Адамның жүйке жүйесінің құрылысы туралы жалпы ұғым
1. ЕҢБЕК ПРОЦЕСІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕТТЕУШІ РОЛІ
1.1. Адамның жүйке жүйесінің құрылысы туралы жалпы ұғым
Адамның еңбек қызметі – адам тіршілігінің бір формасы. Еңбек
процесінде адам қоршаған ортамен өзара әрекеттеседі, оған бейімделіп, оны
қайта ұйымдастырады. Организмнің бүкіл тіршілігінде ішкі және сыртқы
көрінісінде бірыңғай тұтас біріктіруші және үйлестіруші ролді орталық жүйке
жүйесі (ОЖЖ) құрайды. ОЖЖ-ның қарауына бүкіл қозғағыш мүшелер, ішкі
органдардың жұмысы, ткандік процестер кіреді.
Орталық жүйке жүйесі жұлыннан және бас миынан тұрады. Бас миы бас
сүйекте орналасқан. Ол мидың созылған, орта және аралық бөліктерінен
құралған; артқы ми немесе мишық және алдыңғы, немесе үлкен ми, ол екі жарты
бөлікке бөлінген.
Жұлын омыртқа қуысына орналасқан және бас сүйегінен бастап бірінші
және екінші бел омыртқаларына дейін созылып жатыр. Жұлын сұр заттан тұрады,
онда нейрондар – жүйке талшықтары – нейрондардың мұртшалары құрайды.
Нейрондар өте кішкентай, олардың диаметрі 0,1 мм-ден аспайды, нейрондардың
мұртшалары (аксондар) 1 м және одан да астам ұзындыққа дейін жетеді.
Жұлыннан 31 жұп жүйке шығады, олар жіңішке талшықтармен бүкіл денені
қамтыған. Омыртқадан шығар жерінде әрбір жүйке алдыңғы және артқы
түбіршектен басталады. Жұлыннан шығарда екі түбіршек те бір біріккен
жүйкеге айналады.
Мидың діңгегі сыртынан ақ затпен жабылған, ал сұр зат діңгек ішінде
ядроны құрайды. Мидың сұр затында тыны салу, жүрек, тамыр қозғағыш
орталықтар, сонадй-ақ бұлшық еттердің жиырылуын, зат алмасуды, тер бөлінуді
реттейтін орталықтар болады. Мишық еңбек қозғалысын реттеуді қамтамасыз
етеді.
Мидың жарты бөліктері бас сүйегінің көп бөлігін алып жатыр. Сұр түсті
жарты бөліктің сыртқы бөлігін қалыңдығы 2-3 мм қабық құрайды, ол ОЖЖ-нің
жоғары бөлімі болып табылады. Қабық қабатында 6 қабатқа дейін жүйке
клеткалары бөлінеді, олардың жалпы саны 15 млрд-қа дейін жетеді. Жарты
бөліктің ішкі бөлігі ақ түсті заттан тұрады. Мидың жүйке клеткалары
тармақталған өскіндер арқылы өзара және дененің әртүрлі бөлігінде
орналасқан көптеген жүйке клеткаларымен байланыста.
1.2. Қозу және тежелу – негізгі физиологиялық процестер
Тітіргендіргіш немесе ынталандырушы – еңбек физиологиясы мен
психологиясының негізгі ұғымдарының бірі. Адам организмі қабылдайтын
көптеген тітіргендіргіштер әртүрлі ақпараттар әкеледі. Бұл ақпараттар жүйке
жүйесінің әртүрлі деңгейінде өңдеуден өтеді.
Еңбек процесінде адамға түсетін ақпараттар тым алуан түрлі болса да,
дегенмен ол организмнің өзінде, оның нейрофизиологиялық деңгейінде қозу
процесі түрінде көрінеді.
Қозу – күрделі биологиялық процесс, ол қандай да біәр органды немесе
оның элементін қозғалысқа әкелетін көптеген импульстерден тұрады. Қоздырғыш
процесс бүкіл органда пайда болады, ол жүйке, бұлшық ет және қатты тканнен
тұрады. Қозу процесі – негізгі және бастапқы процесс. Оның өзіндік
ерекшелігі таралу қабілетінен тұрады.
Қозудың берілу бағыты бойынша жүйкелердің екі тобы бөлінеді.
1. Орталыққа ұмтылушы жүйкелер адам денесінің әртүрлі мүшелерінен
түрлі ақпаратты миға және жұлынға тасиды, олар афферентті деп аталады.
2. Орталықтан шығатын жүйкелер ОЖЖ-нен қозуды орындаушы органдарға
(бұлшық еттерге, бездерге) жеткізеді. Олар эфферентті деп аталады.
Функцияларына сәйкес жүйке клеткалары 3 типке бөлінеді: сезімтал,
қозғағыш және қондырылмалы. Сезім мүшелерінен қозуларды қабылдайтын жүйке
клеткаларының тобы сенсорлы орталықтар (сезімтал жүйке клеткалары) деп
аталады. Өз импульстерін орындаушы органдарға жеткізуші жүйке клеткаларының
тобы моторлы орталықтар (қозғалғыш жүйке клеткалары) деп аталады.
Қондырмалы клеткалар импульстерді сезімтал нейрондардан қозғалғыш
нейрондарға береді, әртүрлі бұлшық ет пен терідегі ақпаратты өңдейді.
Тері, бұлшық еттер, ішкі органдар, қан тамырлары рецепторларының
тітіркенуі жүйке импульсін тудырады, ол жүйке талшықтары бойынша ОЖЖ-не
беріледі. Жүйке импульстерінің өту жылдамдығы аксонның қалыңдығына
байланысты болады және 1-ден 100 мс-ке дейін ауытқиды.
И.П. Павловтың іліміне сай жоғарғы және төмен жүйке қызметі бөлінеді.
Олардың жалпы қасиеті – жүйке құрылымдарын іріктеп қоздыру. Ми қабығы үшін
мидың төменггі қабаты ақпарат көзі болып табылады. Үлкен жарты бөліктің
клеткалары сыртқы және ішкі ортаның тітіркеністерін талдайды және ол
анализатордың қабықтық түбі деп аталады. Анализатор жұмысының негізінде
әртүрлі сезіну – есту, дәм сезу, ауырсыну пайда болады.
Әрбір анализатор белгілі бір заттың сапасы мен қасиетін анықтауға
бейімделген.
Тежелу – адам организмі қызметіндегі екінші негізгі процесс. Бұл
биологиялық процесс қозған мүшенің қызметін бәсеңсітеді немесе тоқтатады.
Бұл процестің ерекшелігі оның негізінен клетка ішінде өтетіндігімен және
жүйке талшықтары арқылы басқа мүшелерге таралмайтындығымен байланысты.
Тежеудің негізгі функциясы: сол сәтте қажет емес рекацияны болдырмау және
жүйке жүйесін шектен тыс ширығудан қорғау.
Қозу және тежелу жүйке қызметінің негізін құрайды.
1.2. Бейтарап жүйке жүйесінің функциясы
ОЖЖ рефректорлық, біріктіргіш және үйлестірушілік функцияларды
орындайды.
Рефлекторлық функция – сыртқы орта және организмнің жай-күйі туралы
ақпарат беретін тітіргендіргіштерге реакция.
Барлық рефлекстер шартсыз және шартты болып бөлінеді. Күрделілігіне
қарай шартсыз рефлекстер жай және күрделі деп бөлінеді. Жай шартсыз
рефлекске көру, қышыну, жөтелу, түшкіру жатса, күрделісіне – ас қорыту,
қорғану, жыныстық, зерттеушілік, еліктегіш, ойын жатады.
Күрделі шартсыз рефлекстер организм тіршілігінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz