ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
1. ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ 2
Субъектілер мен объектілердің жалпы ұғымы 2
2. АЗАМАТТАР-АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 5
3. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
11
ПАЙДАЛАНҒАН МАТЕРИАЛДАР: 17

1. ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ

Субъектілер мен объектілердің жалпы ұғымы

1. Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен
міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады.
Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың
қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, соңдай-ақ әкімшілік-
аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын
азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес
беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең
болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау
Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен
заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап
айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған
арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау
(Азаматтық кодекстің 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық
кодекстің 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және
басқалар келтірілген.
2. Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының
азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады.
Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы
1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығамен белгіленген. Қазақстаңда
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет
мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп
танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің
дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері,
шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және
т.б. бар.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы
туралы Жарлыққа сәйкес Қазақстан республикасының азаматтары болып
табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы
жоқ адамдар азаматтығына жоқ адамдар деп саналады (Жарлықтың 2-бабының 2-
тармағы).
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі
жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен
өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы
ұлт режимін немесе ұлттық режим беру көзделеді, екі мемлекеттік шетелдік
меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға
міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге
асыруға байланысты төлемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және
басқалар енгізіледі.
3. Заңды тұлғалар туралы Азаматгық кодекстің 33-бабында айтылған заңды
тұлға анықтамасынан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі
болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтық құқық қатынастарына қатысушы
бола алмайтыны көрінеді.
Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың
құқықтық мәртебесі Шетелдік инвестициялар туралы 1994 жылғы 27
желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.
Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды
тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда,
сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру
ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы
ретіндегі қызметіне тыйым салынады.
4. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық
қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен
тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-
бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер
белгіленген.
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтық құқық
қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық
кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда
жалпы (субъектілердің барлық санаттарына қолданылатын) нормалармен қатар,
субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар
белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр
жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (кіріптарлық мәміле) шын
екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.
5. Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық
қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және
белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың
өзара іс-қимылы нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде
азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлқына ғана ықпал ете алады.
Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісі оның субъектілерінің
алуан түрлі материалдық игіліктер мен материалдық емес игіліктерге
бағытталған мінез-құлқы болып табылады.
Профессор О.С.Иоффе заң әдебиетінде құқықтық объектінің мәні туралы
және сыртқы дүниенің құқық объектілері ретінде болуы мүмкін құбылыстарының
саны туралы мәселені шешудің әр алуан үш түрі болатынын атап өтеді.
Заңгерлердің көпшілігі қосылатын үстем көзқарасқа сәйкес объектілердің
қатарына іс-әрекеттер, материалдық емес жеке игіліктер, заттар және басқа
да бағалы заттар жатады. Объектінің іс-әрекеттерінің маңызын теріске
шығаратын және бұл маңызды тек қана заттарда немесе, тіпті болмағанда, ең
алдымен заттарда деп танитын объектінің заттық-құқықтық теориясы бірсыпыра
аз болғанымен, едәуір кең таралды.
Ақырында, кейбір авторлар ғана қорғайтын іс-әрекет теориясы заттарды
құқықтық объектілер қатарынан шығарып тастайды және объектінің маңызы құқық
берген тұлға үміттене алатын міндетті әрекеттерде ғана болады деп таниды.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің мынадай
түрлері аталған: заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы
қағаздар, жұмыс, көрсетілетін қызмет, шығармашылық жеке қызметтің
объектілендірілген нәтижелері, фирма атаулары, тауар белгілері және
бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар және басқа
да мүлік.
Мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке
адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік
абырой, жеке өмірге тиіспеушілік, жеке және отбасылық құпия, атақ құқығы,
авторлық құқық, туындыға және басқа да материалдық игіліктер мен құқыққа
тиіспеушілік құқығы.
Заң әдебиетінде мүліктік құқықтар мен мүліктік емес құқықтардың
жиынтығын иеленетін акционерлердің мүліктік емес жеке құқықтары орынды
бөліп көрсетіледі. Біріншісіне дивидендтер алу құқығы мен қоғам таратылған
жағдайда мүліктің бір бөлігін алу құқығы, екіншісіне - акционерлердің жалпы
жиналысына қатысу, қоғамның құжаттамасымен танысу құқығы және т.б. жатады.
Құқықтардың екінші тобын акционерлердің мүліктік емес жеке құқықтары деп
атауға болады, дегенмен де азаматтың жеке басына тығыз байланысты, мүліктік
емес мазмұндағы иеліктен айыруға болмайтын абсолюттік құқықтар азаматқа
қатысты мүліктік емес жеке құқық деп түсініледі. Акционерлердің мүліктік
емес құқықтары салыстырмалы (акционердің құқығына белгілі бір тұлғаның –
қоғамның өзінің міндеті сәйкес келеді) және иеліктен шығарылатын (акцияны
меншіктену құқығының басқа адамға ауысуына байланысты барлық акцияларды
куәлаңдыратын құқықтар да ауысады) болып табылады.
Акционерлердің мүліктік емес құқықтарының бұзылуы көптеген жағдайларда
акционерлердің жалпы жиналысы өткізілуімен немесе қоғамның атқарушы
органының заңсыз іс-әрекеттерімен (жиналыс туралы хабарламау, жиналысқа
қатысуға рұқсат етпеу, дауыс беру кезінде акционердің дауысын есепке алмау,
директорлар кеңесіне немесе тексеру комиссиясына сайлау үшін кандидатуралар
қатарына енгізбеу, танысуға қоғамның құжаттамасын беруден бас тарту және
т.б. байланысты.

2. АЗАМАТТАР-АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ

Азаматтардың құқық қабілеттілігі. Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында
көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің
бірі – азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық
қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да
азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық
Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз –
азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару
қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден
басталып, қайтыс болған соң тоқталады.
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық
қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық
қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі.
Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатысына,
кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т.б. жағдайларға
қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына теңдей
мойындалады.
Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды.
Азаматтық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына,
денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған
кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда
әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау
мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің (негізгі бөлім) 525-ші
бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалып, ол өлгеннен кейін
туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол
жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меншік
құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға қалдыруға, республика аумағында
еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер тандауға; республикадан тыс жерлерге
еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында
тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу;
өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық
қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;
материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы
болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. Сөйтіп, азаматтардың
құқық кабілеттілігінің орнын қанша тізбелеп жазсақ та, шегіне жету мүмкін
емес, өйткені бұл ұғым тек азаматтық құқығының шеңберімен ғана анықталып
қоймайды, басқа да құқық салаларының өзекті мәселелерінің біріне айналып
жатады. Мәселен, конституциялық, әкімшілік, неке және т.б.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан, оған шек
қоюға болмайды. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық құқық
кабілеттілігіне шек қойылуы мүмкін, егер азамат сот үкімі бойынша жасаған
қылмысы үшін мемлекет тарапынан жаза алатын болса. Мысалы, азамат бас
бостандығынан айырылатын болса, онда оның Қазақстан Республикасының
аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынуы мүмкін. Алайда, азамат
жекелеген субъективті құқықтарынан ғана айырылуы мүмкін. Ал тұтастай
алғанда азамат құқық қабілеттілігінен ажырамайды. Азаматтың құқық
қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен толық немесе ішінара бас
тартуы және құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге
бағытталған мәмілелер жарамсыз деп танылады (Азаматтық Кодекс, 18-бап).
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
құқық субъектілігінің екінші элементі болып табылғандықтан оған
төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық
құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу
және оларды орындау қабілеттілігі (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы).
Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы сонда, ол өз
әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну.
Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да
өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек
келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емес, кең шеңберде
түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі
келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін,
яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа
толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемінде әрекет
қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаннан сон азамат азаматтық
айналымның толық қатысушысы болып саналады.
Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет
қабілеттілігі тең болады.
Әрекет қабілеттілігін шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет қабілеттілігін
табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орындарының шешімі
негізінде шектеу.
Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты.
Сөйтіп, азаматтық құқық теориясында қалыптасқан ережелерге байланысты
әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады. Толық, жартылай (ішінара)
және шектеулі әрекет қабілеттілігі.
Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып
кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ.
Азаматтық Кодекстің 23-ші бабы атап көрсеткендей, 14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше
көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары
жасайды. Сондықтан да, біздің ойымызша, 14 жасқа толмаған жасөспірімдердің
әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер өздерінің жасына
лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше
жасауға құқылы.
14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жасаған мәмілелері жарамды деп
есептеу үшін көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс; біріншіден, жасалған
мәміле жасөспірімнің жасына сәйкес келуі, яғни 14 жасқа дейінгі азамат
мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәмілелердің қатысушысы бола алмайды
(мәселен, тұрғын үйді сату немесе сатып алу) екіншіден; жасалатын мәміле
сол жасалған жерінде орындалуы тиіс, яғни, сатушы жасөспірімге жасалған
мәміле бойынша белгілі мүлікті беру, ал сатып алушы сатушыға мүліктің құнын
төлеу. Бұл заңи әрекеттер жасалғаннан кейін екі тараптың арасында құқықтық
қатынастар жоқ деп есептеледі; үшіншіден, жасалынатын мәміле мазмұны
жағынан тұрмыстық болуы тиіс. Азаматтық заңдарында бұл мәселе жайында
ештеңе айтылмаған, сондықтан да дау туған ретте нақты жағдайларды ескере
отырып, шешілуі тиіс. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдер
банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге
құқылы. 14 жасқа толмаған жасөпірімдердің атына басқа біреулердің салған
салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері билік етеді, ал
14 жасқа толған жасөспірімдер өздерінің атына басқа біреу салған салымдарға
өз бетінше билік етеді.
14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігі жартылай деп есептелінеді. Олар ата-аналарының, асырап
алушыларының немесе қамқоршыларының келісімімен мәмілелерге түсе алады.
Сонымен бірге азаматтық заң олардың нақты әрекеттерге қатысты істерінің
құқықтық қабілетін едәуір кеңейткен. Атап айтқанда, оларға өз табысын
немесе стипендияларын дербес жұмсауға, өз шығармаларына және басқа
интеллектуалдық меншіктің нәтижелеріне байланысты құқықтарды жүзеге асыруға
жол берілген. Сондай-ақ, олар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасауға
құқылы. Алайда, жеткілікті негіз болған жағдайда қорғаншылық және
қамқоршылық органдары кәмелетке толмаған адамның өзі жасаған
интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын
шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған азаматтар заңды
тұлғалардың немесе азаматтардың мүліктеріне өз әрекеттері салдарынан зиян
келтірсе, өз әрекеттері үшін өздері жауап береді. Егер де келтірілген
зиянның орнын толтыратындай олардың мүлкі немесе еңбек табысы болмаса,
оларды ата-аналары (бала қылып алушы адамдар) немесе қамқоршылары өтеуге
тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-
ақ келтірілген зиянды өтеуге оңың жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы
пайда болған ретте жойылады.
Егер азамат ұдайы спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынса
және өз отбасын ауыр материалдық жағдайға душар ететін болса, мүдделі
адамдардың арызы бойынша сот оның әрекет қабілеттілігін шектеуі мүмкін.
Мұндай адамдарға қамқоршылық белгіленеді. Мәміле жасау немесе басқа да
азаматтық-құқық қатынастарға түсу тек қамқоршының келісімімен ғана жүзеге
асырылады. Егер жоғарыда көрсетілген азамат спирт ішімдіктеріне немесе
есірткі заттарға салынуын тоқтатса, онда сот оның әрекет қабілеттілігіне
қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа
белгіленген қамқоршылық та өз күшін жоюы тиіс.
Егер азамат жүйке ауруының салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен өз
әрекеттерінің мағынасын түсінбесе немесе не істегенін білмесе мүдделі
адамдардың арызы бойынша сот оның әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы
мүмкін. Осыған байланысты оған қорғаншылық тағайындалады. Азаматтық-
құқықтық қатынасқа оның атынан қорғаншы ғана түсе алады.
Сот бұндай шешімді қабылдамастан бұрын көрсетілген негіздерді егжей-
тегжейлі тексеріп, медициналық сараптама тағайындалуы тиіс. Сонымен қатар,
медицина мекемелері берген қорытынды анықтама азаматтық әрекет
қабілеттілігі жоқ деп тануына бірден-бір негіз бола алмайды. Мұндай шешімді
тек сот қана қабылдауы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам сауығып кеткен
немесе денсаулығы едәуір жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабілеттілігі
бар деп таниды. Сот шешімі күшіне енген кезеңнен бастап, ол азаматқа
тағайындалған қорғаншылық та өз күшін жояды.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары. Азаматтар
азаматтық құқықтық негізгі субьектілерінің бірі болып табылғандықтан,
олардың қатысуымен болатын құқық қатынастарының шеңбері де кең. Азаматтың
ұзақ уақыт хабар-ошарсыз кетуі, оның өзі үшін, отбасы, тума-туыстары және
онымен құқықтық қатынаста болған субъектілер үшін белгілі құқықтық
ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сондықтан да осы ақауларды жою үшін азаматтық
құқықта қолданатын институт осылай деп аталады.
Егер азаматтың тұрғалықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер
болмаса, мүдделі адамдардың, арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп
тануы мүмкін. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған
күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жок адам туралы соңғы деректер
алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін
болмаған жағдайда келесі жылдың бірінші қаңтары хабар-ошарсыз кетудің
басталған күні болып саналады. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану үшін
төмендегідей шарттар орындалуы тиіс: біріншіден, азаматтық тұрақты тұратың
жерінде ол туралы ешқандай да деректер жоқ және ол бір жылдың көлемінде;
екіншіден, ол туралы деректерді қоғамдағы мүмкіншіліктер бойынша (мыс:
полиция немесе басқа да құқық қорғау органдары) ала алмау. Егер азамат өзі
жасаған қылмысы үшін немесе басқа да құқық бұзушылықтың негізінде жасырынып
жүрсе, онда бұл азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануға жол берілмейді.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану өз тарапынан белгілі құқықтық
салдарға әкеліп соқтырады. Ол адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде
қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға
міндетті адамның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі
өтеледі. Сонымен бірге өзі берген немесе оған берілген сенімхаттың күші
жойылады; тапсырма шарты да өз күшін тоқтатады.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері
белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және
оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жояды (Азаматгық
Кодекстің 30-бабы).
Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары. Егер азаматтың
тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, мүдделі
адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Егер де
азаматты өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп
жорамалдауға негіз болатын болса, онда жоғарыдағы көрсетілген мерзім алты
ай көлемінде болуы да ықтимал. Мысалы, адам жер сілкіну, су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқық қатынастары
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқықтық қатынастары
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Экологиялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері мен объектілері
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Азаматтық - құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Пәндер