Жеке адам жөнiнде түсiнiк



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
 
Жоспары

 
1. Жеке адам жөнiнде түсiнiк 2
2. Жеке адам мотивтерi 4
3. Жеке адамның бағыт-бағдары 6
4. Психологиялық қорғаныс 7
Қолданылған әдебиеттер 10

1. Жеке адам жөнiнде түсiнiк

Әлеуметтiк қатынастар субъектi әрi әлеуметтiк мәндi қасиеттердiң
иегерi ретiнде әрбiр адам - жеке адам  болып сипатталады.
"Жеке адам" түсiнiгiмен қатар бiздiң қолданымымызда "адам", "дара
адам", "даралық" терминдерi бiрге жүр. Бұл түсiнiктердiң әрқайсысы өз
ерекшелiктерiмен ажыратылады, бiрақ бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Осылардың
iшiнде ең жалпыланған, көп қасиеттердiң бiрiгуiн - "адам" түсiнiгi қамтиды.
Адам - өмiр дамуының ең жоғарғы деңгейiнiң көрiнiсi, қоғамдық еңбек
барысының жемiсi әрi табиғат пен әлеуметтiк болмыс тұтастығын аңдататын
тiршiлiк иесi. Алайда, адам әлеуметтiк-тектiк мәнге ие болғанмен, ол жалпы
табиғат туындысы ретiнде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық
дүниесiнен бөлектенбейдi.
Дара адам - "homo sapiens" тектiлердiң өкiлi, адамдық даму
нышандарының иесi - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтiк қабылдаған қайталанбас
ерекшелiктерi мен қасиеттерi.
"Жеке адам" түсiнiгiне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәндi
сапалары еленедi. Адамның әлеуметтiк мәнi оның қоғаммен байланысында
қалыптасады да көрiнiс бередi.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдерi әрқилы келедi.
Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типiн анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық
құрылымының ең жоғарғы да жетекшi деңгейi қажеттiк - себеп аймағы - жеке
адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзiне қатынасынан
және қоғамдық әрi еңбектiк мiндеттерiнен туындайды. Сонымен бiрге, жеке
адам үшiн мәндi құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз
қатынас мүмкiндiктерiн iске асыру қабiлетi де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз
кезегiнде адамның iс-әрекеттiк икемдiлiгiне, оның қабiлетi, бiлiмi және
ептiлiгiне, көңiл-күй, ерiктiк және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмiрге дайын қабiлет, мiнез және қызығуларымен келмейдi, бұлардың
бәрi белгiлi табиғи негiзде адамның өмiр барысында қалыптасады. Адам
тәнiнiң негiзi, яғни генотипi оның анатомиялық-физологиялық ерекшелiктерiн,
жүйке жүйесiнiң қозғалысын белгiлейдi. Биологиялық құрылым иесi-адам өткен
әулеттердiң бiлiм, салт, заттай және рухани мәдениетi күйiнде топталған
өмiр тәжiрибесiн игерумен ғана жеке адам дәрежесiне көтерiледi.,
Жеке адам дамуы - өз мүмкiндiктерiн үздiксiз кеңiтiп, қажеттiлiктерiн
арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейi нақты адамға тән болған қарым-
қатынастар аймағы-мен өлшенедi. Даму дәрежесi мардымсыз тұлғаның адам
аралық қатынастары да өте жай, күнделiктi тiршiлiк күйбеңiнен аспайды. Ал
даму деңгейi жоғары болған адам өзiнiң рухи мәртебелiгiмен, қоғамдық мәндi
құндылық-тарымен ерекшеленедi.
Әрбiр дара адам өзiнiң қоғамдағы өмiрлiк әдептерiн реттеумен
күнделiктi тiршiлiк проблемаларын шешiп бередi. Бiрдей қиыншылық,
кедергiлердiң шешiмiн әр адам өз әдiс, тәсiлдерiмен табуы мүмкiн. Осыдан,
жеке адамды танып, бiлу үшiн сол адамның алдында тұрған өмiрлiк
мiндеттерiн, оларды iске асыру жолдары мен өмiр барысында ұстанған
принциптерiн жете бiлу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам
сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз
дербестiгi мен ерекшелiгiне ие.
Жеке адамның дербестiгi оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани
дүниесiмен ұштасады. Рухани дүние дегенiмiз адам мәнiнiң ең биiк көрiнiсi,
оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсiне бiлуi, болмыстағы өз орнына сай
қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетiлгендiгi - бұл жоғары дәрежедегi
саналық жетiлу, iзгi мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бiрге, жаман
ниеттер мен мезеттiк шен-шекпеннен, жалған белсендiлiк пен өтiрiк-өсектен
өзiн аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына
дарытуы көбiне қоғамдық салтқа тәуелдi. Қоғамның даму дәрежесi неғұрлым
төмен болса, ел iшiнде баршаны бiрдей теңестiру принципi өрiс алады да,
ондай қоғам мүшелерiнiң көбi құлдық бағыну күйiнен арыла алмайды.
Дербестiгiнен айырылып, өз бетiнше ой жүгiртпеген адам, өзiн тұлғалық
дамыту ниетiнен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрiсiне, әртүрлi
әлеуметтiк өмiр аймағында қызмет ете алу қабiлетiне байланысты келедi.
Шығармашыл тұлға тiкелей қоршаған әлеумет шеңберiнде қалып қоймай, өзiн
ауқымды қоғам аймағы негiзiнде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам
бойында өзi жасаған қауымның, тiптi бүкiл қоғамның болашақ өркениетi
көрiнiп, ол өз дәуiрiнiң сапалық деңгейiнен көш iлгерi жүредi. Жеке адамның
өз дербестiгiне ие болуы оның тұйық әлеуметтiк топқа бағынышты еместiгiн
көрсетумен бiрге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенiнiң дәлелi.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтiк ұнамды қасиеттерiнiң
қалыптасуы белгiлi қоғамдық қолдау мен әлеуметтiк қажетсiнудi керек етедi.
Дара адамның жеке адам санатына көтерiлуi үшiн маңызды факторлар:
идентификация, яғни дара адамның өзiн басқа адамдармен теңестiре, қоғам
талабына сай болу ниетiмен қалыптасып бару процесi; персонализация - дара
адамның өз басының басқа адамдар өмiрiнде қадiрi барын түсiне бiлуi,
сонымен бiрге, нақты әлеуметтiк топта өзiнiң кiсiлiк мүмкiндiктерiн iске
асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерiмен жеке адам өз "Менi" негiзiнде қатынас
түзедi. ғылымда "жеке адамдық рефлексия" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзi
iшiнде әр адамның өз жөнiндегi танымын, өз мүмкiндiктерiн және өз қадiрiн
сезе бiлу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзiне өзi берген бағысының
астам не төмен болуынан сол адамның iшкi жан арпалыстары келiп шығады.
Адам өмiрi нақты тарихи-әлеуметтiк аймақта жүрiп жатады. Дүниелiқ
жағдаяттар өндiру ерекшелiгi, тұтыну аймағы, әлеуметтiк қатынастар адамның
тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерiн белгiлейдi.
°рқандай жеке адам өзiнiң өмiрлiк салтын, жеке құндылық бағыттарына
орай тiршiлiк жағдайларын өзгертудiң, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты
тәсiлдер жүйесiн түзiп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тiршiлiк салты оның
жалпы өмiр сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудiң бағдарына айналады. °леуметтiк
құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмiрi, рухани-
этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмiрi, осыдан, бiр
мезеттiк ықпалдар билiгiнде қалып қоймай, iшкi заңды-лықты ниет-себептер
жүйесiн арқау етедi, өзiнiң әлеуметтiк мәндi, мағыналы мұраттарын
барластыра, саналы бағытта жасау мүмкiндiгiн алады.   
Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделiктi күйбеңнен аса
алмайды, осыдан мүмкiндiктерiн толық жүзеге асыра алмай, өмiршеңдiгi
кемидi, рухани-адамгершiлiк талаптары тарылады.
Жеке адамдағы барша өмiрлiк күйзелiс - ауытқулар оның өзiндiк "Менiн"
танымаудан, объективтi мәндi жеке басының құнды тараптарын сезiне алмаудан
келiп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткiшi - оның өз психикалық
жағдайын басқара алу және әрекет-қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге
икемдестiре бiлу дәрежесi.
Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша
ерекшелiктерi оның тума, нәсiлдiк және әлеуметтiк-мәдени сапаларының
бiрлiгiнен қалыптасады.
 

2. Жеке адам мотивтерi

Адамды әрекетке келтiрушi күш-қажетсiну. Болмысты бейнелеудiң жоғары
формаларына ие адамды әрекетке келтiрушi нысандар - саналы түзiлген бейне
не елес, ой не түсiнiк, идея немесе iзгi мұрат күйiнде өрнектелуi мүмкiн.
Психологияда мотив түсiнiгiне келесiдей анықтама берiледi: мотив - бұл
адам санасында қаланып, оны белгiлi бiр қажеттiлiктi қанатағаттандыру үшiн
әрекетке итер-мелеушi себеп күш. Ал кең мәнiнде мотив - шындыққа сай
заңдылық ретiнде ықпал жасап, объектив қажеттiлiк түрiнде көрiнетiн болмыс.
Ал мотивтiк әрекет қылық пен iс-әрекеттi психикалық реттеудiң ерекше түрi
(Р. Г. Агеева). Қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық - әрекетi оның
мотивтiк себеп күштерiне байланысты.
Сонымен, адамның қалаған iс-әрекетiнiң негiзiнде оны осы iс-әрекетке
ынталандырушы мотив жатыр. Бiрақ адамда туындаушы және оны iс-әрекетке
ойыстырушы қандай да бiр мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейдi, оның
нәтижесiне жетумен адам келесi әрекетке ұмтылады, iс-әрекет барысында мотив
өзгеруi мүмкiн және керiсiнше, бiр тұрақты мотив аясында бiрнеше әрекет
бiрiн-бiрi ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған iс-әрекет
арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив iс-әрекет жобасынан бұрын
қалыптасады, ал кейде кешеуiлдейдi, осыған байланысты әрекет нәтижесi де
әртүрлi болады.
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы iс-әрекеттiң бiр
бөлiгi емес, жеке адамның мотивтiк-қажетсiну аймағы деп аталатын күрделi
жүйенiң ажыратылмас бiрлiгi. Мотивтiк-қажетсiну аймағы жеке адамның өмiр
бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткiлерiнiң жиынтығын аңдатады.
Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмiрлiк жағдайларға байланысты түрленiп,
дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер бiршама тұрақты, басымдау
келiп, адам өмiрiнiң бағыт-бағдар өзегiне айналады.
Мотивтердiң қайдан және қалай пайда болатыны жөнiндегi мәселе
психологиядағы басты проблемалардан. Мысалы, А.Маслоу мотивтердiң негiзiн
бiрiнен бiрi деңгейi бойынша жоғарылай түскен қажетсiнулер тобы деп бiледi,
олар биологиялық қажетсiну, қорғаныс қажетсiнуi, сыйластық, абырой
қажеттiгi мен ең жоғары қажетсiнулер: өз мүмкiндiктерiн ашып, оларды жүзеге
асыра. Бiрақ А. Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтiк қатынастар
жүйесiнен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым
пiкiрiнше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.
Б. Ф. Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты,
әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесiне қосылып, сол жүйенiң
оның санасында бейне-леуiне негiзделедi. Б. Ф. Ломов мотивтiк-қажетсiну
аймағы мәнiн (құрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсiну
үшiн жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды
қажет деп санайды. Адамның мотивтiк аймағының басқа факторлардан
тәуелдiлiгiн зерттеуде сол тәуелдiлiктiң тiкелей ғана емес, жанама
байланысты болатынын, көп өлшемдi және сипатты екенiн бiрде ұмытпау лазым.
Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерiмен болған тiкелей байланыс
шеңберiнен шығу мүмкiндiгiне ие, осыдан оның қажетсiну аймағы қоғамдық
өмiрдiң күштi ықпалымен өрiстей бастайды (саяси пiкiр, саясат, этика және
т.б.). Адамның қажетсiну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерiмен де
дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрi - нақты тұлға мүшесi болған
адамдар қауымдастығы. Адам қажетсiнуi көп жағдайда осы қауымның жетегiнде
болады. Ал нақты адам бiр қауымдастық шеңберiнде қалып қоймайды, өмiр бойы
қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерiстерге келiп отырады. Осыдан
адамның мотив-қажеттiктерi оның iшкi жан-дүниелiк әрекеттерiнiң нәтижесi
ғана емес, ол әртүрлi адамдар бiрлестiгiмен байланысты дамып баратын жүйе.
Сонымен, бiр деңгейдегi қажетсiнулерден өзгесiне көшу-адамның өзiндiк даму
заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан,
тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенiн ұмытпау керек.
Адамның көптеген мотивтерiнде өзi араласқан әртүрлi қауымдастықтарға
тән қажетсiнулер бейнеленуi мүмкiн. Осыдан, мотив өте күрделi де ауыспалы
құбылыс. Дегенмен, адам қара  басына ықпал жасаушы өзiнiң рухани күштерiн
(жеке адам мақсаттары, мұраттары, қажетсiнулерi, өмiрлiк бағыт-бағдар және
т.б.) көп жағдайда сезе бермейдi. Егер олай болғанда, адам мұлтiксiз
өзiндiк санаға ие болумен, өзi жөнiнде шексiз хабардар болып, өзiне өзi нақ
баға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс философиясы
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Адам аралық қатынастар жөнiнде түсiнiк
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу
Әлемді қайырымдылық пен сақтайық
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
Жасөспірім және заң туралы
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Пәндер