Жалақыны мөлшерлеу, оны анықтау тәртібі
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Жалақыны мөлшерлеу, оны анықтау тәртібі 2
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Еңбек рыногының қалыптасуына және дамуына, халықтың жұмыспен қамтылу
мәселесін шешуге ықпал жасайтын маңызды факторлардың бірі республикада
еңбекақы төлеуге түбегейлі реформа жасау. Халық шаруашылығының салаларында
бұрындары қолданылған еңбекақы төлеу қағидаттары экономиканы орталықтан
басқарудың құрамдас болігі ретінде қалыптасқан еді, сондықтан да олар
қазіргі уақытта еңбек жұмсалатын өрістерді бағалауда нақты айырмашылықтарды
көрсете алмайды және күрделілігі бірдей жұмыстарға еңбекақы төлегенде
салааралық тұтастықты қамтамасыз етпейді, жоғары өнімді еңбекті ынталандыру
ісінде өз маңызын жойды. Еңбекақы төлеуді мемлекеттік нормалаудың нарықтық
экономикаға бағдар алған жаңа жүйесі материалдық ынталандыру тетігін
жасаудың, қызметкерлердің еңбекке белсенділігін арттырудың және, жалпы
алғанда, еңбек ресурстарын ұтымды пайдаланудың бастапқы базасы болып
табылады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 19 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы халқы өмірінің әлеуметтік
жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы", 1997 жылғы 1 сәуірдегі
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырынатын
органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы"
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы
"Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы"
қаулысы, т.б. аса маңызды рөл атқарады.
Жалақыны мөлшерлеу, оны анықтау тәртібі
Күшіндегі заңнамада нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында
республика еңбекшілерін еңбекақы төлеу саласында әлеуметтік қорғаудың
құқықтық негіздері, сондай-ақ еңбекке белгіленген ең аз мөлшерден кем емес
ақы төлеуге мемлекеттің кепілдігі анықталады. Бұл ретте ол кепілдіктер
қызметінің түріне және қай ведомствоға жататынына қарамастан экономиканың
мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының
қызметкерлеріне, сондай-ақ меншіктің жеке формасындағы кәсіпорындар мен
ұйымдарда жалданып жұмыс істеуші қызметкерлерге тарайды. Мемлекет жалақының
бұрын болған ең жоғарғы мөлшерін алып тастады, және жынысқа, жасқа,
нәсілге, ұлтына қарай жалақы мөлшерін қандай да бір төмендетуге тыйым
салды.
Еңбекақы төлеу реформасының принципиалдық ерекшеліктері қатарына
мыналар жатады: өндірістің материалдық өрісіндегі қызметкерлер мен
бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерінің жалақыларының
деңгейлерін жақындатуға бағыттылық; жаңа тарифтік пайыздар енгізу (1,0-
4,24), Бірыңғай тарифтік кестенің 1-разрядының тарифтік ставкасының
экономиканың барлық саласындағы жұмыс берушілер кепілдік беретін жалақы
мөлшерінің айлық шамасын белгілеу. Бірыңғай тарифтік кестенің және
разрядаралық пайыздар базасында есептелген тарифтік ставкалар мен
лауазымдық жалақылар еңбекақы төлеудің (еңбек нормасын орындаған жағдайда)
деңгейі болып табылады, олар тарифтік келісімдер мен ұжымдық шарттар
жасасқанда негізге алынады.
Еңбекақы төлеуді реформалау мемлекеттік бюджет есебінен
қаржыландырылатын құрылымдар мен ұйымдар жүйесін оңтайландырумен, оларды
ұстаудың нормалары мен жағдайларын және қызметін тиімділеу, оның ішінде
штатты қысқарту жөніндегі шараларды жүргізумен және босап қалған
қызметкерлерді бюджеттен тыс көздер есебінен ақылы негізге көшірумен
тікелей байланысты.
Жалақы дегеніміз күрделілігіне, санына және сапасына қарай еңбекке
берілетін сыйақы (табыс). Жалақының ең аз мөлшеріне, меншік формаларына
қарамай, қандай ұйымда болсын жалға жұмыс істейтін адамдарға Қазақстан
Республикасының Конституциясы кепілдік берген ең аз ақшалай төлем жатады.
Жалақыны нормалау екі негізгі әдістер: орталықтандырылған және шартты
негіздер бойынша жүзеге асырылады. Еңбекақы төлеуді орталықтан реттеу
дегеніміз еңбекақы тарифтерін, қызметкерлердің барлық санаты үшін еңбекақы
төлеудің Бірыңғай тарифтік кестесін қолданудың негізгі шарттарын,
қызметкерлердің біліктілік топтары бойынша жіктелген разрядаралық тарифтік
пайыздарын, т.б. мемлекеттің белгілейтіндігі. Жалақыны орталықтан реттеу
дегеніміз мемлекеттік нормалау әдісі дегенді білдіреді. Ол шарттық
нормалаумен үйлеседі. Нарықтық экономиканың, еңбек рыногының қалыптасуы
жағдайында жалақыны ұжымдық-шарттық және жеке-шарттық реттеудің өзіндік
салмағы артады. Ал, еңбекақы төлеуді реттеудің орталықтандырылған тәртібін
алатын болсақ, ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер
мен ұйымдардың қызметкерлеріне таралады.
Жалақыны мемлекеттік нормалау мемлекеттік тарифтерді, сондай-ақ
өтемақы сипатындағы, оның ішінде түнгі уақыттағы жұмыс және мерзімнен тыс
жұмыс үшін мемлекеттік қосымша төлем және үстемелердің кейбір түрлерін
қамтиды. Еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттік тарифтерге қызметкерлердің
нақты кәсіптік-біліктілік топтары үшін еңбекақы төлеудің ең төменгі
деңгейін анықтайтын айлық тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақылар
жатады.
Бірыңғай тарифтік кестенің 1-разрядының тарифтік ставкасының
бекітілген айлық шамасынан, тарифтік пайыздардан және жұмысшылар мен
қызметкерлердің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасынан тұратын
республикалық тарифтік жүйе еңбекақы төлеу реформасының орталық буыны болып
табылады. Бұл ретте 1-разрядты тарифтік кесте еңбекақы төлеуді жұмыс
істеушілердің кәсіпкерлік-біліктілік топтары бойынша ары қарай жіктеу үшін
негіз болады.
Бірыңғай тарифтік кестеде экономиканың барлық салаларындағы
мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ғылыми
мекемелердің 1-разрядты қызметкерлерінен бастап басшыларына дейінгі
қызметкерлерінің разрядтар бойынша тарифтік пайыздарының шкаласын қамтиды.
Тарифтік ставкаларды разрядтар (тарифтік пайыздар) бойынша жіктеу
орындалатын жұмыстардың күрделілігі және қызметкерлердің біліктілігі
бойынша жүзеге асырылады.
Экономиканың барлық салаларының ұйымдары өз бетінше, Бірыңғай тарифтік
кестенің базасында және 1-разрядтың тарифтік ставкасының шамасы бойынша өз
мүмкіндіктеріне және өндіріс жағдайларына қарай тарифтік ставкалардың нақты
мөлшерлерін анықтайды.
Бірыңғай тарифтік кестенің көмегімен еңбекақы төлеудің жіктелуін
қамтамасыз ету мыналармен байланысты:
— еңбектің күрделілігіне (біліктілікке) — бір кәсіп, қызмет шегінде
(қызмет ішіндегі жіктеу);
— жұмысшылардың, техникалық орындаушылардың, әкімшілік-шаруашылық
қызмет көрсету бөлімшелері басшыларының, мамандардың, өндірістік бөлімшелер
басшыларының еңбегінің мазмұны мен сипатына (қызметаралық жіктеу);
— еңбектің жалпы жағдайларына, өндірілетін өнімнің (қызметтің)
күрделілігі мен сипатына, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға, еңбек және
демалыс режимдеріне және салаға тән басқа да ерекше факторларға (салааралық
жіктеу).
Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдар Бірыңғай тарифтік кестеде
көзделген тарифтік ставканы қызметкерлердің кәсібі мен біліктілігіне, олар
орындайтын жұмыстардың күрделілігі мен жағдайларына қарай жұмыс
істеушілердің кәсіптік-біліктілік топтарының еңбек ақысын жіктегенде соның
ең төменгі деңгейі (кепілдік берілген) ретінде пайдалануға болады.
Жұмысшылардың нақты тарифтік ставкалары мен қызметкерлердің лауазымдық
жалақыларының жоғарырақ мөлшерін кәсіпорындар олардың еңбекақы төлеу үшін
жинақтаған қаражаты есебінен ұжымдық шартта белгілейді.
Бірыңғай тарифтік кестеде 21 тарифтік разряд бар, олар экономиканың
барлық салаларында жұмыс істейтіндерді қамтиды. Бұл жерде жұмыскерлер
санатына жатқызу кәсіптердің белгіленген тәртіпте Бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығына (БТБА) сәйкес жүзеге асырылады.
Бірыңғай тарифтік кестеде жұмысшылар санаты бір топқа жатқызылған,
себебі экономиканың барлық салаларындағы еңбек процесінде олар атқаратын
жұмыстарда ортақтық белгі бар деп қарастырылады. Қызметкерлер (өндірістік
және өндірістік емес салалардың) Бірыңғай тарифтік кестеде атқаратын
міндеттерінің ортақтығына қарай мынадай топтарға бөлінген: құжатнамаларды
дайындаумен және ресімдеумен, есеп жүргізумен және бақылаумен айналысатын
техникалық атқарушылар; экономиканың өндірістік және өндірістік емес
салаларының мамандары; әкімшілік-шаруашылық қызмет ету бөлімшелерінің
басшылары; кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің (функционалдық және жүйелік) бастықтары.
Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстың белгілі бір
түрінің күрделілігі жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біліктілік
анықтамалығы, қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде
белгіленеді. Бұл анықтамаларды әзірлеу және қолданудың тәртібін еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтайды. Орындалған жұмыстарды
белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік
разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің
біліктілік анықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына
сәйкес дербес жүргізеді (Еңбек туралы Заңның 70 б. 3 т.).
Тарифтік-біліктілік анықтамалық дегеніміз өндірістің сол саласында
кездесетін кәсіптердің жұмыс түрлерінің және олардың біліктілік
сипаттамаларының тізбесі. Экономика салаларында тарифтік-біліктілік
анықтамасының екі түрі қолданылады: салалық және алмаспайтын кәсіптердің
Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
Салалық тарифтік-біліктілік анықтамалығы өнеркәсіптің немесе
өндірістің сол саласына тән жұмыс түрлері мен жұмысшылар кәсіптерін
қамтиды. Онда кәсіптердің атауы мен тарифтік (біліктілік) разряды,
біліктілік разрядын беру үшін жұмысшыларға қойылатын ең аз талаптарды
қамтитын біліктілік сипаттамасы, сондай-ақ сол кәсіптің және біліктіліктің
жұмысшысы нені білуі және атқара алуы тиіс екендігі көрсетіледі.
Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы экономиканың әртүрлі
салаларында кездесетін біртекті жұмыстар мен кәсіптердің тізімін келтіреді.
Ол алмаспайтын кәсіптердің жұмысшылары орындайтын біртекті жұмыстарды
тарифтеудегі бірлікті және ол жұмысшыларға кәсіпорынның (мекеменің,
ұйымның), қай ведомствоға бағыныштылығына қарамастан, олардың біліктілік
деңгейі бірдей болған жағдайда бірдей тарифтік разряд беруді қамтамасыз
етеді.
Жаңа Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен қызметкерлер
лауазымдарының Біліктілік анықтамалығы күшіне енгенге дейін кәсіпорындар
(мекемелер, ұйымдар) Бірыңғай тарифтік кестеде ескерілмеген кәсіптер мен
лауазымдарды өз бетімен жайғастырады, оларды жұмыстың күрделілігіне және
біліктілік деңгейіне қарай кестедегі қандай да бір біліктілік тобына
жатқызады.
Қызметкерлерді қайта тарифтеу кәсіпорында (мекемеде, ұйымда)
белгіленген мерзімде, үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
Бірыңғай тарифтік кесте. бойынша айлық тарифтік ставка есептеледі.
Сонымен қатар, толық емес жұмыс күнінде немесе жұмыс күні толықтай жұмыспен
қамтылмағанда жасалған нақты жұмыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz