Құрылымдық антропология


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Леви-Строс К.

Құрылымдық антропология.

ІІІ Тарау.

Тіл және Қоғам

Болашақ әлеуметтік ғылымдар тұғырынан оның маңыздылығын ескермей кетуге болмайтын өзінің еңбегінде, Винер бұл ғылымдарға, ірі электрондық есептеу машиналарын жасап шығаруға мүмкіндік берген, математикалық методтардың таралуы туралы мәселені қоя білді: Оны екі себептермен түсіндіре отырып, ол оған ақырында теріс жауап береді. Қазіргі ғылыми теория үшін бақылаушы мен бақыланушы құбылыстың арасында өзара тәуелділілік ұғымы сипатты [1] . Белгілі бір мағынада ол барлық салаларға тән. Алайда оны, олар ең алға жылжыған математикалық зерттеулерде ескермесе де болады. Солай, астрофизика пәні, оған бақылаумен әсер ететіндей, тым аумақты болып табылады. Атомдық физика зерттейтін объектілер, Әрине, тым ұсақ, бірақ, олар саны тым көп қалғандықтан, қайда бақылаушының ықпалы басқа қатынаста көпке жақындағандықтан, біз статистикалық немесе орта шамаларға ғана жете аламыз. Және керісінше, әлеуметтік ғылымдарда бұл өзара тәуелділік айтарлықтай сезілетін болады, себебі онымен келетін өзгерістер, зерттелетін құбылыстардағыдай, сол реттегі шамалар болып көрініс табады. Екінішіден, Винер, социологиялық және антропологиялық зерттеулер шеңберіне түсетін құбылыстар біздің жеке мүдделерімізден тәуелді анықталады дегенді айттады: олар өмірге, тәрбиеге, қызмет бабына, бізге ұқсас адамдардың өліміне жатады. Осының салдарынан, қайсібір құбылысты зерттегенде оларды пайдаланатын, статистикалық қатарлар қашанда, дұрыс тұжырымдардың негізі қызметін атқару үшін, тым қысқа болып қалады. Винер, қоғамдық ғылымдарда пайдаланылатын математикалық талдау маман үшін қызықтылығы соншама аз, мысалы, қалай көздің статистикалық талдау нәтижелері организмге оның шамасы молекуланың шамасындай ғана болатындай қызмет атқаратындығы сияқты нәтижелерге әкеледі деген, қорытындыға келеді. Егер оларды Винер қарастыратын зерттеулерге, яғни қолданбалы антропология бойынша монографиялар мен жұмыстарға жатқызсақ, онда қарсы пікірлер әбден терістелмейтіндер. Сөз оларда, ол да индивид болып табылатын зерттеуші қарастыратын, қылықтың индивидуалдық тсілдері туралы болып отыр, немесе "ұлттың мінез- құлықты, өмір салтын, олар өз мәдениетінен толық арылуға қабілетті емес, зерттеушілермен мәдениетті зерттеу туралы, немесе онымен, белгілі бір мәдени тип негізінде пайда болатын, оның методтары мен жұмыс гипотезаларға байланысты болатын, мәдениетті зерттеу туралы болып отыр.

Алайда қоғамдық ғылымдардың тым болмаса бір саласында Винердің қарсы пікірлері көбінде өз күшін жояды. Мүмкін, лингвистикада, және жекеше алғанда құрылымдық лингвистикада (әсіресе егер оның фонологиялық қыры туралы айтқанда), математикалық зерттеулер үшін, Винер бойынша қажет, барлық шарттар орындалады. Тіл өзімен әоеуметтік құбылысты көрсетеді. Барлық әлеуметтік құбылыстардың арасында, ғылыми зерттеу үшін негіз беретін, екі негізгі қасиет бәрінен ашық байқалады. Ең алдымен түгеліне жуық лингвистикалық қылық актілері бесаналық ойлау деңгейінде жүріп жатады. Біз сөйлегенде, өзімізге тілдің синтаксистік және морфологиялық заңдары туралы есеп бермейміз. Оның үстіне, бізбен айтылып тұрған сөздердің мағынасын айыру үшін бізбен қолданылатын, феномдерді саналы білуге біз ие емеспіз; одан да келе дәрежеде (егер бұл біз кейде мүмкін деп ұйғарсақ), олар әрбір феномдерді ажыратушы элементтерге бөлуге мүмкіндік беретін, фонологиялық қарама-қарсылықтарды біз ұғынбаймыз. Ақырында, қашан біз біздің тіліміздің грамматикалық немесе фонологиялық ережелерін тұжырымдағанымызда, тіпті сонда да интуитивтік түсінудің жоқтығы көзге түседі. Олардың тұжырымдалуы тек ғылыми ой арқылы іске асады, ол сол уақытта тіл ұжыммен жасап шығарылған нәтиже ретінде өмір сүреді және дамиды [2] . Тіпті ғалымға да өзінің теориялық танымдарын сөйлеп тұрған субъект тәжірибесімен толық үйлестіру мүмкін болмай қалады. Сондықтан, лингвистикада бақылаушының бақылау объектісіне ықпалы мардымсыз деп айтуға болады: оны өзгерту үшін, бақылаушымен құбылысты сезінуі жеткіліксіз. Адамзат дамуында тіл өте ерте пайда болды. Алайда, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жазба қайнарлардың қажеттілігін тіпті ескерседе, жазудың ертеден белгілі екендігі және ол, математикалық талдауды мүмкін ету үшін, жеткілікті ұзын қатарларды беретіндігін, мойындамауға болмайды [3] .

Үндіеуропалық, семиттік және тибет- қытайлық тілтануларда өмір сүретін, қатарлар 4 немесе 5 мың жылдарды санап өтеді. Және қашан осындай тарихи өлшем жоқ болғанда- "экзотикалық тілдер" деп аталатындарға қатысты- онда мұны, олар арқылы егер бұлай айтуға болса, кеңістік өлшемі жоқ уақыттың өлшемді ауыстыратын, көптеген қазіргі формаларды салыстыра отырып, жегі толтыруға болады.

Математикалық талаптарын, қалай оларды Винер тұжырымдағандай [4], сол түрінде қалағандыруға оны қабілетті деп есептеуге мүмкіндік береді.

Көптеген лингвистикалық мәселелер қазіргі есептеу машиналарымен шешіле алады [5], Егер қайсібір тілдің фонологиялық құрылымы мен дауысты және дауыссыз дыбыстардың үйлесуін анықтайтын ереже белігіл болса, тіл сөздігінде бар п буындардан және тілдің белгілі бір құрылымдарының онымен үйлесуі алдан ала сиысатын, түрлі басқа комбинациялардың да тізімі белгілі болса, онда машина жеңіл түрде фонемдер комбинациясы түзілімін құрастыра алар еді. Фонологияда белгіл түрлі типтегі құрылымдарды анықтайтын, тәуелділіктер оған еңгізілген, адамның есту аппараты шығара алатын дыбыстардың жиынтығы және психофизилогиялық методтардың арқасында (бір-біріне жақын фонемдерді түгендеу және талдау негізінде) алдын ала анықталған, осы дыбыстардың арасындағы ең кішкене дифференцияалдық табалдырықтар, олар машинаға солардан тәуелді енгізілгеннен кейін өзінің шығу әйнегінде, қайда п кез келген сан бола алатын, оппозициялардың п санымен фонологиялық құрылымдардың өзінің толықтығымен аяқталған кестесін бере, алар еді. Ендеше, оған қазіргі химия Менделеевке міндетті, элементтер кестесіне ұқсас, лингвистикалық құрылымдардың мерзімді кестесі сияқтыны алуға болар еді. Онда бізге тек қана енді зерттелген тілдерді кестеде орналастыру, оларды теориялық тану үшін, олардың тікелей зерттелуі әлі жеткіліксіз болатын, олардың орны және басқа тілдермен қарым-қатынасын тағайындау, және тіпті жоғалып кеткен, болашақ және жай ғана ұйғарылатын тілдердің орнын табу қалды.

Соңғы мысал: жақында Якобсон бір тіл бірнеше әр түрлі фонологиялық құрылымдардан тура алады, оның үстіне олардың әрқайсысы белгілі бір типтегі грамматикалық амалдарға қатысады деген болжам ұсынды. Бұл, оны түрлі тектегі құрылымдар құрастыратын, оны топ заңы ретінде қарастыруға болатын, әлдебір "метақұрылымды", бір тілдің осы құрылымдық барлық түрлерінің арасындағы байланыстың ьарлығын ұйғарады. Осы жеке құрылымдардың әрқайсысын талдауда есептеуші машинаға жүзімді бұрсақ, күдіксіз, онда тілдің "метақұрылымын" белігіл бір математикалық методтардың көмегімен қалпына келтіруге болар еді, дегенмен оны зерттеудің эмпирикалық методтарымен бөліп шыға алады.

Осында қойылған мәселе сонда мынадай түрде анықтала алады. Барлық қоғамдық құбылсытиардың арасында, мүмкін, тек тіл ғана, оның қалыптасуы тәсілін түсіндіретін және оның ары қарай дамуының кейбір бағыттарының алдын алатын, шынайы ғылыми зерттеуге ұшырай алады. Бұл нәтижелер, қашанда үстірт болып қалатын, тілдің саналы тарихи манифестациалардың шектерінен шыға отырып, объективтік шындықты ол белгілі бір шамада таба білген, фонолгия арқылы жетуге мүмкін болды. Фонология зерттейтін, олардан басқа шындық бейсаналық ақыл-ой әрекетінің жемісі болып табылатын қатынастар жүйесін өзінде көрсетеді. Осыдан мәселе туындайды: бұл метод әлеуметтік құбылыстардың басқа типтерінде қолданыла ала ма? Егер осылай болса, онда осындай метод ұқсас нәтижелерге жеткізе ме? Және, ақырында, егер біз екінші сұраққа оң жауап берсек, онда әлеуметтік өмірдің әр түрлі формалары өз мәнісінде әлдебір ортақты көрсететінін: олардың бәрі - олардың әрқайсысы рухтың бейсаналық әрекетін басқаратын, жалпылама заңдарды саналы және жалпыланған ойлау жазықтығана түсірілген әлдебір пішіндік бейне екендігін, мойындай аламыз ба? Бірдей бұл сұрақтардың бәрін шеше алмайтынымыз, анық. Біз тек, олармен жүре отырып зерттеуге табысты жалғастыруға болатын, негізгі бағыттардың кейбір шығу нүктелері мен нобайларын айқындаумен шектелейік.

Біздің пікірталас үшін белгілі бір методологиялық маңызы бар, Кребердің кейбір жұмыстарын еске алайық. Әйел өнімі эволюциясына арналған өз зерттеуінде Кребер модаға, яғни бейсаналы ой әрекетімен тығыз байланысты әлеуметтік құбылысқа назар аударады. Неге белгілі стильдің бізге ұнайтынын және неге ол сәннен шығып қалатынын, біздің анық түсінуіміз сирек кездесуі. Кребер бұл сыртқы жағынан ырықсыз эволюцияның заңдарға бағынатындығын көрсетті. Бұл заңдар, сән құбылыстарын интуиивті қабылдаудағы сияқты, эмпирикалық зерттеулерде де дәл солай айқындала алмайды. Олар тек қана өнімдердің түрлі элементтерінің арасындағы белгілі бір сандағы өзара көрінеді. Бұл өзара қатынастар, олардың саналып шыққан өлшемдерді осы айқындалған сәтте болжау үшін негіз қызметін атқаратын, математикалық фунциялар түрінде білдіріле алады [ ] .

Қоғамдық қылықтың, мүмкін, ең ырықсыз және кездейсоқ көрінісі болып табылатын, мода, сондықтан, ғылыми зерттеуге көне алады. Алайда, Кребермен баяндалған метод, тек қана құрылымдық лингвистиканың методыніске салмайды. Ол шаянтұқымдастардың өсіп-өнуі туралы кейбір жаратылыстанулық зерттеулермен, атап айтқанда Тейсье еңбектерімен, салыстыруға әбден келеді. Бұл ғалым өсіп-өну заңдары, олардың формаларымен емес, ал мүшелерді (мысалы, қысқыштарды) құрастыратын, элементтер көлемдері арасындағы өзара қатынастарымен анықталатынын көрсетті: Шынай ғылыми зоологияның мақсаты, жануарларды интуитивтік түрде қабылданғандай, сол формада суреттеу болып табылмайды; сөз зерттелетін құбылыстың жетуге болатын формасы байқалатын, абстракты, бірақ тұрақты өзара қатынастарды анықтау туралы болып тұр.

Әлеуметтік құрылымды, әсіресе туысқандық жүйелері мен жыныстық дәстүрлерді зерттеуде мен осыған ұқсас методты қолдандым [6] .

Сонымен, адамдық қоғамдастықтарды байқалатын жиынтық дәстүрлер, оларды қалай жүргізетіндей, түрлі тектегі және әр түрлі категориялар бойынша жіктелмеуі: инцеске тыйым салу, некелердің таңдаулы түрлері т. т., керек екендігін айқындауға мүмкіндік туды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік топтың ішінде әйелдерді айырбастауды қамтамасыз ететін тәсілдердің бірін, яғни билогиялық тектегі туысқандық жүйесін әлеуметтік қаситеттегі қатыснастар жүйесімен алмастыруды, көрсетеді. Бұл жұмысшы гипотезаны тұжырымдағаннан кейін, осы негізде өмір сүріп тұрған қоғамдарда әрекет етіп тұрған некелік ережелер туралы қорытындылар шығару үшін, п әріптестердің арасында барлық мүмкін айырбас типтерімен математикалық зерттеулер жүргізу тек ғана қалды. Осында бір мезгілде, олардың бар екендігін ұйғаруға болатын, сол қоғамдарға сәйкес басқа да ережелер анықталар еді, Ақырында, әр түрлі формалардың арасындағы олардың функциялары олардың жүзеге асу тәсілдерімен өзара қатсынастары түсінікті болар еді.

Шынында да, бастапқы гипотеза, әріптестердің кез келген өзара ұнатушылығының оданда жалын формасының жеке жағдайларын көрсететін, классикалық антропологияда өзара ұнатушылықтың бүкіл тетіктерінің (яғни, дуалдық ұйымдасу мен некеге негізделген), таза дедуктивтік тәсілмен алынған дәлелдемелермен мақұлданды [7] . Бұл өзаралықтың жалпы формасы, әріптестер бір-біріне өзін бермегендіктен (және бірінен бірі өзін алмағандықтан) айқындалмаған болып қалды: олар кімге беретіннен, содан алмайды, және кімнен алатынға, соған бермейді. Әркім бір әріптеске береді, ал, бір бағытты әрекет ететін, өзаралық циклінің ішінде басқадан алады.

Дуальды жүйе сияқты соншама маңызды, құрылымның бұл типі кейде аталып өтті және суреттелді теориялық талдаудың негізінде жасалған тұжырымдар, бұл жүйенің кең таралуы туралы айғақтарды жинауға және бөлек -бөлек деректерді жалпылауға бізді мүдделендірді. Сол уақытта бізге көптеген тыныстық ережелердің сипатты белгілеріне түсіндірме беру мүкіндігі іске асты: жеке алғанда, не әкесі, не шешесі бойныша туысқандық кроссоузиндік некеге біржақты немесе екі жақты артықшылық беру түсіндірілді. Оларды айырбас заңдарының түрлі формаларына әкеп тірегеннен кейін, этнологтарға түсініксіз ережелер айқын бола бастады. Бұл заңдарды өз кезегінде, өмір сүру ортасы мен туысқандық дәрежесінің арасындағы белгілі бір негізгі өзара қатынастарға жеткізу мүмкін болды.

Оның негізгі қосындылары жоғарыда келтірілгенғ кез-келген дәлелдемені тек бір шартта ғана келтіруге болады: некелік ережелер мен туысқандық жүйелерді әлдебір тіл ретінде, яғни индивидтер және индивидтер топтарының арсында қарым-қатынас мүмкіндігін қамтамасыз ететін, операциялар көптігі ретінде қарастыру қажет. Кландар, Рулар немесе отбасылар арасында айналып жүрген, "хабар" бұл жағдайда топ әйелдерінен болатын (сонда тілде топ сөздері индивидтер арасында араласып жүреді), бұл жағдай қарастырылып отырылған құбылыстың екі жағдайда да тепе-теңдігіне шектеу қоймайды.

Алайда осы бағытта ары қарай жүре беруге боал ма? Инцеске тыйым малу малдарынан пайда болатын ережелерді және экзонамияны оған қоса отырып, біз, өз кезегінде, қашанда жұмбақ болып келген, тілдің пайда болу мәселесін шешуге қайсібір шамада жол ашамыз. Некелік ережелерді, егер оларды тілмен салыстырсақ, ол да тіл сияқты сол типтегі күрделі жүйеге жатады деп қарастыруға юолады, бірақ ол көбірек тұрпайылау және ода, күдіксіз, кеі типтегі жүйлерге тән, архаикалық белгілердің көбірек саны сақталады.

Сөздің таңба екендігімен бәріміз келісеміз, бірақ сөздердің бір кезде құндылық болғанын, біздің арамызда ақындар ең соңынан біледі [8] . Тағы керісінше, әлеуметтік топ әйелдерді ерекше типтегі құндылық деп қарастырады, бірақ бұл құндылықтардың таңбалар жүйесіне ене алатындығы түсіну, бізге қиын. Біз бірден бұл қасиетті туысқандық жүйелеріне тән деп есептейміз. Осындай көзқарас анда-санда "Туысқандықтың қарапайым құрылымы" атына сыни ескертулер туғы зды: Кейбіреулер бұл кітапті, "антифеминстік" деп атады, өйткені онда әйелдер нәрселер ретінде қарастырылды. Әйелдерге таңбалар жүйесіндегі элементтер рөлін тіркеу, таң қаларлық болуы әбден заңды [9] . Алайда, егер сөздер мен фонемдер өздерінің құндылық сипатын жоғалтса және жай таңбалар бола бастаса (дегенмен, бәрінен бұрын мәнісі бойынша емес, ал көрінісі бойынша) онда әйелдер дамудың сол шеңберін толық өте алмады. Әйелдерге қарама-қарсы сөздер өзімен-өзі айта алмайды. Таңба бола тұра, әйелдердің өздері таңбаларды құрастыруға қатысады және міне сондықтан олар рәміздер немесе таңбалар тіреле алмайды. Сонда да бұл теориялық қиындық өзінің артықшылығына да ие. Ол туралы неклік ережелер мен туысқандық асаулар сөздігі куәләндыратындай, ершатер арасындағы айырбастың сол жүйесіндегі әйелдің екіұшты жайы, оларды адамдар сөздер арқылы ұстай тұруда болатын, қатынастар типі туралы біршама тұрпайыланған, бірақ әбден қолданбалы түсінік береді. Осылай пайымдай отырып, тіл пайда болуының психологиялық жақтарын шамамен бейнелейтін, суреттемені жасап шығару біздің қолымыздан келер еді. Әйелдердегі жағдайда сияқты, өз кезегінде, оның пайда болуы сәннен бастап рәміздік функциялардыорындауы салдарынан пайда болатын, қос бейнелеудегі, бастапқы импульсті іздей бастау керек пе? Тек қалай дыбыс шығару айғағы қалай айтушы үшін болсын, бірден ұсынылатын құндылық ретінде қабылдана басталса, онда оны бейтараптандыру, оған бүкіл әлеуметтік өмір салтын, өзара бірін-бірі толықтыратын құндылықтармен тек алмасу жолында мүмкін болғандықтан, ол қайшылықты сипатқа ие бола бастайды.

Мүмкін, бұл батыл түрде ойша жорытылған құрылымдар айыпталатын шығар. Алайда егер олардың принципінің өзі қарсылықтар шақырмаса, онда ол тжірибелік тексеруге көнетін, оның негізінде тым болмаса бір гипотезаны ұсынуға болады. Біз шынында да өзімізге мынадай сұрақ қоямыз: әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтары (өнер және дінді қоса) оларды зерттеуде боз лингвистикадан қабылданған методтармен ұғымдарды қоланатындықтан , оның табиғаты тіл табиғатына ұқсас болатындықтан, бұл құбылыстар қандай болып көрініс табады. Бұл гипотезаны қалай тексеруге болады? Зерттеулер біо қоғамды, немесе бірнеше қоғамдарды қарастырумен шектеле ме екендігіне қарамай, ода құбылыстардың бір шеңберінен басқасына ауысу мүмкін болатын, деңгейге жету үшін әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтарына терең талдау өткізу бәрібір қажет болады; бұл жеке салаларға сәйкес келетін, арнаулы құрылымдардың әрбіре тән, жалпы қасиеттерді білдіруге қабілетті, әлдебір жалпылама кодты құрастырып шығару керек екендігін көрсетеді. Сонымен зерттеуші олардың табиғатына барынша жету жүзеге асқанын, ал сонымен бірге сол бір типтегі шындықтардың тұратынын анықтайды.

Осы жерде осы бағытта жүргізілетін экспериментті іске асырып көрелік. Антрополог, жер шарының түрлі аймақтарына сипатты, туысқандық жүйелерінің негізгі белгілерін қарастыра отырып, ол тіпті лингвист үшін мағынаға ие болатын, біршама жалпы формада оларды көрсетуге талпыныс жасайық. Бұл, лингвист осы жағдайда, жер шарының сол аймақтарына сәйкес келетін, тілдік топтардың зерттеуіндегі сол формальді тап әдісін қолдана алады, дегенді білдіреді. Осындай қарапайым түрге алдын ала келтіруде жасай отырып, лингвист және антрополог, соған ұқсас бейсаналық құрылымдармен, сол немесе басқа қоғамда олар байқала алатын, қарым-қатынас құралдарының көптеген түрлері - бір жағынан, туысқандық және некелік ережелер, және басқасынан- тіл, өзара байланысты ие, деген сұрақты қоя алады. Осы сұраққа жағымды жауап алғанда біз негізгі өзара қатынастардың көріністеріне шынында жете лағанымызға сенімді болар едік.

Тілдік құрылым мен туысқандық жүйесі құрылымы арасында формальді сәйкестік бар деп ұйғарайық. Егер бұл болжам негізделген болса, онда өзінің құрамы бойынша тілдердің туысқандық жүйелерімен салыстыруға болатынын жер шарының тқменде келтірілген аймақтарда бар екендігін тексерейік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерпретивті және постмодернистік зерттеу әдістері
Структурализм және антропологияның ұлттық мектептері
Бүгінгі диффузионизм мен аймақтар теориясы
Мәдениеттің ғылыми теориясы
Когнитивтік ғылымдар бағытында: АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Ауыспалы уақыт концептілері
АНТРОПОЛОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
Антропология ұғымы
Когнитивтік лингвистика
Антропологиялық мектептер және оның келешегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz