Қаржылық құқықтың сипаттамасы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы 3
Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық 3
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне
қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге
асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы реттеуші ықпалын тигізетін елеулі құрал
болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық
әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір — бірінсіз
көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші
қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер
қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам
мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру,
экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға
сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ
әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Негізгі бөлім
Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы
Бүгінде, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай
жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік экономикалық даму
аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып
отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері
шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын
экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның
біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға
байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан
қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің
және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға
қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында, мемлекеттік қаржылар қоғамның және
мемлекеттің тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет
меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы,
сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады.
Қаржылардың функцияларына: ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай
ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау — есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдаланылуды
ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржы жүйесінің ауқымында ғана жүзеге
асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық
қатынастар, ал нормативтік-құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және
басқа да мән — жайларына байланысты материалдық, экономикалық және
ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады.
Материалдық мағынасында, қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен
экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс
табады.
Экономикалық мағынасында, қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір
ақшалай қорды білдіретін қаржылық-экономикалық институттардың жнынтығынан
тұрады.
Ұйымдастырылу мағынасында, қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен
қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі
мемлекеттік және жекеменшік қаржылардың аясындағы мүдделердің біршама болса
да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы
жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық
қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі деп, мемлекеттің біртұтас өзінің немесе
оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз
етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын
қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-
қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік —
экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы
жағдай жасау жатады.
Ал мемлекеттің қаржылық қьазметінің негізгі міндеттері қоғамның
ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз
ету; өзінің болмысының материалдық негізін және өзіне тән қызметтері мен
міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның
әлеуметтік — экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша
қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мына: бюджеттік қызмет; валюталық
қаржылық қызмет; қаржылық банктік қызмет; кредиттік қызмет, қаржылық
сақтандыру қызметі; қаржылық шаруашылық қызметі; салықтық қызмет;
мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түрлері болады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай
қорларын қалыптастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын белу; мемлекеттің
қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің қаржылық
ресурстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды
жүзеге асыру; мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы уәкілетті
органдардың жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілсу;
қаржылық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік белгілеу; айналымға
ақшалар және бағалы қағаздар шығару (эмиссиялау); қаржылық жоспарлауды
жүзеге асыру болып саналады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына келесідей: ақшалай қорларды
қалыптастыру; ақшалай қорларды бөлу; ақшалай қорлардың пайдаланылуын
ұйымдастыру сияқты негізгі үш әдістің көмегімен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне: ақша қаражаттарын олардың
иелерінен қайтарымсыз және мәжбүрлі түрде алып қою; ақша қаражаттарын
мәжбүрлі және қайтарымды түрде алу;
ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымсыз түрде тарту; ақша
қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту; мемлекеттік қызмет көрсету
негізінде ақша қаражаттарын тарту; мемлекеттік мүлікті сатудан және
пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру; эмиссия
жатады.
Ақшалай қорларды бөлу әдістері: қаржыландыру, яғни ақша қаражаттарын
бюджеттен біржола, ақысыз түрде беру; кредит беру, яғни ақша қаражаттарын
қайтарымды, ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға беру;
кредиторлары алдындағы мемлекеттің өз қаржылық міндеттемесін орындауы
жолымен жүзеге асырылады.
Ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру: ақшалай қорлардың пайдалану
бағыттарын белгілеу; мемлекеттің ақшалай қорларынан алынған ақша
қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу; ақша қаражаттарын пайдалануды
жоспарлау; ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтері мен шекті
мөлшерін белгілеу; мемлекеттік кәсіпорындардың пайдаларын болудің
нормативтері мен тортібін белгілеу; ақшалай қорлардың пайдалануларына
бақылау жүргізу сияқты әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың аясы
болғандықтан тиісті ақша қорларын қалыптастыру, болу және оларды
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі
әрқашанда қаржылық құқықтық нормалардың көмегімен, тех құқықтық нысанда
жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары деп, қаржылық
қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзыреттері шегінде
уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық құқықтық
актілерді айтамыз.
Сонымен, құқық саласы ретінде қаржылық құқық мемлекеттің ақшалай
қорларын қалыптастыру, болу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда
болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің
барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы болып табылады.
Демек, қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында
туындайтын қоғамдық қатынастардың (мемлекеттік қаржылық қатынастардың)
жиынтығын айтамыз.
Осы мемлекеттік қаржылық қатынастар мынадай өздеріне тән белгілерімен
ерекшеленеді: бұл қатынастар ақшалай қатынастарға жатады; бұл қатынастар
әрқашанда бөлу сипатында болады; бұл қатынастар тауар нысанындағы құнның
қарсы қозғалысына жолықпайтын ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын
білдіреді; бұл қатынастар мемлекеттің болмысына, оның өсіп өркендеуіне
байланысты пайда болады, сондай-ақ оның қаржылық қызметінің нәтижесі
ретінде көрініс табады; бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі
болғандықтан базистік қатынастар құрамында болады; бұл қатынастар әрқашанда
баламасыз қатынастар қатарына жатады; бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық
қызметінің барысында туындайтындықтан әрқашанда құқықтық нысанда болады.
Қаржылық құқықтың реттеуші әлеуеті көбінесе мемлекеттің қаржылық
қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты қатысушыларына әмірлі
өктем ықпал ету арқылы көрініс табады.
Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне
императивтік мемлекеттік өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық
шартты әдіс жатады.
Императивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері
болады: мемлекеттің өмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық
акті нысанында көрініс тапқан; осы өмірлі талап екі жақтың (тараптың) жүріс
— тұрыстарын мұқият айқындайды; екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері
мемлекет тұрғысынан туындайды және олар осы қатынастарды реттейтін
нормативтік құқықтық актіде белгіленген; өздері үшін міндетті болып
табылатын мемлекетің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz