ҚОҒАМДЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА РЕФЕРАТ

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3

1. Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны 4
2. Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары 10

ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

КІРІСПЕ

1. Қоғамдық және құқықтық сананың түсінігі мен мазмұны

Сана — объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің ада-мға ғана тән
ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-
жайын, мазмүнын, үғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық
процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып
табылады. Сана - шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи да-
мудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологйяның
және жалпы танымның ең басты категория-ларының, бірі. Сана негізінен жеке
адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың
қоғамдық-өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің
шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам ту-ғаннан
бастап алдыңғы үрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол
заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам
болып қалыптасады.
Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп,
әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен қүбылыстардың
объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы
дүниеге өзін қарама-қарсы қойып, белгілі мақсатта іс-әрекетпен
шүғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен
біліміне сүйенеді. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған
рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, қоғамдық психология,өнер құрал-жабдық
адамның шығармашылығынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние
түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып та-былады. Сана тарихи
тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бой-ына сіңіріп, шындықты, рухани
идеалды игеріп, алда түрған мақ-сат, міндеттерді белгілеп, адамзат
қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің
шығармашылық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен бірге,
өздерін де жетілдіреді.
Қоғамдық сана — объективті дүние мен қоғамдық болмыстын, адам
санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен
байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің күрамды бөлігі болып табылады.
Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін,
қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ыкдал етеді. Қоғамдық
сананың түрлерінің әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуы-на
қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның
саяси қүқықтық нысандары қоғамның экономи-калық қатынасын саяси және
қүқықтық тілде, ал өнер-көркемдік образдармен, мораль - адамдардың мінез-
қүлқының белгілі қағида-лары мен ережелері түрінде бейнелейді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисы-мен байланыс
жасау сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси және
күқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын
түрады. Бүлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей
бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сана-ның
түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезінде осы нысандардың
бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қал-ғандарын өзіне бағынышты
етеді. Мысалы, феодализм дәуірінде дін үстемдік етті. Капиталистік қоғамда
қүқық пен саясат билік алып, философия, өнер мораль мен діннің дамуына зор
ықпалын тигізді.
Қүқықгық сана - қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және мо-ралдық
санамен тығыз байланысты. Мазмүны жағынан тиісті мем-лекетте қолданылып
отырған қүқық нормалары, зандылық пен қүқықтық тәртібі, қылмыс және оны
жазалау, қоғам мүшелерінің қүқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік
қоғамда тап-тардың өзіне тән қүқықтық санасы болады. Оның мазмүны әр таптың
қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
Қүқықтық нормаларды жүзеге асыру - қоғамға пайдалы іс-әре-кет қүқық
нормаларының талабына орындау заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін
азамат белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі қажет. Қүқықтық
белсенділіктің екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты. Қүқықтық сана-
сезім белгілері мыналар:
- Қүқықты белгілеу.
- Қүқықты түсіну.
- Қүқықты қүрметтеу.
- Қүқықтың дүрыстығына және әділдігіне сену.
- Қүқықты сақтауға дағдылану.
- Қүқықтың талаптарын бүлжытпай орындау.
Құқықгық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып
жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың қүқықтары мен
бостандықтарына және қалауына, қүқыққа басқа да қүқықтық қүбылыстарға
құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің,
бағаларының жүйесі.
Қүқықтық сана қоғамның қүқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен
үлес қосады.
1. Қүқықтық сана - қүқық нормаларының қалыптастырудың қажетті шарты.
Олай дейтін себебіміз, қүқықтық нормалар заң шығару органның саналы түрдегі
ерікті қызмет арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен
қажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бүрын, ол нормаларды қүрушы
лауазымды түлғалардың ой-санасынан өтеді. Сондықтан да қүқық нормаларының
сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәй-кес келеді, ол нормаларды
құратын органның қүқық көзқарасы, қүқық санасының деңгейімен тығыз
байланыста болады.
2. Қүқықтық сана қүқық нормаларының нақты және толығы-мен іске
асырылуының ең басты шарты. Қүқықтық нормалары-ның талаптары тікелей
азаматтарға қойылады. Бүл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті
әрекеттері арқылы орындалады. Яғни неғүрлым қүқықтьщ сананың деңгейі жоғары
болса, соғүрлым қүқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.
Қоғамдық мәдениет саласында қүқық мәдениетінің жетістіктерін ғана
басқарып, реттеп отырады. Мәдениет өзінің даму процесінде қоғамның рухани
байлығын, халықтың сана сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Қүқықта
ез кезегінде мәдениетті қорғап, реттеп отырады. Осыдан келіп қүқықтық мә-
дениет қалыптасады. Ол өзара байланысты элементтер арқылы көрініс табады.
- қоғамдағы қүқықтық сананың жағдайы, қүқықты түсінудің деңгейі,
заңцылықтың талаптарын орындау қажеттігін түсіну.
- заңцылықты сақтау;
- заң шығарудың ерекшелігі, оның мазмүны мен нысанына көңіл бөлу;
- Сот, прокуратура басқа да заң органдарының жүмыс атқару сипаты.
Сонымен сана — объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға
тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-
жайын, мазмүнын, үғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық
процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып
та-былады. Сана негізінен жеке адам санасы жөне қоғамдық сана болып екіге
бөлінеді.
Сана адамдардың өзара іс-әрекеттерінің нәтижесінде өмірге келіп,
дамып, ескеріп, жаңарып жатады. Бүл объективтік өте күрделі процесс, сан-
алуан бағытқа, жүйеге бөлініп қоғамның сана-сезімін топтастырып
қалыптастырады. Оның негізгі нысандары: саяси, моральдық, үлттық,
эстетикалық, діни, қүқықтықт.б. сана-сезімдер. Бүлар бір-бірімен тығыз
байланыста дамып отырады.
Мемлекет және қүқық теориясы қоғамдағы сана-сезімнің объективтік даму
процесіне сәйкес қүқық саналығының маңы-зын дамытып, нығайтып отырады.
Қүқықтық сана-сезімнің маз-мүны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды:
қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғау процесін,
оған халықтың сана-сезімінің әсерін, көзқарасын, іс-әрекетін біріктіреді.
Қүқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші - ха-лықтың
қүқықтық білімін арттыру; екінші - сана-сезімді дүрыс дамыту үшін
тәжірибелік жүмысты жақсарту; үшінші - қоғамдағы қатынастарды реттеуді,
басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықгық сана-сезім
нормативтік актілердің негізгі, қоғамдағы қатынастарды дүрыс реттеуші,
басқарушы күш. Ол қүқыкхық нормалардың дүрыс дамуына, дүрыс орындалуына
және оның болашағын дүрыс болжауға өте зор әсер етеді.
Қүқықтық сана-сезімнің ерекшеліктері:
- құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен
қүбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану және
олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, үлттықт.б. көзқарастар қүқықтық
сана-сезімге әсер етіп, құқықтық нормалардың дүрыс дамуына, орындалуына
ықпал етеді;
- қоғамның даму процесін, қүбылыстарын сана-сезім қүқықтық түрғыдан
сезініп, сол позициядан корытынды түжырымдар жа-сап, баға береді.
Мысалы: қүқықтық қатынас, қүқықтық жауапкершілік, қүқықтық тәртіп т.б.
Қоғамдағы қүқықты дамыту үшін, зандылықты, тәртіпті қатаң сақгау үшін
қүқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бүл сана-сезімді қоғам көлемінде
дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың
білімі, төжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда
зандылық, қүқықгық тәртіп болады.
Халықтың, әсіресе, заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш дең-гейде
болады: біріншісі - қүқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дүрыс
басқарып, жаңалыққа үмтылмау — сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі —
эвристикалықдеңгей - күқықтың субъектілерінің жаңалыққа талпынып, мәселені
шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі — интеллектуалдық деңгей — жаңалықты
ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету.
Белсенділіктің соңғы екі түрі қүқықтық сана-сезімнің дамуына ете зор әсер
етеді.
Қүқықтық сананың мазмүны әр таптың, қоғамның экономи-калық, саяси,
мәдени, өмірінде алатын орнына байланысты. Қүқықтық сана халықтың саяси
және қүқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген
қүқығы мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекет және еңбек тәртібін
қатаң сақ-тауға зор үлес қосады.
Қоғамдық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда қүқыісгық сана
адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне өте зор әсер етеді. Себебі
қүқықгық қатынаста адамдар нормативтік актілерді бүлжытпай орындаулары
керек, екі жакды қүқық пен міндет бар, дүрыс орындалмаса жауапкершілік бар.
Сондықган қүқықтық қатынастардың субъектілеріне түсетін ауыртпашылық
айтарлықтай мол.
Қүқықтық сана-сезім өзінің қүрылымы жағынан екі түрге бөлінеді:
қүқықтық идеология және қүқықтық психология.
Қүқықгық идеологая дегеніміз - қоғамдағы қүбылыстарды, қаты-настарды
қүқық түрғысынан ғылыми жүйеге келтіру. Қүқық жөніндегі пікірлер мен
көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дөлелденген күйде
болады. Бүл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер,
философ-тар, тарихшылар т.б. мамандар қатынасады. Қүқықтық идеология
қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп, да-мытады.
Қүқықгық психология дегеніміз - қоғамның қүқықтық сезімін, ақыл-ойын,
әдет-ғүрып, дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің өр түрлі
топтарының санасында — зандарға олардың қолданылуына байланысты туған
әсерлер, көңіл-күйі және сезімдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді
біріктіріп дамытып, халықтың сана-сезімін көтеріп, демократияны нығайту,
қүқықтық мемлекет қалыптастыру.
Қүқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері:
1). Кдтынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді:
жекелік, топтық, қоғамдық сана-сезім. Бүл үшеуі бір-бірімен тығыз
байланысты. Сонымен бірге олардың өз дербестігі болады. Әр жеке адамның
сана-сезімі әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде, жақсы, орташа, нашар
дәрежеде. Егерде топ-тың, басым көпшілігінің сана-сезімі өте жақсы дәрежеде
болса, онда бүл топтан жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің,
керісінше, сана-сезімі нашар болса, ол топтан жақсылық күтуге болмайды.
Осы әдіс-тәсілмен қоғамның сана-сезімінің дәрежесін, деңгейін білуге
болады. Сол арқылы қоғамның қай саласында, адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі
Халықтық құқықтық сана
Құқықтық сананың ұғымы
Құқықтық сана түсінігі
Құқықтық сананың түсінігі
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы ақпарат
Құқықтық сана түрлері
Құқықтық сананың жалпы түсінігі
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында
Пәндер