Қазақстан Республикасының Конститутциясы және оның құқықтық қорғауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Қазақстан Республикасының Конститутциясы және оның құқықтық қорғауы 2
қазақстан республикасының конституциясы қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы
3
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы. Қазақстан
Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы 5
Қазақстан Республика азаматының конституциялық құқықтары, еркіндері және
міндеттері. 7
Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңесі 15
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Конститутция – құқықтың негізгі көзі, оның ережелері заң қабылдаудың
мағынасы мен мазмұнын белгілейді, заң шығарушы және атқарушы билік қызметін
анықтап, басқа құқық салаларымен қоғамдық қатынастардың кейінгі тәртібін
белгілеу негізі болып табылды. Сондықтан құқықтық мемлекетті құру және
ұйымдастыру негізінің бірі болып конститутцияның нормативтік актілер
жүйесіндегі жоғарылығы мен оның тура, тікелей әрекеті болады.
Құқықты демократиялық мемлекет құру конститутцияның бейбітшілік пен
тұрақтылықтың сенімді кепілі ретінде мағынасы өсуін қалайды, өйткені құқық
үстемділігі концепциясының қажетті шарттарын тағайындап бекітетін -
Конститутция. Мемлекеттік орындар мен жалпы қоғамның Конститутцияның
негізгі қалауларын орындауы мен Конститутциялық құрылыстың беріктігіне
байланысты. Конститутциялық құрылыс - мемлекет ұйымдастыруының
Конститутцияда бекітілген белгілі амалы немесе белгілі формасы.
Қ.Р. Конститутциялық құрылыс қоғамда қалыптасатын қоғамдық
қатынастардың толық жүйесін ендіреді. Оның бекітілуінде, тіпті құқықтық
нормалар ғана емес, тіпті жеке құқық саласы ғана емес, Қазақстанның бүкіл
құқық салалары мен заң шығарушылары қатысады.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда
республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата
Заң кабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан
Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау
әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар
көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы және оның құқықтық қорғауы

Мемлекеттің Негізгі заңын құқықтық қорғауымен байланысты сұрақтарды
дұрыс шешу қазіргі заң ғылымының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады,
өйткені осы сұрақтың дұрыс қаралуы көптеген мемлекеттің қоғамдық-саяси
құрылыстарына әсер ететін факторлармен ескерілген.
Мемлекеттің, тәуелсіздік қабылдағаннан кейін дербес, тәуелсіз саяси
даму мүмкіндігінің тууы, әлемдік тәжірибеде дәлелдеген. Осы концепцияның
жарқын көрінісі болып Қазақстан Республикасы болып табылады, ол үшін, Н. Ә.
Назарбаев тура айтқандай: "Соңғы өткен 10-жыл тек Совет Үкіметінің ыдырауы
мен ескіліктің күйзелуі болып қана тарихқа кірмейді. Жаңа мемлекеттер
тобының қазіргі замандағы әлеуметтік - саяси және зкономикалық құрылыс
моделіне бет бұрысы жүзеге асырылуда".
ССРО - ның ыдырауынан кейін бізге негізінде жаңа қоғамдық қатынастарды
қамти алмайтын құқықтық жүйесі қалды, сондықтан да ол Қазақстанның
Мемлекеттік құрылысының негізі бола алмауы бәрімізге анық.
Қ..Р. мемлекеттік және қоғамдық дамуы үшін жаңа, негізгі концепция мен
дұрыс мемлекеттік биліктің реттеуші күшімен сәйкес, құқықтық жүйесін жасау
қажеттілігі туды. Мұны мемлекет басшылығы мен жетекші заңгерлер түсінген.
Тура ойланылған және анықталған мемлекеттік даму саясатының негізінде
1993 жылының 28-қаңтарында қабылданған егемен Қазақстанның Конститутциясын
дайындап қабылдалуына себеп болған, өзіндік заңдылық-даушылық актілердің 1-
буынының құрылуы үшін құқықтық база жасалған.
Бұл құрылған мемлекеттік билік жүйесі өмірдің әр саласында туатын
мәселелерді меңгере алмайтны бірінші күннен-ақ белгілі болды. Өмір 1993
жылғы Конститутциясында қаралған мемлекеттік құрылыс моделінің негізінде
жаңа президенттік формасы мен ескі Кеңес жүйесі арасындағы жеңілмейтін
қайшылықтарының шарттары салынғандығын көрсетті. 70-жылдық марксисттік
идеология әсерінің азаматтардың демократиялық құқықтың мемлекет құру
мүмкіндігіне сенбеушілік туғызуы үнемі сезіліп тұрды; Қазақстан
азаматтарының көпшілігі мен мемлекет сөзінің өзі күштеу аппараты болып
қабылданды, ал Конститутция мен басқа да нормативті-құқықтық актілер тек
басқарушы топтардың пайдасына ғана қызмет етуші құқықтық база болып
саналды. Мұндай мәселеге бұрынғы Кеңес Одағының барлық мемлекеттері тап
болды және әрқайсысы оны шешу керек болды. Мемлекет басшылығының асқан күш
салушылығының арқасында, Қазақстанды біріңғай мемлекеттік билік институтын
құру мүмкін болды, бұл институттың қоғамдық дамуы да мақсатты алға жылжыта
алуы мен дұрыс меңгеру қабілеттілігі 1995ж. 30-тамызында бүкіл халықтық
референдум жолымен қабылданған Конститутцияға алып келді.

қазақстан республикасының конституциясы қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден
(преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады.
Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи
жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта
басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы
Конституциясының кіріспесі Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын
былай түсіндірген. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік
және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына
отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі
және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз. Ата Заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан
алғанда аса маңызды. Өйткені, осыдан келіп, мемлекетіміздің мынадай негізгі
мақсаты туындайды:
1) өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекіту;
2) өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті,
ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастықтың әдістерін нақтыландырып бекіту;
3) байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау;
4) республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру;
5) Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын
бекіту. Мұның ұшқыны ретінде, республика қызметінің түбегейлі принциптері
де айқындалады. Олар: 1) қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; 2) бүкіл
халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; 3) қазақстандық патриотизм;
4) мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның
ішінде республикалык референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы
шешу.
Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар
жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент,
Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі,
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар
енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының I—VIII
бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды және өтпелі ережелер баяндалған ақырғы
IX бөлімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы,
конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі мен басқалар
жайлы сөз болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы 9
бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық
идеялардың айқын көрінісін береді. Жалпы ережелер деп аталатын I бөлім
жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада
мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен Заңдар негізінде Заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-
теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес
жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын
— Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап
берген. Олай дейтініміз — біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық
бөліністерге бөлінбей, тек әкімшілік-аумақтық бөліністерге — облыстарға,
қалаларға, аудандарға, ауылдарға, т.б. — бөлінетіндігі және олардың
жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. Және де, Қазақстан Республикасында
идеологиялықпен саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік
институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың
ұйымдарын құруға жол берілмейді. Адам және азамат деп аталатын II бөлім
адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастың құндылығын
ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық
құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған.
Жаңа Қазақстандық Ата Заңның басты желісі — азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.
Президент деп аталатын III бөлім мемлекет басшысы ретінде
Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді
Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі IV— VIII бөлімдерде
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз
қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті
деп айтуға болады.
Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталатын IX бөлім жаңа Ата Заңды
күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден
бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін
қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін
көрсетеді.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы. Қазақстан
Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы

Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік-
экономикалық ұйымын мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген
қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл ұғым Конституцияны,
конституциялық және жәй Заңдарды жоғарғы санайтын мемлекеттерге ғана тән
болмақ. Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың
және азаматтық қоғамның, қарым-қатынастарынан туындайтын негізгі
қағидаттарға жататындар: 1) Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі);
2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; 3) мемлекеттік билікті
жүзеге асыру барысындағы пікір алуандығы; 4) Конституцияның үстемдігі
(жоғарылығы); 5) мемлекет билігінің бөлінісі; 6) адам құқықтары мен
бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдылығы; 7) мемлекеттік тіл
саясатыньң кепілділігі және өзгелер.
Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының Жалпы
ережелер деп аталатын I бөлімінде баяндалған. Азаматтық қоғам мемлекетті
адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны мемлекеттік билікті
заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі
тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес
жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы
конституциялық құрылысының мазмұнына саяси, экономикалық негіздер,
әлеуметтік саясат негіздері, ішкі саясат негіздері енеді. Олар Қазақстан
Республикасы Конституциясының 1, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14 және 26-баптарында
тұжырымдалған. Мысалы, Ата Заңнын 1-бабының 1-тармағы: Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады,— деп жариялаған. Мұның өзі Қазақстан Республикасы
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігінен туындайды.
Демек, мемлекеттің басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық
етеді,— деген сөз. Біртұтас мемлекеттің тағы бір ерекшелігі сол, оның
ұлттық пәтерлерге ыдырап кетпей, әкімшілік-аумақтық құрылысқа бөлінуінде.
Еліміздегі саяси режим демократиялық болып жариялануына орай Қазақстан
Республикасы Конституциясының 3-бабы халық егемендігінің конституциялық
қағидатына арналған. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық, онда
былай баяндалған. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де
иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік Заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-
ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Мұнан
келіп біз, халықтық биліктің екі нысанының тікелей және өкілді демократияға
бөлінгендігін аңғарып отырмыз. Өкілді демократия мен тікелей демократияның
арасында орасан зор алшақтық болғанымен халық осы екі нысан арқылы мемлекет
ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық
өтініштер жолдауға құқығы бар. Және де республика азаматтарының мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға
сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға, бірлестіктерге
бірігуге құқығы бар.
Халық конструкциялық құрылысты өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға
бағытталған күштеу әрекетінің кез келгеніне қарсы тұра алады. Бұл жеке-дара
билікті орнатуға қайта оралмастың кепілі болып табылады. Конституцияның 2-
бабының 2-тармағында: Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды.
Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз
етеді,— делінген.
Мемлекеттің бүкіл экономикалық саясаты бәсекелестікті, еркін
экономикалық қызметті қолдауға бағытталған. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 28-бабы: Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз
мүлкін кез келген Заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы
бар Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге
тыйым салынады (4-тармақ) деп баяндалған. Мұның барлығы, яғни мемлекет
иелігінен айыру, жекешелендіру және акционерлік қоғамға айналдыру
инвестициялық бәсекелестікті арттыра түспек.
Сөйтіп, қорыта айтатын болсақ Қазақстан Республикасындағы ең қымбат
қазына — адам және адамның өмірі, денсаулығы, абыройы мен ар-намысы, қадір-
қасиеті, жеке басына ешкімнің тимеуі, оның қауіпсіздігі, құқықтары мен
бостандықтары болып табылады және олардың танылуы, сақталуы мен қорғалуы
мемлекеттің ең басты, негізгі міндеті болып саналады, оған ешкімнің де
күмәні болмауы тиіс. Өйткені, мемлекет тек жеке адамға емес, бүкіл қоғамға
қызмет атқарады және ол адамның, азаматтың алдында жауапты. Оны бір жақты
түсінбеуіміз керек, себебі жеке азаматтың, адамның өздері де мемлекеттің
алдындағы жауаптылығын ұдайы сезініп тұруы тиіс және оны іс жүзіне асыруға
белсенділік көрсетулері қажет. Осыған байланысты айта кететін бір жайт —
жеке адамның тұлғаның жан-жақты дамуы үшін барлығына біркелкі және әділетті
жағдайларды тудыруға мемлекет міндетті. Әркімнің еңбек ету бостандығына,
қызметтен кәсіп түрін еркін таңдауға, олардың қауіпсіздік пен тазалық
талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемітусіз
сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға кепілдік
беруге мемлекет міндетті. Мұнымен мемлекеттің міндеті доғарылмайды. Олар
өте көп. Ондай топтың келесі жұбы — Қазақстан Республикасының азаматы
жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған
жағдайда және өзге де Заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен
зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік берілуіне,
сондай-ақ неке мен отбасы, ана мен әке және балаға ұдайы көмек көрсетуге,
қорғауға негізделген әлеуметтік қызметтің жүйесін дамытып, өзге де
әлеуметтік қорғалудың кепілдіктерін, қайырымдылық көтермелерін іс жүзіне
асыруға мемлекет алдындағы тұрған күнделікті шешілуге жататын міндеттердің
бірі екендігіне әрдайым күмәнданбауымыз қажет.

Қазақстан Республика азаматының конституциялық құқықтары, еркіндері және
міндеттері.

Жеке құқықтар мен бостандықтар адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесінің түпқазығы болып табылады. Оларды шектеуге болмайды. Сондықтан
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15—23-баптарында аталған құқықтар
мен бостандықтар кейде азаматтардың өзіндік құқықтары мен бостандықтары
деп те аталады, оларға мемлекет тарапынан берілген кепілдіктің деңгейі өте
жоғары.
Азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарына өмір сүру (15-бап);
жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадір-қасиетіне қол сұқпау (17-бап);
жеке өміріне қол сұғылмау, өзінің және отбасының құпиясы болу, ар-намысы
мен абыройын қорғау (18-бап); өзінің қай ұлтқа, қай дінге жататынын анықтау
және оны көрсету-көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылык тілін еркін таңдап
алу (19-бап); заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін
ақпарат алу және тарату, т.б. құқықтары жатады.
1. Өмір суру құқығы. Бұл әр адамды оның өміріне жасаған қаскөйліктен
қорғауға кепілдік беру міндетін мемлекет өз мойнына алады дегенді
білдіреді. Оның үстіне ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ (15-
бабы). Бұған заңға сәйкес өлім жазасына кесілетін қылмыскердің ерекше ауыр
қылмыс жасау жағдайлары ғана жатпайды, өйткені ол ең ауыр жаза ретінде
заңда белгіленген. Бірақ өлім жазасына кесілген кінәлі адамға кешірім жасау
туралы арыздану құқығын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы мәлімет
Конституцияның 15-бабының 2-тармағында арнайы көзделген. Кешірім беру
құқығы мемлекет басшысы әрі ең жоғары лауазымды адам ретінде Қазақстан
Республикасының Президентіне берілген (44-баптың 15-тармағы).
2. Мемлекет әркімнің қадір-қасиетін қорғауға міндетті екенін Қазақстан
Республикасы Конституциясының 17-бабынан көруге болады. Онда: Ешкімді
азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық
қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды (2-
тармақ). Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген нормалары да жеке
адамның қадір-қасиетін қорғау мақсаттарына қызмет ететінін есте ұстау
керек. Мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау құқығы, телефон арқылы сөйлескен
сөздерінің, жазысқан хаттарының, жеке салымдарының құпиялылығын сактау
құқығы, тұрғын үйге күштеп кіруге, сол сияқты заңсыз қарап, тінту жүргізуге
тыйым салу және т.б. Ешкімге де өзінің келісімінсіз медициналық, ғылыми
немесе басқадай тәжірибе жасалынбайды.
3. Жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық құқығы оған мемлекеттік
органдар тарапынан қауіп төндіру әрекеттеріне жол беруге болмайтындығында.
Тек заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, бірақ тұтқындалған
адамға сотқа шағымдану құқығы берілетіндігін ерекше атап айту керек.
Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға
болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам
адвокаттың (қорғаушының) көмегін сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып
тағылған кезден бастап пайдалануға құқығы бар (16-бап).
4. Конституцияның 19-бабына сәйкес әркімнің өзін қай ұлтқа жататынын
өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқығы бар. Бұл — ешкімді де
өзінің ұлтын еріксіз таңдап алуын күштеп көндіруге болмайтындығын
білдіреді. Әркім оны өз қалауы бойынша таңдап алуға ерікті. Мұндай саналы
істі әрбір 16 жасқа толған әрекет қабілеттілігі бар адам жасай алады,
өйткені осындай жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы ғана жеке
куәлік алуға, сөйтіп өз ұлтын тандауға құқылы. Бірақ оның міндеті емес.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы елеулі құқықтардың бірі —
оның 19-бабының 2-тармағындағы әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін
пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдап алуға құқығы бар,— делінген тұжырымдар. Бұл құқықтың мазмұны
Конститутцияның 7-бабынан туындайды. Онда — еліміздегі мемлекеттік тіл —
қазақ тілі, ал мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін
жағдай туғызуға қамқорлық жасайды,— деп нақтыланған. Ал осы конституциялық
қағидалар 1997 жылғы қабылданған Тіл туралы заң арқылы іс жүзіне асырылады.
Әрбір адам ресми емес жерлерде, жеке қарым-қатынаста қай тілде
сөйлейтіндіктерін өздері таңдай алады, оған ешкімнің де килігуіне құқығы
жоқ. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік органдарға арызданып
шағымданғанда өз тілін не өзі білетін басқада тілді таңдауға құқылы.
Осындай құқықты олар сот істеріне қатысқанда, заң, шығармашылық жұмыстарда,
диссертацияны жазғанда пайдалануға ерікті.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында: Қазақстан
Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттң
қарауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына
қажетті жағдай жасайды, — делінген.
Қазақстан халықтары тілдерінің дамуы үшін кажетті жағдайлардың іс
жүзінде қамтамасыз етілуі — Ана тілін меңгеруге тілек білдірушілердің
барлығына арнайы мүмкіндіктер туғызу деген сөз. Мұның өзі ана тілінде орта
білім беру немесе ана тілін міндетті пән ретінде оқыту, мұғалім кадрларын
даярлау, оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен көркем әдебиет, газет-
журналдар шығаруға жәрдем жасау жолымен жүзеге асырылады.
Мұндай жұмыс этностардың мәдени-тілдік мүдделерін білдіре алатын
ұлттық мәдени орталықтардың белсенді қатысуымен тиімді болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық өндірістің мәселелері
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау
Мемлекет қоғамнын саяси жүйесінің негізгі элементі
Мемлекеттің Конституциялық құқықтарға қарсы қылмыстар
Қарақшылық талан-тараждың нысаны ретінде
Қазақстан Республикасы Конститутциясының дамуының негізгі кезеңдері
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Конститутцияның түрлері
Пәндер