Қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыскер және еркiндiк


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыскер және еркiндiк3

Қорытынды11

Қолданылған әдебиеттер12

Кіріспе

Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі кодекске қарағанда көптеген қылмыстық құқықтық түсініктердің институттардың жаңа ұғымы берілген. Осындай ерекшеліктерге баса мән беріле отырып, олардың мазмұны түбегейлі ашып көрсетілген. Жалпы алғанда, осы Қылмыстық құқықтың мақсаты адамдарға қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттары, қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде, қылмыстық заңның мезгілге, және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыс істеудің сатылары және оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмысқа қатысу және оған жанасушылық, қылмыстық жазаның түсінігі, оның жүйелері мен түрлері, қылмыстық жазаны орындау туралы толық түсінік беру болып табылады. Қылмыс қоғамға қауіпті болғандықтан заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралаудың, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді. Кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды. Бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең түсіндіріп үйрету тиіс. Мен осы жұмысты әзірлеу барысында өзімнің алдыма қойған мақсатым, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс жасаушы тұлғаның психологиясын зерделеу болып табылады.

Қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыскер және еркiндiк

Еркiндiк дегенiмiз адамдардың өз қалауымен және өз түсiнiктерi бойынша iстеуiне болатын iстердi атқаруға сыртқы кедергiлердiң болмауы.

Бiрiншiден, адам белгiлi бiр әрекеттi iстесем бе, әлде iстемесем бе деп тұрса және соны ойластыруға оның уақыты болмаса, онда әрекет, не сол әрекеттен бас тарту ол адамның сол сәттегi қабылдаған әрекетінің салдарлары ол үшін жақсы бола ма немесе болмай ма деген көзқарасымен қажетті байланыста. Мысалы, кенеттен ашу кернегенде әрекет кек алу ойынан, ал кенеттен туған қорқыныштан туған әрекет дереу тығылу туралы ойдан шығады. Сол сияқты, адам ойластыруға уақыты бар болса да, ойластырмайды, себебі әрекетінің салдарларының өзі үшін пайдалы не зиян болатыны жөнінде ол ешбір шүбә келтіре алмайды. Осындай әрекеттерді, мәртебелі тақсыр, мен өз еркімен болған деп атаймын, себебі ең соңғы тілектен туған әрекеттер өз еркімен қабылданған әрекеттер. Сол сәтте ол, жалғыз тілек. Менің түсінуім бойынша, спонтанный дейтін әрекеттер - солар. Одан басқа, мен адамды шалағай істері үшін жазалау керек деймін, ал ол істер өз еркімен істелмеген болса, жазалау әділетсіз болар еді. Адамның ешбір әрекеті жөнінде оны ойластырылмай істелген деуге болмайды. Ол қаншалықты кенеттен болса да, ондай әрекетті ойластыру адамның бүкіл бұрынғы өмірінде оның мүмкіндігі болды, ол оны ойластырған болуы тиіс деп есептелінеді. Сол себепті кенеттен қысқан ашу үстінде кісі өлтірген адамды әділдігімен өлім жазасына бұйырады, өйткені соған дейінгі өмірінің бәрінде ол кісі өлтіру жақсы ма, әлде жаман ба деп ойлануға тиіс барлық уақытын ойластыру уақыты деп есептеуге болады, яғни кісі өлтіру оның толық ойластырып, қалап алған ісі деп қарау керек.

Екіншіден, адам бір әрекетті істеу керек пе, әлде істемеу керек пе дегенді ойластырғанда, ол ең алдымен оны істеу менің өзіме жақсы ма, әлде жаман ба - осыны ойлайды. Әрекет туралы ойлану деген сол әрекеттің жақсы да, жаман да салдарларын елестету деген сөз. Одан шығатын тұжырым, ойластыру деген әрекеттің жақсы да, жаман да салдарларын, ендеше үміт пен қорқыныштың, басқаша айтсақ, сол әрекетті істеуді тілеу, немесе тілемеудің алма кезек ауысып отыруы.

Үшіншіден, қандай да болмасын ойластыруда, яғни қарама-қарсы тілектердің ауысу тізбегінде, ең соңғы тілекті біз ырық деуіміз керек. Сол ғана әрекет немесе әрекеттен бас тартудың алдындағы тілек. Ойластыру барысындағы болған әрекет етуге не етпеуге, бастайтын тілектерді бейімділік деу керек, бірақ ырық емес, себебі болған істі бір ғана ырық орындайды, ал орындалмаған тілектер көп болуы мүмкін.

Төртіншіден, ойластырылып барып істелген әрекет өз еркімен болған және соның арқасында қалап алынған әрекет деп қаралуы керек. Яғни, өз еркімен болған әрекет пен қалап алынған әрекет бір нәрсе деп ойлаймын. Өз еркімен әрекет қылған адамды ерікті адам деп әрі ол ойластыруын әлі аяқтаған жоқ деп есептеу керек.

Бесіншіден, еркіндікті былай деп анықтауға болады: еркіндік әрекет етуге ешбір кедергі жоқ деген сөз, егер ондай кедергілер әрекет етуші субъектінің өз табиғатында немесе ішкі қасиеттерінде болмаса. Мысалы былай дейміз су өзен арқасымен еркін ағады, немесе ағу еркіндігі бар, себебі, ол бағытта оған ешқандай кедергі жоқ, бірақ арнаға көлденең ағуға оның еркіндігі жоқ, себебі жағалар оған кедергі болады.

Алтыншыдан, ешнәрсенің бастауы өзінде емес, барлық нәрсе басқа бір сыртқы тікелей агенттің әрекетінен болады. Егер адамда соған дейін болмаған бір әрекетке тілек немесе ырық пайда болса, онда оның себебі ырықтың өзі емес, басқа, оның қарамағында болмаған басқа нәрсе. Сонымен егер ырықтың өз еркімен болатын істердің қажетті себебі екендігі даусыз болса және егер жоғарыда айтқандай ырықтың өзі басқа, оған тәуелсіз нәрселермен анықталатын болса, онда барлық өз еркімен болатын істер қажетті себептерге негізделеді және амалсыз әрекеттер болады.

Жетіншіден, өзінің салдарын туғызу үшін ешқандай қосымша нәрселерді керек қылмайтын себептерді-жеткілікті себептер дейміз. Ол тағы да қажетті себеп. Себебі егер жеткілікті себеп өз салдарын туғызуға қосымша ықпалды қажет етсе, ол жеткіліксіз себеп болады. Бірақ жеткілікті себеп өз салдарын туғызбай қоймайтын болса, онда ол қажетті де себеп болады, себебі салдарын міндетті түрде туғызатын себеп оның қажеттілігін де туғызады. Бұдан шығатын қорытынды - туғызылған нәрсе қажетті түрде туған, себебі туған нәрсенiң бәрі жеткілікті себептен туған, әйтпесе ол пайда болмаған болар еді /1/.

Әрбiр адам өзiнiң жеке басының еркiндiгiн қалайды. Дегенмен қылмыс жасаған адам осы еркiндiгiне нұқсан келтiредi. Солардың бiрi қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыскердiң қылмыстарының жекелеген түрлерi жаппай тәртiпсiздiктер (241 - бап), бұзақылық (257 - бап) тағылық болып табылады.

Қоғамдық тәртіпке қарсы қауіпті қылмыстардың бірі жаппай тәртіпсіздіктер болып табылады. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың от жағуына еліккен тәртіпсіз элементтер ең сорақы әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тәртіпсіздік объектілерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінің бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұласып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің Қылмыстық кодексінде бұл тұрғыдағы қылмыс үшін қатаң жаза белгіленген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жаппай тәртіпсіздіктің тікелей объектісі қоғамдық тәртіп, ал қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, мемлекеттік, қоғамдық, жекеменшік болады. Объективтік жағынан бұл қылмыс жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру арқылы сипатталады. Жаппай тәртіпсіздік деп қоғамға қауіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан әрекеттерін айтамыз. Күш қолдану деп құқық тәртібін қорғайтын өкімет өкіліне, лауазым адамдарына, басқа да азаматтарға қарсылық көрсетіп, оларды күшпен заңсыз әрекеттер істеуге мәжбүрлеуді, өкімет билігінің заңды талаптарына күш қолданып, қарсылық білдірулері жатады.

Қирату деп - мүлікті, объектілерді жойып, тонап, күл-талқан ету әрекеттерін айтамыз.

Өртеуге мүліктерді, құрылыстарды, автокөліктерді, өсімдіктерді, қондырғыларды, басқа да, заттарды отқа жандырып, құрту әрекеттері жатады.

Мүлікті жоюға - әртүрлі тәсілдермен оларды мүлдем жарамсыз күйге келтірулер жатады.

Соғыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс қондырғыларын колдану деп - осыларды адам өлтіруге, жарақаттау үшін, мүлікті бүлдіру немесе қорқыныш сезімін тудыру үшін мақсатты пайдалануды айтамыз.

Бұзақылық - тұрмыс-салты мен қоғамдық тәртiптiң бiрден-бiр жауы.

Қылмыстың тiкелей объектiсi - қоғамдық тәртiп, ал қосымша объектiсi - адамның денсаулығы, ар - намысы немесе меншiгi болып табылады.

Осы қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-тармағының “а” тармақшасында бұзақылықтан жәбір көретіндердің тізімі: өкімет өкілі, қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамдар деп тура көрсетілген. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзыретті барлық лауазым адамдары жатады.

Қоғамдық тәртіпті бүзуға тыйым салушы өзге адамдар деп - өкімет өкіліне немесе ұйымдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқаруға жатпайтын басқа адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды айтамыз.

Қоғамдық тәртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқының, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік: құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Бұзақылық іс-әрекет бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен байланысты болса, онда бөтеннің мүлкі оның заты болып табылады.

Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады.

Қылмыстық кодекстің 257-бабында көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам өз әрекеттері арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды көпе - көрінеу құрметтемегендігін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

Бұзақылықтағы қылмыстың ниетіне қоғамды көпе-көрінеу сыйламаушылықтан туындаған эгоистік көзқарастар, бостандықты теріс түсінушіліктен болған жағдаяттар жатады. Бұзақылық ниетке - қоғамды көпе-көрінеу құрметтемеушілікті білдіретін әртүрлі дөрекіліктер, өктемдіктер, қатыгездіктер, тентектік пен арсыздық, ұятсыздық көріністері жатады.

Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, жәбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаның мақсаттары
Қылмыстылық
Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы
Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
Құқық бұзушылықтың субьектісі
Қылмыс ұғымы туралы
Қылмыстың құрамы, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Англия мемлекетінің құқық тарихы
Әскери қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Құқық бұзушылықтың обьектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz