Әбілхайыр ханның билікке келуі
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Әбілхайыр ханның билікке келуі 3
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күшеюі 4
Мемлекеттік және әкімшілік аппараты 5
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күйреуі 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер: 12
Кіріспе
Қазақстан тарихында XIV—XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан
түрік тілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің
құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде
қалпына келтіріледі.
XIV-XV ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы
және түрік тілді бастау-хаттарда Қазақстанның бұ бөлегі Түркістан деп
аталады) орасан кең территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі,
отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.
Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-
харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын
жағдайында өтеді. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы
кезінде моңғол ұлыстары — Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта
Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, соңғы кезінде қазақтың өз
мемлекеті — Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқының
саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше
мемлекеттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан,
Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы.
Әбілқайыр хандығы туралы жұмысты жаза отырып ең бастысы осы хандықтың
Қазақ хандығының алдындағы хандық екендігіне мән беру керектігі айқын
болды. Және оның территориясы мен басқа да мемлекеттік істерінің салалары
Қазақ хандығын құру барысында үлгі етіп алынды. Бірақ ол хандықтың
кемшіліктері де ескерілді деп ойлаймын. Әбілқайыр хандығының ғұмыры тым
қысқа болды. Осы жұмыста оның неліктен ғұмырының қысқа болғандығын ашып
көрсетуге тырысамын.
Әбілхайыр ханның билікке келуі
XV ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында Қазақстанның орталық батыс және
солтүстік-батыс аудандарының территориясында бірнеше тәуелсіз феодалдық
иеліктер болды. Арал теңізінен солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық-
ханның ұлысы, бұдан батысқа таман — Ғазиби иеленген Ноғай (Манғыт) ұлысы
болды; Шайбани әулеті Мұстапахан Атбасарда, маңғыт Кепек-би мен Адаб-
бек бүркіт Тура өңірінде билік жүргізді. Тобылда Шайбани әулеті Махмұд-
Қожахан иелігі орналасты. Феодалдардың қиян-кескі өзара тартыстары мен
билік үшін күресі бейбіт өмірге құштар көшпелі халықтың жағдайына ауыр
тиді. Осындай жағдайда Жошы әулеті Шайбанның ұрпағы, Дәулет-Шайх-оғланның
баласы Әбілқайыр жоғары көтерілді. Әбілқайыр Шыңғыс ханның 10-ұрпағы.
Шыңғыс хан→Жошы→Шибан→Бахадур→Жошы-Бұқа→Ба дағұл
→Мың Темір→Болат→Ибрагим→Дәулет-Шейх→Әбі лқайыр.
Жошы ұрпағының өзара күрес-тартысы — олардың ішіндегі көрнектілері
Жұмадықхан, Махмұт Қожахан, Мұстафахан т. б. Еді.
Шайбан ұлысының билеушісі Дәулетшейх қайтыс болғаннан кейін, билікті
ұлы Әбілхайыр кішкене болғандықтан Жұмадық хан алады. Жұмадық маңғыттармен
шайқаста қолға түсіп өлтіріледі. Ал Әбілхайыр маңғыт билеушілерінің
тарапынан қолдауға ие болып, билікті өз қолына алады. Осылайша Ақ орданың
ханы Барақтың қазасы және Шайбанилік Дәулет-Шаих оғланның ұлы Әбілқайырдың
1428 ж. хан тағына отыруымен аяқталады. Әбілқайырды Батыс Сібірдегі Чимгл
Тара немесе Тура қаласында (қазіргі Тюмень) хан етіп сайлайды.
Әбілқайыр дербес хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының
орасан кең жеріндегі өкімет билігін қырық жыл бойы ұстап тұрады.
Ол тез арада Орталық және Солтүстік Қазақстандағы көптеген тайпалардың
үстем тобының қолдауына ие болды. Әбілқайырды хан етіп сайлауға
қатысушылардың ішінде, деректемелерге сәйкес сұлтандар, оғландар, тайла мен
ру басшылары, батырлар ғана емес, сонымен бірге мұсылман дін басыларының
өкілдері де болған.
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің күшеюі
Өзін көшпелі қоғамның ықпалды топтары хан сайлап, таққа отырғызғаннан
кейін Әбілқайыр олардың мүдделеріне сай саясат жүргізіп, көрші елдерге
соғыс жорықтарын жасауға, жаңа жерлерді бағындыруға тиіс болды. Қала
мәдениеті дари қоймаған Шибан ұрпақтары, — деп жазады В. В. Бартольд,—
көшпелілердің жауынгерлік дәстүрін бәрінен де берік ұстанды, сондықтан да
Шыңғыс-хан әулетінің күш-қуаты барлық жерде дерлік түгелдей құлдыраған
кезде бұлар жаулап алушылар ролінде көріне алды.
Б.А.Ахмедов:“Әбілхайыр Шайбан ұлысынан біріктірумен қатар бұрынғы
Алтын Ордаға қараған аймақтарды да өз иелігіне қосуды мақсат етті”.
Әбілқайыр Сырдария өңірінің қалалары мен Хорезм үшін Темір әулетімен
күрес бастады. Темір әулеті Ұлықбектің әскерін Сығанақ ауданында Барақхан
тас-талқан еткен сон, Мауараннахрдың билеушісі 20 жыл бойына, XV ғасырдың
40-шы жылдарының аяғына дейін қорғаныс позициясын ұстады және тіпті өз
жерінің шекараларына Әбілқайыр мен Моғолстан билеушілерінің әскерлері
шапқыншылықтар жасағанда да, қырға ешқандай жорық әрекетін ойластырған жоқ.
Әбілқайыр ұлысы Орта Азиямен тығыз байланыста болды, ал ыдырай бастаған
Алтын Орданың орталықтарымен байланыс бірте-бірте әлсірей берді.
Мемлекеттік және әкімшілік аппараты
Әбілқайыр мемлекетінің Ақ Орданың, Моғолстанның және басқа
хандықтардың мемлекеттік және әкімшілік-саяси құрылымы көбінесе бірдей
болды. Мемлекет басшысы хан болатын, оның билігі тікелей мұрагерлікпен
немесе билеуші әулеттің үлкен өкіліне берілетін. Бірақ дәстүр бойынша,
феодалдық үстем топтың — бектердің, әмірлердің — ханды жариялауы, сайлауы
сақталатын және тікелей мұрагерді, рудағы үлкенін немесе басқа үміткерді
хан көтеру олардың еркіне байланысты еді. Тарих-и Рашидиде, мәселен,
дуғлат Хұдайдад-ұлысбектің алты ханды хан көтеруді ұйымдастырғаны
хабарланады.
Ханның басқаруы мен нақтылы билігі де әрқашанда дерлік феодалдық үстем
топтың еркіне байланысты еді. Деректемелерде әрдайым хандардың өзінің
ақсүйектерімен және жақын адамдарымен түрлі мемлекеттік істер жөнінде
өткізген кеңестері туралы хабарланады. Мәселен, Тарихи Рашидиде Қызыр-
Қожаханның өз шонжарларымен Темірдің саяси және экономикалық дәмелеріне
байланысты кеңесі туралы егжей-тегжейлі әңгімеленеді. Масуд бен Усман
Кухистани осындай кеңестер мен мәжілістерді тайпалар шонжарларымен
Әбілқайыр-ханның (мысалы, Хорезм жорығы алдында) өткізгенін хабарлайды.
Ұлыстар мен тайпалық бірлестіктердің басқарушылары мемлекет басшысы
ретінде ханға формальды түрде болса да вассалдық бағыныштылықта болатын.
Олар бұдан көшпелі ұлыстарды басқаруға бекітілген ресми қағаз алатын, ал
кейде жаңа бөтен тайпалар мен олардың жұртын феодалдық сыйлыққа алатын.
Шонжарлар хан соғыстарына белгілі бір жауынгерлер мөлшерімен қатысып, өзіне
бағынышты халықтан алатын салықтың бір бөлегін ханға беруге тиіс болатын.
Бірақ шын мәнінде нөкерлерден құрылған жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz