Қазақстан Республикасындағы прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТIРЛIГI

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТI

Қылмыстық iс жүргiзу кафедрасы

Тақырыбы:

« Қазақстан Республикасындағы прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi »

Орындаған: Ерешев Д.

ЮСБ-403

Тексерген: Тұрашев.

АЛМАТЫ - 2003

Мазмұны

Кiрiспе3

Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы. 4

Қылмыстық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi5

Азаматтық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi. 6

Қолданылған әдебиет:8

Кiрiспе

Прокуратураның пайда болу және даму тарихы ежелгi дәуiрлерден басталады. Оның негiзгi қызметтерiнiң белгiлерi ежелгi Шығыс, Греция және Рим мемлекеттерiне таныс болған. Мысалға “Прокуратура” түсiнiгi латын сөзi “procuro”, “қорғаймын, қамтамасыз етемiн, алдын аламын” деген мағынаны бiлдiредi1. Мемлекет пайда болғалы, үстем таптардың мүдделерiн қорғау үшiн “procuro” қызметiн атқаратын институттар пайда болды.

Ежелгi және Орта ғасырларда дәлме-дәл прокуратураға ұқсас институттар болған жоқ. “procuro” қызметiн ақсақалдар, ру басшылары, монархтар тiптi мемлекеттiң азаматтары да жүзеге асырған болатын. Бiртiндеп заңды қорғау механизмi дамыған сайын прокуратураның белгi үлгiлерi қалыптаса бастады.

Прокуратура институтының құқықтық жүйедегi алатын орны айқындалған кезде. Мемлекет оған нақты қызметтер мен өкiлеттiктердi бере бастады. Мысалы, ежелгi Грециядағы халық жиналысында арнайы номофилактар коллегиясы заңдарды қорғау қызметiн атқарған, синофактар институты сотта айыптаумен айналысқан. Римде патрицийлерден қорғану үшiн халық трибунаты құрылды /плебейлiк магистратура/. Оның қызметiне заңдарды қорғау мен соттағы бәсекелестiктi қамтамасыз ету кiрдi. Бiр уақытта, әр түрлi лауазымды тұлғалар мен институттар арасындағы бытырап жатқан “procuro” қызметi бiрiгу жолына түскенде. Прокуратура институты толық құрылып, бүкiл қоғам мүдделерiн қорғай алады.

Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерiнiң жалпы сипаттамасы.

Прокуратура қызметiнiң, мемлекеттiң құқықтық жүйесiндегi алатын орны, заңнамада көрiнiс табады. Қазақстан Республикасының конституциясының 83-бабы, прокуратураның орны, мақсаттары, принцитптерi, құрылымы мен функцияларын белгiлейдi. Бұл тәртiптердi жүзеге асыру құқықтың әр түрлi салаларына шығып кетедi. Сондықтан прокуратура құқықтық қатынастардағы субъектiлерiмен қарым-қатынастарға түсу, өз қызметiн ұйымдастыру тәртiптерi әр түрлi салалардағы заңдарда белгiленiп қорғалады.

Жоғарыда қарастырылған мәселе “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлығының 2-бабында қарастырылады. Осы бап бойынша Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Конституциясымен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасы заңдарымен, халықаралық шарттармен, сондай ақ Республика Бас прокурорының бұйрықтарымен айқындалады2.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттiң құқықтық жүйесiнiң көптеген салаларына тығыз байланысы бар. Мысалы прокурор қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстердегi статусы мен өкiлеттiктерi сәйкесiнше қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық iс жүргiзу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстерiнде белгiленедi3. Сондықтан белгiлi бiр саладағы қадағалауды зерттегенде арнайы заңдарда белгiленген прокурорлардың қызметiмен танысу керек.

Қылмыстық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi

Қылмыстық iс жүргiзудегi прокурордың қатысуының маңызы зор. Бұны Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 62-бабынан көруге болады:

  1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде жедел iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалаудағы, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзудiң барлық сатыларында қылмыстық iзге түсудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын лауазымды тұлға4.

Аталған баптың төртiншi тармақшасында, прокурор өзiнiң iс жүргiзушiлiк өкiлеттiгiн жүзеге асыруы кезiнде т„уелсiз болады және заңға ғана бағынады, деп жазылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 190-бабында “Прокурордың қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалау“, Прокурорға келесi құқықтар берiлген:

  • анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға ж„не қылмыстық iс қозғаудан бас тартуға;
  • анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшiн жоюға және қылмыстық iс қозғауға
  • анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушiнiң қылмыстық iс қозғау туралы қаулысының күшiн жоюға және егер қылмыстық iс бойынша тергеу әрекеттерi жасалған болса оны тоқтатуға құқылы5.

Прокурор, қылмыстық iс қозғаудың заңды болуын қадағалағанда, жасалған немесе болашақта жасаланатын қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, регистрациялау, рұқсат беруге қатысты заң талаптарының орындалуын тексередi. Сонымен қатар арыздар мен хабарламаларды қараудан негiзсiз бастарту туралы нараздылықтарды қарайды. Ал қылмыстық iстi қозғау қабылданбаған жағдайда арыздар мен хабарламаларды тапсырған тұлғалардың ескертiлгенiн және оған қатысты қаулыға наразылық бiлдiру құқықықтары мен тәртiптерiн түсiндiрiлгенi туралы тексередi6. Қарастырылып жатқан сатыдағы, қадағалау қызметiн жүзеге асыра отырып, құқық қорғау органдарынан қылмыстық iстерге байланысты құжаттар, мәлiметтер, тергеу, жедел iздестiру материалдарын қолдана алады.

Азаматтық iс жүргiзудегi прокурорлық қадағалаудың құқықтық негiздерi.

Прокурор қылмыстық iс жүргiзуде сияқты, азаматтық iс жүргiзуге де Конституция мен “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлығында көрсетiлген мақсаттар жүзеге асыру үшiн қатысады. Бiрақ бұл құқықтық салалардың негiзгi айырмашылықтарына сәйкес, бұл қызметтердi жүзеге асыру кезiнде сәйкесiнше айырмашылықтар кездеседi. Көзге түсетiн негiзгi айырмашылық бұл прокурордың азаматтық iс жүргiзуге қарағанда, қылмыстық iс жүргiзуде қатысуы молырақ, бұл прокурорлық қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты. Аталған iс жүргiзушiлiк салалар iшiндi прокурорлық қызмет қылмыстық iс жүргiзумен байланысы тығыз.

Оған қарамастан прокурордың азаматтық iс жүргiзуге қатысудыңда маңызы зор. Ең алдымен азаматтық iс жүргiзуге заңдардың дәлме-дәл және үлгiде қолданылуына жоғары қадағалау жүргiзу iсiн мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры тiкелей өзi және өзiне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz