Қылмыс оқиғасын қайта қалпына келтіру психологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Қылмыс оқиғасын қайта қалпына келтіру психологиясы 2
2. Оқиғаның болған орнын қарау психологиясы 5
3. Айғақтарды оқиғаның болған орнында тексеру психологиясы 8
4. Беттестіру психологиясы 10
5. Тінту және тану психологиясы 12
Қолданылған әдебиеттер 15

Кіріспе

Алдын ала тергеу – белгілі бір мақсатты көздеген процесс, оның мәнісі –
өткен қылмыстық оқиғаны қайта қалпына келтіру болып табылады.
Мұндай қалпына келтірудің екі бағытын бөліп алуға болады:
1. Қылмыстық оқиғаны және оның жасалуына себеп болған объективті
жағдайларды қалпына келтіру. Бұл процестің ақтық мақсаты объект және қылмыс
құрамының объективті жағы туралы толық мәліметтерді алу болып табылады.
2. Қылмыскердің жасалған іс-әрекетке субъективті қатынасының және
қылмыстық пиғылдың, қылмыстық мақсаттың пайда болу механизмінің дамуындағы
қылмыскер тұлғасын зерттеу. Бұл зерттеудің мақсаты – берілген тұлғаның
қылмыстық мінез-құлқы мен мақсаттарын зерттеу арқылы қылмыстың нақты
себептері туралы, қылмыс субъектісі мен оның субъективті жағы туралы толық
мәліметтерді алу болып табылады.
Қылмыс оқиғасын қалпына келтіру мен қылмыскер тұлғасын зерттеу арасында
бірқатар айырмашылық бар. Егер өтіп кеткен, бірақ ешқашан өзгермейтін
қылмыстық оқиғаны тергеуші қалпына келтіретін болса, қылмыскер тұлғасы
әрдайым динамикада танып-білінеді. Айыпкер тұлғасының құрылымы мен
динамикасында оның қылмыс болғаннан кейінгі мінез-құлқының себептері және
оны қылмыс жасауға итермелеген ниеттер мен факторлар зерттеледі.

Қылмыс оқиғасын қайта қалпына келтіру психологиясы

Сонымен қатар, іс жүргізу барысында қылмыскерді қайта тәрбиелеу және
қылмыс оқиғасы туралы объективті мәліметтерді алу мақсатында, айыпкер
тұлғасына заңды психологиялық ықпал етіледі. Демек, алдын ала тергеудегі
қалпына келтіру процесі қылмыс оқиғасы болған уақыттан бастап осы оқиғаны
толық қалпына келтіруге және субъекті тұлғасына ақпараттарды іздестіріп
табу, талдау, топтау арқылы уақыт бойынша жылжуды білдіреді.
Тергеушінің осы процесс барысында алатын барлық мәліметтерін екі
категорияға бөлуге болады:
1. “Материалдық іздер” – жаратылыстану ғылымының әдістерімен зерттелетін,
қылмыскер тұлғасы мен қылмыс оқиғасы туралы объективті мәліметтер (саусақ,
қан іздері, оқта қалған іздер арқылы);
2. “Идеалдық іздер” – жауап алу барысында алынатын, қылмыс оқиғасы туралы
мәліметтер.
Сот психологиясы – екінші категорияға жататын іздердің пайда болуының,
сақталуының, оларды қайта қалпына келтірудің заңдылықтарын зерттейді.
Қылмыстық оқиғаны қалпына келтіру тергеушінің бір мақсатқа бағытталған
қызметінің нәтижесінде жасалынады. Алдын ала іс жүргізу процесінің негізгі
белгілерін атап өтейік:
1. Тергеушінің қызметі барлық кезеңдерде құқық арқылы реттелінеді.
Тергеуші мәліметтер жинау кезіндегі әрбір әрекетін іс жүргізу заңымен
байланыстыруы қажет. Яғни, іс жүргізу заңын тергеуші қызметінің
бағдарламасы ретінде қабылдауға болады.
2. Әртүрлі қасиеттерді, әдет-ғұрыптар мен білімдерді қолдану негізінде
әртүрлі міндеттерді дұрыс шешуге болады. Қылмысты ашу үшін жалпы
бағдарламаны, яғни, іс жүргізу заңын ғана білу жеткіліксіз. Медицина,
педагогика, сауда және бухгалтерия, көлік және психология салаларында нақты
білім қажет. Бұл білімдерді қолдану үшін оларды жүйелендірген жөн.
Психологияның заңдылықтарын қолдану үшін тергеушіде психологиялық
бағдарлама болуы тиіс. Бұл бағдарлама арқылы тергеуші мәліметтер алу
мақсатында тұлғаға психологиялық ықпал етеді және оған диагностика әдісін
қолданады.
3. Жасалған қылмыстық істі аяғына дейін анықтауда көптеген кедергілер
болады. Тергеуші осы кедергілердің барлығын жеңуге және істі аяғына дейін
жеткізуге әрекет жасауы керек.
4. Сұралынатын және тінтілетін тұлғаларға, олардың көңіл-күйін өзгерту
мақсатында тергеуші әдепті психологиялық ықпал ету әдісін қолданады.
5. Тергеу барысында тергеушінің қолында мәліметтердің барлығы түгел
болмайды. Осындай белгісіздік жағдайында ол қандай да бір шешім қабылдауға
мәжбүр болады. Оның жұмысында эмоциалдық қиындық туады, сол себепті ол
өзінің интуициясын пайдаланып болжам жасайды, қабілетіне қарай тапқырлық
танытуға тиіс.
Таным процесі тергеушінің өз сезім мүшелері арқылы зерттеліп жатқан зат
туралы қажетті мәліметтер алуынан басталады. Бұл мәліметтер ойда қайта
қалпына келтіріледі, ал алынған қорытындылар іс жүзінде тексеріледі. Бірақ
сезімдік қабылдаудың объектісі оқиға немесе іс емес, олар адам санасындағы
бейне және әртүрлі материалдық нысандар (қылмыскердің іздері, оның
әрекетінен қалған өзгерістер) болады.
Тергеу қызметінің екінші кезеңі - қарым-қатынас арқылы мәліметтер алу.
Тергеу қызметінде қарым-қатынас проблемасы ерекше болып саналады.
Адамдардың қарым-қатынас жасау процесінде ақпараттар алмасуы болады, содан
барып рефлексия процестері, яғни араласқан адамдардың бір-бірін танып білуі
басталады. Тергеу процесінде тергеуші анықтайтын оқиғаның өзін емес, оның
бейнелеуін ғана қабылдайтын болғандықтан, оның қателесу мүмкіндігі артады.
Яғни, бейнелеу арқылы оқиғаның барлығын есіне түсіру өте қиын, өйткені
кейбір фактілер адамның санасында бұрмаланып сақталады.
Осындай қателіктерді жібермеу үшін тергеуші дәлелдемелердің кейбір
түрлерінің қалыптасуының психологиясын білуі тиіс, осы мәліметтің
бұрмалануы мен жоғалуына себеп болатын психологиялық факторларды білуі
қажет, сонымен қатар келіп түскен мәліметтерді әрдайым тексеріп отыруы
тиіс.
Тергеушінің қызметі іс жүргізу шешімі мен тергеу әрекетінен тұрады.
Іс жүргізу шешімі – тергеушінің құқықтық нормаларға негізделген басқару
әдістері туралы тұжырым жасауы және оның зерттеліп жатқан оқиғаның жағдайы
туралы бастапқы мәліметті өзгертуі.
Негізгі шешімдер – қылмыстық іс қозғау туралы шешім, айыпталушы ретінде
тану, қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдер.
Қылмыстық істі қарастырып жатқан кезде, тергеуші бірнеше жүйелерді
кездестіреді:
1. Заттардың объективті жүйесі, олардың қасиеттері мен ара қатынастары
(мысалы, пәтер, ол пәтердегі зорлап өлтірілген адамның мәйіті).
Осы заттарды қарастырып, тергеуші олардың арасындағы байланыстарды
анықтайды, криминалистикалық маңызы бар мәліметтерді іріктеп алады.
2. Заттар мен нәрселерді, олардың қатынастары мен қасиеттерін - кодпен
жазылған түрде бейнелейтін жүйе, мысалы, тонау туралы істі тергеудегі
құжаттардың жүйесі, техника қауіпсіздігінің ережесін бұзу туралы істің
техникалық құжаттамасы.
Жеке іс жүргізу шешімдеріне біз мыналарды жатқызамыз:
1. Тергеу қызметін белгілейтін шешімдер (істі өндіріске қабылдау, істі
біріктіру және бөлу, тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту, мерзімін ұзарту
және т.б.).
2. Мәліметтер мен заттарды алуға және іздестіруге бағытталған шешімдер
(тінту жасау туралы шешім, сараптама тағайындау, тексеру жүргізу туралы
шешімдер және т.б.).
3. Іс жүргізуде күштеуді қолдану туралы шешімдер (бұлтартпау шарасын
таңдау және өзгерту туралы шешім, қамауда болатын мерзімді ұзарту туралы,
іздеу салу туралы, тінту туралы және т.б.).
4. Азаматтық талапты қамтамасыз ету мәселесіне байланысты шешімдер және
үкімді орындау туралы шешімдер (талапкер ретінде мойындау туралы, мүлікке
тыйым салу туралы шешім және т.б.).
5. Іске қатысушылардың мүддесі мен құқықтарын қорғауға байланысты
шешімдер (өтінішке рұқсат ету туралы шешімдер, шағымға рұқсат беру туралы,
айыпталушыны істің материалымен таныстыру туралы шешімдер және т.б.).
Тергеушінің тергеу әрекеттерін 5 топқа бөлуге болады:
1) заттар мен мәліметтерді алуға бағытталған тергеу іс-әрекеттері: жауап
алу, беттестіру, тану, сараптама, ұстау, тінту, жеке тінту, тексеру,
мәйітті қарау, куәландыру және т.б;
2) қылмыс жасаған адамның бостандығына шек қоюға бағытталған әрекет:
тұтқынға алу, еш жаққа шықпау туралы нұсқау, кепіл, қызметтен босату, үйде
қамауда ұстау;
3) жауап беруге келмеген адамды іздестіру және күшпен әкелу, тінту, іздеу
салуға бағытталған тергеу әрекеттері;
4) соттың үкімін орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тергеу
әрекеттері: тінту, қамауға алу, мүлікке тыйым салу, материалдық залалды
өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері;
5) басқа да әрекеттердің жүзеге асыруын қамтитын қосымша тергеу
әрекеттері, яғни, мәйітті эксгумациялау, тексеру, қамауға алу, тінту.

2. Оқиғаның болған орнын қарау психологиясы

Оқиғаның болған орнын қарау алғашқы және кең тараған тергеу әрекеттерінің
бір түрі болып табылады. Тұлғаға қарсы аса қауіпті қылмыстың тергеуі дәл
осы оқиғаның болған орнын қараудан басталады. Егер тергеуші оқиғаның болған
орнын қарау барысында қателіктер жіберетін болса, ол кейінгі тергеу
жұмыстарына кері әсер етеді және тергеуді басқа жолға бұрып жіберуі мүмкін.
Қарау – ерікті тергеу іс-әрекеті, ол оқиғаның қалай болғанын анықтау
үшін, дәлелді заттарды және қылмыстың іздерін табу үшін жүргізіледі.
Алғашқы тергеу іс-әрекеттерінің жүйесінде оқиға болған жерді қарау маңызды
орын алады. Өйткені, оқиға болған орынды қарап шығар алдында тергеуші
мәліметтер тапшылығын сезінеді; оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші
алдына көптеген сұрақтар қояды. Ол сұрақтарда кешендік сипат бар, яғни,
олар бір-бірімен байланысты сұрақтар: қылмыс жасалды ма, әлде жасаудың сәті
түспеді ме, өз-өзін өлтіру ме, қылмысты кім, қашан, қайда және қандай
себептермен жасады, қылмыскердің әрекетінің тетігі қандай? Оқиға болған
жерді қарап шығудағы мақсат – нақты оқиға болған жердің жағдайын көзбен
көріп мәліметтер алу, оларды әрі қарай талдау.
Оқиға болған жерді қарау барысында алынған мәліметтер хаттамаға
түсіріледі.
Хаттамаға фотосуреттер, схемалар, сызба суреттер, заттай дәлелдер қоса
тіркеледі.
Оқиға болған жерді қарау барысында тергеуші мәліметтерді жансыз
заттардан алады, осы тұрғыдан алғанда, оқиға болған жерді қарау жауап алуға
қарама-қарсы болып келеді.
Оқиға болған жер – қылмыскер тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
туралы мәліметтердің қайнар көзі. Оқиға болған жерді қарап шыққаннан кейін
қылмыскердің психологиялық ерекшеліктері туралы азды-көпті айтуға болады.
Оқиға болған жердегі қылмыскердің әрекетінде оның психикалық ерекшелігі
(қабылдау, ес, ойлау), психикалық күйі, әртүрлі тұлғалық қасиеттері,
қабілеті мен мүмкіншілігі көрініс табады. Әсіресе, оқиға болған жерде
қылмыскердің мүдделілігі, қылмыс жасау себебі, қылмыс жасауға итермелеген
факторлар көрініс табады. Қылмыс психикаға әртүрлі субъективті және
объективті сипаттағы кедергілердің әсер ету жағдайында жасалады. Мысалы:
қылмыс жасау кезінде ұсталып қалу қаупі, уақыттың тапшылығы, жәбірленушінің
аяқ асты қарсылығын тойтару үшін әрекет жасауы, т.б. – осының барлығы алдын-
ала болжанбаған жүйке-психикалық, эмоциялық қызбалыққа әкеп соғады. Соның
нәтижесінде ойлау процесінің икемділігі бұзылады, адамның қабылдау, түйсік
сезімі жиырылады, оның өз әрекеттеріне мұқияттылығы төмендейді. Осы
себептерден қате әрекеттер жасау ықтималдығы жоғарылай бастайды. Тергеуші
осы жағдайлардың барлығын ескере ала отырып, оқиға болған жердегі іздерді
табуға сенімді болуы керек.
Тергеушінің қызметін психологиялық талдаған кезде, оқиға болған жерді
қарап шығудың төрт қырын анықтауға болады: ұйымдастыру, іздестіру, қалпына
келтіру және куәландыру. Ең алдымен тергеуші ұйымдастыру қызметін
орындайды. Ол қарап шығуға қатысатын жұмысшылар тобын құрастырады, шығуға
психологиялық және техникалық дайындықты қамтамасыз етеді. Анықтама
органдарының қызметкерлері мен тергеушінің ұйымдастыру-тактикалық
әрекеттесу формасының негізі - тергеудің алғашқы кезеңінде жедел-тергеу
тобының оқиға болған жерге бірге шығуы. Әрқайсысының тиісті орындайтын
міндеттері бар. Егер тергеуші оқиға болған жерді қарап, дәлелді іздеп
табумен және бекітумен айналысып, қарап шығу нәтижесін хаттамаға түсірсе,
жедел іздестіру тобы тергеушінің нұсқауы бойынша жедел іздестіру шараларын
жүзеге асырады. Осы шаралар оқиға болған жерді қараумен бірге жүргізілуі
қажет және зерттеуге қажетті сапалы тексеру мен жалпы тергеу жағдайлары
қамтамасыз етілуі тиіс.
Тергеу басталған кездегі іздестіру әрекеті оқиға болған жердегі
криминалдық маңызы бар мәліметтерді бірден көрсетеді. Бұл мәлімет қылмыстық
оқиғаның динамикасын, қылмыскер тұлғасын, жәбірленуші тұлғасын, қылмыс
жасау әдісін, қылмыстық қол сұғу заттарын көрсетеді.
Қылмыстық оқиға да, басқа оқиғалар сияқты, сыртқы дүниедегі іздер жүйесін
құрайды. Бұл іздердің өзіндік ерекшеліктері бар және олар кеңістік пен
уақыттағы жүйе болып табылады. Қарап шығудың ойдағыдай өтуі іздердің
жүйесін анықтаумен байланысты. Оның сәтсіз болуының негізгі себептерінің
бірі – төңіректі қарағанда осы іздердің табылмауы. Криминалистикалық байқау
дегеніміз оқиға болған жерді қараған кезде, жағдайды сындарлы ой елегінен
өткізу, қажетті нәрсені мақсатқа сай қабылдау. Ол барынша нәтижелі болуы
үшін белгілі бір ережелер мен тәртіптерді сақтау керек.
Іздестіру іс-әрекетінің барлығы мынадай жүйеде көрініс табады. Бірінші
кезеңде криминалды немесе негізгі түйін анықталады: адамның зорлықпен
өлтірілгендігі, сейфтің бұзылғандығы, автомобильдің төңкерілгендігі және
т.б.
Бақылау процесінің негізгі мақсаты тергеушіні белгілі бір әрекеттер
жасауға бағдарлау, қандай қылмыс жасалғандығын көрсететін мәліметтер
жинақтау. Мысалға, тергеушілер сейфте жатқан бухгалтерлік құжаттарды
қараған кезде, болжамдағы бұзушының іздерін, саусақтарының іздерін, түсіп
қалған шашын т.б. іздестіреді. Ондай айғақтар кейін қандай да бір болжам
жасауға негіз болады.
Тергеу қызметінің келесі кезеңі – оқиғаны қалпына келтіру әрекеті,
іздестіру қызметінің нәтижесінде алынған мәліметтерді талдап жинақтау. Осы
кезеңде тергеуші жорамалдар жасайды. Қылмыстың ашылуы, көбінесе, уақтылы
және дұрыс жасалған жорамалға байланысты. Қайта қалпына келтіру және
іздестіру қызметінің түйіскен жерінде болжам пайда болады. Болған оқиғаның
көрінісі, оқиғаның динамикалық бейнелі суреті қалайда болжам тудырады.
Тергеушінің ойлау қызметінде қиялдың маңызы зор. Оның көмегімен тергеуші
өткен нәрсенің көрінісін қайта жаңғыртады.
Тергеудегі қиял мен ойлаудың ерекшелігі - бірін бірі жоққа шығаратын
көптеген болжамдар бір уақытта туындайды. Қызметтің мазмұнына және сипатына
қарай қиялдың мына түрлерін ажыратуға болады: көркем; ғылыми; техникалық.
Тергеушінің қиял ерекшеліктері бар. Тергеуші қиял арқылы оқиға болған
жердегі қалған іздер арқылы қылмыстың бейнесін барынша толығырақ көруге
ұмтылады.
Оқиға болған жерді дұрыстап қарап шығу үшін мынадай кепілдіктер қажет:
1. Оқиғаға қатысты мәліметтердің барлығын жинап алу. Бұл кезеңде тергеуші
оқиға болған жерде қалдырылған іздер арқылы қылмыстың бейнесін барынша
толық қалпына келтіру әрекетін жасайды. Осы елестеткен жағдайды тергеуші
нақты болған оқиғамен салыстырып көреді, айырмашылығын анықтайды, содан
кейін жетпейтін іздерді табудың мүмкіндігін қарастырады. Жаңа іздерді табу
жорамалдың дұрыс екенін дәлелдеп, іздестіру мен болжамның мүмкіндіктерін
әрі қарай кеңейтеді. Жорамалдарды тексерген кезде, алғашқы болжам
жеткілікті дәрежеде дәлелді болмай шығуы мүмкін. Бұл екі психологиялық
көзқарасты тудырады. Біріншіден, ең алдымен, жетпей жатқан мәліметтерді
іздестіру жүргізіледі. Кейбір жағдайларда жаңа мәліметтер түспей-ақ,
тергеушіде қылмысты ашу жолдары бар фактілердің жиынтығы болуы мүмкін. Бұл
жағдайларда алдын ала пайда болған болжамды бейнеленбеген белгілері мен
байланыстары арқылы қайтадан бөлшектеп талдап, жинақтау керек. Осыдан кейін
ойлаудың негізгі қасиеті көрініс табады, яғни, объекті жаңа байланыстар
арқылы басқа жүйеге түседі. Мысалы, темір жолда қылмыс жасалды дейік. Темір
жолдың бір жағында орман, екінші жағында батпақ, ал 4 км әрі қарай елді
мекен бар. Темір жолдың бойында адам денесінің бөлшектері жатыр. Сол жердің
тұрғындары оны орман шаруашылығының жұмысшысы деп таныған. Тергеуші келер
алдында жедел іздестіру тобының қызметкерлері, арақ ішіп алған С.
байқаусызда поездың астына өзі түскен деп қорытынды жасаған. Оқиға болған
орынды тексерген дәрігер: “Адамның мәйіті көптеген бөлшектерге бөлініп
кеткен, оны көму керек” – деп айтты. Тергеушінің істі жабуына ешқандай
негіз табылмайды, өйткені, мәліметтер өте аз жиналған. Ол батпақтан темір
жолға қарай жүрген адамның онша анық емес іздерін және қанның тамшыларын
байқаған. Жедел іздестіру тобының қызметкерлері сол іздерді көріп, өлген
адамның іздері деген қорытындыға келген. Тергеуші бұл жерде күдік тудыратын
екі жағдайды тапқан: біріншіден, егер өлген адам мас болса, ол қалайша
батпақтан өтіп келді, екіншіден, егер ол батпақтан өткен болса, неге оның
етігінде батпақ жоқ. Осы екі қайшылықтарды белгілеп, тергеуші екі болжамға
келген:
1. С. поселкеден темір жолға қарай 1 км жүріп түсініксіз жағдай-да өлген;
2. С-тің денесін біреу көтеріп алып, теміржолға лақтырып кеткен және сол
адам осы жерде өзінің іздерін қалдырған. Осы екі болжамды тергеуші қайта
қарап, өліктің бөлшектенген денесін мұқият тексерудің нәтижесінде көкірек
қуысындағы жарақатты байқаған. Осылайша, жаңа болжам пайда болған: бір адам
түнде С-ті өлтіріп, орман мен батпақтан өтіп, теміржолға лақтырып кеткен.
Өлтірген адам осы жердің тұрғыны, себебі ол түнде жолды тауып, орман мен
батпақтан өткен, оның үстіне ол қайратты адам болған, себебі С.-ның салмағы
77 кг екен. Осындай салмақты бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері туралы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру туралы
Қылмысты тергеу кезінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
Оқиға болған жерді тексеру
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
Заңға сәйкес кылмыстық ізге түсу
Пәндер