Баскарудың құқықтық актілерінің түрлері
Жоспар
1. Басқарудың құқықтық актілері ұғымы және олардың белгілері 2
2. Баскарудың құқықтық актілерінің түрлері 4
3. Басқарудың құқықтық актілерін дайындау, ұсыну, талқылау тәртібі 7
Әдебиет 11
1. Басқарудың құқықтық актілері ұғымы және олардың белгілері
"Нормативтік құқықтық акт" ұғымы бұл жұмыста ресми заң құжаты ретінде
қарастырылған. Құқықтық актілер әртүрлі, олар басқаруда маңызды рөл
атқарады. Жобасын дайындауға бұл жұмыстың авторы қатысқан 24 наурыз 1998
жылғы "Нормативтік құқықтық акті туралы" №213-1 Заң нормативтік құқықтық
актілерді негізгі және туынды актілер деп бөледі. Негізгілерге жататындар:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 2) Қазақстан
Республикасы Президентінің конституциялық күші бар жарлықтары; Президенттің
заң күші бар жарлықтары және Президентгің басқа нормативтік құқықтық
жарлықтары; 3) Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары; 4)
ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; 5) Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы
Соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; 6) ҚР
министрлерінің және орталық мемлекетгік органдардың басқа басшыларының
нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері.
Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады:
1) регламент; 2) ереже; 3) қағида; 4) нұсқаулық.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңында және "Нормативтік
құқықтық актілер туралы" ҚР Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу
туралы" ҚР Заңында қажетті мәліметтер бар болғандықтан, егер ол актілердің
өздерінде басқадай көрсетілмесе, одардың күші тікелей таралатындығын атап
өткеннің өзі жеткілікті.
Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды
адамдардың заңдық сипаты бар, яғни зандардың орындалуын қамтамасыз етуге
бағытталған қызметіне байланысты қарастырылады. Сондықтан да, атқарушы
биліктің қызметі де, оның салдары — басқару актілері де құқықтық болып
табылады. Атқарушы билік органдарының құқықтық актілерді шығаруы
басқарушылық міндетті жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Сонымен,
басқарудың құқықтық актілері атқарушы биліктің мақсаттарын жүзеге асырудың
маңызды құралдары болып табылады.
Басқарудың құқықтық актілерінде мынадай сипат болады:
— заңдық күш болады;
- ресми белгіленген құжаттарда (қаулыларда, өкімдерде, бұйрықтарда)
көрініс табады;
- органның немесе лауазымды адамның заңдық өктемділігін білдіреді,
онда әкімшілік құқық субъектілерінің міндетті түрде орындауына жататын іс-
әрекет ережелері мен жеке міндеттеулер болады;
— әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне, доғарылуына
әкеп соғады.
Атқарушы билік органдарының шешімі құқықтық болуы үшін белгілі бір
процедуралық талаптардың сақталуы тиіс. Біріншіден, басқарудың құқықтық
актілері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының негізінде
және соларға сәйкес шығарылуы тиіс. Екіншіден, оны құзіретті, яғни
өкілеттігі бар орган қабылдайды. Үшіншіден, ол заңда белгіленген тәртіпте
дайындалған, ұсынылған, келісілген, қабылданған, ал қажет болса — тіркелген
(азаматтардың құқықтарына, бостандығына қатысты ведомстволық актілер) және
жарияланған, орындаушыларға жеткізілген болуға тиіс.
Сонымен, басқарудың құқықтық актісін атқарушы билік органдарының,
лауазымды адамдардың ресми белгіленген құжаттарда келтірілген әкімшілік-
құқықтық нормалар, әкімшіліктік жеке міндеттеулер түріндегі, заңға
негізделген заңдық өктемдігінің көрінісі деп анықтауға болады.
2. Баскарудың құқықтық актілерінің түрлері
Құқықтық актілер басқару органының басқару деңгейіне қарай былайша
бөлінеді: 1) жалпы; 2) салалық (салааралық); 3) аймақтық (жергілікті); 4)
локальдық (ұйымішілік).
Жалпы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының
Конституциясына және заңдарына сәйкес атқарушы билік органдарының
құрылымын, билікті субъектілер мен орындаушылардың іс-әрекет ережелерін
белгілейді.
Жалпы нормативтік актілер арасында Республика Президенті актілерінің
маңыздылығы басым.
Оларда мынадай сипат болады:
— құрылтайшы сипат — Үкіметтің және атқарушы биліктің басқа
органдарының құқықтық негізін құру және қызметінің тәртібі туралы. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен Қазақстан Республикасы
мемлекстгік органдарының жүйесін, оның ішінде құқық қорғау органдарының
жүйесін қайта құру шаралары қабылданады, онда министрліктердің,
агенттіктердің тізбесі анықталып ғана қоймайды, сонымен қатар тиісті
мемлекеттік басқару органдары таратылады, құрылады, қайта ұйымдастырылады;
— жүйе құрушы сипат, оны жүзеге асыру процесінде тек органдар ғана
емес, заңнаманың салалары мен тармақтары да (мысалы, кеден ісі, салық
туралы, т.б.) құрылады;
— үйлестіруші-реттеуіш сипат — басқару функцияларын жүзеге асыру
немесе мемлекеттік мәселелерді шешу үшін органдардың өзара келісімді іс-
әрекетінің режимін белгілеу (мысалы, саяси және әкімшілік жұмыстағы
мемлекеттік қызметкерлерді құрастыру мәселелері бойынша).
Үкімет атқарушы билікті қамтамасыз ету, атқарушы органдардың қызметін
басқару үшін республика аумағында міндеттілік күші бар қаулылар шығарады.
Қаулылар алқа мәжілісінде қабылданады, сондықтан қабылданған шешім
үшін Үкімет мүшелері де жауапты. Ондай қаулыларда кешенді салааралық сипат
болуға тиіс. Олар экономикада, ғылым мен техникада, білім мен мәдениетте
туындайтын әрқилы қатынастарды реттейді.
Премьер-Министр шығарған өкімде даралық сипат болады.
Жалпы заңдық сипаты бар актілерді министрліктер мен ведомстволар да
қабылдай алады. Бұл органдардың мұндай актілер шығаруын қажет ететін
мәселелердің тізбесі заңдармен, Президент жарлықтарымен, Үкімет
қаулыларымен және ведомствоның тиісті құқықтық ережелерімен шектелген.
Мысалы, жоғары білім беру өрісіндегі орталық атқарушы орган, қай
ведомствоға бағынатындығына қарамастан, барлық оқу орындары үшін және оқу
орнына түсетіндер үшін міндетті болып табылады. Жоғары оқу орнына түсудің
Ережесін шығарады. Мұндай актілер азаматтардың құқықтарын, міндеттерін және
бостандығын қозғайтын болғандықтан, олар құқықтық сараптамадан өтіп,
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуі тиіс.
Жергілікті өкілдік (мәслихаттардың) және атқарушы (әкімдердің)
органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актілерінде жалпыға міндетті
ережелер, ортақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz