Сөйлеу тілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Құқық және бизнес колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Орфографиялық норма, сөйлеу тілі.
Әдеби тіл, дауысты дыбыстардың жазылуы.
Дауыссыз дыбыстардың жазылуы, бірге және бөлек жазылатын сөздер.
Дефис, бас әріппен жазылатын сөздер, тасымал. Ауызекі сөйлеу стилі, шылау және одағай

Орындаған: Камал Алишер ОП-ОПТ 22-1
Қабылдаған: Нажмаддинова Сарбина

2022
Жоспар:
Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Орфографиялық норма. Сөйлеу тілі
2. Әдеби тіл, дауысты дыбыстардың жазылуы.
3. Дауыссыз дыбыстардың жазылуы, бірге және бөлек жазылатын сөздер.
4. Дефис, бас әріппен жазылатын сөздер, тасымал.
5. Ауызекі сөйлеу стилі, шылау және одағай
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші -- халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.

II. Негізгі бөлім
Орфографиялық норма. Сөйлеу тілі
Орфографиялық норма (грек. orfhos -- дұрыс, gropho -- жазамын) - тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды. Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөз дер дыбыстық заңдарға сүйеніп, айтылуы мен естілуі бойынша жазылады.
Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер:
фонематикалық,
фонетикалық,
тарихи-дәстүрлі,
айырым принциптеріне негізделеді.

Сөйлеу тілі -- күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сондықтан онда сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады деген пікір бар (жекелеген адамдардың хат жазысу, күнделік жүргізу т. б.). Сөйлеу тілі мен кітаби тіл арасындағы айырмашылықтар көптеген экстралингвистикалық факторлар (бейресми жағдайда, дайындықсыз өтуі, сөйлеуші және тыңдаушы жақтардың болуы т. б.) әсерінен туындайды. Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ қарым-қатынас жағдаятына байланысты оның атқаратын қызметі және тілдік құралдардың пайдаланылуы біртекті болып келмейді. Сондықтан сөйлеу мәнері де түрліше болады. Сонымен бірге сөйлеу тілінде интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылы үлкен қызмет атқарады. Ым мен дене қимылы сөйлеу үстінде белгілі бір нәрсенің көлемін, түрін т. б. бейнелеуді (мысалы, ұзындығы мынандай -- дене қимылы -- сала құлаш жылан көрдім), құптау, мақұлдауды (бас изеу), шақыруды (қол бұлғау), қорқытуды (қолын аузына апару) т. б. білдіре алады. Кітаби тіл секілді, сөйлеу тілінің қалыптасқан нормалары бар. Оның өзіндік ерекшеліктері тілдің барлық деңгейінде көрінеді. Дыбыс жүйесінде, мысалы, бір дыбыстың орнына басқа бір дыбыстың айтылуы (анаң қара), дыбыстарды түсіріп айту, (кеп-келіп, босын-болсын), дыбыстың созыңқылығы (ке-ре-мет!) т. б., морфологияда кейбір морфемалардың түсіріліп айтылуы (барам-барамын, барад- барады), синтаксисте сөздердің орын тәртібінің еркін болатындығы (Іштеме шығар ма екен осы көптен! Ғ. М.) т. б. Сөйлеу тіліне тән белгілерді кездестіруге болады.

Әдеби тіл, дауысты дыбыстардың жазылуы.

Қазақ әдеби тілі -- қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке әдетте жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер негіз болды. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді. Әдеби тілдің жұртшылықтың бәріне бірдей ортақ болу оны диалект, жаргон сияқты жергілікті ерекшелікгерден өзгешелеп тұрады. Мұндай көзқарасты ұстанушылар әдеби тіл халықтың поэтиклық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеген еңбектерде де осы тәріздес әр қилы пікірлер айтып келді. Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен (ХVІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды

Дауысты дыбыстар -- дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық -- қысаң, еріндік -- езулік, жуан -- жіңішке болып бөлінеді.[1]
Дифтоңдар -- екі немесе үш дыбысты біріктіретін: и, у, ю, я
Мысалы: ми [мый], миіз [мійіз], мия [мыйа], тиым [тыйым], тию [тійіу], тию [тыйыу], жиын [жыйын], жиен [жійен], шипа [шыйпа], шие[шійе], сүю [сүйіу], сия [сыйа], би [бій], бидай [быйдай], зиян [зыйан], ию [ійіу], у [ұу], су [сұу] сурет [сүурет] .
Жуан дауыстылар -- тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
Жіңішке дауыстылар -- тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і
Ашық дауыстылар -- тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар -- жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.
Еріндік дауыстылар -- айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар -- айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и). Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.

3. Дауыссыз дыбыстардың жазылуы, бірге және бөлек жазылатын сөздер.
Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки -- тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 20 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны - ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық - фонематикалық бұзылыстарының ерекшеліктері
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Тіл кемістігі және оның себептері
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Логопедия өзіндік ғылым
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Тіл кемістігінің себептері және жүргізілетін түзету жаттығулары
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Пәндер