Құқық туралы негізгі теориялар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Құқық термині 3
Құқық туралы негізгі теориялар 10
Құқықіың түсінігі және мазмұны 14
Қолданған әдебиеттер 27

Құқық термині

“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті
өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан,
әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны
сөзсіз.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, “құқық” – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың
заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек
ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану
құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүикіндіктері болады. Осы келтірілген
жағдайларда “құқық” түсінігі субьективтік (тұлғалар) мағынада
қолданылады.
Субьективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын
тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұғаның құқығы құқықтық
қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан , екі
жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім
алуға қықығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу
орнының ішкі тәртібіне бығынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңды негізде мүлікке ие
болуға қақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз
мүлкін пайдаланғанда қағамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі
керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп
жазылған:” Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс” (6-бап)
Субьективтік (тұлғалар) құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік
берілген құқық тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа
құқық тұлғасына жүктелген міндет.
Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып,
мемлкеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз
етіледі.
Екіншіден, “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл обьективтк мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы
Конституция былай дейді: ”Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге дн нормативтік-құқықтық
актілердің, Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады”(4-бап)
Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді:конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы-өзара туыстас қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық – мүліктік
және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды
ретейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты ”құқықтық жүйесі” деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адамның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы – оның әлеуметтік мәнінің де түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік
орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір
текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен құқықты таптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келеді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқық – үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап
мүддесін қорғайды. Ал өркениетті тұрғыдан ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқықтық әлеуметтік мәні бар екенін айтады.
Бірақ Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге
тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл
иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға , түрлі сатыдағы
мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін
болса , ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап,
жойылады. Қазіргі замандағы өркентетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретінсаяси құралға айнала бастағанын мойындау
керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай
жалпы әлеуметік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек , қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың
қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық
әлеуметтік топтардың еркін білдіріп , олардың заңды мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып , оған мынадай
анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін , қоғамдық қатынастарды реттейтін,
заңда және басқа да ресми құжаттарды анықталған құқықтық норма, ережелердің
жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның
бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына
байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысылы, адам өмірі,
денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге
бағытталған құқықтық нориалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан
Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:”Әркімнің өмір сүруге
құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.” Құқықтық
жүйенің екінші бөлігі – мемлекттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы.
Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы
айтылған бөліктер бірімен – бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз
басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір
сүруге құқығы бар деп жарияланса , оның жүзеге асырылуы қамтамасыз
етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға , қорғауға мүмкіндгі болмаса, аталған
құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті
рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы
керек. Адамның әлеуметтік –құқықтық талаптарының мағынасы – оны
мемелекеттің тануы. Қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты – құқықтың негігі белгілерінің бірі. Құқық
қағидалардан , ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез
– құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда , қоғамдық қатынасқа қатысушылар
өз іс - әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде қалыпқа бейімдеулері қажет.
Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс - әректтерінің, мінез –
құқықтың үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы
(Қазақстан Республикасының Конституциясының, 19-бап). Тұлғалардың мінез –
құқлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға
бағыттып, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады,
бассыздықтан қорғайды.
Формальдық анықтылық – құқықтың тағы бір маңызды белгісі. ОЛ құқықтың
мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды,
басқа да нормативтік актілерді жасайтын, Жалпы алғанда , мемлекет. Мемлекет
органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасйды. Заң –
ережелер жиынтығы. Оған жай ережелер емес, мемлект атымен жасалатын
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының
тұлғалардың мінез – құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде
тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің
әлеумеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын
тұлғалардың мінез – құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі – мемлекттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет
құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе,
олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қагған болар еді. Мемлекет, оның
органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай
жасайды. Мысаы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде
азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда
көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген
нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама –шарқы
көтерген ақыға беріледі (25- бап). Егер азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар
құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына
келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттің биліктің бірден-
бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей
қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған
мысл, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы.
Конституция – құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып
келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге
асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет
органдары да тиісті номативтік актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Халық Президентті сайлайды. Ол халық атанан әрекет жасап, өз өкілеттігінің
шеңберінде нормативтік актілер – заң күші бар жарлықтар, жай нормативті
жарлықтар, қаулылыр қабылдайды. Президенттің нормативтік актілері Қазақстан
құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар
тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана
қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді.

Құқық туралы негізгі теориялар

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің
нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте
екінші қатардағы нор-маға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға
айналды. Адам коғамы мындаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан
ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?- деген
мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың
мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-
басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымын күн тәртібінен түскен емес.
Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де
әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік,
социология-лық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Табиғи теория - Бұл теорияның мазмүны көне дәуірде қалыптасқан.
Теорияның мазмүны - адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты
құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды - деп
түсіндірген. Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін
мемлекеттік заң болуға тиіс емес — деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың
ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы
дамытқан. Дамыған слдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір-біріые
қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.
Тарихи теория — Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-
сезімінің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған
мемлекеттің қатысы жоқ - деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи
бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен
қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету
керек деп түсінген. Бұл теорияның - өкілдері: Густав Гуго, Карл Савиньи,
Фридрих Пухта, Штиль т.б.
Реалистік теория - құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері
арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың
әсері мол болады - деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын,
оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің қүқығының міндеттері болатын
және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория - XX ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық
қатынасты, адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми түрғыдан зерттеуді
жақтайды. Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд.
Құқықтың әлеуметтік мазмүнын зерттеуге көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті
жақтайды.
Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым
- қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде-мақсатын орын-дау деп
түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен иде-ологияға қоспай
зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі-нышанда-рын жақсы зерттеуді, құқықтық
мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап
зерттеуді, бақылауды үсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р. Штаммлер, Г.
Кельзен, П.И. Новгородцев.
Психологиялық теория - XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория.
Теорияның негізгі мазмүны: құқық адамдардың психикасының ішкі қүрылысында
қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі
сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын
Петрижицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі:
жеке тұлғалық (автономдық) және оңжағымды (позитивтік). Жеке тұлғалық құқық
- жеке адамның ішкі үятынан қалыптаса-тын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды
позитивтік құқық - басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен
қалыптасатын пси-хикалық көзқарас.
Материалистік тсория - құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін
таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың
мазмүны екі элементтен түрады
- деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.
Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге бола-ды: Бірінші
кезеңі - Марксизмнің құқықтың мазмүнын түсінуі және оның қоғам дамуындағы
маңызы; екінші кезеңі - құқықтың бола-шағына марксизмнің көзқарасы; үшінші
кезеңі - марксистік көзқа-расты бүрмалау.
Бірінші кезенде марксизмнің құқықтың мазмүнын түсінуі дұрыс еді -
құқықтың экономикалық базиспен және таптық күреспен тығыз байланысты болуы.
Екінші кезеңде - буржуазиялық мемлекет пен құқық теориясының мазмұнын бір
жақты зерттеп, оның прогрестік рөлін, маңызын дұрыс түсінбеді. Қоғамның
болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезенде одағының
басшылары марксизмнің мазмүнын сорақы түрде бұрмалап, өздерінің әкімшілік-
әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Марксизм жай теория қалпында қалмай, оны социалистік мемлекеттердің
басшылары субъективтік жолмен ондаған жылдар социализм моделіне айналдыруға
тырысып бақты. Бірақ одан ешқандай нәтиже болмады.
Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да,
бүрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс
қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:
- құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болашақ емес;
- құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғайтын
негізгі құрал;
- құқық жеке адамның меншігін қорғайтын негізгі күш;
- құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауын-дағы қоғамдық
тәртіпті қорғайтын құрал.
Сонымен құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т.б.
бостандығын, тендігін қорғайтын негізгі қүрал. Құқық қоғамның объективтік
дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара қатынасын реттейтін
негізгі күш-құрал.

Құқықтың түсінігі және мазмұны

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге
өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік
даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне
сәйкес құқық пен мемлекетгің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл
жерде қайталап өтейік, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының
негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің
қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп,
қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік
даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
- қоғамның әкімшілік-территориясында түрақты тәртіп қалыптастыру
қажет болды;
- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар
басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасын-дағы
қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Осы күрес-
қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін
құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы
Спенсердің натуралистік
Құқықтың пайда болуы және ерекшеліктері
Құқықтың түсінігі және мазмұны
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Пәндер