Беттестіру тактикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Беттестіру тактикасы2

Криминалистік тактика және тергеу практикасы6

Тергеу әрекетінің тактикасы8

Қолданылған әдебиеттер тізімі12

Кіріспе

Беттестіру жауап алудың бір түрі болып келеді. Сонымен бірге ол өзіне тән мақсаттары бар, оны жүргізудің негіздері мен шарттары бар дербес тергеу әрекеті. Психологиялық аспектіден алғанда, беттестіру, баска тергеу әрекеттерімен салыстырғанда, шындықты орнатудың әсерлі шарасы болып табылады, өйткені фактілерді дәлелдейтін аргументтерді тергеуші емес, жауап беретін тұлғалардың өздері келтіреді.

Ұтымды дайындалып, ұйымдастырылған беттестіру алынған жауаптардың елеулі қайшылықтарын жою тәсілі ғана емес, сонымен қатар жалған алибиді, қылмысты жасағансуды, жауап алған тұлғаның өзіне және екінші тұлғаға жала жабуын әшкерелеу тәсілі де бола алады. Беттестіру барысында тергеудегі қылмыстық оқиғаға қатысты нақты деректер алынуы мүмкін.

Беттестіру жүргізуге негіз болатын елеулі қайшылықтар деп істі дұрыс ашу үшін маңызды нақты мән-жайлар туралы жауаптарда бірін-бірі жоққа шығаратын мәліметтердің бар болуын айтады.

Беттестіру тактикасы

ҚР ҚІЖК-нің 220-бабына сәйкес беттестіру - жауаптардағы көрсетілген қайшылықтарды жоюды көздейтін, бұрын жауап алынған екі тұлғадан бір уақытта жауап алу болып табылады.

Істің мән-жайлары және олардың қабылданатын шешімге тигізетін әсерін ескере отырып, қайшылықтардың елеулі-елеусіздігі туралы мәселені тергеуші шешеді. Дегенмен, тергеудегі іс бойынша дәлелдеуге жататын және жиналған дәлелдемелерге дұрыс бермеуге әкеліп соғуы мүмкін мән-жайлар туралы қайшылықтарды маңызды деп санаған жөн.

Беттестіру күрделі тергеу әрекеті болғандықтан келесі ұйымдастыру - дайындық шараларын орындауды талап етеді:

1. Жүргізу қажеттілігін анықтау. Жауаптарда елеулі қайшылықтардың болуы әрдайым беттестіру жүргізуді қажет етпейді. Тергеуде жалған жауап беріп отырған тұлғалар беттестіру туралы өтініш жасаған жағдайда, шешімді абайлықпен қабылдаған жөн. Өйткені аталған тұлғалар олардың айыптарын мойындататын беттестіруге қатысушы тұлғаны өз көрсетпелерін өзгертуге бейімдеуге тырысады және бұл әрекет тергеушінің тәжірибесіздігінен, беттестіруді жүргізудің жеткіліксіз дайындалғандығынан т. б. себептермен олар мақсаттарына жетуі мүмкін. Сондықтан жауаптардағы елеулі қайшылықтарды басқа жолмен, мәселен, жалған сөйлейтін тұлғадан қайтадан жауап алу арқылы жойған тиімдірек болады1.

Беттестіру жүргізуді ұйғарған тергеуші шын жауаптар берген тұлғаның қарсылас тұлғаның психикалық әсеріне шыдау қабілетіне, психологиялық кедергіні жеңіп, әшкереленетін тұлғаның көзінше көрсетпелер беру қабілетіне сенуі тиіс. Сондықтан айыпкерді туыстарымен, таныстарымен беттестіруге болмайды.

2. Беттестіруге қатысушыларды анықтау. Жауап алынатын тұлғалардан басқа беттестіруге:

а) педагог және жауап алынып отырған адамның заңды өкілі (егер жауап алынатын тұлға 16 жасқа толмаса) ;

ә) қорғаушы (сезікті немесе айыпкер қатысқанда) ;

б) сарапшы (егер беттестіру барысында сараптама жүргізуге қатысты сұрақтарды анықтау керек болса) ;

в) аудармашы;

г) маман-криминалист (егер бетгестіру барысы мен нәтижелері дыбыс және бейнежазба құралдары көмегімен жазып алу немесе көру, тыңдау қажет болса) қатыса алады.

3. Психологиялық дайындық. Жауап алынатын тұлға тергеушіге айтқанын әшкереленетін тұлғаның көзінше қайталамауы мүмкін. Сондықтан оны беттестіруге психологиялық тұрғыдан дайындау қажет, яғни қарсылас тұлғаның жағымсыз әсеріне берілмей, қарсы тұруының маңыздылығын түсіндірген жөн. Егер шын көрсетпе жауаптар берген тұлға беттестіруге қатысудан бас тартса немесе өз көрсетпелерін қайталамайтыны туралы жарияласа, беттестіруді өткізбеген тиімдірек болады.

4. Беттестіру жүргізудің жоспары:

а) оған қатысушыларға қойылатын тұжырымдалған сұрақтардан;

ә) олардан жауап алу кезектілігін анықтаудан;

б) қатысушылардың мүмкін болатын тәртібін болжамдаудан;

в) беттестірудің тиімділігін қамтамасыз ететін тактикалық тәсілдерді анықтаудан тұрады.

5. Жағдай жасау - ол беттестіру жүргізілетін жанды (әдетте тергеуші бөлмесін), сондай-ақ көрсетпелерді бекітетін құралдарды, олардың ішінде дыбыс, бейне аппаратураларын дайындау.

Беттестіру практикасы. Беттестіруде жауап алуға кірісер алдында тергеуші оған қатысушылардың бірін-бірі танитын-танымайтындығын және қандай қарым-қатынас бар екендігі анықтайды2. Соңғы сұрақты анықтау алынған көрсетпелерді бағалау үшін қажет. Әдетте беттестіру бұрын бірін-бірі білетін немесе тергеудің назарын аударған уақытга бірін-бірі көрген тұлғалар арасында жүргізіледі.

Беттестіру тергеушінің оған қатысушы тұлғалардан кезекпен анықтауға жататын мән-жайлар туралы көрсетпе беруді сұраудан басталады. Сосын ол аталған тұлғалардың әрқайсысына сұрақтар қояды. Беттестіруге қатысушылар тергеушінің рұқсатымен бір-біріне сұрақ қоя алады.

Көрсетпелердегі елеулі қайшылықтардың себебі шешуші рөл атқарады. Қайшылықтар беттестіруге қатысушылардың біреуінің немесе екеуінің де шатасуынан немесе әдейі өтірік айтуынан болады.

Тергеуші қайшылықтардың себебін тек қана болжай алады. Сондықтан ол беттестіру барысында шын деп бағалағаны көрсетпелерді қате болып шығуына дайын болу керек. Бұл жағдайда тактикалық өзгерту қажет болады.

Егер көрсетпелердегі қайшылықтар беттестіруге қатысушылардың біреуінің шатасуымен байланысты болып, оларды қайтадан жауап алу (басқа да тергеу әрекеттері) арқылы жою мүмкін болмаса, тергеуші оған адасқанын түсіндіріп, шындықты орнатуға мүдде туғызуы керек.

Тергеуші көрсетпелерін шын деп танитын тұлғаға қайшылы мәселенің мәні бойынша түсініктеме беруді ұсынады. Көрсетпелерді тыңдап отырған екінші қатысушы оларды есінде қалған бейнелермен ойша салыстырып, көбінесе жауап беруде ұмытып қалған мән-жайларды есіне түсіреді.

Егер беттестіру даусыз жағдайда жүргізілсе, солар бойынша елеулі қайшылықтар пайда болған мән-жайларды талқылау тиімді болады. Ол үшін беттестіруге қатысушыларға қайшылықтары бар фактілер туралы бір-біріне сұрақ қою ұсынылады.

Кейде беттестіру барысында қайшылықтардың себебі жауап алынған тұлғалардың біреуінің көру не есту қабілетінің кемістігінде немесе сол кезде мас болуында жататыны анықталады. Ол жағдайда оның көрсетпелерін басқа жолмен тексеру қажет.

Бұл қатар жағдайларда екінші тұлғаның мүдделерін қозғайтын жалған көрсетпелер берген тұлғадан бірінші жауап алған тиімдірек болады. Ондай мәліметтерден шын көрсетпелер берген тұлғаны ашу кернеп, нәтижесінде ол шабуылға көшіп, өтірікті әшкерелейді.

Әдетте беттестіру оның барысында:

а) дәлелдемелер ұсынылғанда;

ә) жалған көрсетпелер берген беттестіруге қатысушыға психологиялық әсер ету қолданғанда;

б) бетгестіру заты кезекпен зерттелетін жеке эпизодтарға бөлінгенде;

в) шын көрсетпелер беруге бейімдеу үшін жалған сөйлейтін тұлғаның жағымды қасиеттерін пайдаланғанда;

г) жалған сөйлейтін тұлға абайсызда шынын айтып қояды деген есеппен беттестірудің шын мақсаттарымен басқа сұрақтармен бүркемелегенде мақсатына жетеді3.

Егер айыпкер (сезікті) өзін батыл ұстап, оны әшкерелеп отырған куәгер (жәбірленушіні) қорқытса, ондай әрекеттерді уақытында тоқтату шараларын қолдану қажет, ал ол болмағанда, хаттамада себебін көрсетіп, беттестіруді тоқтатқан жөн.

Криминалистік тактика және тергеу практикасы

Криминалистика ғылымының тарауы ретінде криминалистік тактика мен тергеу тәжірибесінің өзара байланысы әр түрлі көрініс табады, яғни жаңа тактикалық тәсілдер әуелі тәжірибеде пайда болып, сосын ғана ғалым-криминалистердің назарын аударуы мүмкін. Сондай-ақ тәжірибеде осы тәсілдердің жиынтығы болып келетін жаңа тергеу әрекеттері де пайда болуы мүмкін. Мәселен, тергеу эксперименті, таныту үшін көрсету, көрсетпені оқиға болған жерде тексеру әуелі тәжірибеде пайда болып, кейін ғана криминалистика ғылымының объектілері болды.

Сонымен, тәжірибе пайда болып, жаңа тактикалық тәсіл немесе жаңа тергеу әрекетін құрайтын олардың жүйесі ғылыми талдау мен тұжырымдау нәтижесінде одан да тиімдірек болады. Атап айтқанда, олар ғылыми ұсынымдар түрінде тергеу тәжірибесінде игеріледі де тергеу қолдану барысында тексеріледі.

Кейде жағдай басқаша да болуы мүмкін, яғни тактикалық тәсіл немесе ұсыным ғылыми ізденістердің нәтижесі болып, әуелі тәжірибеде емес, ғылымда пайда болуы мүмкін. Содан кейін ғылыми ұсынымдар тәжірибеде тексеріліп, нәтиже бергенде, тәжірибеде игеріліп, оның маңызды бір бөлігіне айналады.

Сонымен тергеу тәжірибесі криминалистика ғылымының аталған тарауының даму беталысын анықтайтьін үнемі іс жүзінде болатын фактор болып табылады.

Тергеу тәжірибесінің сұраныстарын қамтамасыз ету талаптары себепші болатын беталыстар:

1. Криминалистік тактиканың мазмұны мен шеңберін, оның білімінің баска да шектес салалары мен өзара байланысын анықтап беру. Оның мазмұнын өзгертуді қылмыспен күресу тәжірибесі, ғылыми-техниалық прогрестің жетістіктері, заң және басқа да ғылымдардың дамуын талап етеді;

2. Қылмыспен күресу тәжірибесін үнемі жетілдіру қажеттілігі себепші болатын тактикалық тәсілдер мен ұсыныстарды оңтайландыру. Сонымен қатар, бұл жерде тактикамен табады, яғни жаңа криминалистік техникалық құралдар тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық тәсілдеріне елеулі әсер етеді;

Жаңа тактикалық тәсілдер мен жаңа тергеу әрекеттерін жасау. Олар тергеу тәжірибесінің дамуының нәтижесінде пайда болатындықтан, криминалистік тактиканың міндеті олардың ғылыми негіздерін жасау және оларды жетілдіру болып табылады.

3. Жаңа тактикалық тәсілдер криминалистиканың басқа тарауларын немесе басқа ғылымдардың даму нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге жаңа тактикалық тәсілдер мен тергеу әрекеттерін жасау қажеттілігі дәлелдемелерді жинау, зерттеу және пайдалануды ретгейтін іс жүргізу зандарының дамуымен байланысты туындауы мүмкін.

4. Анықтау органдарының жедел мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тактикалық тәсілдер тиімділігін жоғарлату. Аталған органдардың қызметін жақсарту, оны заң шеңберінде енгізу дәлелдеу қолданыла алатын жедел іздестіру ақпаратынын, сапасы мен көлемін үлкейтеді, ал ол өз кезегінде тактикалық тәсілдерді қолданудың мазмұны мен тәртібіне жағымды әсер етеді.

Тергеу әрекетінің тактикасы

Тергеу әрекетінің даярлау, жүргізу және нәтижелерін бекіту мен бағалаудың тактикалық тәсілдерінің жиынтығы оның тактикасын құрайды.

Тергеу әрекетін даярлау. Бұл кезеңде оның міндеттері айқындалып, тұжырымдалады және оны жүргізу уақыты мен оған қатысушыларды анықтаумен, криминалистік техникалық тәсілдер қолдауымен, мамандар көмегімен, жедел қызмет мүмкіндіктерін пайдалану формасы мен шеңберін анықтаумен байланысты мәселелер шешілді.

Тергеу әрекетін даярлаудың міндетті шарттарының бірі - тергеушіге оны жүзеге асыру жағдайын, қатысушылардың әрекеттерін, тәртіптерін елестетуге көмектесетін оның динамикалық үлгісін ойша құрастыру. Аталған модельді толықтығы және оның түрлерінің саны қылмыстық оқиға туралы, болашақтағы тергеу әрекетіне қатысушылар туралы, тергеушінің кәсіби тәжірибелілігі туралы мәліметтердің көлеміне байланысты болады, яғни мәліметтер көлемі қанша үлкен болса, соншалықты ойша құрастыратын модельдің саны аз болады.

Бастапқы ақпараттың көлемі алдағы тергеу әрекетінің тергеудегі іс бойынша бүкіл әрекеттер жүйесінде алатын орнына байланысты.

Егер тергеу әрекеті бастапкы кезеңге қатысты болса, бастапқы мәлімет әдетте оқиға туралы хабарлау түрінде болады. Ақпараттың бұл түрі шұғыл тергеу әрекеті ретінде жүргізілетін оқиға орнын қарауды дайындауға тән. Бұл жағдайда ойша модель құру негізін болған оқиғаның сипатын жалпы жорамалдауға мүмкіншілік беретін бір типтік болжамдар құрастырады.

Тергеу әрекетінің міндеттері оны жүргізу жоспарында көрсетіледі. Жоспар оны жүргізу орны мен уақытынан, міндеттерінен басқа мыналарды қамтиды: а) тергеу әрекеті оларға қатысты жүргізілетін тұлғалар немесе олар негіз болған объектілер туралы мәліметтерді;

ә) тергеу әрекетін жүргізу барысында оларды қолдану немесе тексеру қажеттілігі туындайтын жиналған дәлелдемелерге сілтеуді;

б) аталған дәлелдемелерді пайдалану тәсілдерінің, сондай-ақ тергеушінің қолындағы жедел ақпараттың тізімін;

в) қажетті криминалистік-техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдер туралы нұсқауларды, тергеу әрекетін жүргізу барысында жағдайдың дамуын ескере отырып, яғни әрекетке қатысушылар тәртібін болжай отырып, аталған тәсілдер мен құралдарды қолдану жүйелілігі туралы нұсқауларды.

Тергеу әрекетіне қатысушыларды анықтау оны жүзеге асыруға даярлық маңызды элементі болып табылады. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі тергеу әрекетіне міндетті түрде және міндетті түрде емес қатысушыларды белгілейді. Қатысушылар қатарына, тергеушіден басқа, маман, кәмелетке толмаған тергеудегі тұлғаның туысы немесе мұғалімі, сот дәрігері немесе басқа дәрігер жатады.

Алайда тәжірибеде тергеу әрекетіне қатысушылар шеңбері одан кеңірек боладьг, атап айтқанда, олар жәбірленушілер сезіктілер, айыпкерлер, куәгерлер, қорғаушы, әкімшілік өкілдер және т. б. Сондықтан тергеу әрекетіне қатысушыларды белгілегенде, тергеуші Қазақстан Республикасы КІЖК-нің 222-бабын ғана басшылыққа алмай, нақты қылмыстық іс бойынша ұқсас тергеу әрекеті жүргізілгенде тәжірибеде сыналған ережелерді де ескеруі қажет.

Тергеу әрекетін жүргізу. Бұл сатыда көзделген жоспар жүзеге асырылып тергеуші алдына қойған міндеттер орындалады, яғни нәтижелерін растау не теріске шығару арқылы болжамдарды тексеру жеке тактикалық тәсілдерді қолдану сатысы болып табылады.

Тергеу әрекетің жүргізу тактикасына оның тергеудегі қылмыстық іс бойынша іс жүргізу әрекеттер жүйесіндегі орны елеулі әсерін тигізеді.

Тергеу барысындағы рөлі, бойынша олар, алғашқы және кейінгі болып бөлінеді.

Алғашқы тергеу әрекеттері қылмыстық іс қозғау кезінен басталатын тергеу кезеңінде жүргізіледі. Олар: а) тергеушінің қылмыстық оқиға жағдайында және оның мазмұнында дұрыс бағыт табу, оның тетігі мен зиян зардаптары туралы көзқарас қалыптастыру тәсілі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейбір қылмыстар үшін жауап алу тактикасы
Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
Беттестіру--- жауап алудың ерекше бір түрі және оның психологиялық ерекшеліктері
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістері
Жауаптың қалыптасу кезеңдері
Жәбірленушіден және куәдан жауап алу
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz