Конституциялық өндірістің мәселелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Конституциялық өндірістің мәселелері2

Қазақстан Республикасының Конститутциясы және оның құқықтық қорғауы. 5

Конституциялық өндірістің мәселелері

Конституциялық Кеңес өзінің құзырлығын конститутциялық өндіріс жолының құқықтық процедура ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырады.

Процедуралық ережелердің болуы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Конституциялық өндірістің барлық түрдегі істері өндірістің жалпы ережелері бойынша қарастырылады, тек арнайы нормаларда, оның ішінде Конституциялық Кеңес Регламентінде қаралмаса, аталған жалпы ереже бойынша қарастырылады. Бұл арнайы нормалар көрсетілген өндірістің ерекшелігін білдіре отырып төмендегідей білгілейді:

  • қайсы бір іс категорияларының негіздемесінің ерекшелігі;
  • субъектілердің қарым-қатынас шеңберіндегі сәйкестікпен, қарым-қатынастың мазмұны мен тексерілетін нормативті актінің заңды күшімен, дауды қарастырғандағы белгілі бір процедуралардың өтуімен байланысты;

Кеңеске жүгінетін жағдайлар:

  • кеңес юрисдикцияларының заңды шектері.
  • Түрлі іс категориялары бойынша қорытынды шешімдердің түрлері Республика президентінің әрекет етуші жарлығы Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Кеңес регламентінің конституциялық өндіріс сатысын нақты белгіледі. Олардың ережесі келесі төрт сатыны бөлуге негіздеме болады:
  1. Конституциялық Кеңеске үндеу мен оларды алдынала қарастыруды енгізу;
  2. Кеңес мәжілісіндегі тыңдауға істі дайындау мен тағайындау;
  3. Мәжілісте істі қарастыруды;
  4. Кеңестің қортынды шешімінің қабылдауы мен орындалуы.

Аталған сатылар Конституциялық Кеңесте қарастырылатын кезкелген іс міндетті түрде оның бәрін өтуді меңземейді. Ол Конституциялық Кеңес туралы қалыптасқан заң, негіздеме бойынша бас тартатын Кеңес қаулысы шығуының бірінші және екінші сатыларында аяқталуы мүмкін. Мұндай негіздемелер төмендегідей:

  • егер ол тиіс емес субъектіден шықса, белгіленген талаптардың қатынасындағы сәйкессіздік;
  • Конституциялық Кеңестің құзырлығына қатынас пәні кірмейді;
  • Көрсетілген қатынас мәселелер заңдылығы Конституциялық Кеңесте қарастырылған және заң күші сақталған шешімдер бар;
  • Қатынаста көрсетілген мәселе заңды шешімін таппаған.
  • Талас тудыратын акт, заңдылық күші бұзылған немесе жойылған.

Республикадағы Конститутциялы заңдылық жағдайын талдау мен тұтастай заң ережесін нығайту бойынша ұсыныстарды енгізу қалай қамтамасыз ете алса, солай жеке Конститутциялық өндіріс практикасын жинақтау:

1 Әділ сотқа жібергенде тәуелсіз соттардьың конститутциялық ұстанымдарын алсақ, тек сот төрағасы ғана емес, Конститутциялық Кеңеспен жеке соттарының құқықтық қатынаста болу туралы мәселені шешу қажет.

2. Республика заңдылығында Конститутцияға қайшы келетін заңға қарсылық көрсететін прокуратура өкілдігін жүзеге асыратын механизмнің жоқтығын ескеріп, Конститутциялық Кеңес құқықтық қатынасын Республиканың бас прокурорынан болу қажет.

3. Конститутциялық Кеңес өкілдігінің шеңберін белгілейтін Заңның 72 бабының ішкі құрылысын дәлірек айтсақ, 72 баптың 1 тармағының 4-ші тармақшасын қайта қарастыру қажет. Біздің пайымдауымызша, елдің конституциялық зандылығымен қамтамасыз ету процесіндегі Кеңестің құқықтарына негізін салушылардың бірі ресми түсініктеме беру болып табылады, осыған байланысты ол квазисоттың органның еншісіндегі, , сәулетті иерархияны” басқару керек.

4. Қазақстан Республикасының заңдарына, оның ішінде конститутциялық заңдылықтарда заңдарды түсіндіретін субъект белгіленбеген. Конститутциялық заңдылықтар Негізгі Заңның белінбес бөлігі, оның материясының органикалық жалғасы екендігін ескеріп, конститутциялық заңдылықтарға түсінік беруді конститутциялық баықылау органдары басқаратын жакын жене алыс шетелдік елдердің практикасы мұндай заңдарды конститутциялық кеңестің құқықтық түсінік беруден үлестіру керектігін кұптайды.

5 Ресми түсініктеме мәселелері бойынша конститутциялық Кеңеске үндейтін субъектілер санатында мемлекеттік үкіметтің заң шығарушы жене орындаушы тармақтарының өкілдері ғана көрсетілген. Үкіметтің жан-жақты және баланстырландырған өзара әрекет етудің барлық тармақтарының кедергі және қайшы жүйенің әрекеттікпен сәйкес мақсатында елдің жоғарғы сот органы ретіндегі Жоғарғы Соттың төрағасына ресми түсініктеме нормалары мәселелері бойынша Конститутциялық Кеңеске үндеу құқығын толық берсе игі еді. Өйткені жалпы юрисдикция соттары заңды қолдану мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асырады, көбінесе әрекет ететін құқықтың кемістіктерге ұшырасып жатады. Сондықтан, елдің Жоғарғы Сот органының Негізгі заң нормаларына ресми түсінік беру мәселелері бойынша Конститутциялық Кеңеске үндеуге құқығының болуы, заңды дұрыс түсіну мен қолдануға септігін тигізеді, сондай-ақ конститутциялық заңдылық тәртібін нығайтады.

6. Конститутциялық заңдылықтың; жоғарылығын қамтамасыз ету үшін заң немесе басқа әрекет етуші нормативті құқықтық акт конститутциялық құқыққа, адам мен азаматтың еркіне (яғни Заңның 78-тармағында) қысым жасағанда ғана емес, кез-келген нормативті құқықты актілерге және басқа да конституциялық нормаларға қайшы келгенде Конститутция Кеңесіне соттардың үндеуі тастауы туралы мәселесіне шешу қажет.

Конститутция мен Конститутция Кеңесі туралы Жарлықтың берген күші бар Конститутция Кеңесі адам мен азаматтың еркі, құқық саласындағы конститутциялық ережелерді сақтауын бақылауды ғана қамтамасыз етпейді, сондай-ақ Негізгі заңньң басқа бөліктерінде бекітілген басқа да барлық нормаларды қамтамасыздандырады.

7. Конститутциялық Кеңестің шешетін мәселелерінің сипаты мен күрделілігін ескере отырып, Конститутция Кеңесі (4-баптың

1- тармағы) туралы қазіргі Республика Президентінің талап ететін жарғысын корректірлендіру қажет деп есептейміз. Конститутция Кеңесінің құрамына жасы 35-тен жоғары, үнемі Қазақстан аймағында 5-жыл бойы тұратын тұлғалардың тағайындалуы көзделеді. Кеңес мүшесінің жеткілікті түрде терең зерттеу мүмкіндігі болу қажет және Конститутция Кеңесі ғана шешетін мәселелердің маңыздылығына сәйкес елдің іс жағдайы туралы білуі керек.

8. Төраға өкілдігін, Конститутция Кеңесінің мүшелігін тоқтататын негіздеме болып табылатын Конститутциялық Кеңестің 12 жене 1 3-тармақшаларын Республика Президентінің

15-жарлығының 2-ші тармағына қосымша енгізу кажет. Оның ішінде, көрсетілген жарғының аталмыш бабының тармақшаларындағы төраға өкілдігі, Конститутциялық Кеңес мүшелігі тоқтатылуының мынадай салдары бар:

9. Конститутцияның 53-ші бабының 11-ші тармақшасына сәйкес даярланған және Қазақстан Республикасының Парламентіне бағытталған "Елдегі Конститутциялық заңдарының жағдайы туралы" Конститутциялық Кеңестің жыл сайынғы үндеуі, Кеңестің Конститутция заңдары ережесін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның болашақ нығаюы бойынша ұсыныстары жұмысының талдауы ғана емес. Осыған орай, "Парламент және оның депуттарының дәрежесі туралы" Конститутция заңының 6-бабына толықтыру енгізу көзделеді. Ол арнайы тармақпен орайластырылған "Парламент Палаталардың біріккен мәжілісінде Республика Конститутция Кеңесінің елдегі Конститутция заңдылығының жайы туралы,, үндеуін тыңдайды. Одан шыққан қорытындылар мен ұсыныстарды өзінің қызметінде ескереді.

10) Азаматтықтан шығу немесе одан айырылу;

11) Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты өмір сүруден мүлде кетуі.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы және оның құқықтық қорғауы

Мемлекеттің Негізгі заңын құқықтық қорғауымен байланысты сұрақтарды дұрыс шешу қазіргі заң ғылымының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады, өйткені осы сұрақтың дұрыс қаралуы көптеген мемлекеттің қоғамдық-саяси құрылыстарына әсер ететін факторлармен ескерілген.

Мемлекеттің, тәуелсіздік қабылдағаннан кейін дербес, тәуелсіз саяси даму мүмкіндігінің тууы, әлемдік тәжірибеде дәлелдеген. Осы концепцияның жарқын көрінісі болып Қазақстан Республикасы болып табылады, ол үшін, Н. Ә. Назарбаев тура айтқандай: "Соңғы өткен 10-жыл тек Совет Үкіметінің ыдырауы мен ескіліктің күйзелуі болып қана тарихқа кірмейді. Жаңа мемлекеттер тобының қазіргі замандағы әлеуметтік - саяси және зкономикалық құрылыс моделіне бет бұрысы жүзеге асырылуда".

ССРО - ның ыдырауынан кейін бізге негізінде жаңа қоғамдық қатынастарды қамти алмайтын құқықтық жүйесі қалды, сондықтан да ол Қазақстанның Мемлекеттік құрылысының негізі бола алмауы бәрімізге анық.

Қ. . Р. мемлекеттік және қоғамдық дамуы үшін жаңа, негізгі концепция мен дұрыс мемлекеттік биліктің реттеуші күшімен сәйкес, құқықтық жүйесін жасау қажеттілігі туды. Мұны мемлекет басшылығы мен жетекші заңгерлер түсінген.

Тура ойланылған және анықталған мемлекеттік даму саясатының негізінде 1993 жылының 28-қаңтарында қабылданған егемен Қазақстанның Конститутциясын дайындап қабылдалуына себеп болған, өзіндік заңдылық-даушылық актілердің 1-буынының құрылуы үшін құқықтық база жасалған.

Бұл құрылған мемлекеттік билік жүйесі өмірдің әр саласында туатын мәселелерді меңгере алмайтны бірінші күннен-ақ белгілі болды. Өмір 1993 жылғы Конститутциясында қаралған мемлекеттік құрылыс моделінің негізінде жаңа президенттік формасы мен ескі Кеңес жүйесі арасындағы жеңілмейтін қайшылықтарының шарттары салынғандығын көрсетті. 70-жылдық марксисттік идеология әсерінің азаматтардың демократиялық құқықтың мемлекет құру мүмкіндігіне сенбеушілік туғызуы үнемі сезіліп тұрды; Қазақстан азаматтарының көпшілігі мен мемлекет сөзінің өзі күштеу аппараты болып қабылданды, ал Конститутция мен басқа да нормативті-құқықтық актілер тек басқарушы топтардың пайдасына ғана қызмет етуші құқықтық база болып саналды. Мұндай мәселеге бұрынғы Кеңес Одағының барлық мемлекеттері тап болды және әрқайсысы оны шешу керек болды. Мемлекет басшылығының асқан күш салушылығының арқасында, Қазақстанды біріңғай мемлекеттік билік институтын құру мүмкін болды, бұл институттың қоғамдық дамуы да мақсатты алға жылжыта алуы мен дұрыс меңгеру қабілеттілігі 1995ж. 30-тамызында бүкіл халықтық референдум жолымен қабылданған Конститутцияға алып келді.

Конститутция - құқықтың негізгі көзі, оның ережелері заң қабылдаудың мағынасы мен мазмұнын белгілейді, заң шығарушы және атқарушы билік қызметін анықтап, басқа құқық салаларымен қоғамдық қатынастардың кейінгі тәртібін белгілеу негізі болып табылды. Сондықтан құқықтық мемлекетті құру және ұйымдастыру негізінің бірі болып конститутцияның нормативтік актілер жүйесіндегі жоғарылығы мен оның тура, тікелей әрекеті болады.

Құқықты демократиялық мемлекет құру конститутцияның бейбітшілік пен тұрақтылықтың сенімді кепілі ретінде мағынасы өсуін қалайды, өйткені құқық үстемділігі концепциясының қажетті шарттарын тағайындап бекітетін - Конститутция. Мемлекеттік орындар мен жалпы қоғамның Конститутцияның негізгі қалауларын орындауы мен Конститутциялық құрылыстың беріктігіне байланысты. Конститутциялық құрылыс - мемлекет ұйымдастыруының Конститутцияда бекітілген белгілі амалы немесе белгілі формасы.

Қ. Р. Конститутциялық құрылыс қоғамда қалыптасатын қоғамдық қатынастардың толық жүйесін ендіреді. Оның бекітілуінде, тіпті құқықтық нормалар ғана емес, тіпті жеке құқық саласы ғана емес, Қазақстанның бүкіл құқық салалары мен заң шығарушылары қатысады.

Конститутциялық құрылысын реттейтін құқықтық нормалар арасында жүргізуші орын Конститутция нормаларына сәйкес келеді. Бұл оның жоғарғы құқықтық күшпен бөлінгенмен ағымды заң шығарушылықтың базасы болуымен байланысты. Конститутциялық құрылымның белгілерінің қатарьна Қ. Р. Конститутциясына сай біріншіден, әр Конститутциялық мемлекетке тиісті негіздер тарайды. Бұл Егемендікте, билік бөлуінде идеологиялық және саяси сан алуандылықта жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындау кепілдік беруінде көрсетілген демократизм. Мемлекеттің жеке адамның құқығы мен бостандығын жоғарғы құндылық етіп мойындау Конститутциялық мемлекеттің негізін құрайды. Бұл негіздердің қатарына тауарлар мен байлықтарды ендіру мен үйлестіруді жүзеге асыратын нарықтық шаруашылық та кіреді, кейбір мемлекеттің орындардың және азаматтардың белгіленген әрекеттенулері жалпы Конститутциялық тәртіптердің беріктігіне сеніммен қарайды. Мұндай қауіп белгілі бір кызмет иесі адамдар мен мемлекеттік орындардың өз өкілдіктерін құртады.

Конститутция жариялылығы, Конститутциялық заңдылығы прициптері дағдылы жүргізілмейді немесе олардың әрекеті құқық қолданулық қате күшінде қасақана бұзылуы мүмкін. Демократиялық мемлекет Конститутцияның сақталуын қамтамасыз етіп, оны әр бұзушылықтан қорғау керек. Мұндай бұзушылықтарды болдырмау мен жою үшін Конститутцияньң құқықты қорғау әдістемелерінің жүйесі бар.

Конститутция жоғарылығының принципін қорғау және қамтамасыз етуі ерекше институт болып Конститутциялық бақылау болып табылады.

Конститутциялық бақылау - толық праволы мемлекет орындардың Конститутцияның нормативтік актілер арасындағы жоғарылығын, оның қоғамдық қатынастарының субъектілердің әрекетшілдігін тікелей тура әрекетін қамтамасыз ететін ерекше функциясы.

Әлемдік тәжірибеде Конститутцияны қорғау мен оны нәтижелі жүзеге асырудың келесі субъектілер қамтамасыз етеді:

а) Мемлекеттердің басшылары (Франция Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы ) .

б) Жалпы юрисдикциясының барлық соттары (АҚШ, Жапония, Норвегия ) .

в) Жоғаргы сот, ең жоғарғы сот инстанция ретінде (Канада, Индия, Австралия ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Еңбекті қорғау саласына қылмыстық қол сұғушылықтың құқықтық мәселелері
Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек құқығының қайнар көзі түсінігі
Аграрлық құқық
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
Конституциялық бақылаудың мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz