Қазiргi заманның психология мiндеттерi
Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi
Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және
практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.
Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iсәрекеттi оның даму барысымен
байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы
бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология
ғылымының түсiнiктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздiксiз
өрiстеуде, психология бұрын кезiкпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б.
Ф. Ломов "Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары" атты
еңбегiнде қазiргi заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, "бүгiнгi күнде
психологияның әдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да
былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады", деп жазады.
Психологияның зерттейтiн құбылыстар әлемi ұланғайыр. Оның iшiне күрделiлiгi
әр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерiне
әсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам
мотивтерiнiң тайталасы кiредi.
Жантану ғылымы үшiн ең маңызды мәселелердiң бiрi зерттелушi
құбылыстардың мәнмағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдiснамалық
мәселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мәнiн тануда Б. Ф. Ломов өзiнiң
еңбегiнде психология ғылымының тiрек категорияларын, олардың жүйелi өзара
байланысын, жалпылығын, сонымен бiрге бұл категориялардың өзiндiк
дербестiкте екенiн айқындап берген. ғалым психологияның келесi тiрек
категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iсәрекет категориясы, жеке
адам категориясы, тiлқатынас категориясы, сондайақ жалпылық мағынасына орай
категория санына жататын түсiнiктер "әлеуметтiк" және "биологиялық".
Адамның әлеуметтiк және табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның
дамуындағы биологиялық және әлеуметтiк себепсалдарлық қатынастарды айқындау
ғылым мiндеттерiнiң ең бiр қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық)
тарапы басымдау болды. Ал қазiргi кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске
ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiстегi, мемлекеттiк басқару,
медицина, спорт және т.б. кәсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына
айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге
араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi
психологиялық бiлiктiлiктi қажет еткен мiндеттер адамдық фактор маңызының
жоғарылауынан қоғам өмiрiнiң барша тарапында әр қилы формада пайда болуда.
"Адамдық фактор" дегенiмiз әрбiр азамат тұлғаға тән болып, олардың нақты
iсәрекетiнде көрiнiс беретiн әлеуметтiкпсихологиялық, психологиялық және
психофизиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.
Бiз бұл жерде осы күнгi қоғамдық тәжiрибенiң психология алдына
қойған талаптарының бәрiн талдау мiндетiн алмай (өйткенi, адам араласқан
жердiң бәрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына байланысты
психологияның маңызын қысқа атап өтпекпiз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң
барша бөлiктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, жалпы бiлiм берушi, орта
арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар шексiз.
Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен қарапайым түйсiктен бастап,
жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн оларды басқарушы объектив
заңдылықтарды ашу үшiн зерттеу, оқу мен тәрбиенiң теориялық негiзiн,
қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру формаларын анықтап белгiлеуде орасан
маңызға ие.
Психология ғылымының қолданбалық мәнiн қоғам түсiнiп, қабылдауынан
халыққа бiлiм беру мекемелерiнде кең психологиялық қызмет тармақтарын iске
қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда,
ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерiн практикаға ендiруде дәнекер жүйе
болуы кәмiл.
Жантану тарихының қысқаша шолу
Әлемдiк психологиялық ой-пiкiрлердiң даму тарихы екi кезеңге бөлiнедi.
Мұның бiрiншiсi шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельден
(348-322) басталатын iлкi тарих.
Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмiр сүрген ғұламалар,
атап айтқанда, Герофил, Эрасизтрат, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит,
Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Гегель т.б.
ғұламалар адамның жан дүниесiнiң сыры мен қыры туралы небiр сындарлы
пiкiрлiр айтқан. Мәселен, Аристотель өзiнiң “Жан туралы трактатында” жан
тәннiң өмiр сүру формасы екендiгiн, мұның өзi ес, қиял, ойлау, эмоция
секiлдi процестерге бөлiнетiндiгiн айтса, келесi бiр грек ғалымы Демокрит
(460-370) жанды заттың атомдары секiлдi өсiп, өшiп отыратын үнемi
қозғалыста болатын қасиет деп түсiндiрдi.
Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның
әсерiне рефлекс (жүйке жүйесiнiң қызметi) арқылы жауап бередi десе, голланд
ғұламасы Бенедикт Спиноза (1632-1667) адамның еркi мен эмоциясы (аффект,
құмарлақ т.б.) дене қызметiмен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең
түйiн айтқан.
Шығыс әлемiнде жан туралы ғылыми пiкiрлердi ұлы ғұламалар Әбу Нәсiр әл-
Фараби (870-950) мен Әбу Әлi ибн Сина (980-1037), Ж. Баласағұни, әл-Ғазали,
Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. айтқан.
Психологияның өз алдына дербес отау тiгiп, ғылым ретiнде көрiнуi өте
берiде, яғни 1879 жылдан басталады. Сол жылы немiс ғалымы Вильгельм Вундт
(1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық
құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегiмен зерттеуге
болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксперименттiк (тәжiрибелiк) ғылым
болуына жол ашты.
ХХ-ғасырдың алғашқы ширегiнде жан қуаттарының заңдылықтарын зерттеумен
айналысатын психология ғылымының дағдарысы айқын байқала бастады. Тәжiрибе
арқылы алынған есепсiз көп нақты материалдар сана құбылыстарын теориялық
тұрғыдан дұрыс түсiндiрiп бере алмады. Психолог ғалымдар сананың сыртқы
ортамен байланысын зерттеудiң орнына оның ақиқаттан қалайша ажырауын
көрсетуден алысқа бара алмады. Алынған деректердiң практика үшiн елеулi
маңызы бола тұрса да, осы ғылымның әдiснамалық (методологиялық) астары
әлсiз болып, психологияда бiр-бiрiне қарама-қайшы бағыттар пайда бола
бастады.
Соның бiрi - американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негiзiн салған
бихевиоризм бағыты едi. “Бихевиоур” - ағылшын сөзi, казақша “мiнез-құлық”
деген мағынаны бiлдiредi. Бихевиористер психиканы мiнез-құлықтың әртүрлi
көрiнiстерi, организмнiң сыртқы әсерге (стимул) қайтаратын жауап
реакцияларының жиынтығы деп түсiндiрдi. Сана құбылысын тiкелей зерттеуге
болмайды деп, оның сыртқы ортаны танып-бiлудегi рөлiн жоққа шығарды, адам
мен жануар психикасының арасындағы сапалық айырмашылықты мойындамады.
Биховиористер тәжiрибе жасауға үлкен мән бердi, жануардыiң мiнез-құлқын
математикалық жолмен зерттеп, оларды дағдыландыруда елеулi табыстарға
жеттi. Бiрақ психикалық құбылыстың шын мәнiн теориялық жағынан дұрыс
көрсете алмай, кейiннен ғылым сахнасынан шығып қалды.
Осы кездерi жан қуаттарының құрылысын тұтастай зерттеудiң қажеттiгiне
ерекше мен берген гештальтпсихология (“гештальт” - немiс сөзi, қазақша
мағынасы "бейне", "түр", "құрылым" деген ұғымдарды бiлдiредi) бағыты пайда
болды. Оның негiзiн салған немiс ғалымдары Макс Вертгеймер (1880-1943),
Вольфанг Келер (1887-1967), Курт Коффка (1886-1940), Курт Левин (1890-194 )
т.б. едi. Олар сананың ұсақ элементтерге бөлiнуiне қарсы шығып, психикалык
құбылыстардың тұтастығын, олардың өзiндiк сапаларының (тұтастық,
тұрақтылық, құрылымдық, фигура мен фонның ара қатынасы т.б.) ерекшелiктерiн
көрсеттi. Мәселен, бiр күйдi жоғары не төмен дыбыстармен тартқанмен,
тыңдаушы дыбыстардың неше түрлi болуына қарамастан, бұлардың қай қайсысын
да бiр мазмұнда қабылдайды. Гештальт психология жан қуаттарының тұтастығын
адамға әсер етушi заттармен байланыссыз, кiсiге бастапқы кезден таңылған
жан құбылысы деп, осы бейнелердiң сыртқы ортаның әсерiнен туындап
отыратынын еске алмады.
Аталмыш кезеңде батыс психологиясында пайда болған негiзгi бағыттардың
бiрi - фрейдизм едi. Осы iлiмнiң негiзiн қалаған Австрия психиаторы Зигмунд
Фрейд (1856-1939) жан дүниесiндегi санасыз әрекеттердiң табиғатын зерттедi.
Ол адам санасының қалыптасу жолын түс көру, гипноз, түрлi ырықсыз
құбылыстарды зерттеу арқылы түсiндiруге болады деп адам психикасының
дамуында биологиялық негiзге инстинктерге ерекше мән берiп, әлеуметтiк
фактордың рөлiн жоққа шығарды. Фрейд құштарлық пен нәпсiқұмарлықты
тiршiлiктiң арқауы деп ұқты. Жыныстың ләззәт (либидо) алу шығармашы iс-
әрекет дамуының қозғаушы күшi деп, сананың рөлiне жете мән бермедi.
Кейiнiрек шетел психологиясында необихевиоризм, неофрейдизм,
логотерапия, психогенетика, гуманистiк психология дейтiн бағыттар пайда
бола бастады. Бұлар адамның жан қуаттарының заңдылықтарын түрлiше зерттеу
әдiстерi арқылы түсiндiре бастады.
Бұрынғы кеңес (қазiргi орыс) психологиясында адамның iс-әрекетi,
сондай-ақ (С. Л. Рубинштейн; А. Н. Леоньтьев т.б.) бiр-бiрiмен қарым-
қатынас жасауы ( Б.Ф. Лонов т.б.), оның бағыт-бағдары ( Д. Н. Узнадзе т.б.)
туралы теориялар қалыптасты.
Жан туралы iлiм - бiлiмдердiң Қазақстандағы даму жолдары
Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмiр сүрген қазақ ойшылдары
да аз айтпаған. Асан-қайғы, Шалкиiз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ
Тiлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамбердi, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет,
т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпендi ата-
бабаларымыздың жан дүниесi әр қырынан сөз болғаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz