Жұмыс уақыты ұғымы, онын түрлері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Жұмыс уақыты ұғымы және онын түрлері 2
Жұмыс уақытының режимі 7
Жұмыс уақытының есебі 11
Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу 13
Қорытынды 15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясында жұмыс уақыты мен демалу
уақыты азаматтардың демалуға құқығы ұғымымен байланысты (24 бап). Мемлекет
жұмыс уақытының ең ұзақ мерзімін, демалудың апта сайынғы ең аз мөлшерін
жене төленетін жыл сайынғы демалысты, сондай-ақ демалу құқығын жүзеге
асырудың басқа да жағдайларын анықтайды.
Жұмыс уақыты мен демалу уақытын құқықтық реттеудің мақсаты — еңбек
ұзақтылығын белгілеу, сондай-ақ еңбекті қорғау, жұмыстан бос уақытта демалу
құқығын қамтамасыз ету, дене тәрбиесімен айналысуға, рухани дамуға қажетті
жағдайлар тудыру, мәдени-техникалық деңгейді көтеру, қоғамдық өмірге
белсене қатысу.
Кәсіпкерлермен (мекемелермен, ұйымдрмен), олардың меншік түріне және
шаруашылық жүргізуінің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, еңбектік
құқық қатынастарында тұратын жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен демалу уақытын
қарастырамыз.
Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері
Жұмыс уақыты дегеніміз — жұмыс берушінің актілеріне және жеке еңбек
шартының жағдайларына сәйкес жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін орындайтын
уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі
еңбек тәртібінің ережелері, т.б. жатады. Ал, жұмыс уақытында орындалуы тиіс
еңбек міндеттеріне келетін болсақ, олар жұмыскер мен жұмыс берушінің
арасында жасалған жеке еңбек шартында көрсетіледі.
Жұмыс уақытының заңдық ұғымы мына нышандармен: а) еңбектің заңда,
жұмыс берушінің актілерінде, ұжымдық немесе жеке еңбек шартында белгіленген
ұзақтығы ретінде; б) кәсіпорынның (мекеменін, ұйымның) ішкі еңбек тәртібіне
сэйкес жұмыскердің өз еңбек міндетін орындауға міндетті уақыт аралығы
ретінде; в) еңбек ұзақтығын және жұмыс бойынша міндеттерді реттейтін норма
немесе келісімге сәйкес жұмыскердің нақты жұмыс істеп шыққан уақыты ретінде
сипатталады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында мемлекеттің жұмыс күнін
реттеу саласындағы міндеті түбірімен өзгереді. Соңғы уақытқа дейін жалданып
жұмыс істейтіндердің барлығының жұмыс уақытының ұзақтығын нормалауды
кәсіподақтарды қатыстырып мемлекет жүзеге асырып келді. Егер заңнамада
басқадай қарастырылмаған болса жұмыс күні ұзақтығының нормасын кәсіпорын
(мекеме, ұйым) әкімшілігі кәсіподақ комитетімен немесе жұмыскермен
келіскенімен өзгерте алмайтын болған. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы
жағдайында тіптен басқаша — еңбек жағдайларын (оның ішінде жұмыс уақытының
ұзақтығын) негізінен жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім
анықтайды. Мемлекет заң жүзінде тек жұмыс уақытының ең кеп ұзақтығын
белгілейді (аптасына 40 сағат). Жеке еңбек шарттарында жақтардың келісімі
бойынша жұмыс уақытынын қысқалау ұзақтығы көзделуі мүмкін. Егер жұмыс
уақытының ұзақтығын азайту туралы келісім еңбек шартында көзделмесе, онда
жұмыс уақытының заңда белгіленген ең көп ұзақтығы алынады.
Жұмыс уақыты жұмыскерге жүктелген еңбек міндеттерін орындаудан тысқары
қаралмайды. Еңбектік құқық қатынастарының элементі ретінде жұмыс уақытын
сақтау міндеті, бір жағынан жұмыскерге, екінші жағынан жұмыс берушіге
жүктеледі. Ішкі еңбек тәртібінің ережелері жұмыскерді жұмысқа уақтылы
келуге, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтауға, жұмыс уақытын
түгелдей еңбек өнімділігіне жұмсауға міндеттейді. Жұмыс беруші, өз
кезегінде, барлық жұмыскерлердің жұмыс уақытын толық және өнімді
пайдалануына жағдай тудыруға, жұмыстың уақытын толық жене өнімді
пайдалануына жағдай тудыруға, жұмыстың белгіленген ұзақтығын, күнделікті
жұмыс тәртібін, жұмыскерлердің демалу құқығын бұзбауға міндетті. Нақты
істелген уақытқа пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу табелдерінде,
жылдық табелдік карточкаларда және т.б. есепке алынатын жұмыс уақыты
жатады. Демек, жұмыс уақытының ұзақтығын және режимін реттейтін құқықтық
нормалардың қызметтік рөлі сонда, олар жұмыскердің өзінің жеке еңбек
шараларын орындауын қамтамасыз етеді және оның демалу құқығына кепілдік
береді.
Еңбек туралы күшіндегі заңнама жұмыс уақытының мына түрлерін
қарастырады: ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған, толық емес жұмыс
уақыты[1].
Қалыпты жұмыс уақыты. Еңбектің күн, апта, жыл бойғы, адамның дамуына
және омір сүруіне зиянын тигізбейтін ұзақтығы қалыпты деп танылады. Еңбек
туралы күшіндегі заңнамаға сәйкес кәсіпорындардағы (мекемелердегі,
ұйымдардағы) жұмыскерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан
аспауға тиіс (Еңбек туралы Заңның 45 б. 2 т.). Бұл норма экономиканың
саласына, кәсіпке, мамандыққа, лауазымға қарамастан, жәй, қалыпты еңбек
жағдайларында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерге тарайды. Жұмыс уақытының
аптасына 40 сағаттық ұзақтығы оның жоғары шегі болып табылады, егер заңда
ерекше қарастырылмаған жағдайларда, оны жақтардың келісімі бойынша ұзартуға
болмайды.
Жұмыс уақытының апталық ұзақтығы (40 сағат) қалыпты ұзақтықтағы жұмыс
күнінен туындайтын шама. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес 6 күндік жұмыс
аптасында күнделікті жұмыстың ұзақтығы 7 сағаттан аспауға тиіс, ал еңбек
жағдайы ауыр (зиянды) кейбір кәсіптердің жұмыскерлері үшін қысқартылған
жұмыс күні қарастырылған.
Ұзақтығы қалыпты жұмыс күні мыналарға есептелген:
а) артық күш жұмсауды қажет етпейтін және жүйке тоздырмайтын
жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге;
б) 6 күндік жұмыс аптасы жағдайында жәй календарлық тәулікке.
Сондықтан да қалыпты ұзақтықтағы жұмыс күніне 6 күндік жұмыс аптасы
болғандағы демалыс алдындағы қысқартылған күндер және 5 күндік жұмыс
аптасы, сондай-ақ үздіксіз өндіріс жағдайындағы 8 сағаттық және өте ұзақ
күнделікті жұмыс жатқызылмайды.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы еңбекті қорғау, оқуды өндіргіш
еңбекпен табысты үйлестіру үшін қолайлы жағдай тудыру, өндіріске кәмелетке
толмағандарды және еңбек қабілеті шектеулі адамдарды тарту мақсатында
жұмыскерлердің кейбір санаттары үшін белгіленеді. Еңбек туралы заңнама 18
жасқа толмаған жұмыскерлер үшін ұзақтылығы қысқартылған жұмыс уақытын
белгілейді. 16-дан 18-жасқа дейінгі адамдар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы
аптасына 36 сағат, ал 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін
аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген.
Ауыр қара жұмыспен және еңбек жағдайы зиянды жұмыспен айналысатын,
арнайы тізімде көрсетілген кәсіптердің жұмыскерлері ұзақтығы қысқартылған
жұмыс уақытына құқылы. Бұл жағдайда өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің
және лауазымдардың Тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар
тізімін (ары қарай Тізім) басшылыққа алу керек, олардағы жұмыстар жұмыс
уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық береді. Жалпы ереже бойынша, еңбек
жағдайлары зиянды кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс атқаратын
жұмыскерлерге ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын жұмыс аптасы белгіленеді.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жұмыскерлерге Тізімге сәйкес
еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде, цехтарда, кәсіптер немесе лауазымдар
бойынша қысқартылған жұмыс күнінің
1 Ауыр қара жұмыс дегеніміз 300 ккалсағаттан артық қуат жұмсауды
қажет ететін, ауыр жүктерді қолмен көтеруді немесе жылжытуды керек ететін
жұмыс.
3 Зиянды (аса зиянды) жұмыс дегеніміз кейбір өндірістік факторлардың
әсері жұмыс қабілетін төмендететін немесе ауруға шалдықтыратын не оның
ұрпағының денсаулығына теріс әсер ететін еңбек жағдайы. Қауіпті (аса
қауіпті) жұмыс дегеніміз еңбекті қорғау ережелерін сақтамаған жағдайда
белгілі бір өндірістік факторлардың әсері бірден денсаулықтың нашарлауына
немесе жұмыскердің жарақат алуына не өліміне әкелетін жұмыс жағдайы.
Ең кемінде жартысын нақты істеген күндер үшін ғана жұмыскерлерге жұмыс
күшінің қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Егер Тізімде "толық жұмыс күні",
"ұдайы айналысады", "ұдайы қызмет көрсетуші" деп көрсетілсе, онда жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы, бұл жағдайда, жұмыскердің зиянды еңбекпен
толық қысқартылған жұмыс күні бойы айналысқан ретте белгіленеді. Жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы, сонымен қатар, қызметі Тізімде
қарастырылмаған, бірақ кейбір кездері еңбек жағдайы зиянды, Тізімде
қарастырылған өндірістерде, цехтарда, кәсіптер немесе лауазымдар бойынша
жұмыс істейтін жұмыскерлерге де белгіленеді. Бұл ереже, сонымен қатар,
сырттан қамтылған ұйымдардың (құрылыс, құрылыс-монтаж, монтаж-жөндеу,т.б.),
кәсіпорынның қосалқы және қосымша цехтарының (жөндеу, электрқуатын беру,
т.б.) жұмысшыларының, инженер-техник қызметкерлерінің еңбек жағдайлары
зиянды, Тізімге сәйкес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық
беретін өндірістерде, цехтарда және учаскелерде жұмыс істеген күндеріне
қатысты да қолданылады.
Еңбек туралы заңнамада мұғалімдер үшін және білім беру, медицина
мекемелерінің, жоғары оқу орындарының жұмысы көтеріңкі жүйке-
интеллектуалдық қызметпен байланысты қызметкерлері үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы қарастырылған. Мысалы, нормативтік оқу жүктемесі
мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтық қызметкерлеріне аптасына мына
мөлшерде белгіленген: жалпы білім беру оқу орындарының бастапты сатысы үшін
— 20 сағат; жалпы білім беру оқу орындарының, бастапқы және орта кәсіби
білім беру ұйымдарының негізгі және жоғарғы сатылары үшін — 18 сағат;
мектепке дейінгі ұйымдар үшін — 24 сағат; мектептен тыс ұйымдар үшін — 18
сағат (балалар спорт мектептерінде — 24 сағат). Мемлекеттік білім беру
мекемелеріндегі педагогтық қызметкерлер үшін нормативтік оқу жүктемесі 1999
жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (40 б.
5т.), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы "Білім
берудің мемлекеттік ұйымдарының педагогтық қызметкерлері үшін нормативтік
оқу жүктемесін бекіту туралы" №1262 қаулысында белгіленген. Сыныптап тыс,
әдістемелік және тәрбие жұмыстарының сабақтарға дайындық, жазбаша
жұмыстарды тексеру, т.б. жұмыстардың ұзақтығына регламент жасалмаған.
Мұғалімдер мен оқытушылардың сыныптан тыс жұмыстарының түрлері мен көлемі
тиісті оқу орындарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен анықталады.
Сондықтан да мұғалімдер мен оқытушылардың жұмыс уақыты педагогтық
жүктемеден және ұйымдық-әдістемелік және тәрбие жұмыстарын орындау
уақытынан тұрады, ол жеке еңбек шартынан және оқу орнының ішкі еңбек
тәртібінен туындайды. Жоғары оқу орындарының профессорларына, доценттеріне,
аға оқытушыларына, оқытушыларына және ассистенттеріне 6 сағаттық жұмыс күні
белгіленген. Профессор-оқытушылар құрамына оқу жүктемесін жоғары оқу орны
оның біліктілік деңгейіне және қызметінің ерекшелігіне байланысты өзі
белгілейді және ол бір ставканың шегінде заңнамада белгіленген оқу
жүктемесінің нормасынан аспауға тиіс.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы медицина қызметкерлерінің
коптеген санаттары (емхана, амбулатория, диспансер, т.б. дәрігерлері); I
және II топтағы мүгедектер үшін де белгіленген.
Ұжымдық және жеке еңбек шарттарын жасағанда жұмыскерлердің жұмыс
уақытының ұзақтығы заңда белгіленген қалыпты немесе қысқартылған жұмыс
уақытының ең көп ұзақтылығынан аспауға тиіс, бірақ кәсіпорынның (мекеменің,
ұйымның) қызметкерлерінің кейбір санаттары немесе түгелдей ұжымы үшін
ұзақтылығы кем жұмыс уақыты енгізілуі мүмкін.
Толық емес жұмыс уақыты. Толық емес жұмыс уақыты жұмыскер мен жұмыс
беруші арасыңдағы келісім бойынша жұмысқа қабылдау кезінде де, одан кейін
де белгіленуі мүмкін. Толық емес жұмыс уақытын қысқартылған жұмыс уақытынан
ажыратып қарау керек, себебі, жоғарыда аталып өткендей, ол заңнамада
белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем[2]. Бұлардың айырмашылығы еңбекақы
төлеу тәртібінде. Егер ұзақтылығы қысқартылған жұмыс уақыты үшін еңбекақы
толық төленетін болса, ол толық емес жұмыс уақытында істелген жұмыс үшін
еңбекақы қанша уақыт істегеніне қарай немесе өндірген өніміне байланысты
төленеді.
Толық емес жұмыс уақыты қандай да бір себептермен толық жұмыс уақытын
өткере алмайтын адамдарды (мүгедектерді, зейнеткерлерді, үй шаруасындағы
әйелдерді, т.б.) өндіріске тарту максатында енгізіледі. Толық емес жұмыс
уақыты басқа жұмыспен де айналысатындар үшін, сондай-ақ толық ставкаға
жұмысқа алынған (штат кестесіне сәйкес) адамдар үшін белгіленеді.
Толық емес жұмыс күңі жұмыскердің өтініші бойынша да белгіленеді.
Жұмыс беруші өндірістің мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып мұндай
өтінішті қанағаттандыруға құқылы. Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы
жұмыс жұмыскердің еңбек құқықтарының көлеміне (жыл сайынғы демалыс
ұзақтығы, еңбек стажы, т.б.) қандай да бір шек келтіре алмайды.
Түнгі уақытта жұмыс істеушілер үшін қандай да бір ерекшеліктер
белгіленген. Жұмысты тоқтатуға болмайтын жағдайда, мысалы технологиялық
процесі үзілмейтін өндірісте; байланыс бөлімшелерінде, медициналық
мекемелерде, көлікте, т.б. салаларда ғана түңгі уақыттардағы жұмысқа жол
беріледі. Жұмыскерлер еңбегінің жағдайларын жеңілдету және еңбекті қорғау
мақсатында заңнама түнгі жұмыстарға шек қою, түнгі уақыттағы жұмыстың
(ауысымның) ұзақтығын қысқарту жөнінде арнайы шаралар жүргізуді көздейді,
ондай жұмыстарға жұмыскерлердің кейбір санаттарын тартуға тыйым салады.
18 жасқа толмаған жұмыскерлерді және түнгі уақыттағы жұмысқа тыйым
салынған медициналық қорытындысы бар басқа адамдарды түнгі уақыттағы
жұмысқа тартуға болмайды. Жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа тарту
үшін міндетті түрде олардың келісімі болуға тиіс (Еңбек туралы Заңның 48-б.
2 т.)
Кейбір жағдайларда мүгедектер түнгі жұмысқа жіберіледі, егер оған
олардың келісімі болса және ұсынылған жұмысты атқаруға дәрігер тыйым
салмаған болса.
Түнгі уақытқа кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі кезең
жатады. Ауысым түнгі деп саналады, егер жұмыс уақытының кемінде жартысы
түнгі уақытқа келсе.
Жұмыс уақытының режимі
Белгілі бір есепті кезендегі (апта, ай, т.б.) жұмыс уақыты мен демалу
уақытының ара қатынасы (алмасуы) жұмыс уақытының режимі деп аталады. Жұмыс
уақыты режимінің негізгі элементтеріне мыналар жатады: аптадағы жұмыс
күнінің саны, күнделікті жұмыстың басталуы және аяқталуы, жұмыс ауысымының
ұзақтығы және алмасуы.
Жұмыс уақытының режимі жұмыс аптасының типіне байланысты.
Кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) қызметкерлері үшін екі демалыс
күні бар 5-күндік жұмыс аптасы белгіленген. Бұл жағдайда күнделікті
жұмыстың ұзақтығы жұмыс беруші жұмыс ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін
және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып бекіткен оның
актілерімен немесе ауысымдық графиктерімен анықталады.
Егер өндірістің сипатына және кәсіпорындағы (мекемедегі, ұйымдағы)
жұмыс жағдайларына байланысты 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз болса,
онда бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы сақталады. Мысалы, 5 күндік
жұмыс аптасы жалпы білім беретін мектептерге, кәсіби-техникалық, орта
арнайы және жоғары оқу орындарына катысты емес.
Екі демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы жағдайындағы жұмыс аптадағы
жұмыс уақытының заңнамада белгіленген жалпы ұзақтығы шамасында жүзеге
асырылады. Басқаша айтқанда, 5 күндік жұмыс аптасы тек жұмыс уақытының
режимін, онын, құрылымын ғана өзгертеді, ал жұмыс уақытының (жұмыс
аптасының) еңбек туралы заңнамада белгіленген ең көп ұзақтығын өзгерте
алмайды.
Бескүндік немесе алтыкүндік жұмыс аптасын жұмыс беруші белгілейді,
сондай-ақ ол жеке еңбек немесе ұжымдық шарттардың жағдайларымен анықталады.
Жұмыс ауысымы — бұл, күнделікті жұмыстың заңға, ұжымдық немесе жеке
еңбек шартына сәйкес белгіленген ұзақтығы, оны жұмыскер графикке (кестеге)
сәйкес тәулік ішінде атқарып шығуға тиіс. 5 күндік жұмыс аптасы
жағдайындағы күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс беруші жұмыс
аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып бекіткен оның актілерімен
немесе ауысым графигімен анықталады.
Кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметінің нақты
ұйымдық-техникалық жағдайларына байланысты жұмыс графигі белгілі бір есепті
кезеңге, яғни жұмыс аптасының орташа ұзақтығы сақталуға тиісті уақытқа
белгіленеді. Қалыпты жұмыс уақытын кейбір айларда (календарь бойынша 6
күндік жұмыс аптасымен есептелген) артығымен немесе кем істесе, ол жұмыс
графигін қайта қарауға негіз бола алмайды, егер жұмыс уақытының жалпы
теңгерімі жұмыс сағаттарының есепті кезеңге белгіленген нормасына сәйкес
келетін болса. 40 сағаттық апталық норма болғанда 6 күндік жұмыс аптасында
күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы 7 сағаттан, 36 сағаттық апталық
норма болғанда 6 сағаттан, 24 сағаттық апталық норма болғанда 4 сағаттан
аспауға тиіс екендігі еңбек туралы заңнамада белгіленген[3] (Еңбек туралы
Заңның 47-бабы).
Жұмыс күнінің (ауысымның) режимі, яғни күнделікті жұмыс тәртібі ішкі
еңбек тәртібінің ажырамас, құрама бөлігі болып табылады. Кәсіпорында
(мекемеде, ұйымда) жұмыстың басталу және аяқталу уақыты жұмыс берушінің
актісімен белгіленеді. Тиісті жағдайларда күнделікті жұмыстың ұзақтығы,
оның ішінде күнделікті жұмыстың басталу және аяқталу уақыты жене демалу
үшін және тамақтану үшін үзіліс жұмыс беруші жұмыс ерекшелігін, еңбек
ұжымының пікірін ескеріп және аптадағы немесе басқа есептік кезендегі жұмыс
уақытының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып бекіткен ауысымдық график
бойынша анықталады.
Әкімгерлік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күнінің ұзақтығы мен
режимі 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, күшіндегі еңбек
заңнамасына сәйкес анықталады. Әңгіме бұл жерде мемлекеттік органдардың
бүтіндей немесе оның кейбір бөлімшелерінің қалыпты және тоқтаусыз жұмысын
қамтамасыз ететін әкімгерлік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының
режимі жайында және де мұнда олардың кейінге қалдыруға болмайтын және алдын
ала болжамдалмаған жұмыстарды орындау үшін демалыс күндері мен мереке
күндері міндетті түрде жұмысқа келуі көзделген.
Еңбек заңнамасы жұмыскерлердің кейбір санаттары үшін жұмыс барысында
арнайы үзілістер беруді қарастырған, олар жұмыс уақытының есебіне кіреді,
сондықтан оған еңбекақы төлеу көзделген. Мұндай үзілістер мыналар үшін
белгіленген:
а) жылдың суық кездерінде сыртта және іші суық жабық жерде жұмыс
істейтін жұмыскерлер үшін;
б) тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлер үшін.
Жұмыскерлердің бұл көрсетілген санаттары үшін үзілістер саны мен олардың
ұзақтығы жұмыс берушінің актісімен, жеке еңбек және ұжымдық шарттардың
жағдайдарымен белгіленеді[4].
Өндірістік бөлімшелердің басшылары (мастерлер, цех, белім, участок
бастықтары, т.б.) жұмыстық уақтылы басталуына және аяқталуына, жұмыс
күнінің дұрыс және тиімді пайдаланылуына бақылау жасауға тиіс.
Мұндай бақылау жүзеге асырылғанда мыналар ескеріледі:
— жұмыскерлердің жұмысқа уақтылы келгендігін, кешіккендерді және
жұмысқа келмегендерді анықтау;
— жұмыс уақтында жұмыскерлердің өз жұмыс орындарында болуы, олардың
түскі үзіліске уағында кетіп, кешікпей қайтуы;
— жұмыс күні немесе ауысым аяқталғаннан кейін жұмыскердің жұмыстан
уақтылы кетуі;
— жұмыскердің жұмысқа жұмсаған нақты уақытын, бос тұрған уақытын және
жұмыс уақытын толық пайдаланбаудың басқа түрлерін, оның себептерін анықтау.
Ауысымдық графиктері. Егер кәсіпорында екі немесе одан көп ауысым
белгіленсе, онда жұмыс уақытының режимі жұмыс графигімен реттеледі.
Ауысымдық графигі кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібінің құрамдас бөлігі.
Ауысымдық жұмыста жұмыскерлердің әрбір тобы жұмыс уақытының белгіленген
ұзақтығы аралығында жұмыс жасауға тиіс. Ауысым бойынша жұмыскерлер біркелкі
алмасады. Бір ауысыммен екіншісіне ауысу жұмыс ерекшеліктері мен еңбек
ұжымының пікірі ескеріліп, жұмыс берушінің актісімен бекітілетін ауысымдық
графиктерімен анықталады.
Технологиялық процестері үзілісті де, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz