтік
бірлік болуы қажет. Осы халықаралық қатынасты тиімді процеске айналдыру
әлемдік құқықтық тәртіптің ең шешуші шарты.
Құқық пен мемлекеттің эволюциялық даму процесінің болашағы. Бұл мәселе
туралы сан қырлы пікірлер бар. Бірақ бәрі бірігіп құқық пен мемлекет
үзіліссіз даму процесінде болады деп түсіндіреді. Ал, даму процесі неге
апарады, болашақта құқық пен мемлекет қандай өзгеріске ұшырайды? — деген
сұрақтарға жауап әр түрлі. Бұл сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беру өте
қажет. Біріншіден
- құқық пен мемлекеттің эволюциялық даму процесін ғылыми зерттеп,
олардың болашақта қоғаммен байланысын, ықпалын, әсерін дұрыс, сапалы жолға
қою; екінші — мемлекет пен құқықтың болашақта өздерінің эволюциялық даму
процесінде кемістіктердің, қолайсыз жағдайға ұшырауын болдырмауын
қамтамасыз ету үшін қажет.
Қоғамның әлеуметтік объективтік даму заңдылықтарына және заңды тарихи
тәжірибелерге сүйене отырып, мемлекет пен құқықтың эволюциялық даму
процесінің болашағына болжау жасауға болады. Марксизм болашақта дүние
жүзінде коммунизм жеңіске жетсе, қоғамның сана-сезімі, мәдениеті дамып,
адамдар қоғамды өздері басқаруға көшеді. Мемлекет пен құқықтың билігі,
еріксіз адамдарға іс-әрекет жасаттыруы керексіз болады. Сөйтіп болашақта
адамгершілік, әділетті, демократиялық қоғам болады деп түсіндіреді. Бірақ
социалистік елдердің тәжірибесі бұл пікірді дәлелдей алмады. Керісінше, бұл
елдерде көп қолайсыз жағдайлар өріс алды: демократия шектеліп, тоталитарлық
басқару жүйесі орнады, субъективизмге жол берілді, ұлттар мәселесі дұрыс
шешім таппады, халықаралық қатынастарға себепсіз шектеулер қойылды т.б.
Кемшіліктер орын алды. Бірақ социалистік жүйені толық жамандауға болмайды.
Оның айтарлықтай жақсылықтары да болды. Оларды адам қоғамының болашағы
міндетті түрде дейді деп сенуге болады.
Қазіргі кезенде кейбір ғалымдар қоғамдағы барлық мәселені, барлық
қатынасты тек құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқаруға қарсылық
білдіруде. Мысалы, бұл жөнінде қарама-қарсы екі пікір бар: ғалымдардың
біразы - қоғамды басқаруға мемлекетпен бірге толып жатқан бірлестіктерді,
ұйымдарды, ұжымдарды кең түрде қатыстыру қажет. Сол арқылы қоғамдағы
қатынастарды реттеп, басқаруды барлық әлеуметтік нормалардың міндеті - деп
түсіндірді. Құқықтың міндеті - тек күрделі мәселелерді шешіп отыру.
Ғалымдардың екінші тобы - қоғамдағы барлық қатынастарды, барлық мәселелерді
тек құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқаруды ұсынды.
Мемлекет және құқық теориясы бұл мәселені асығыс, субъективтік жолмен
шешуге қарсы. Егерде әлемдік тәжірибеге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың
эволюциялық даму процесінің міндеттері мен бағыттары:
1). Қазіргі заманда бірте-бірте қоғамдық қатынастардың күрделенуі
мемлекет пен құқықтың әлі керектігін дәлелдеп отыр.
2). Ғаламдық проблемаларды іс жүзіне асыру мемлекет пен құқықты
күшейтуді талап етіп отыр.
3). Қоғамның ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мемлекеттік-құқықтық
реттеп, басқаруды талап етуде:
4). Адамдардың бостандығын, құқығын қатаң сақтау үшін әлі мемлекет пен
құқық өте қажет.
5). Мемлекет пен құқықтың болашағын барлық елдер бірігіп, объективтік
даму заңдылықтарына сүйене отырып шешуге тиіс. Оған дейін әлі көп жұмыстар
атқарылуы қажет. Ең негізгі мәселе - әлем көлемінде барлық елдерде құқықтық
мемлекетті қалыптастыру.
Сонымен, мемлекет пен құқықтың маңызы, рөлі әзірше күшеймесе,
төмендеген жоқ. Әлемдік көлемде де, жеке мемлекеттер шеңберінде де олардың
атқаратын қызметтері күрделене түсуде. Дүние жүзінде құқықтық мемлекет
қалыптасса, мемлекет пен құқық қоғамды басқаруды бірте-бірте бірлестіктерге
және әлеуметтік нормаларға беруі мүмкін. Сөйтіп адамдардың өздерінің
басқару жүйесінің қалыптасуы объективтік заңға айналуы ғажап емес. Бұл
заңды диалектикалық процесс.
Қазіргі заманда халықаралық құқықтың ең негізгі міндеті — адамдардың
табиғи құқықтарын, бостандықтарын әлемдік көлемде заңды тұрғыдан
қалыптастырып, іс-жүзінде әр елдің өмірлік шындығына айналуы қажет.
Адамдардың құқығы мен бостандығын үш тұрғыдан түсіну керек: 1) адамның
құқығы; 2) азаматтың құқығы; 3) жеке тұлғаның құқығы.
Адамның құқығы - ол адамдардың өмірге келуімен бірге қалыптасқан
табиғи құқықтары. Оның ұлттық, мемлекеттік, заңдық шеңбері болуға тиіс емес
және табиғи құқықтарға ешкім, ешқандай орган шектеу қоя алмайды. Бұл
құқықтар Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауында.
Азаматтың құқығы - адамдардың табиғи бостандықтары мен құқықтарын әр
мемлекеттердің заңдары арқылы қабылдауы. Сол мемлекеттің Конституциясы
арқылы адамдар - азаматтық құқықтарға ие болады - мемлекеттің азаматы деп
саналады.
Жеке тұлға құқығы - адамдардың азаматтығына қарамай нақты жеке
тұлғаның құқығы, оның шеңбері сол тұлғаның қабілеті, білімі, рухани сана-
сезімі, адамгершілігі және қызметінің өкілетті құзыретіне сәйкес
анықталады.
Қоғам және халықаралық өмірде бұл үш ұғымды жеке-жеке қолдануы сирек
кездеседі, көбінесе жалпылама түрде қолдана береді. Заң ғылымында құқықпен
қатар бостандық - деген ұғым бар: ой бостандығы сөз бостандығы, сана
бостандығы, дін бостандығы т.б. Адамның және қоғамның өмірінде Құқық -
бостандық деген ұғымдар бір-бірінің орнына пайдаланыла береді.
Адамдардың табиғи құқықтары мен бостандығының негізгі түрлері:
азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, ақпараттық,
мәдени, рухани т.б. бостандықтары. Адамның бұл табиғи бостандықтары мен
құқықтарының өздеріне тән ерекшеліктері мен сипаттары бар:
1). Адам құқығы - жан-жақты, әр жақты ұғым. Оны әлем көлемінде, барлық
елдердің, барлық адамдардың бостандығы мен құқықтарының міндетті түрде
болатынын көрсету үшін пайдаланады.
2). Адам құқығы үзіліссіз даму процесінде болады. Адам дүниеден өтсе,
бұл процесс те тоқтайды. Оның жақсы-жаман дамуы әр тұлғаның өзінің
қабілетіне және қоғамның саяси-экономикалық деңгейіне байланысты.
3). Адам құқығының ұлттық, мемлекеттік шеңбері және шекарасы болмайды,
оны субъективтік тұрғыдан жасауға тыйым салынады. Бірақ бұл құқықты заңды
догма деп абсолюттік мағынада түсінуге болмайды. Қоғамның мүдде-мақсаты
үшін кейбір жағдайда бұл құқыққа шектеу қойылады.
4). Адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарына сәйкес заңды
міндеттері болады. Сондықтан олардың орындалуы бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Бұл объективтік процесс. Заңды міндеттердің негізгі түрлері әр
мемлекеттің Конституциясында көрсетіледі.
Заңды объективтік міндеттер дегеніміз — адамның табиғи
бостандықтарымен қатар қоғамдық тәртіпке өте қажетті іс-әрекеттер
(әрекетсіздік) жиынтығы. Бұл міндеттер қоғамның объективтік процесінде
табиғи бостандықтармен тығыз байланыста дамып, ескіріп, жаңарып отырады.
Объективтік міндеттер екі топқа бөлінеді: 1) табиғи міндеттер. Мысалы, кісі
өлтірмеу, ұрлық жасамау, ата-ананы, үлкендерді құрметтеу, сыйлау, жастарға
қамқорлық көрсету т.б.; 2) заңды міндеттер - қоғамдық мүдде-мақсатты дұрыс,
жақсы орындау үшін мемлекеттік өкілетті органдардың кіргізген міндетті іс-
әрекеттер (әрекетсіздік). Мысалы, отанды қорғау, тәртіп сақтау, сайлауға
қатысу т.б.
Адамдардың табиғи бостандықтары мен міндеттері халықаралық құқықта да,
БҰҰ-ның декларациясында да жан-жақты қамтылып, оларды орындаудың негізгі
кепілдіктері көрсетілген, оның түрлері:
- халықаралық құқықтың кепілдігі;
- әлемдік қоғамдық ұйымдардың кепілдігі;
- әр мемлекеттің өз ішіндегі кепілдігі.
Мазмұнына қарай кепілдіктің төрт түрі болады: 1) экономикалық-
құқықтық; 2) саяси-құқықтық; 3) әлеуметтік-құқықтық; 4) нормативтік кепіл.
Кепілдікті іс жүзіне асырудың бес әдіс-тәсілі болады: материалдық,
әділеттік, процессуалдық, техникалық, заңды жауапкершілік.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі — оның қоғаммен және мемлекетпен
арақатынасының заңды деңгейі, дәрежесі. Бұл мәртебенің бес түрі болады:
халықаралық, конституциялық, салалық, арнаулы және жекелік мәртебелер.
Ғаламдық проблемалар. XXI ғасырға кірейін деп тұрған қазіргі заманның
ерекшеліктері: бір жағынан әлемде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды
түрде дамып, әлеуметтік табысының жақсы жылуы байқалып, ғалымдар
көпшілігінде жаңа саяси ойлау теориясын қолдануды, ал, екінші жағынан -
әртүрлі саяси-экономикалық деңгейдегі мемлекеттер күрделі қайшылықтарымен.
Бұл күрделі бір әлем адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешіп,
өздерінің жағдайын тұрақтандыруға талаптануда.
Ғаламдық проблема дегеніміз - дүние жүзіндегі барлық халықтардың мүдде-
мақсатын қамтитын мәселелер, оны мемлекеттер жеке-жеке орындауға ешқандай
мүмкіншіліктің жоқтығы. Ғаламдық проблемалардың белгі-нышандары:
- бұл проблемалар жер жүзіндегі барлық халықтың мүддесін қамтиды;
- проблемалардың шешілмегені барлық адамзатқа қауіп төндіріп,
болашақка кедергі болып отыр;
- бұл проблемаларды барлық халық, барлық мемлекет бірігіп қана орындай
алады.
Бұл ғаламдық проблемалар бірнеше топқа бөлінеді: 1) халықаралық
бірлік, бейбітшілікті күшейту; 2) адамдардың бостандығы мен құқықтарын
қамтамасыз ету; 3) әлемдік экологияны жақсарту; 4) әлемдік көлемде
демографияны теңестіру; 5) ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
дамушы елдердің экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеруге пайдалану; 6)
әлемдегі барлық халық, барлық мемлекет бірігіп, қылмыс пен қоғамға қарсы іс-
әрекеттерге күрес жүргізу.
Осы көрсетілген проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан
оларды жинақтап, топтастырып іске асыруды қажет етеді, оның негізгі
бағыттары:
1). Әлемдік ядролық апатты болдырмау, қару-жарақты жаппай шығаруды,
ядролық қаруға сынақ жүргізуді тоқтату;
2). Саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, экологиялық т.б. салаларда
халықаралық ынтымақтастықты және серіктестікті қалыптастыру;
3). Дамыған және дамушы елдердің арасындағы экономикалық алшақтықты
жою;
4). Энерго-шикізаттықты, азық-түлік, демографиялық дағдарысты жою
немесе бәсеңдету, экологияның талаптарын іске асыру, космос кеңістігінде
бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу;
5). Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін адамдардың денсаулық,
әлеуметтік, білім, мәдени, рухани жүйелеріндегі жұмысты жетілдіруге
пайдалану;
6). Терроризмге, наркобизнеске қарсы күресте халықаралық көлемде,
әлемдік кеңістікте жүргізу.
Жер планетасында өмір жасауды сақтау үшін, өлем кеңістігінде
адамзаттың мүдде-мақсатын іс-жүзіне асыру үшін ғалымдардың, мемлекеттік
және саяси қайраткерлерінің жаңаша ойлау қабілеттігін халықтардың
арасындағы қайшылықты, сенбеушілікті жоюға пайдалану қажет.
Ядролы күресте, келіспеушілікте екі қарама-қарсы топтың бірі де
жеңіске жетуі мүмкін емес, бұл күрес әлемдегі адамзатты, барлық тіршілікті
жоюмен аяқталады. Сондықтан барлық мемлекеттер дүние кеңістігінде адам
қоғамының барлық саласында адамгершілікті, әділетті, теңдікті, бостандықты
қамтамасыз етіп, халықаралық қарым-қатынасты орнатуы қажет. Бұл кезек
күттірмейтін ғаламдық міндет. Осы проблеманы іс жүзіне асыру әлемдік екі
өзекті мүдде-мақсатты орындауға мүмкіншілік береді. Бірінші - әлемде
тұрақты, құқықтық мемлекет орнауға тиіс; екінші — адамдардың, қоғамның,
мемлекеттердің демократиялық бағытта дамуына толық мүмкіншілік қалыптасуы
тиіс. Осы бағытта аз да болса тұрақты, сапалы істер атқарылуда: қарама-
қарсы екі саясат жүргізу тоқтатылды, әскери блоктар жойылуда, ядролық
қаруға сынақ жүргізу тоқтатылды. Бұлардың орнына жалпы халықтық мақсат
қойылып, мемлекетаралық демократиялық қатынастар орнауда. Қазіргі дәуірде
өлем әскери егестен экономикалық бәсекелестікке ойыса бастады. Бұл үрдістің
бел алатынына, бейбітшілік орнап, тату көршіліктің қалыптасуына халық мол
сенім артуда. Әр мемлекеттің заңдары, нормативтік актілері осы ғаламдық
проблеманы іс-жүзіне асыру бағытына көшірілуде. Мысалы, Қазақстан
Республикасы Конституциясында глобальдық проблемалар кең орын алып, оларды
орындау бағыттары көрсетілген.
"Қазақстан Республикасы халқы құқықтық принциптері мен нормаларын
құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-
қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау,
халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті
бірінші болып қолданудан бас тартады" деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz