Әкімшілік жазалардың мақсаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Әкімшілік жазалар

Әкімшілік жазалардың мақсаты

Әкімшілік жауаптылықты жалпы сипаттаудың келесі элементі әкімшілік жазалар болып табылады. Олар жасалынған әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және оны жасаған адамның ӘҚБтКте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды. Бұл жазалар әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, бұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адмдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Оның ең негізгі, яғни заңдық, мазмұны мынада, бұл тәрізді жаза ең алдымен құқық бұзушыға, сол сияқты құқық бұзушылықтар жасаудың барлық, басқа жағдайларында да, тиісті жазалау шарасын қолдануды білдіреді. Бұл кінәлі үшін әкімшілік жазаның белгілі бір жағымсыз салдарлар туғызуға әкеп соқтыратынын білдіреді. Мұндай салдарлардың дәрежесі - бөлек мәселе. Олар, қылмыстық жазалаумен көпшілігінде өте жақын болса да жеңілдеу болады.

Әкімшілік жазалар әлдебір адамның жасаған әрекетіне не теріс баға беруден /мысалы, ескерту/, немесе құқық бұзушыға материалдық ықпал жасаудан керініс табуы мүмкін /мысалы, ақшалай айыппұл, мүлкін тәркілеу/. Бірақ олар барлық жағдайда да нақты құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық залалды өтеуді мақсат етпейді.

Егер де мұндай залал әкімшілік құқық бұзушылықпен азаматқа не заңды тұлғаға келтірілген болса, онда ӘҚБтКтің 646 сәйкес судья дау болмаған жағдайда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде мүліктік залалды өтеу туралы шешім қабылдай алады. Өзге уәкілетті органдар /лауазымды адамдар/ қарайтын істер бойынша мүліктік, залалды өтеу азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір-қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.

Әкімшілік жазалардың түрлері

Әкшшілік жазалардың түрлері ӘҚБтКтің 45-бабында белгіленген: 1/ сскерту жасау; 2/ әкімшілік айыппұл салу; затты өтемін төлеп алып қою; 4/ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі болған затты, бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды теркілеу; 5/ арнаулы құқықтан айыру, 6/ лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан /куәліктен/ айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; 7/ жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 8/ өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 9/ әкімшілік қамауға алу; 10/ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

Бұлардың ішінен заңды тұлғаларға 1/ 6/, 8/ тармақшаларда аталған әкімшілік жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу қолданылуы мүмкін.

Ескерту - әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органның /лауазымды адамның/ жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруі және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындыгы туралы сақтандыру. Ол жазбаша түрде жасалынған жағдайда жаза болып сақталады. Бұл, әдетте, құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда қолданылады. Мұндай жағдайларда судья, уәкілетті орган /лауазымды адам/ ауызша ескерту жасуамен шектеле алады ол әкімшілік жаза болып табылмайды /ӘҚБтК-тің 68-бабы/.

Әкімшілік айыппұл - айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір, мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза, яғный материалдық сипаты бар жаза.

Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды адамға салынатын айыппұл - бес айлық есептік көрсеткіштен, ал заңды тұлғага салынатын айыппұл жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

Ал айыппұлдың жоғарғы мөлшерін жеке адамға екі жүз айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Бірақ осы мөлшерлерден асатын мөлшерде салықтық міндеттемелердің орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып, жүргізілген операция сомасынын процснтімен көрсетілген айыппұл салынуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады. Бұл жазаны аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдардың иелігіндегі аңшылық қару, атыс оқ-дәрілері және аңшылықтың басқа да қарулары жөнінде қолдануға болмайды /ӘҚБтК-тің 49-бабы/.

Осы сияқты заттарды тәркілеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді /дивидендтерді/, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу - мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аудару. Тәркілеуді судья қолданады /ӘҚБтК-тің 50-бабы/.

Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру /көлік құралдарын жүргізу құқығынан, аң аулау құқығынан/ осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел немесе үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Мұндай жаза бір айдан кем болмайтын және екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады.

Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.

Алайда көлік құралын масаң күйде жүргізу, масаң күйде куәландырудан өтуден жалтару, сондай-ақ өздері қатысушысы болған жол көлік оқиғалары болған жерден кетіп қалған жағдайларында оларға мұндай жаза қолданылуы мүмкін.

Аң аулау /балық, аулау/, аңшылық қарулар мен құралдарды сақтау мен алып жүру құқығы өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға жаза қолданылмайды /ӘҚБтК-тің 51

13. 2. 3. Әкімшішілік жазаларды қолдану тәртібі

Жеке кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға берілген лицензиядан, арнаулы рұқсатпен, біліктілік аттестатынан /куәліктен/ осы құжаттарда көзделген іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы үшін судья уақытша лты айға дейінгі мерзімге айыруы мүмкін.

Жеке косткердің мемесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның /лауазымды адамның/ өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізіледі.

Қоғамдық бірлестіктің қызметі өздерінің жарғысына немесе заңдарға қайшы келетін жағдайларда сот олардың қызметін тоқтата тұруы немссе оған тыйым салуы /тоқтатуы/мумкін.

Өз бетімен салып жатқан немесе салынған құрылысты ӘҚБтК-тің Ерекше бөлігінің баптарында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп бұзуды судья тағайындайды.

Әкімшілік қамауға алуды - тек әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін айрықша жағдайларда ғана он бес тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге судья қолданады.

Жүкті әйелдерге және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 18 жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан еркектерге қамауға алуды қолдануға болмайды.

ҚР-сы шегінен әкімшілік жолмен кетіру - тек шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ғана қатысты судья қолданатын шара /ӘҚБтК-тің 56-бабы/.

Әкімшілік жазалау шаралары негізгі және қосымша шараларға бөлінеді. Негізгілеріне ескерту, экімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу жатады.

Затты өтемін төлеп алып қою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау қосымша жазалар қатарына жатады. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқта тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ әкімшілік жолмен кетіру негізгі де, сол сияқты қосымша да жазалар ретінле қолданылуы мүмкін,

13. 2. 3. Әкімшілшілік жазаларды қолдану тәртібі

Мұндай жазаларды қолданған кезде заңдылықты қамтамасыз етстін құралдардың үлкен маңызы бар.

ЭҚБтК-те /60-66-баптарда/ барлық органдар /лауазымды адамдар/ міндетті түрде басшылыққа алатын әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазалар қолданудың жалпы тәртібі қаралған. Осыған сәйкес ең алдымен әкімшілік жауаптылықты және, демек, әкімшілік жазалар тағайындауды болдырмайтын мән-жайларды құнттаған жөн.

Қажетті қорғану бұл қорғану жағдайында жасалынған әкімшілік құқық бұзушылықпен қорғанушының және өзге де адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қол сұғушыга зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау /ӘҚБтК-тің 38-бабы/.

Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау - бұл үшін осы Кодексте көзделген әрекетті жасау /39-бап/.

Аса қажеттілік осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және егер құқық бұзушылықпен келтірілген зиян тойтарылған зияннан айтарлықтай аздау болса /ӘҚБтК-тің 40-бабы/

Негізгі тәуекел қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізгі тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру /ӘҚБтК-тің 41-бабы/.

Күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүрлеу салдарынан адам өз іс-әрекеттерін /әрекетсіздігін/ басқара алмау, күштеп немесе санаға өсер етіп мәжбүрлеу нәтижесінде осы Кодексте көзделген әрекетті жасау /ӘҚБтК-тің 42-бабы/.

Бұйрықты немесе өкімді орындау - өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте кездедген әрекетті жасауы. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау /ӘҚБтК-тің 43-бабы/.

Әкімшілік жаза өкілеттгі органның /лауазымды адамның/ осы тұлғаның кінәлілігін анықтаған заңды күшіне екген қаулысының таныған нәтижесі. Жеке адамның кінәсіздіктен келтірген залалы үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.

ӘҚБтК-те белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға ұшыратылуға тиіс емес. Жазаларды қолдану уәкілетті органдардың /адамдардың/ құзіретінің шегінде және заңға дәлме-дәл сәйкес жүзеге асырылатын болуға тиіс.

13. 2. 3. Әкімшілшілік хсащаларды қолдану тәртібі

Әкімшілік жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін заңның кері күші болады, жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңның кері күші болмайды.

Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетін болуға тиіс. Жеке адамға жаза қолдану кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Занды тұлғаға жаза қолдану негізінен /жеке бастан басқа/ осындай жағдайларды ескеруді мезгейді.

Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет жазаға тартуға болмайды деп белгілснген.

Нақты әкімшілік жазаны таңдап алуға әсері болатын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға мыналар жатады: өкіну; құқық бузушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы; құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан, кәмелетке толмаған адамның, жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің, күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижссінде тағы басқа жағдайларда жасау /ӘҚБтК-тің 61-бабы/.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар: маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде; адамдар тобының; табиғи апат жағдайында құқық бұзушылық жасау; біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау және т. б. / ӘҚБтК-тің 62-бабы/

Бір адам екі немесе одан да көп құқық бұзушылық жасаған кезде олардың әрбірі үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады.

Әкімшілік жаза қолданылған адам жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аякталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі. Әлбетте, әкімшілік жаза қолдану сотталғанмен бара-бар емес.

Әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі белгіленген. Адам құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай, ал қоршаған органы қорғау саласында алты ай өткеннен кейін әкімшілік жазалауға тартуға жатпайды. Салық салу саласында жеке тұлға құқықбұзушылық жасаған күннен бастап бір жыл, ал заңды тұлға /оның ішінде жеке кәсіпкер/ үш жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

13тарау. Әкімшілік жауаптылық

О. ЗЛ. Іс жүргізудің құқықтык иегіздсрі

313

Қылмыстык іс қозгаудан бас тартылған адамдардың іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері бар болатын болса, онда оларға да әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

13. 3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу

13. 3. Іс жүргізудің құқықтық негіздері

ӘҚБтК өзінің материалдық және процессуалдық құқық нормаларымен сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тысқары тәртіппен де жүзеге асырылатын әкімшілік юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттеген.

Онда іс жүргізудің міндеттері айқындалған: әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау; оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал етстін себептер мен жағдайларды анықтау /577-бап/.

Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар да анықталған. Төмендегі мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуга жатады: әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының және құрамының болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін Заңның күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі. Аталған мән-жайлар жеке тұлғаларға да, сол сияқты заңды тұлғаларға да қатысты. Мұның сыртында, тек жеке тұлғаларға ғана қатысты іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар белгіленген. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде адамның 16 жасқа толмауы; құқыққа қарсы әрекет жасаған адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы; құқық бұзушылық осы Кодекстің 5-тарауына сәйкес мән-жайларда жасалған ретте; әкшшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы не істің қысқартылуы туралы судьяның, органның /лауазымды адамның/ қаулысының, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс болуы; ісі жүргізіліп отырған адамның қайтыс болуы.

Егер істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылықта қылмыс белгілері бар екендігі табылса, онда істі қарайтын орган / лауазымды адам/ материалдарды прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына береді.

1 Оның мазмұны атқарушы органдардың /лауазымды адамдардын/ юрисдикциялық іс-әрекеттер аткзру тәртібімен құқық қорғау функциясын жүзеге асыру.

Сонымен бірге, іс жүргізу әкімшілікқұқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негізінде және оны жасаған жері бойынша /көлік құралдары туралы істер бойынша олардың есепке алынған жері бойынша немесе іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да/ жүзеге асырылады деп белгіленген.

Іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ия қажет болған жағдайда орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылады. Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамдарға ана тілінде немссе өзі білетін тілде сөйлеу, аудармашының қызметін тегін пайдалану қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік құқық, бұзушылық туралы істерді қарау барлық азаматтардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдың және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына және тағы басқаларға қарамастан заң мен істі қарайтын органның алдында тең негізде жүзеге асады.

Әймшілік құқық бұзушылық туралы істер ашық түрде қаралады.

Әюмшіяік құқық бұзушылық. туралы іс жүргізу процесіндс заңдардың дәл жене біркел. кі қолданылуын кадагалауды прокуратура органдары жүргізсді.

Кэмелетке толмаган адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны иеи уагдаты, сондайак әкімшілік қамауга алуга екеп соғатын құқық бұзушылық туралы прокурор етіледі, '

Өкімшілк құқық бұзушшық ідоаяы істер істі қарауга құқықты /лауазымды адам/ бұзушылық туралы аттаманы жәке і материаядарын штш күннен батап он бес күн мерзімде қаралады. Кейбір істер ет© қмсқа мерзімде қаралады. Мысалы, қамауға өкешп соғатын әкімашшк құқық бұзушылық туралы іс ол жөнінде хаттама ыш баеқа магерналдар алынған күні қарашуға тиіс . . . "•■

Істі жүргоіл жатқан судьшшң немес® оргашшң /лауазымды адамньнд/ өкшшілік құқық бұзушылық оқиғасының болғанын нсмесе болмағаньш, ссы адашшң кінеліяйгш, жвнеісгін дүрыс шешілуі үшін мвні бар ©зге де менжайяарды анықтау кегізіне жататын дшелдемемрдің, яғный кез келген нақты деректердің үлкен процессуалдық маңызы бар. Бұл деректер екімшілік жауапқа тартылатын адамның түсініктемелерімен, жөбірленушінің, куәнің айғақтарымен, сарапшының қорытындыларымен, заттай дөледдс

12тарау. Әхімшілік күкык бұзушылық

П2, 2Х Құқық бузушшьндтың су&ьектісі жате су&ьежтиштік жаш

Субъект - бұл әкімшілік құқық бұзушылық, жасаган жеке ншесе заңды тұлға. Мүнан басқа, арнайы еубі ~юілер - лауазьшды адамдар, әскери шзметшілер, шетел азаматтары бшйнеді.

ӘКБтК бойынша ақылccs дүрыс, әкімшілік құқық бұзушылыйс жасаган кезде 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаотылыққа жатады, Салыстыру үшін айта кстейік, қылмыстық жауаптылық 14 жастан болуы мумкін,

1бдан 18 жасқа дейінгі көмелетке толмаган адаадар әкімшілік құқық бұзушылық жасаган жағдайда. оларга әкімшілік жаза тагайындалуы не төрбислік ықпал студің мөжбүрлеу шаралары қолдакылуы мүмкін. Кэмелетке толмаған балалардың атааналары немесс олардың орнындағы адамдар оларды тербмелеу және оқыту женіндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаганы үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Заңды тұлғалар мсм'іексттік және мемлекеттік емес$ коммерциялық жэне коммерциялық емес ұйымдар. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану Заңцы тұлғаны осы құқық бузушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сиякты Заңды тұлғаның әкімшілік жауапка тартылуы да кіналі жеке адамды жауаптылықтан босатпайды. ӘҚБтКта Заңды тұлғалардын жасайтын құқық. бұзушылықтарының құрамы қаралмагак. Вірак. занды тұлға осы Кодексгің Ерекше бөлігінде тікелей көздслген жағдайларда акімшілік құқық бұзушьшық үшін әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.

Лауазымды адам адлзметтік міндеттерін орыңдамауына нсмесе тиісті дәрежеде орыңцамауьша байланысш өюмшілік құқық бұзушьшық жасаған жағдайда әкімшілік жауагаъшыққа тартылады. Мұндай мөнжайлар болмаған кезде екімшіяш құқық бұзушьшыюың жасалуына кіналі лауазьщцы адам жалпы мегіздерде жауапггылықта болады. .

Үйыадцықбилік оу немссе әкімшілікшаруашылық йшадеттерді орындауга байланысш әкімшілік құқық бұзушылық жасаган жеке кесітвр де лауазымды адам ретіңде әюмшіяік жауагамлықга болэды.

Өсшри қызметшілер мен өскери жмыңда жүргек азаматтар, проқурорлар, ішкі істер орғандарының, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық үшін төртіптік жарғылар бойынша және қызмет өтеу тәртібін регламенттейтщ езге де актшерге сөйкес жауаптылықта болады.

Бірақ олар ҚРның Мемлекеттік шекарасы режимін, санитарлық заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, аң аулау, балық аулау ерсжслсрін, табиги ресурстарды

83. 1. Әкімшілік жауаптылықтын ұігымы және бслгйері

303

пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелсрі мен нормаларын бүзганы үшін жалпы негіздер бойынша екшшілік жауаптылықта болады. Мұндай жағдайлар жөнінде де белгілі бір шектеулср белгіленген. Оларга кейбір әкімшілік жазаларды /мысалы, экімшілік қамауға алуды/, ал шақыру бойынша ескерн қызметін өтеп жүрген адамдарга еісімшілік айыппүл салуды қолдануга болмайды,

Дипломатиялық иммунитетпен жене қорганышпен пайдаланатын шстслдіктердсн басқа шетел«заматтары, Еіетсддік занды тұлғалар және азаматтыш жоқ адамдар жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтың субъектілсрі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Әкімшілік жазалар
Қазіргі қылмыстық құқықтағы айыппұл
Әкімшілік айыппұл түсінігі
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мекемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz