Жеке адамның психологиялық құрылымы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Жеке адамның психологиялық құрылымы3
Қорытынды10
Қолданылған әдебиеттер11
Кіріспе
Әртүрлі психикалық процестерді тек заң психологиясы ғана құқық тұрғысынан бағалай алады. Осы жағдай бірқатар сұрақтар тудырады: адам өзінің әрекеттерін толық сезіне ме? Тұлға мен мінездің кейбір ерекшеліктері құқыққа қайшы әрекет жасауға негіз бола ала ма?
Психология ғылымында мынадай түсініктеме орын алады - адамның әрбір кері жауабы, оның ішкі, субъективті өмірінің барлық құрылысына, әлеуметтік тәжірибе процесінде қалыптасқан тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни, оның қажеттіліктері мен ниеттеріне, мүдделері мен талаптарына немесе қоршаған дүниеге деген қатынасының жүйесіне байланысты. Бір қасиеттің шынайы психологиялық маңызын білу үшін, яғни, іс-әрекет процесінде оның қандай міндет атқаратындығын анықтау үшін оны жеке, тұлғалық аспектіде, яғни - осы іс-әрекеттің себептері мен мақсаттары тұрғысынан қарастырған жөн.
Құқықтану ғылымы тұлғаны әрекет қабілеттілігі бар адам ретінде, өз қылықтарына жауап бере алатын, құқық қатынастарының саналы шешім қабылдайтын субъектісі ретінде қарастырады. Адам өзінің өмірі мен дамуы барысында қоғамдағы өз қажеттілігі мен ниеттерін жүзеге асыруына мүмкіндік ашатын қасиеттер мен қабілеттерге ие болудың негізінде тұлғаға айналады. Адам өз іс-әрекетінің субъектісі ретінде өзінің “Мені” мен әрекетін қоғамдағы нормаларға бағындырып, басқа адамның құқығы мен бостандығы бар жерде өз бостандығы мен құқығына шек қоя алады. Осы тұрғыдан адамды саналы тұлға ретінде, өркениетті қоғамның мүшесі ретінде, белгілі бір әлеуметтік топтың азаматы ретінде сипаттауға болады.
Жеке адамның психологиялық құрылымы
Тұлға мәселесі - қоғамның негізгі проблемаларының бірі. Бір қоғамда белгілі тұлғаның типі қалыптасады. Тұлға әлемінде үш негізгі психологиялық өрісті бөліп алуға болады, олар:
- бағыттылық (қажеттілік-себептік) ;
- оперционалдық;
- модуляциялық (психофизиологиялық) .
Бағыттылық өріс тұлғаның итермелеуші күштерді қамтиды; оларға оның көзқарасы, сенімі, идеалы, қажеттіліктері, қызығулары, тіршілік жоспарлары, талаптары, мотивтері және т. б. жатады. Бұл компоненттер тұлғаның таңдамалы бағыттылығының белсенділігін және қатынастарын анықтайды.
Оперционалдық өріс бағыттылық өріс арқылы белгіленген мақсаттарға жетудің әдістері мен жолдарын қамтиды. Бұл өрісте екі бөлек компоненттер орын алады: моральдық-іскерлік (жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, парасаттылық және т. б. ) және кәсіби-іскерлік (ұйымшылдық, қажырлылық, табандылық, батылдылық, қабілеттілік, білімділік) .
Модуляциялық өріс иерархиялық жүйеде ең төменгі орында, ол басқаларға қызмет көрсету міндетін атқарады. Ол тұлғаның басқа да өрістеріне жан-жақты әсерін тигізеді және оның психикалық ерекшеліктерінің ширақтығын, қозғалмалығын, тұрақтылығын, жылдамдығын білдіреді.
Тұлғаның осындай құрылымы мен оның өрістерінің өзара қарым-қатынасын қарастырғанда мынадай талаптарды ескерген жөн:
- тұлғаны зерттеу барысында осы өрістердің барлығын міндетті түрде ескеру керек;
- тұлғаның бір психологиялық қасиетін бағалағанда оның қай өріске жататындығын, қайсының басымдығын және неге әсер ететіндігін анықтау керек;
- тұлғаны осы өрістердің жиынтығының бірлігінде бағалай отырып, алдынғы екі өрістің, әсіресе біріншісінің басым екенін ескерген жөн.
Ерте заманнан бастап адамның психологиясына, оның ішкі, субъективтік дүниесіне көп көңіл бөлінген. Антика заманының өзінде-ақ материалистік теория қалыптасып, оны грек философтары Аристарх, Эпикур қолдаған. Бұл теория бойынша адамның әрекеттері, қылықтары оның жағымды сезімдерге ұмтылуына бағытталған. Адам өзінің тіршілігінде әрқашан жағымды сезімдерден ләззат алу үшін әрекет етеді. Олардың ойынша, дүниенің ең қызығы ешбір алаңсыз өмір сүріп, дүниенің бар қызығын көріп қалу, осы себептен адамдар өз тұрмысында жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып, өмірдің негізгі мәнін осыдан көреді.
Белгілі неміс психоневрологы З. Фрейд (1856-1939 жж. ) өзінің психологиялық теориясында адамның мұқтаждықтарын құмартуларға апарып теңейді. Оның ойынша адамның екі түрлі ынтығулары болады: жыныстық; мендік.
Мендік ынтығу жыныстық ынтығудан кейін пайда болады. Фрейдтің ойынша, жыныстық ынтығу өте ерте кезде пайда болады, сонымен қатар ол адамның іс-әрекетіне арқау болып, оны ұдайы басқарып отырады. Неміс психологының пікірінше, адамның бойында екі түрлі күш бар. Бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Біріншісі - санасыз күш, екіншісі - саналы күш. Осы екі күштердің арасында тартыс болады. Бұл күресте биологиялық, яғни, санасыз күш жеңіп шығады, себебі ол саналы күштен ерте пайда болып, адамның іс-әрекетін басқарып отырады. Фрейдтің айтуынша, биологиялық күш немесе ынтығу іштен пайда болып, ол еш уақытта сыртқы жағдайдың әсерінен пайда болмайды. Демек, адамның жыныстық ынтығулары оның барлық іс-әрекетіне негіз бола алады, өйткені ол әлеуметтік дамудың жемісі емес, биологиялық дамудың жемісі. “Адамның әрекетін мұқтаждықтары емес, ынтығулары басқарып отырады”, - дейді Фрейд. 1
Фрейд тұлғаның психикасын үш сатыға бөледі: “Ол”, “Мен”, “Жоғарғы Мен”. “Ол” - санасыздық, “Мен” - саналылық, ал “Жоғарғы Мен” - “Жоғарғы санаға” жатады.
Ең төменгі саты, яғни, бисаналы “Ол” биологиялық қажеттіліктерді: тамаққа, киімге сұранымды, суықтан өзін қорғауды және т. б. қамтиды. Сонымен қатар бұл сатыда сана қабылдай алмайтын адамның мәңгілік әуестігі мен құмарлығы орын алады.
“Мен” және “Жоғарғы Мен” сатыларындағы адам қасиеттері әлеуметтендіру процесінде дамиды. Бисаналық саты, Фрейдтің ойынша, сөзбен берілмейді, ол тек жанама түрде ғана адамның түсінде, қиялдарында, сандырақтарында көрініс табады. Адамның санасыздығын ләззат алу қағидаты басқарады.
Саналы саты - “Мен” (“Эго”) адамның мінез-құлқын сыртқы дүниемен байланыста реттейді. Өзінің мінез-құлқын сыртқы дүниедегі жағдаймен салыстырып, адам өз әрекетінің қандай болуы керек екенін түсінеді. Яғни, бұл сатыда шындық қағидаты жүзеге асады. Бұл қағидат ақылға жүгінуді, сондай-ақ, логикалық дәлелдемені таңдауды талап етеді. Рационалдық “Мен” адамды қатыгез, мейірімсіз, бірақ талапты, пысық, ұқыпты жағынан көрсетеді.
Өркендеудің жетістігі ол “Мен”-нің” әрекетінің нәтижесі.
“Жоғарғы Мен” (жоғарғы сана) сатысын Фрейд толық қарастырмаған, бірақ “ол қоғамның ықпалымен пайда болады” деп айтып кеткен. Неміс психологының ойынша, “Жоғары Мен” - адамның басына қонған немесе өзі меңгерген нұсқаулары, нормалары, талаптары, заңдары және т. б. Демек, “Жоғары Мен” - ол моральдық сезімдердің қалыптасу орталығы, яғни “Жоғары сана” ол жеке бастың адамгершілік санасы, идеялық құндылықтардың саласы.
Психолог 3. Фрейдтің ойынша, адам - мұқтаждықтар жүйесі, ал қоғам - тыйымдар жүйесі, саналылық - тұлғаның талаптары мен белсенділігінің қайнар көзі, оның іс-әрекетінің себепкері болып табылады.
Левин Курт - неміс-американдық психолог (1890-1947жж. ) . Тұлға туралы теориясы бойынша адамның іс-әрекеттері мен мінез-құлқының ерекшеліктері оның мүддесі мен қажеттігін анықтайды. Левиннің ойынша, қажеттілік - тіршілікке керекті нәрсе ғана емес, сонымен қатар адамның өз бойындағы мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы. Қажеттілік адамның күйініш-сүйінішіне тән саналы әрекеті. Мұны Левин “жанама қажеттілік” деп атайды, ол белгілі бір жағдайға байланысты болып отырады. Демек, адамның тіршілік ортасы мен оның қажеттілігі өзара байланыста. Адамды іс-әрекетке бағыттайтын қажеттілік - адам бойындағы күш-қуат. Левиннің айтуынша, адамның өз қажеттілігін қанағаттандыруының екі жолы бар:
а) адам өзін құрбылармен салыстырып, қандай да бір дәрежеге ие болғысы келеді және қоршаған ортадан өзіндік орын алуға ұмтылады;
б) адам бір салада көп уақыт жұмыс істесе, ол одан зерігеді, құштарлығы таусылады, содан барып адамда басқа бір салаға қызығушылық пайда болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда адам тұлға ретінде әртүрлі белгілерді, қасиеттерді қамтитын негізгі құрылым болып табылады. Осы құрылым тұлғаның психологиялық құрылысын құрайды, оның ішіне темперамент (жоғарғы жүйке қызметінің типі), адамның мінезі, қажеттіліктер мен мүдделердің жүйесі, мінез-құлық, ниет, көзқарас, мораль, өзіне және өзгеге қатынасы кіреді. Сонымен қатар тұлға түсінігіне түйсік, қабылдау, елес, ес, ойлау, тіл және т. б. танымдық процестерді де жатқызуға болады.
Адам әлеуметтік пайдалы, басты қызметті атқару барысында ғана көрініс таппайды, сонымен қатар өзінше қалыптасып дамиды да деген қағида психологияда әлдеқашан дәлелденген. Адамның іс-әрекеті оның санасының, психикалық байланыстарының, процестерінің және қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады, ал олар адамның игілікті іс-әрекеттерінің негізін қалайды. “Адамның санасы мен іс-әрекеті бөлінбес бірлік құрайды” деген теориялық қағидатты белгілі кеңес психологі С. Л. Рубинштейн тұжырымдап, жете зерттеген. Оның айтуынша, сана іс-әрекеттің алғышарты бола отырып, оның нәтижесі де болып табылады. 2 Субъектінің іс-әрекеті арқылы оның психикасы басқаларға танымал болады. Біздің іс-әрекетіміз арқылы санамыздың көрсеткіштерін тексере отырып объективті түрде біздің психикамызды танып-білуге болады. Сондай-ақ, адамның психикасы, санасы, ойлау ерекшелігі оның тұрмыс қалпы мен іс-әрекетінің даму процесінде қалыптасады, оларға тәуелді болады (Рубинштейн С. Л. ) . Яғни, психология ғылымы психиканы да, оның даму заңдылықтарында да зерттейді.
Психика - ол жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті ретінде психология ғылымының объектісі болып табылады. Психика - ол субъектінің объективті дүниені бейнелеуінің ерекше түрі. Белгілі орыс психологы А. В. Леонтьевтің пікірінше, психологиялық ғылым бейнелеу теориясына негізделуі қажет3. Негізінен бұл теория ХVІІІ ғасырдағы Батыс Европа философиясынан бастау алды. Адам санасына ұялағандардың барлығы оның сезім мүшелері арқылы сырт дүниемен байланысының нәтижесі болып табылады деп тұжырымдайды бұл ілім. Ол “таза тақта” теориясы деп те аталады, яғни адамның дүниеге келген кездегі психикасы ештеңе жазылмаған таза тақта сияқты. Адамның санасында ой пайда болуы сезімдік түйсінулерге байланысты. Әрине, бұл бейнелер әр адамда әр түрлі болады. Ол адамның жинаған тәжірибесімен, білімдерімен, қажеттіліктерімен, психикалық жағдайымен байланысты.
Психика - идеалды түрде объективті дүниені субъективті бейнелеу, ал осының негізінде адам мен қоршаған әлеуметтік ортаның қарым-қатынасы реттелінеді. Яғни, психикалық бейнелер шын көріністі суреттей отырып, адамның қоршаған дүниемен өзара байланыс процесін реттеуші болады. Адам психикасының ерекшелігі оның оқиғаны алдын ала көре білуі және өз іс-әрекетін жоспарлауына негіз шындықты саналы сезіну болып табылады. Демек, психикалық құбылыстар күрделенген санаға байланысты. “Психика” және “сана” ұғымдарын теңдестіруге, яғни “адамның бүкіл психикалық процестері санаға жатады” деп есептеуге болмайды. Бірқатар психикалық оқиғалар белгілі бір уақытта санадан тыс болуы мүмкін. Сана тарихтан қалған тәжірибені, білім мен ойлау әдістерін сіңіріп, шындықты идея түрінде меңгереді, бұл орайда алдыға жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды, болашақ іс-әрекеттің жобаларын жасап, адамның бүкіл тәжірибелік қызметін бағыттап отырады. 4
Сана - объективті шындықты бейнелеудің ең жоғары формасы. Ол - адамның танымдық жемісінің жиынтығы, оның өзі бейнелеген затқа қатысы, жан-дүниесіндегі күйзелісі мен шаттығы. Түйсік, ес, ойлау, арман, бейімділік және адамның тағы басқа психикалық процестері, күйі, қасиеттері, бұлардың барлығы оның санасындағы әртүрлі сипаттағы көріністер. Демек, сана - адамның тіршілік іс-әрекетінің ерекше нысаны, оның объективті шындықпен қарым-қатынасынан туындайды. Адам өзінен тыс дүниені, оның ішінде басқа адамдардың да табиғатын игере, бойына сіңіре отырып, өзін-өзі жасайды, қалыптастырады.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір бөлшегі. Ол адамның тіршілік әрекеті процесінде қалыптасады, оның әлеуметтік қарым-қатынас шеңберіндегі мінез-құлқын анықтайды. Көптеген құқықтық нормаларды білу емес, әлеуметтік құқықтық құндылықтарды саналы түрде меңгеру және қабылдау құқықтық сананың негізі болып табылады. Құқықтық сана адамда әлеуметтендіру процесінің көмегімен қалыптасады. Құқықтық әлеуметтендіру - ықтималды және лайықты мінез-құлықтың шарасын белгілейтін заңдарды, құқықтық білімдерді, талаптарды игеру, қажетті әлеуметтік дағдыларды біртіндеп меңгеру, өзінің құқықтарын және оларды жүзеге асыру жолдарын ұғыну, әлеуметтік институттардың және әртүрлі адамдардың арасындағы күрделі қарым-қатынастарды түсіну болып табылады. Құқықтық әлеуметтендіру процесінің ең басты мақсаты - жеке адамда құқықтық сананың қалыптасуын және заңды мінез-құлықты қамтамасыз ету. Құқықтық сананың негіздері де, жалпы сананың негіздері сияқты, балалық шақтан, мектеп қабырғасынан қалыптасады. Ең басты құқықтық әлеуметтендіру процесінің агенттері - отбасы және мектеп. Кең мағынада құқықтық сана - жеке адамның, топтың, қоғамның мінез-құлқының құқықтық тәжірибесі.
Заң психологиясының негізгі зерттеу объектісі қылмыскер, заңгер, жәбірленуші, куә және т. б. құқықтық қатынасқа түскен тұлғалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz