Түйсік пен қабылдау арақатынасы
ЖОСПАР
Қабылдау 2
1. Қабылдау туралы жалпы ұғым 2
2. Түйсік пен қабылдау арақатынасы 3
3. Қабылдаудың қасиеттері 3
4. Қабылдаудың физиологиялық негіздері 5
5. Қабылдау формалары 7
6. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу 8
Қабылдау
1. Қабылдау туралы жалпы ұғым
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері
мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен
құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы
т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды
алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті
дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас
зат бейнесі пайда болады.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады.
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін
бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы
поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.
Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау — ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің
жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке
байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни
тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланысы) заттың түрі түсі, мөлшеріне
қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қабылдау — түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес,
бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен,
киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен
болады.
2. Түйсік пен қабылдау арақатынасы
Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. Бұлардың
екеуі де біздің санамыздан тәуелсіз жасап, түйсік мүшелеріміздің
әсерленуінен туындайтын объектив шындықтың сезімдік бейнесі. Бұл тараптан
түйсік пен қабылдау өзара жақын келеді. Бірақ қабылдау - нақты затты немесе
құбылысты сезімдік тануға негізделеді, қабылдауда біз көз алдымызға белгілі
мағынаға толы адамдар, заттар, құбылыстар әлемін келтіреміз және олардың
бәрінің де өзара күрделі, әрқилы қатынастарға түскенін байқап, білеміз. Осы
қатынастар арқасында куәсі мен қатысушысы өзіміз болған мәнді де маңызды
жағдайлар түзіледі. Ал түйсік болса - қоршаған орта әсерінен болатын, бірақ
толық жетілмеген, нақты заттык, кейіпке келмеген жеке сезімдік қасиеттердің
бейнеленуі. Бұл тұрғыдан түйсік пен қабылдау сапаның екі әртүрлі формалары
немесе заттық дүниеге деген екі бір-біріне ұқсамаған қатынастарын
білдіреді. Осыдан, түйсік пен қабылдау өзара бірлікте де, сондай-ақ өзіндік
ерекшеліктеріне ие. Олар психикалық бейнелеудің сезімдік -қабылдау деңгейін
құрайды. Бұл деңгейде әңгіме біздің сезім мүшелерімізге заттар мен
құбылыстардың тікелей әсер етуінен пайда болатын бейнелер жөнінде болуы
мүмкін.
3. Қабылдаудың қасиеттері
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив
болмыстық көрінісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат
көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылдау адамның тума
қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында
бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен
жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады (И. М.
Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде біздің, қабылдауымыз заттық қасиетінен
айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар еді.
Қабылдаудың заттық негізді болуы әрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға
ие. Әдетте, біз нақты нысанды басқалардан түрі мен сипатына қарай
бөлмейміз, біз үшін бұл жағдайда ең қажеттісі оның тұрмыстық қажеттілікке
жарайтын негізгі қасиеттері. Мысалы, пышақ кесуге жараса - пышақ, болмаса
әншеін металл. Қабылдаудағы басты міндет - осы қасиеттерді тану.
Қабылдаудың тұтастығы. Түйсік, жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке
қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым
бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.
Түйсік құрайтын бөліктер өзара өте тығыз әрі күшті байланысқан, мұны
біз сезім мүшелерімізге кейбір заттардың бір қасиеті немесе бөлігі ғана
әсер етуден-ақ біздің санамызда сол заттың, күрделі бейнесі туындайды
(мақпал, мәрмәр тас). Мұндай танымның негізінде біздің бұрыңғы
тәжірбиемізде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлексті қалыптас-қан
байланыстар жатыр.
Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болуымен байланысты. Қабылдау көп
жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол
түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, әдетте, нақты
түйсінуден дербестеніп, дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал
бұл қорытындыға келу біршама уақыт өтуін талап қылады. Егер сіз қандай да
бір әуенді тыңдай қалсаңыз, алғашқы естіген нотаңыз келесі нота берілгенше
құлағыңыздан кетпей қояды. Әдетте, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі
келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді.
Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейнеленуші қоршаған дүние
нысандарының шындыққа сай өзіндік ерекшеліктерінен туындайды.
Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген
жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын
айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы
талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір
қалыпты күйінде танып, білеміз. Көбіне затардың түрі, көлемі мен формасы
мызғымас қалпында бейнеленеді.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен
беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі -
тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып
бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал
даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.
Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай,
субъектінің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ
емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға
ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық
өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады.
Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжірибесі үлкен рөл ойнайды.
Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжірибесіне,
тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай)
әртүрлі қабылдайды.
Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас
келеді. Ниет, көңіл шарпуларының ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша
өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі
алдануы - иллюзия салдарынан жаңсақ пікірлер туғызатын жағдайларда болады.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс,
бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау галлюцинация деп
аталады.
4. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде
қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен
ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке
байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды
тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны
талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша
қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.
Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары
талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән
жайына жету мүмкін емес. Мысалы, түсініксіз тілдегі ауызша баянның басы мен
аяғын аңдау мүмкін емес, тұтасқан дыбыстық сарын. Ал енді осы баянды
түсініп, қабылдау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz