Жер дауларының түсінігі мен ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері2

Жер дауларының түрлері және мазмұны4

Жер дауларын шешудің тәртібі9

Қорытынды12

Әдебиеттер:13

Кіріспе

Жер даулары - бұл құқық субъектілерінің арасындағы жерге меншік құқығының, жер пайдалану құқығының, жерді жалға берудің және жер учаскелеріне, соның ішінде, шартты жер телімі мен мұрагерлікке қатысты өзге де құқықтардың мазмұны туралы келіспеушіліктері.

Бұл анықтамадан көрініп тұрғандай, жер даулары азаматтың немесе заңды тұлғаның жер учаскесіне субъективтік құқығын бұзуға немесе орын алуы мүмкін құқық бұзушылыққа қатысты туындайды.

1

Аталған тұлғалардың мұндай өтініштері ҚР Конституциясында және Жер кодексінде көзделген жер учаскесін алуға объективтік құқықты жүзеге асыру мақсаттарында туындауы мүмкін.

Жер учаскелерін беруге уәкілетті органдар талап-арыздар мен өтініштерді заңмен белгіленген мерзімде қарауға ғана емес, сонымен қатар, егер жер учаскесі қолда бар жағдайда өтініш берушінің тұрғылықты жеріне, жұмыс орнына қарамастан сұралып отырған жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану үшін беруге міндетті.

Мысалы, жер учаскесі қолда бар болған жағдайда жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқан жағдайда тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің бар екендігі туралы ақпаратты жасырған кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылады (ҚР ӘҚБК 257-бабы) .

ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес, жер учаскесіне субъективтік құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге таралады.

Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері

Жоғарыда атап өткеніміздей, егер мұндай пайдалану басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, соның ішінде Қазақстан Республикасында меншік объектісі болып табылатын жер қойнауына, су көздеріне, өсімдіктер әлеміне және ауа кеңістігіне құқықтарын бұзбаса, жер учаскесінің меншік иесі, жер пайдаланушы осы учаскенің үстіңдегі және астыңдағылардың барлығын өз қалауы бойынша және қандай да бір рұқсаттардың қажетінсіз пайдалана алады.

Жер учаскесінің аталған субъектілері ҚР Жер кодексінің 43-бабының 11-тармағына сәйкес, егер жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленсе және жер учаскесін басқару жөніндегі аумақтық орган жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты берген жағдайда жоғарыда аталған құқықты иелене алады. Бұл тәртіпті сақтамау көптеген жағдайларда жер дауларына әкеп соғады.

Тіпті, жер учаскесін сату-сатып алудың, сыйға тартудың, айырбастаудың және жер учаскесіне, жер пайдалануға, жалға беруге, мұрагерлікке қатысты меншік құқығының өтуінің басқа да түрлерінің қажеттігі туған жағдайда да жер учаскесінің көлемін, шекарасын және басқа да мәліметтерін ҚР Әділет министрлігі органдарындағы жер кадастры мен тіркеуді есепке алу мәліметтері бойынша нақтылау талап етіледі.

Бұл талаптарды орындамау жер учаскесін пайдаланудың мерзіміне және өзге де жағдайларға қатысты жер дауларының туындауына себеп болады.

ҚР Жер кодексінің 103-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы ұйымдарының және кәсіпорындарының қайта құрылуымен және таратылуымен байланысты шартты жер үлестерін иеленген азаматтардың құқықтары шартты жер үлесіне құқық туралы куәлікпен куәландырылады.

Барлық жер даулары жоғарыда аталған жеке меншік құқығындағы, жер пайдалану құқығындағы, жалға беру құқығындағы жер учаскелеріне, шартты жер үлестеріне, сонымен қатар, сервитут құқығына қатысты туындайды.

Жер даулары мемлекеттік меншіктегі жерлерге қатысты туындамайды және туындамауы тиіс те, себебі, заңдарда бұған қатысты ешбір негіз жоқ.

Шекаралық жер дауларын мемлекеттер халықаралық құқық нормаларының негізінде шешеді.

Егер жер учаскесіне қатысты құқықты рәсімдеудің жоғарыда аталған тәртіптерінің барлығы орындалса (оның шекарасы, мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді нақтылай отырып), бөтен жер учаскесіне құқықты қасақана бұзу жағдайларын есептемегенде, жер даулары туындамайды.

Сонымен, жер даулары меншік иесінің, жер пайдаланушының құқықтарына, жалға беруге, шартты жер үлесіне, сервитутқа және жер учаскелеріне қатысты құқықтарға қол сұғушылыққа қатысты туындауы мүмкін. Сондай-ақ, уәкілетті органдардың жоғарыда аталған құқықтарды жүзеге асырудың іс жүргізушілік нысандарына қатысты белгілі бір әрекеттерінің немесе әрекетсіздіктерінің негізінде де жер даулары туындауы мүмкін.

Мысалы, жер заңдарын бұзумен байланысты жер құқық бұзушылықтары ҚР Жер кодексінің 67-бабында қарастырылған.

ҚР Жер кодексінің 67-бабына сәйкес, егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруі арқылы сот тәртібімен дауласа алады. Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге сот тәртібімен шағымдана алады.

ҚР Жер кодексі жер дауларының туындау негіздері ретінде оларды сот тәртібінде шешуге қатысты 15 сілтеме жасайды. Олар төменде жер дауларын түрлерге бөлу кезінде қарастырылады.

Жер дауларының түрлері және мазмұны

Түрлерге бөлу - бұл өзіндік ерекшеліктері бойынша жер дауларының түрлерін ғылыми тұрғыдан анықтау. Оны даулардың сипаты, объектісі және субъектісі бойынша жүргізуге болады. Тәжірибелік көзқарас тұрғысынан қарағанда, жер дауларын түрлерге бөлу олардың ерекшеліктерін талдау кезінде қандай да бір жер дауын шешудің тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. 2

1. Жер дауларын түрлерге бөлу жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне субъективтік құқықтары тұрғысынан қарастырылады.

Олар жер дауларының сипатына қарай істі шешудің әкімшілік және сот тәртібі деп бөлінуі мүмкін. Мұндай тәртіп бұрынғы КСРО-да кеңінен дамыған болатын.

Қазақстан Республикасының жер заңдары жер құқығы қатынастарымен байланысты жер дауларын шешудің әкімшілік тәртібін қарастырмайды. ҚР Жер кодексінде көзделгендей, Қазақстан Республикасы облыстарының арасындағы жер қатынастарды реттеу ҚР Үкіметінің құзыреті (13-бап), ал аудандық және облыстық атқарушы органдардың арасындағы мұндай қатынастарды реттеу мемлекеттің, меншік иесі ретіндегі Қазақстан Республикасының билік жүргізу функциясын жүзеге асырушы атқарушы органдар ретіндегі ҚР Үкіметінің және жер қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық атқарушы органдардың құзыреті болып табылады. Жер қатынастарын реттеудің осы саласындағы мемлекеттік органдарды жер дауларын әкімшілік тәртіпте реттейтін органдар деп атауға болмайды. Сонымен қатар, ескере кететін бір жайт, жер даулары жер қатынастарынан емес, жер құқығы қатынастарынан туындайды.

ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес, жер құқығы қатынастарынан, яғни, жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыратын жекелеген субъектілерге жер учаскелерінің бекітілуімен, жер ресустарын басқарумен байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастардан, туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4-наурыздағы № 290 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылық және орман алқаптарын ауыл және орман шаруашылығынан өзге де мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы келтірген шығындар мен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының өтелуге жататын шығындарын анықтау тәртібі туралы ережеде көзделгендей, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуды көздейтін шешіммен келіспеген жағдайда дау сот тәртібінде шешілгенше аталған шешімнің жүзеге асырылуы мүмкін емес.

Дауды қарау кезінде жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығындарды өтеудің барлық мәселелері шешіледі (28, 29-тармақтар) . 3

2. Жер дауларының объектісі болып нақты жер учаскесі және жер учаскесін беруге, соның ішінде, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты рәсімдеуге байланысты процедуралық мәселелер де табылады.

Жер учаскесі өзінің мөлшеріне, шекарасына, сапасына, орналасқан жеріне, жер учаскесін пайдалану қолайлылығына және т. б. факторларға қатысты жер дауының объектісі болуы мүмкін.

Процедуралық мәселелер бойынша жер даулары келесі сұрақтарға қатысты туындайды:

жер учаскесін беруден бас тартуды қарау;

жер учаскесін алып қоюға және беруге келісу;

жер учаскесін беру туралы шешім шығару;

жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды беру;

жер учаскесіне құқықтың тоқтатылуы;

жер учаскесі шекарасының өзгеруі;

жер учаскесін қалыпты пайдалануға кедергі жасайтын жағдайларды жою;

келтірілген шығындардың (зиянның) мөлшерін анықтау;

жер учаскесін пайдалану және қорғау шарты бойынша міндеттерді орындамау;

жер учаскесінің сызығын жою;

уәкілетті органның жер учаскесін пайдалану және қорғау мәселелері, соның ішінде, сервитут және қорғау аймақтары мәселелері бойынша шешімінің заңдылығы және негізділігі;

жер учаскесін алудағы (сатып алудағы) артықшылық құқық;

жер аукционына қатысуға рұқсат туралы мәселе;

бүлінген жерлерді жаңғыртуды жүргізу;

жер учаскесін (алқапты) бір түрден екінші түрге ауыстыру;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;

Қазақстан Республикасы жер заңдарының мазмұнынан туындайтын өзге де мәселелер.

Жер даулары субъектілері бойынша мыналардың арасында туындайды:

бастапқы және туынды жер пайдаланушылардың;

жергілікті мемлекеттік органдардың, азаматтардың және заңды тұлғалардың;

жер пайдаланушылардың;

жер учаскелерінің меншік иелерінің,

жер учаскелерінің субъектілерінің және осы учаскесіне жер учаскесіне үміткерлердің;

мемлекеттік жер пайдаланушылардың;

ерлі-зайыптылардың;

мұрагерлердің,

мемлекеттердің;

жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың және жалға алушының;

шартты жер үлестері субъектілерінің;

Қазақстан Республикасы жер заңдарында көзделген өзге де тұлғалардың.

Жер дауларының бұл түрлерінен көрініп тұрғандай, олардың мәні жер құқығының тек материалдық нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, іс жүргізушілік нормаларымен де, жер қатынастарын реттеуге, жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған жер заңдарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі - жерге орналастырумен де байланысты. Жерге орналастырудың (жер процесінің) мәліметтері жер құқығы қатынастарының бұл саласында заңдылықты жүзеге асыру үшін қажет. Бұл арқылы олар жер дауларын шешуде соттың шындықты анықтауына септігін тигізеді.

Осы тұжырымдарды дәлелдеу мақсатында сот тәжірибесінен келесі мысалдарды келтіріп өтейік.

Шаруа қожалығының «МИД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты талап-арызы бойынша бұзылған жер пайдалану құқығын қалпына келтіру туралы іс қаралды.

Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, шаруа қожалығына тиесілі жерлерде «МИД» ЖШС оның келісімінсіз электр қабылдау желісін өткізген. Электр қабылдау желісін орнату шаруа қожалығының жер пайдалану құқығына нұқсан тигізді. Таран аудандық сотының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Жалпы алғанда дау сервитут құқығын орнықтыруға қатысты туындаған.

Алайда, «МИД» ЖШС электр желісін тарту кезінде жер заңдарының талаптарын орындамаған, сервитут құқығын куәландыратын құжатты рәсімдемеген және жер учаскесінің меншік иесіне шығындарды өтемеген.

Б. К. Заирбаеваның «Көктерек» өндірістік кооперативіне қатысты жер учаскесін пайдаланудағы кедергілерді жою туралы талап-арызы Меңдіқара аудандық сотының шешімімен қанағаттандырылды. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының анықтамасымен бұл шешімнің күші жойылып, талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер жер теліміне құқықты сыйға тарту шарттарының негізінде Оспановтардан жалпы көлемі 125 га жер телімін алды. Оларды нотариалды түрде куәландырып, жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитетте тіркеуден өтті. Осы құжаттардың негізінде талапкер «Көктерек» өндірістік кооперативінің төрағасына жер үлесін беру туралы өтініш жасады, себебі, талапкерге тиесілі жер учаскесі аталған кооперативтің иелігінде еді. Өндірістік коопреативтің төрағасының бас тартуына байланысты, талапкер жер үлесін күштеп бөліп беру туралы талаппен сотқа шағымданды. Сонымен, жоғарыда аталған жағдайлардың жиынтығы талапкердің берген талаптарының құқыққа сәйкестігін дәлелдейді. Істі қарау барысында азаматтық істер жөніндегі алқа бірінші инстанция сотының талап-арызды қанағаттандыру туралы шешімінің күшін жойып, талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдады. Өзінің қорытындысын алқа мына жағдаймен негіздеді: «Көктерек» өндірістік кооперативінің төрағасы жер учаскесін нақты бөліп беру туралы мәселені шешуге құқылы емес, себебі, мұндай мәселені шешу жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі жергілікті органдардың айрықша құзыретіне жатады.

Азаматтық істер жөніндегі алқаның бұл шешімі ҚР «Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін жекешелендірудің ерекшеліктері туралы» заңның 14-бабына қайшы. Бұл бапқа сәйкес, жұмысшы шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы коопертивін құру немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатында кәсіпорынның ұжымынан шыққан кезде оған кәсіпорын жерлерінің құрамынан учаске бөлінеді. Материалдардан көрініп тұрғандай, инстанциямен сұралып отырған жер учаскесі «Көктерек» өндірістік кооперативінің жер пайдалануында. Жер учаскесінің талапкерін анықтап алған соң ғана бұл учаскені орналастыру актісімен бекіту мәселесі тууы мүмкін. Бұл функцияны атқарушы биліктің жергілікті органдары жүзеге асырады. «Көктерек» өндірістік кооперативі жерді ерікті түрде беруден бас тартқандықтан, талапкер сотқа шағымдануға мәжбүр болған. Мұндай жағдайларда кассациялық инстанция сотының қорытындысы негізсіз болып табылады және талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымды заңды және негізді деп тануға болмайды.

Аудандық әкімшілік басшысының 1992 жылғы 26-қазандағы № 411 шешіміне сәйкес Л. И. Михееваға оның өзінде бар жер учаскесіне қосымша 100 шаршы метр жер учаскесі берілді. Одан әрі әкімшілік басшысы 1996 жылғы 14-мамырдағы № 167 шешімінің негізінде азамат Р. Түсіповке мөлшері 0, 1103 га жер учаскесін беріп, жерді өмір бойы мұрагерлік негізде пайдалану құқығы жөніндегі акт табыстайды. Талапкерге (Л. И. Михеева) тиесілі жер учаскесі белгіленген тәртіппен алып қойылмағанына қарамастан, аталған акт осы учаскеге қатысты берілген. Сонымен қатар, сот талап-арызды қанағаттандырудан бас тарта отырып, талапкердің жерді өмір бойы мұрагерлік негізде пайдалану құқығы жөніндегі актіні белгіленген тәртіп бойынша алмағанын негізге алды. Соттың мұндай қорытындысын дұрыс деп санауға болмайды, себебі, ҚР Жер кодексінің 43-бабында анықталғандай, азаматтарға жер учаскесі жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде беріледі, содан кейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар жер учаскесін өмір бойы иелену құқығы эөніндегі актіні беріп, жер учаскесін нақты бөліп беру жөніндегі жұмыстарды жасайды (Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 30-тамыздағы № 968 қаулысымен бекітілген Жер учаскелерін иелену, жалға беру, пайдалану құқығын беру туралы өтініштерді қарау және қозғау тәртібі ереженің 29-бабы ) .

Киров аудандық әкімшілігінің әкімі 1994 жылғы 13-маусымдағы № 300 шешімімен қайта ұйымдастырылған «Сәдібек» шаруа қожалығына «Үтір-Төбе» ұжымдық шаруашылығының 3-бөлімшесінің жерлерінен 7 га жерді өмір бойғы иелікке бөліп берген.

Шешіммен келіспеген «Үтір-Төбе» ұжымдық шаруашылығы шешімді заңсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданды. Талапкердің талаптары мынамен негізделді: «Сәдібек» шаруа қожалығы ұжымдық кәсіпорынның құрамынан бөлініп шықпаған, ал оның жетекшісі Б. Арзықұлов бұл ұжымның мүшесі емес, тіпті, ол 1991 жылғы маусымда ҚР ЕЗТК-тің 33-бабының 4-тармағы бойынша жұмыстан босатылған болатын. Сонымен қатар, ол ұжымдық кәсіпорынға жер бөліп беру туралы өтінішпен жолданбаған. Шаруашылықтың жарғылық қорында мемлекеттің үлесі жоқ, әкімнің шешімі ұжымдық кәсіпорынның көзқарасын ескерместен шығарылған.

Іс соттарда бірнеше рет қаралды. Қабылданған сот шешімдері күшін жойған соң іс облыстық соттың өндірісіне қабылданды. Бұл сот өзінің 1996 жылғы 10-сәуірдегі ұйғарымымен талапкердің талап-арыздан бас таруын қабылдады, іс бойынша өндірісті тоқтатып, тараптарға іс бойынша өндірісті тоқтатудың салдарын түсіндірді.

Соттың ұйғарымына шаруа қожалығының жетекшісі Б. Арзықұлов жеке шағым беріп, онда шаруа қожалығына ұжымдық шаруашылықтың 3-бөлімшесінің жерінен учаске бөліп берген аудан әкімінің соңғы шешімімен келіспейтінін білдірді. Бөлінген жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін жарамсыз, жалаңаш сорлары бар және бұл жерде ештеңе өспейді. Осыған байланысты соттың талап-арызды қайта қарап, бұрынғы учаскенің шаруа қожалығының пайдалануында қалу-қалмау мәселесін шешуі керек болды.

Алқа іс материалдарын тексеріп, шағымның негіздерін талдай отырып, соттың іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарымын заңды және негізді, сол себепті оны өзгертусіз қалдыру керек деген қорытындыға келді.

ҚР Азаматтық істер жүргізу кодексінің (АІЖК) 24-бабына сәйкес, талапкер талаптың негізін және пәнін өзгертуге, талаптардың мөлшерін көбейтуге және азайтуға немесе талаптан бас тартуға құқылы. Жауапкер талапты тануға құқылы. Тараптар істі бейбіт келісіммен аяқтай алады.

Егер бұл әрекеттер заңға қайшы келсе немесе кімнің болса да құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талапкердің талаптан бас тартуын, жауапкердің талапты тануын қабылдамайды және тараптардың бейбіт келісімін бекітпейді.

Қарастырылып отырған жағдайда, сот талапкердің талаптан бас тартқанына дейін оның заңдылығын және басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайтындығын тексерді. Бұл ретте ол мынадай қорытындыға келді: аудандық әкімшілік әкімі 1996 жылғы 18-наурыздағы № 210 шешімімен 1994 жылғы 13-маусымдағы шешімге өзгертулер енгізді, осының нәтижесінде шаруа қожалығына ұжымдық кәсіпорынның 3-бөлімшесінің жерлерінен мөлшері 7 га жер учаскесі ауданның арнайы жер қорының есебінен бөлінген, яғни, әкім өзінің соңғы шешімі арқылы заңның бұзылуын жойып, ұжымдық шаруашылықтың заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтірген. Осыған сәйкес, сот талапкердің талаптан бас таруын қабылдап, іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Шаруа қожалығының мүшелері әкімнің соңғы шешімімен келіспейтіндігі, берілген жер учаскесінің шаруа қожалығын жүргізу үшін жарамсыздығы, сонымен қатар, «Үтір-Төбе» ұжымдық шаруашылығының әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы дауды соттың қарамағандығы туралы шағым негіздемелері негізсіз. Бұл мәселелер даудың дербес пәндері болып табылады, және шаруа қожалығының басшылығы әкімнің шешіміне белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға және іс жүргізушілік нормалардың нормаларын сақтай отырып жауапкерге зияндарды өтеу туралы талаптар беруге құқылы - сол себепті, олар ұйғарымның күшін жоюдың негізі болып табылмайды.

ҚР АІЖК 318-бабының 1-тармағын негізге ала отырып, сот алқасы мынадай ұйғарымға келді: «Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 1996 жылғы 10-сәуірдегі ұйғарымын өзгеріссіз, ал жеке шағымды қанағаттанусыз қалдыру». 4

Жер дауларын шешудің тәртібі

ҚР Жер кодексі жер дауларын шешудің тәртібін қарастырмайды. Бұл кодекс жер дауларының сот тәртібімен қаралатынын көрсетеді. Бұл жағдайда «тәртіп» термині тиісті органдардың жер дауларын шешудегі қызметін ұйымдастыруды, яғни, жер дауларын шешудің белгілі бір процесін, белгілі бір процедурасын білдіреді. 5 Бұл Қазақстан Республикасы сот органдарының қызметіне де қатысты. Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстан Республикасының жер құқығы, оның құқықтық негізі - жер заңдары Қазақстан Республикасы сот органдарының жер құқығы қатынастарынан туындайтын дауларды қарау процесін реттемеген. Сол себепті, бірқатар ғалымдардың, мысалы, И. А. Иконицкаяның «жер процесі жер дауларының тәртібін ғана емес, сонымен қатар, жерді басқару және оған билік ету функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өзара қатынастарын да анықтауы тиіс» деген көзқарасы жер заңдарының нормаларына сәйкес келмейді. 6 Алайда, бұл Қазақстан Республикасының жер құқығында жер процесінің жоқ екендігін білдірмейді. Ол бар және Қазақстан Республикасының жер заңдарының нормаларын жүзеге асыру мақсатында жер құқығының материалдық құқықтық нормаларымен үйлесе отырып әрекет етеді.

Жер процесін жер құқығының институты ретінде Б. Ж. Абдраимов және басқа да ғалымдар таниды. 7

Жер дауларын қарастыру барысында соттар жер құқығының заң шығарушы және нормативтік-құқықтық базаларын негізге алады, бұларда жер ресурстарын басқарумен, жер учаскелерін жекелеген субъектілерге меншік, жер пайдалану және жер учаскесіне қатысты өзге де құқықтармен қоса бекітумен байланысты жерді қорғау және пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарды реттеу көрініс тапқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы заңнамасына негізделіп жер дауларын шешу
Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері
ҚР соттардың жер дауларын шешудің іс жүргізушілік ерекшеліктері
Азаматтардың жер учаскелеріне құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасындағы еңбек даулары және оларды шешу тәртібі: теория және практика мәселелері
Медиация еңбек дауларын шешу технологиясы ретінде
Заң немесе басқа құқықтық акт азаматтық - құқықтық салдардың басталуын байланыстыратын оқиғаның салдарынан
Еңбек дауларының келісім комиссияларында қарау тәртібі
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Еңбек дауларын сотта қараудың заңнамалық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz