Кепілдіктер мен өтемақылар: түсінігі мен маңызы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Кепілдіктер мен өтемақылар: түсінігі мен маңызы2
Қызметтік іссапарға қатысты өтемақылар4
Пайдаланған әдебиеттер тізімі11
Кіріспе
Еңбек туралы заңнамада қызметкерге кепілдік берілген ақылар мен өтемақылар төленетін кейбір жағдайлар белгіленген. Кепілдік берілген төлемдерге заңнама дәлелді деп танитын себептермен қызметкер жұмыс істемеген кезде (мысалы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаумен байланысты) төленетін еңбекақы. Өтемақы дегеніміз - жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен, қызметкердің жұмысты орындау кезінде көтерген шығындарының орнын толтырумен (мысалы, іссапар кезінде) байланысты ақшалай төлемдер.
Кепілдіктер мен өтемақылар: түсінігі мен маңызы
Еңбек туралы заңнамада көзделген бірқатар кепілдіктер мен өтемақыларды қарастырайық.
1. Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауы кезіндегі кепілдіктер. Еңбек туралы Заңға сәйкес (80 бап) жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады. Мұның, атап айтқанда, сайлау және депутаттар мәртебесі туралы заңнамаға сәйкес депутаттық міндеттерді жүзеге асыруға қатысы бар. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар №2464 Жарлығына сәйкес (47 бап) Президенттікке, Парламенттің, мөслихаттың депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлау қорытындьь сы шыққанға дейін жұмыстан (әскери қызметтен, әскери жиыннан) босатылады, осы кезеңдегі орташа жалақы мөлшеріндегі шығын сайлау өткізуге бөлінген мемлекеттік бюджет қаражатының есебіне жатқызылады. Кандидаттың сайлауға қатысқан уақыты ол тіркелген күнге дейін жұмыс істеген мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі. Жалпыға бірдей әскери міндет туралы Заңда көзделген міндеттерді орындауға тартылған қызметкерлерге осы заңға сәйкес кепілдіктер мен жеңілдіктер беріледі. Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкерлердің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады. (Еңбек туралы Заңның 80 б. 2 т. ) .
Жұмыс кезінде мемлекеттік міндеттерді орындаудың басқа жағдайларына мыналар жатады: куә, жіберленуші, сарапшы, маман, аудармашы, айғақ, т. б. ретінде анықтама, тергеу орындарына, прокурорға және сотқа шақырту бойынша келгенде. Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің мүдделеріне байланысты қоғамдық міндеттер орындау үшін кәсіподақтардың оқуында болған, кәсіподақтар шақырған съездерге, конференцияларға делегат ретінде, сондай-ақ пленумдар мен төралқалар жұмысына қатысқан кездерде өндірістік жұмыстардан босатылады. Босатудың жағдайлары мен ақы төлеудің тәртібі ұжымдық шарттар мен келісімдерде көзделеді ("Кәсіпшілдер одағы туралы" Заңның 19 бабы") .
2. Медициналық мекемелерге тексерілуге жіберілген қызметкерлер үшін кепілдік. Оқтын-оқтын медициналық тексеруден өткен кезде мұндай тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің жұмыс беруші есебінен орташа айлық жалақысы мен жұмыс орыны (қызметі) сақталады.
3. Біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген қызметкерлер үшін кепілдік. Жұмыс беруші қызметкерді өндірістен қол үзіп біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберген кезде оның жұмыс орны (қызметі) мен орташа айлық жалақысы сақталады (Еңбек туралы Заңның 82 бабы) . Қызметкер оқуға басқа жерге жіберілген жағдайда оның оқу орнына барып-келу жол пұлы және жолда жүрген уақыты мен оқыған кезеңіне тәулікақы төленеді (егер тағам тегін берілмейтін болса) 1.
Сонымен қатар, жұмыс беруші өз мүддесі үшін кадрлар даярлау мақсатында өз қаражаты есебінен қызметкерлерді оқытуға немесе оқуға жіберуге құқылы. Бұл жағдайда, жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін көтерген және қайта даярлықтан өткен қызметкер тараптардың жеке еңбек шартында келісілген мерзімін жұмыс берушіде істеп шығуға міндетті. Қызметкердің ынтасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің ынтасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушіге қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыс істеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне бара-бар етіп, толығымен төлейді2.
Қызметкерлер қызметтік іссапарларға, басқа жердегі жұмысқа ауыстыруға, қабылдауға немесе жіберуге байланысты шығындардың орнын толтыруға және өзге де өтемақы алуға құқылы.
Қызметтік іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді қызметтік тапсырманы орындау үшін басқа жерге белгілі бір мерзімге жіберу. Қызметкер еңбек қатынастарында тұратын (оның ішінде қоса атқаратын жұмыс бойынша) мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) тұрған жері (қала, ауыл, т. б. ) тұрақты жұмыс орны болып табылады. Егер кәсіпорынның құрамына бірінен бірі біршама қашықтықта орналасқан жекелеген учаскелер (бөлімшелер, нысандар, т. б. ) кіретін болса, бұл жағдайда тұрақты жұмыс орны жеке еңбек шартында көрсетілген жұмыс атқарылатын участок болып саналады. Егер қызметкер өзінің тұрақты жұмыс орнынан тысқары орналаскан учаскеге (бөлімшеге, нысанға, т. б. ) жіберілсе және ол жұмыстың сипаты мен қатынас жағдайларына қарай өзінің тұрақты тұратын орнына күнделікті қайтып орала алмайтын болса, онда мұндай учаскеде қызметтік тапсырма орындау іссапар ретінде қарастырылады, оның барлық салдарлары қамтылады.
Қызметтік іссапарға қатысты өтемақылар
Заңнамада қызметтік іссапарға қатысты барлық өтемақылар көзделген. Мысалы, қызметтік іссапарларға жіберілген қызметкерлерге: 1) іссапарда болған уақыты үшін тәулікақылар; 2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары; 3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары төленеді (Еңбек туралы Заңның 83 бабы) . Қызметкерлердің іссапарларымен байланысты шығындарды өтеудің тәртібі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірлестіктері, кәсіпорындары мен ұйымдары қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы" қаулысында анықталған. Мемлекеттік бірлестіктердің, кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) қызметкерлері іссапарға сол бірлестіктер мен ұйымдардың басшыларының рұқсатымен шығады.
Іссапарға жіберілетін қызметкерге белгіленген формада куәлік беріледі, онда оның тегі, есімі, әкесінің есімі, атқаратын қызметі, куәлік берген кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) аты, іссапарға баратын жері, іссапарда болу мерзімі көрсетіледі.
Іссапар куәлігіне сол іссапарға жіберуге құқық берілген лауазымды адамдар ғана қол қояды, кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) мөрімен куәлендіріледі. Егер іссапар жоғары тұрған органның рұқсатымен берілсе, онда іссапар куәлігіне кәсіпорынның (мекеменің ұйымның) басшысы қол қояды, куәлікте кімнің рұқсат бергендігі міндетті түрде көрсетіледі.
Іссапар мерзімі қызметкердің іссапарға шыққан күнінен бастап одан қайтқан күніне дейінгі күндер санымен анықталады. Іссапар орнына келген күн және ол жерден кеткен күн туралы белгілер іссапар куәлігінің сырт жағына жасалады. Қызметкерді іссапармен барған мекемесі (кәсіпорны, ұйымы) оның келген жене кеткен күндерін куәлікке белгілеп растамаса, оған есеп жүргізілмейді. Қазақстан Республикасының ішіндегі іссапарларда іссапарға кеткен және іссапардан қайтқан күндер өзінше екі күн болып есептеледі. Қызметкердің іссапарға кеткен күні болып оның тұрақты жұмыс онынан көлік құралының (поездың, ұшақтың, т. б. ) шыққан күні, ал келген күні болып тиісті көлік құралының сол тұрақты жұмыс орнына алып келген күні саналады. Егер көлік құралы 24. 00 сағатқа дейін жүріп кетсе кеткен (немесе келген) күн сол күні болып, ал 0 сағаттан кейін жүрсе келесі күн болып саналады. Ал, станса, аэропорт, пристань елді мекеннен тыскары орналасса, онда сол стансаға, аэропортқа, пристаньге жету үшін қажетті уақыт та есепке алынады.
Іссапардан қайтқаннан кейін қызметкер үш күннен кешіктірмей іссапардың нәтижесі туралы жазбаша баяндама және іссапарға байланысты шығынның сомасы жайында авансалық есеп беруге тиіс. Авансалық есепке іссапар куәлігі тіреледі, ол бойынша қызметкердің іссапарға байланысты жаратқан қаражаты есептеледі және авансалық есепте көрсетілген соманың дұрыс жұмсалғанын растайтын құжаттар да тіркеледі. Басшы немесе оның орынбасары, өз кезегінде, бес күннен кешіктірмей іссапарға барып қайтқан қызметкердің баяндамасы мен есебі бойынша шешім қабылдуға тиіс. Аванстың жұмсалмаған болігі кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) кассасына қайтарылады. Қызметкер іссапарда болған барлық уақытта оның жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады.
Қызметкерлердің қызметтік іссапарларының мерзімін бірлестіктердің, кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) басшылары анықтайды, бірақ ол жолға кететін уақытты есептемегенде 40 күннен аспауы тиіс. Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомостволарына немесе басқа мемлекеттік басқару органдары-на, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің астаналарына іссапардың мерзімі, жолға кететін уақытты санамағанда, бес күннен аспауға тиіс. Мерзім ерекше жағдайларда, ең көбі бес күнге, сол басқару органы басшысының жазбаша рұқсатымен ұзартылуы мүмкін. Ревизия және тексеру жүргізу үшін қажетті іссапарлардың ұзақтығын бірлестіктердің, кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) басшылары ең көп мерзім шегінде анықтайды.
Іссапарда жүрген уақытындағы жеке шығындарын жабуы үшін қызметкерге тәулікақы төленеді. Оның мөлшері қызметкердің іссапарға қандай жерге жіберілетіндігіне байланысты емес. Қызметкердің Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік іссапарда болған әрбір күніне сол жылға және іссапар кезеңінде қолданылатын, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде теленеді. Іссапардағы қызметкер еңбекте жарамсыз болып калған жағдайда, ол өзінің денсаулығына байланысты тұрақты тұратын орнына қайтуға немесе жүктелген қызметтік тапсырманы орындауға мүмкіндігі жоқ барлық, уақыт үшін тәулікақы төленеді, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Тәулікақы іссапарда болған барлық күндерге төленеді, оған демалыс және мереке күндері де кіреді. Жолдағы күндеріне тәулікақы іссапардағы кезеңіне төленетін норматив бойынша есептеледі.
Егер жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкер іссапарға демалыс күні кетсе, онда іссапардан оралғаннан кейін оған басқа демалыс күні беріледі. Егер жұмыскер демалыс немесе мереке күндері жұмыс істеу үшін арнайы іссапарға жіберілген болса, онда оған бұл күндергі жұмысы үшін өтемақы күшіндегі заңнамаға сәйкес төленеді.
Іссапарда болған қызметкерге ұсынылған құжаттар негізінде тұрақ жалдағаны және жол жүргені үшін шығындар төленеді. Төленетін шығындарға жол жүру билетін жене қонақүйдегі орынды брондау үшін, сондай-ақ поездарда корпе-тосек пайдаланғандық үшін жұмсалған қаражат жатады, егер оны растайтын құжаттар болса. Тұрғын-жай жалдағаны жайында құжат тапсырмаса және қызметкер белгіленген тәртіп бойынша тегін тұрғын-жайды пайдаланбаса, қызметтік іссапардың төуліктік нормасының 50 пайызы мөлшерінде шығын өтеледі. Іссапар орнына барғандыгын және тұрақты жұмыс орнына қайтқандығын растайтын жол жүру құжаты болмаса шығындар әуе, теміржол, су және автомобиль көлігінің (таксиден басқа) жалпы пайдаланыстағы түрлеріне ең аз күн бойынша өтеледі.
Ол үшін бухгалтерия көлік ұйымынан көрсетілген қызметтің құны жөнінде анықтама сұратуға тиіс. Жолды өтеуге кеткен қаражат шығынын тек жол жүру билеттері ғана растай алады. Жол жүру құжаттары жоғалган жағдайда қызметкер ондай билеттің алынғандығын растайтын және оның бағасы көрсетілген анықтама немесе билет дубликатын көлік ұйымынан алып тапсыруы тиіс.
Бірлестіктердің, кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) басшыларына қызметтік іссапарға жіберілген бірінші басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа қызметкерлердің қымбат тұрақжайларды (жоғары санатты қонақүйлердегі "Жоғары А" разряд, "Люкс"-норма номерлерін) жалдаған шығындарын өтеуге тыйым салынған. Ондай тұрақжайларды жалдау шығынын өтеуге ерекше жағдайларда ғана және бірінші басшының жазбаша рұқсатымен ғана жол беріледі (ҚР Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 15 тамыздағы №906 қаулысы ) . Қызметтік іссапарларға арналған қаражаттың дұрыс және үнемді жұмсалуына жауапкершілік министрліктер мен ведомстволардың, бірлестіктердің, кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) басшыларына жүктеледі. Бұл мақсаттағы қаражатты заңсыз немесе ысыраппен жұмсаған кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік және материалдық жауаптылыққа, тартылады.
Қызметкердің ұйыммен бірге басқа жерге көшуіне байланысты шығындардың өтелуі заңнамада көзделген. Қызметкер басқа жерге (қазіргі әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша басқа елді мекенге) көшуге және оның отбасы мүшелерінің жаңа жұмыс орнына жетуіне қажетті жолпұл (егер жұмыс беруші тиісті көлікпен қамтамасыз етпесе) ; мүлікті алып жүру шығыны; жолдағы әр күн үшін тәулікақы; қызметкердің өзіне және кешетін әрбір отбасы мүшесіне жәрдемақы; жалға дайындық және жаңа орынға жайғасу күндері үшін, бірақ ең көп дегенде алты күнге, сондай-ақ жолда болған күндері үшін жалақы төленеді. Жұмыскердің ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа ауыстырылуымен байланысты шығындарға өтемақы төлеудің тәртібі мен оның мөлшері тараптардың өзара келісімінде анықталады (Еңбек туралы Заңның 84 бабы) 3.
Қызметкердің басқа жердегі жұмысқа ауысуымен байланысты белгіленген өтемақыны жұмыс беруші төлеуге тиіс, егер ауыстыру жұмыс берушінің ынтасымен болса. Басқа жердегі жұмысқа қызметтер өз өтініші бойынша ауыстырылса, онда тараптардың келісімі бойынша өтемақы толықтай немесе жарым-жартылай төленеді. Өтемақыны төлеу жөніндегі келісімге қызметкер жаңа жұмыс орнына кеткенше қол жеткізуі тиіс, ал көшіп алғаннан кейін ол өтемақы талап ету құқығынан айырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz