Ашық дағдарыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ашық дағдарыс кезеңдерiнде пайда болып, кейiн елеулi өзгерiстерге кезiккен
айтарлықтай маңызды теориялық бағыттар (необихевиоризм, неофрейдизм,
гештальтпсихология) 60-жылдардың басында өздерiнiң бұрынғы абыройынан
айрыла бастады. Әрекет-қылық пен психиканы түсiндiрудегi теориялық iшкi
қайшылықтар олардың негiзгi бастау позицияларын қайта қарастыруды талап
еттi. Бұл дағдарыстардың аса бiр мәндi себебi - экспериментальды зерттеулер
мен теориялар саласында жаңа өнiмдi көзқарас, бағыттардың туындауынан
болды: танымдық iс-әрекет зерттеулерi аймағында - когнитивтiк психология,
гуманистiк психология, ми жөнiндегi ғылымдар шеңберiнде адам санасын
зерттеуге орай - нейро-физиология, нейроморфология, нейропсихология, қанат
жайған және бiр бағыт - бұл адам психологиясы едi.
Осы ғылыми-теориялық бағыттардың қысқаша си-паттамасына тоқталайық.
Қазiргi заман психологиясының аса маңызды ар-тықшылығын танытқан
ғылыми ағым когнитивтiк психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ-та бұл
бағыт бихевиористердiң әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтердi
елемеуi мен танымдық дамуды ескермеуiне қарсылық бiлдiрумен ғылым
сахнасына келген едi. Когнитивтiк психология необихевиористер
зерттеулерiнiң нәтижесiнде пайда болып, белсендi мағлұмат жинау мен ақпарат
өңдеушi адам организмi жүйелi құрылым деген танымды әрi жалғастырды, яғни
адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабiлеттi: бөтен таңбалар (код)
формасына келтiре алады, одан әрi өңдеу үшiн өз қажетiне керек ақпаратты
бөлiп алады немесе керексiз мәлiметтi жүйеден бүтiндей аластайды.
Когнитивтiк психологияның көрнектi өкiлдерi - Дж.Брунер, Д.Норман,
Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон.
Бұл бағыттың бұл күнде бiрнеше салалары бар. Солардың iшiнде ең
танымал болғаны есептеу варианты, мұнда танымдық процестер шектен тыс
механистiк негiзде түсiндiрiледi: психика сигналдарды өзгерiске келтiрушi
тұрақты қабiлетке ие тетiк (аппарат) күйiнде қарастырылады. Әсiресе таным
процесiндегi iшкi когнитивтiк құрылымдар мен iзденушi организм
белсендiлiгiне аса мән берiледi.
Когнитивтiк психологияның негiзгi зерттеу аймағы танымдық процестер -
ес, тiл мен сөздiң психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейiн, қиял және
танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдiстерi жеке адамның көңiл-күйi
(эмоция) мен себеп-түрткiлерiн (мотивы), сонымен бiрге әлеумет
психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адам танымының барлық формалары
электрондық есептеу машиналарына (ЭВМ) ұқсастығымен ақпарат жинау және
өңдеудiң бiр iздi блоктары ретiнде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау
және пайдалануына байланысты танымдық белсендiлiгiнiң белгiлi деңгей
дәрежесiнде көрiнетiнi жөнiнде пiкiр пайда болды. Ес, қабылдау процестерi,
зейiн, ойлау мен оның сөзбен не сөзден тыс берiлетiн бiрлiктерi
(компонентi) көптеген құрылымдық моделдерге келтiрiлдi.
Дегенмен, когнитивтiк психологияда танымдық процестердi жете
түсiндiре алған тұтас бiр теория қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан
алшақ тұрумен, когнитивтiк психология психикалық әрекеттiң иесi деп
әсiреленген бiр дерексiз бастаушыны (гомункулюс) мойындауына мәжбүр болды.
Когнитивтiк психологияның бұдан былайғы өмiршеңдiгi осы әдiснамалық
қиыншылықтан құтылудың жолын табуға байланысты. Оны уақыт көрсете жатар.
Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тiкелей қарсылығымен
танылған iрi бағыттардың және бiрi - бұл гуманистiк психология. Гуманистiк
психологияның негiзiн қалаушылардың алдына қойған мақсаты - бихевиоризм мен
психоанализдi дәрiптеушiлердiң адам мәселесiндегi ауытқуларын орнына
келтiрiп, шындыққа жақындау, өмiршең психологияны таңдап алу едi. Өз
зерттеулерiнiң объектi ретiнде гуманист-психологтар салауатты, шығармашыл
жеке адам түсiнiгiн таңдады. Мұндай мiндеттi бұл уақытқа дейiн ешбiр
психологиялық ғылыми мектеп өз мойнына артқан емес едi. Бұлар талдауындағы
жеке адамның мақсаты - өзiн-өзi кемелдендiру және мүмкiндiктерiн өз
күшiмен ашып, жая бiлу.
Гуманистiк бағыт көрнектi өкiлдерiнiң бiрi Абрахаам Маслоу едi. Ол
жеке адам психологиясын есi ауысқандарды зерттеумен бiлу мүмкiн еместiгiн
қадап айтқан. Маслоу адам iс-әрекетiнiң, адамның мiнезi мен қылығының
негiзi сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Дағдарыс жағдайындағы әлемдік экономиканың кезеңдері
Мемлекеттік басқару дағдарысы
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Отбасы дағдарысы
Жұмыссыздық мәселесі және түрлері
Саяси шиеленістер мен дағдырыстар
Балалардың психикасының дамуында кездесетін дағдарыстың тууы және ерекшеліктері
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Пәндер