ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы


ХХ 5асырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы.
ХХ ғ. Басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалық талаптарына орай сана ( интроспекттік) психологиясының дағдарысы қылан берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталитстік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін үсыныстарға шамасы жетпейді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістері тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.
Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдейді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет- қылықтар экспиременталды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.
Бұл дәірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырауы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауна себепші болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.
Бихевиоризм - ХХ ғ. Американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылығы зерттеу деп біледі. Бихевиоризм теориясының негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері ( сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы түсінік жатыр. ХІХ-ХХ ғ. ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін-өзі бақылау тәсілі пайдалану мүмкін болғандықтан, эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бұл әдісті бихевиористер адам психикасын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмнің философиялық принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған заттын баяндауы тиіс, ао бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет-қылықты зерттеуі керек деген негізгі тезис тұжырымдады. Бихевиаристер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидын нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтедіде де психиканың материалды субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихевиаризм тағлиматының кризистік хаоге жетуі-сана, ойлау, ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тастап, психиканың әлеуметтік жағын ескермеуінде.
Гештальтпсихология ( нем. Гештальт-бейне, құрылым, бір тұтас форма) -ХХғ. Бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: М. Вертхаймер, В Келлер, К. Левин. Гештальт-психология механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Гештальттылар «элементер психологиясына» қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасына жақтады. Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдалағынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды.
Гештальпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық сиьуация мен оның формальды құрылымның бір бүтіндігі негізінде іс жүзінде асырылды. «Гештальт» ұғымын алғашқы ендірген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл ұғым мынадай мазмұнды қамтиды: айталық, бірнеше дыбыс тітіркендіргіштері іркес-тіркес берілді дейік. Сонда, бұл дыбыстар бір-бірімен байланыссыз әсерлер ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «әуен» ретінде қабылданады.
Гештальтпсихология бағытының осал тарапы психологиялық құбылыс бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мәнді құбылыс саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысты сыр күйінде қала берді. Осы екі маңызды категориялардың ( бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйесін бере алмағандықтан, гештальпсихология ғылыми мектебі соғыс алды жылдарында тарады.
Генетикалық психология Швейцария ғылымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымның кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізгі ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтереді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаженнің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымы зерттеу. Осы ұүрылымды ол қарапайым органикалық тірішіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, әғни интеллекттік күрделі ақыл-естің жай психикалық элементтерден құрылатынын дәлелдемекші болды.
Пиаже тұжырымының нң үлкен қатесі-баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын интеллектің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.
Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі бітбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілітінің тіпті көре білмеді.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқыкемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуді оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік-қоғамдық факторлардың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.
Фрейдизм. НЕгізін австриялық психолог З. Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есі ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсіндіруге бағышталған бұл ілім кейін адам жөніндегі жалпы тағлимат дәрежесінде ұсынылды. Фрейдизм ілімнің негізгі сараны: адам табт\иғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың ішіндегі ең бастысы -либидо ( жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі өшпес келіспестік пен арпалыстық дамиды, қалыптасады. Қоғам өзінің шектеулерімен адамды күйзесіске түсіреді, оның санаға бағынбайтын құмарлықтары және сезім көріністері айналма жолдармен невратикалық белгігер түрінде жарыққа шығады (түс көру; қате жансақ сөйлеу, жазу; қажет, бірақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ әзіл, т. б. ) . Осыдан З. Фрейд адам іс-әрекетінің бәрі объектив болмыс туындасқан санабасқарымында болмай, адамның өзі сезе бермейтін бейсанадағы ықпалды жетегінде жүреді деген тұжырымды бетке ұстайды. Санада ешқандай күш жоқ, әғни организм мен қоғам адамның саналы күтілмеген көңіл шарпуларының илемңндегі қамыр. Фрейдизм, ақырында адам қылығы қоғамдық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын дәрінтеунен, адам әрекетінің бәрі агрессив, оны тәрбиемен өзгерту мүмкін емес деген реакцион идеяның арқауына айналды.
Батыстық психологияның бүгінгі даму бағыты .
Ашық дағдарыс кезендерінде пайда болып, кейін елеул өзгерістерге кезіккен айтарлықтай маңызды теориялық бағыттар (необихевиаризм, нейофрейдизм, гештальтпсихология) 60- жылдар дың басында өздерінің бұрынғы абыройынан айыра бастады. Әрекет-қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар олардың негізгі бастау позицияларын қайта қарастыруды талап етті. Бұл дағдарыстардың аса бір мәнді себебі -экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағында пс - когнетивтік психология, гуманистік ихология, ми жөніндегі ғылымдар шеңберінде адам санасын зерттеуге орай- нейрофизиология, нейроморфология, нейропсихология, қанат жайған және бір бағыт- бұл адм психологиясы еді.
Осы ғылыми-теориялық бағыттардың қысқаша сипаттамасына тоқталайық.
Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ - та бұл бағыт бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуда ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнетивтік психология необихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші адам организмі жүйелі құрылым деген танымды әрі жалғастырды, әғни адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар формасына келтіре алады, одан әрі өндеуді үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Когнетивтік психологияның көрнекті өкілдері Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдер, У. Найсер, П. Линдсей, Г. Саймон.
Бұл бағыттың бұл күнде бірнеше салалары бар. Солардың ішінде ең танымал болғаны есептеу варианты , мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілеткеие тетік күйінде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнетивті құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.
Когнетивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер-ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл-күйін мен себеп түрткілерін, сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адам танымның барлық формалары электрондық есептеу машиналарына ұқсастығымен ақпарат жинау және өңдеудің бір ізді блоктары ретінде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде көрінетіні жөнінде пікір пайда болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлаумен оның сөзбен не сөзден тыс берілетін бірліктері көптеген құрылымдық моделдерге келтірілді.
Дегенмен, когнетивтік психологияда танымдық процестерді жете түсіндіре алған тұтас бір теория қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан алғаш тұрумен, когнетив психология психикалық әрекеттің иесі деп әсерленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) мойындауна мәжбүр болды. Когнетивтік психологияның бұдан былайға өміршеңдігі осы әдіснамалық қиыншылықтан құтылудың жолын табуға байланысты. Оны уақыт көрсете жатар.
Бихевиоризм мен психоанализм теорияларына тікелей қарсылығымен танылған ірі бағыттардың және бірі-бұл гуманистік психология . Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты-бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист - психологтар салауатты, шығармашылық жеке адам түсінігін таңдады. Мұндай міндетті бұл уақытқа дейін ешбір психологиялық ғылыми мектеп өз мойынына артқан емес еді. Бұла талдауындағы жеке адамның мақсаты-өзін-өзі кемендендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz