Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Меншік және меншік құқығы туралы ұғым 2
Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері 10
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік
құқығының ұғымы мен негізгі түрлері 12
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та,
негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек,
меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық
категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық
тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету
жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі,
яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы
қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде
санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы
мүмкін.
Оған бірденбір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық
қатынастардыц дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап
отырган біздің экономикалық заңдарымыз.

Меншік және меншік құқығы туралы ұғым

Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет.
Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге
бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы
субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық.
қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік етy
құқықтары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда
керсетілген қағидаларға жекежеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып
көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188ші бабында анықталғандай, меншік құқығы
дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан
Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады", — деп жазылған.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда — жеке (191-бап) және
мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке
меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне
орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып
саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе
тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде
болады. Ал субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп
танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтык,
бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды
заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке
ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз
мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол
сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы
басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т.б. шарттар.
Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де
болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондайақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін.
Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық
және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат
өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы
пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа
субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану
құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік
иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субьектіге мүлікті
иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса,
пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз
мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге
асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып
жіберу және т.б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты
өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және
заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге
асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі
мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін
тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық
түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен
аныкталатын шектеулер қойылмауы тиіс.
20.2. Меншіктің нысандары
Қазіргі Конституциямызға сәйкес меншіктің төмендегідей нысандары бар:
жеке және мемлекеттік.
Жеке меншік азаматтардың мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың
бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады. Азаматтарға байланысты жеке
меншіктің ұғымы түсінікті болса, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
ұйымдастыру құқықтық нысандарына көз жүгіртуіміз қажет. Азаматтық
Кодекстің 34-ші бабында көрсетілгендей заңды тұлғалар үлкен екі топқа
бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды
тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептелінуі тиіс. Коммерциялық
ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына
шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік кооперативтер
жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардың қатары да заңда нақты анықтала
отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке
негізделеді.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншік құқығының субъектісі
Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан
белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын
Үкіметке беруі мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге
бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген
мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас
қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілсрі және мемлекеттік заңды
тұлғаларга бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан
Республикасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының
қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғаларга бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларга бекітіліп
берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік құқығын өзі құратын мемлекеттік кәсіпорыпдарга
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына негіздеп жүзеге де асыруы
мүмкін. Шаруашылық жүргізу құқығы заттық құқық болғандықтан оны жүзеге
асырушы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесі немесе уәкілдік берген
мемлекеттік органның берген құзіретінің көлемінде ғана иелену, пайдалану
және билік ету құқығын жүзеге асыра алады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүліктің меншік иесі мен құжаттарына
сәйкес кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны
қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз
мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті
пайдаланудан келтірілген пайданың бір бөлігін алуға мүмкіншілігі бар.
Қазақстан Республикасының Заң күші бар "Мемлекетік кәсіпорындар
туралы" Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты
орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша
жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымен қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негіздеген
мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПАТЕНТ ЗАҢЫ
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ИНСТИТУТТАРЫ
Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Сабақтас құқықтың пайда болуы
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы
ҚР меншік қатынасы
Интеллектуалдық меншік
Ортақ меншік құқығы жайында
Жер құқығы қатынасындағы мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскесін иеліктен шығарудың қағидалары
Пәндер