Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Негiзгi бөлiм. 1 Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері 4
2 ЖАУАП АЛУДЫ БЕКІТУ 11
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

Кіріспе

Қылмыстық істерді тергеу занда көрсетілген тергеу әрекеттерін
қолданып, өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып,
керекті дәлелдемелерді кідіртпей, дер кезінде жинап алу үшін тергеуші
заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерін шектелмейді. Қай
тергеу әрекетін жүргізгенде дәлелдемелер жинап алу үшін осы сәтте
қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін артгыруға бағытталып, заңға
қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыстың ашылуына
кедергі жасау үшін қолданып отырған айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс
бойынша объективті дәлелдемелер жинау.
Мұндай әдісті, тәсілді қолдану криминалистік тактиканың бірі жауап
алу тактикасы қолданылады. Соңғы жылдары елімізде қылмыстың өсуі, оның
қауіпті сипат алуы байқалады. Қылмыстың алдын алу оның болуына себеп
болған жағдайды жою үшін арнайы әдістерді қолдануды талап етеді. Мұндай
талаптың бірі жауап алу әдістерімен, тәсілдерін талқылайық.
Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынадай мәліметтер:
- қылмыстың болған уақыты,
- оның орны,
- амал-әдісі,
- қылмысты кімдердің жасағаны,
- оған қанша адамның қалыптасуы,
- істеген қылмыстың зардабы,
- залалы,
- сипаты мен мөлшері.
және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады.
Бұлар занда көрсетілген , міндетті түрде дәлелдеуге тиісті
жағдайлар. Қылмысты оқиғаға тікелей қатынасы бар деректі мәліметтер
де алынады. Қылмыскердің қайда жүргенін оның мекен-жайын білу үшін
қылмыскердің ең жақын адамдарына жауап алуға тура келеді. Жауап алудың
мұңдай аралық түрінің, қылмысты оқиғаға тікелей қатынасы болмаса да,
істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір жайын
анықтауда үлкен маңызы бар. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын
қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап өз
қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға
болады. Өйткені істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінің
бірінен артықшылығы жоқ.
Жауап алу дегеніміз - заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті.

Негiзгi бөлiм. 1 Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері

Жауап алу - тергеу әрекеті, ең жиі кездесетін әрекет болып
табьшады.
Ол әр уақытта жүргізіледі. Тергеу әрекетінің осы түсінігіне тоқталатын
болсақ, жауап алу дегеніміз - бұл тергеушінің заңда белгіленген тәртіп
бойьнша тұлғадан, яғни
1) куәден
2) жәбірленушіден
3) сезіктіден
4) айыпкерден
5) кәмлетке толмаған жөбірленушіден
іс бойынша обьективті шындықты ашу мақсатында, өзіне белгілі
мән-жайларды айтуды ұсыну, сондай-ақ сұрақтарды қою арқылы
әңгімелесу немесе сот психологиясы тергеуші мен жауап алынушының
арасындағы әңгіме, диалог болып табылады.
Тергеуші заңды міндеттерін орындаушы ретінде қылмыстық оқиғаны
және қылмыстық тұлғаның толық көлемде және объективтік информацияларды
алу мақсатының ұйымдастырушысы болып табылады.
Жауап алу үстінде тергеуші іс бойынша мәліметтгерді алу үшін
заңды көрсетілген барлық тәсілдерді қолдануға, тактикалық әдістерді
пайдалануға таіс.
Жалпы алғанда, жауап алу-тергеу әрекеттерінің бірі болғандықтан
дәлелдеме ретінде қарастырылады. Процесске қатысушыларды олардың заңмен
кепілдік берілген құқықтарымен айыру немесе оларды қысу жолымен немесе
қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзумен, оның ішінде :
1) күш қолдану, қорқыту, алдау сонымен бірге өзге де заңсыз әрекеттер
арқылы;
2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің
салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары
мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;
3) іс жүргізу іс-әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргізуіне байланысты;
4) іс жүргізу іс-әрекетіне қарсылық білдіруге жататын адамның
қатысуына байланысты;
5) іс жүргізу іс-әрекетін жүргізудің тәртібін
айтарлықтай бұза отырып, дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми
білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы алынып, олар істі
тергеу немесе сотта қарау кезінде алынған іс жүзіндегі деректердің
дұрыстығына ықпал ету мүмкін болса, дәлел ретінде пайдалануға жол
берілмейді деп танылуы тиіс Қ.Р.Қ.І.Ж.К. – 11б бабында көрсетілген.
Тертеушінің кәсіби позициясы, сонымен қатар кәсіптік тәжірбиесіне
және өзіндік қабілеттігі жауап алу жүргізуде маңызды жолын
анықтайды.
1) Сезіктінің
2) Айыпталушының
3) Жәбірленушінің
4) Куәнің айғақтары
1. Қ.Р.Қ.І.Ж.К 119 бабына сәйкес анықтау және алдын ала тергеу
процесінде жауап алуда олар жазбасына немесе ауызша нысанда хабарланған
мәліметтер.
2. Сезікті өзіне қарсы туып отырған сезік жөнінде, сондай-ақ іс
бойынша маңызы бар өзіне белгілі өзге де мән-жайлар мен
дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы.
3. Айыпталушы өзіне тағылған сонымен бірге іс бойынша маңызы зор,
өзіне белгілі өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнінде айғақтар беруге
құқылы.
4. Айыпталушының қылмыс жасаудан өзінің кінәсін мойындауы оның
кінәлілігі бар дәлелдемелердің жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау
негізіне жатқызылуы мүмкін.
5. Жәбірленушіден іс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар
туралы, сондай-ақ
1) сезіктімен
2) айыпталушымен
3) куәлармен
өзара қарым-қатынас туралы жауап алынады. Егер ол өзінің
хабардарлығының көзін көрсете алмаса, жәбірленуші хабарлаған мәлімет
дәлелдеме бола алмайды.
Куәдан кез келген іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде
1) айыпталушының,
2) жөбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа да
куәлермен өзара қатынасы туралы жауап алынады. Егер ол өзінің
хабардарлығының көзін көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлімет дәлел
бола алмайды. Куә ретінде жауап алуға жатпайтын адамдардың
хабарлауы дәлел болып табылмайды. Жауап алғанда осы оның
объективтік жағына да мән беру керек. Айыпкерден басқа істің мән-
жайын көп білетін субъект болмайды, бірақ та біле тұра солар жайлы
көп айта бермейді, шындығын айта бермейді. Жауап алу мынадай
жағдайларды анықтау үшін жүргізіледі. Бұл қылмыстың болған уақыты,
орны, жасағандағы іс-әрекеті, қанша адам, қалай жасады, зардабы қандай,
қандай жағдайлар қылмыс жасауға апарды, осыларды жауап алу кезінде
анықтау керек. Бұлар нақты қылмысқа жататын жағдайлар, ол заңда
көрсетілген. Істі ашуға, айыпкерді ұстауға керекті мәліметтерді алу үшін
жауап алынады. Кейбір мән-жайлар:
Айыпкерді білетін, көрген адамдардан оның қай жерде, қайда
кеткенін сұрау арқылы жауап алынады. Бірақ ол қылмыстық іске
қатынасы жоқ. Куә ретінде жауап алынады. Жауап алу арқылы алынатын
мәлімет қылмысқа байланысты емес, бірақ қылмыскерді ұстауға байланысты
мәліметтер осы жауап алу арқылы анықтаймыз. Жауап алудың мәлімет
беру шеңбері басқа тергеу әрекетіне қарағанда кеңірек.
Мысалы: іс бойынша екі тергеу эксперименті жүргізілуі мүмкін.
Жауап алу - негізгі тергеушінің жұмыстарына әсер ететін тергеу
әрекеті.
Тергеу процесі кезінде әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде
тергеуші қылмыстың жағдайы туралы шындыққа жету үстінде қарама
-қайшылықтардың түрлі формаларымен кездеседі. Яғни, жауап алу
үстінде жауап алынатын адам мен жауап алынатын адамдардың негізгі
бағыттары қарама-қайшы болуы мүмкін, ал осы қарама-қайшылықтар
конфронтацияның түрлі формаларына әкеледі.
Алдын ала тергеу процесі кезінде тергеу процесінің динамикалық
сипаттарының бірі - тергеуші мен айыпталушы және басқа да
қатысушыларының арасында өзара байланыс, диалог туындайды.
Шындықты іздеп анықтау үшін диалогты тергеушінің дұрыс
қолдана білуін біз тергеудің жоғарғы мәдениетті белгісі
есебінде танимыз. Бұл үшін тергеушіден әрекет етуші заңды дұрыс,
жақсы білуі және процессуалдық заң нормаларын тиімді қолдануы,
және де этика нормаларын сақтауы талап етіледі. Көбі жауап
алуды тергеуші мен жауап алынатын адам арасындағы күрес деп
түсінеді. Бұл түсінік дұрыс емес, бұл көзқарас 30-40 жылдардағы
күштеу саясатымен байлаыысты.
Гуманизм принциптеріне сүйене отырып жауап алуды - шындықты
іздеу және анықтау процесіндегі тергеуші мен жауап алыыатын
адам арасындағы диалог есебінде қарастыруымыз керек. Екіншіден
жауап алу занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы
жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметгер
алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады.
Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап
алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жәбірленушіден, куәдан,
сезікті адамнан және айыпталушыдан жауап алу деп бұл тергеу әрекеті
төрт түрге бөлінеді.
Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында
көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті. Бірақ, іс бойынша
неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап , осы тергеу әрекетінің
сапасын арттыру үшін жауап алғанда жауап алынатын адамның
психологиясын ұға білу қажет.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап,
тергеушінің, судьяның оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім
қабылдауына зор септігін тигізеді.
Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім
білмейді. Ал тергеу процесінде қылмыскер есебінде - сезікті немесе
айыпталушы болуы мүмкін. Сезіктіні қылмыскер-ау деп сезіктенеміз, ал
айыпталушыны қылмыс жасады деп айыптаймыз. Бірақ сезікті мен айыпталушыны
нақты қылмыскер деп санауға болмайды. Өйткені кінәсіздік презумциясы
бойынша айыпталушыны кінәлі деп тану туралы сот үкімі шықпайынша
оны қылмыскер деп те тануға болмайды. Сондықтан да іс бойынша негізгі
сұрақты шешу кезінде, яғни, сезіктінің немесе айыпталушының қылмысты
жасағандығын немесе жасамағандығын анықтау үшін, олардың
психологиясын түсіну керек.
Кінәлі адам қылмысқа қатыстылығын жасыру үшін және
жауаптылықтан құтылу үшін өз қылмысын жасырады. Сондықтан да
олардың психикалық процесстерінде өз сезімін жасыру және жалған
сезімдер қалыптастыру тенденциялары пайда болады.
Егерде сезікгі мен айыпталушы процессуалдық жағдайларында
көптеген айырмашылықтар болса, психологиялық аспектілерінде
айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Әдетте, сезікті бірде өзіне сенімді
болып, белсенді әрекеттер жасаса, кей жағдайларда керісінше
депрессиялық жағдайда болады.
Сезіктіге қарағанда айыпталушы іс бойынша көптеген мән-
жайларды және тергеудегі дәлелдемелердің мазмұнын көбірек
біледі. Бірақ алдын ала тергеуде сезіктіде де, айыпталушыда да ұқсас
психологиялық жағдайлар байқалады. Осыған байланысты олардың ниеттері,
әрекеттері және де тәртіптерінің ерекшеліктері де ұқсас болып келеді.
Сезіктінің және айыпталушының психикалық жағдайы, олардың
әрекеттерінің ниеті және жеке ерекшеліктері олардың алдын ала
тергеудегі тәртібін анықтайды, ал мұның бәрі тергеушіге қандай тиімді
тактикалық және психологиялық әдістерді қолдануына, олармен
психологиялық қатынастар тудыруына септігін тигізеді.
Қылмыс жасаған адам қылмысының әшкереленуінен және оны күтіп
тұрған жазадан қорқады. Мұның бәрі қылмыскердің психикасына әсер етеді,
яғни, оның жағдайды дұрыс бағалауына кедергі келтіреді, өзін-өзі
ұстауын, өзін-өзі қадағалауын нашарлатады, яғни, сезікті мен
айыпталушыны депрессиялық жағдайға әкеледі. Әдетте қылмыстық
жазаға тартпас бұрын қылмыс жасаған адамның бетінде қорқыныш
байқалады. Мұндай психологиялық жағдай жауап алынатын адаммен
психологиялық қарым-қатынас жасауға, жауап алу әдістерінің
тиімділігіне кері әсер тигізеді.
Жауап алу кезінде айыпталушының жаны тынышсыз, қобалжу күйінде
болады, істеген әрекеті жайында туған - туыстары, жолдастары,
әріптестері, кәршілері біліп қояды деп қорқып, ұялады. Мұндай жағдайда
тергеушінің мақсаты -жауап беруші адамға әділ және толық
жауап беруін, және де тек осы жағдайда ғана оған жақын адамдардың көз
қарастары сақталатынын түсіндіру.
Әдетте, тергеушілер айналадағы адамдардың ойы оларды
ойландырмайтын айыпталушылармен ( рецидивистермен) де кездеседі. Мұндай
айыпталушылар әрине " ұрлық үстінде ұсталмаған адам ұры емес",
"ақшаның иесі жоқ" деген принциптерді басшылыққа алады. Мұндай
айыпталушылар бір нәрседен айырыламыз деп қорықпайды. Сондықтан да
жауап алу кезінде әділ жауап беруден жалтарады.
Сонымен қатар әділ жауап беруден жалтаратын адамдар - бұл бірінші
рет қылмыс жасаған адамдар. Олар қылмыскердің арасына баруға және
күтіп тұрған жазадан қорқады, сол себептен, яғни, жазадан құтылып
кету мақсатында жалған жауап береді. Мұндай жағдайда тергеуші
айыпталушының психологиялық жағдайын пайдаланып айыпталушыға шын
жүректен, ағынан жарылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Жедел іздестіру қызметінің негіздері. Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені
ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Құқық функциялары
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Құқық қызметінің принциптері
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Пәндер