Мінез туралы жалпы ұғым, мінез бітістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Мінез2

1. Мінез туралы жалпы ұғым2

2. Мінез бітістері4

3. Типтік мінез бітістері5

Мінез

1. Мінез туралы жалпы ұғым

Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бүл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынас-тарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.

Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның кдсиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.

Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез - кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы - оның негізгі сапалары болып есептелінеді.

Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.

Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби) . Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйытқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. "Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз" деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.

Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.

И. П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік "құйындысы" деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: " . . . адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жүмыстарына да байланысты болады".

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық үйымдар т. б. ) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не үстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. " . . . Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады" (Әл-Фараби) . Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.

2. Мінез бітістері

Адамдардын өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер - белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен, зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса, жұмысшылар өздерінің тұрмыс жағдайы мен құқтарын жақсартуды көздейді. Осы айтылғандар адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.

"Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек"- деп жазды Маркс пен Энгельс.

Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей:

Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, иницитивалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.

Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы әр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.

Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос "пысықтығын" мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.

Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге -мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т. б. жатса, әлсіз мінезге негативизм иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т. б. кіреді. Мінез ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастақ, итмінез т. б. түрлерге бөлінеді.

3. Типтік мінез бітістері

Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т. б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен сенімінің ұқсастығынан адамда дара мінез болмайды деген қорытынды шықпайды. Адамда типтік ортақ мінездермен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы өткен параграфта айтылды. Гуманистік - демократиялық қоғамда ғана жеке адамның жан-жақты дамуына, оның дара мінездерінің талант қабілеттерінің дамуына өте қолайлы жағдай туады.

Типтік мінездің кейбіреулері:

1) Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір-жуып кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы - оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді, ой түйіндерін осыған багыштаған. Мәселен М. Әуезов: "Алтын анам, Отаным, сеттен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ" десе, В. А. Сухомлинский: "Отан өз бесігің өз үйің . . . өз бесігіңді ұмыта көрме", Баубек Бұлқышев: "Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш" деген ғой. Тағы да бірнеше ақыл-ой заңғарларын тыңдап көрейікші: "Адам жүрексіз өмір сұре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды" (К. Г. Паустовский), "Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері" (И. С. Тургенев) .

Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің: "Алтын ұяң - отан қымбат . . . туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерін, қымбат" деп келетін аталы сөздерін де қалай еске алмассың: "Қазақстан - біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи отаны" (Н. Назарбаев), олай болса, осы жерді жан-тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап сақтайтын да алдымен қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз сонау Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыкқа дейінгі ұланғайыр мол жерді талай ғасырлар бойына басқыншы жаудан калай қорғап, тәуелсіздігімен бостандық жолында шыбын жанын пида еткені белгілі. Сондықтан да біздер халқымыздың хас батырлары Қабанбай мен Бөгембайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін өнеге-үлгі етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Туған жерді, атамекенді сүю жеткіліксіз, оны қажет болған жағдайда қорғай білуіміз де қажет. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі әрі оның бүкіл халқының ісі деп санайды. " . . . Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау" (Н. Назарбаев) . Өз қарулы күшіміздің болуы, оның алдыңғы санында ер азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының тұруы, бір кісідей ынтымақтықпен топтастасуы - ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз екендігін ешуақытта да естен шығаруға болмайды. Отаншылдық - атамекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі.

2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) - бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну - ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік - тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.

Есте жоқ ерте замандарда-ақ адамзат мақсатсыз жандарды кісі қатарына санамаған. "Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара", депті орыс жазушысы И. С. Тургенев. "Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек" деген ғой белгілі саяхатшы Михлуко-Маклай, "Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады", - дейді ол.

Мақсаткерлік - асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектін құшағында өмір сүре алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. "Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан", - дейді, батыр ағамыз Б. Момышұлы. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт-арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілет, таланты да өміршең болып келеді. Ақтамберді жырау айтқандай: "Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін", өйткені тіршіліктегі ең үлкен қасірет-мақсатсыз өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату. Мақсаткер адам ылғида жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілу үшін емес, жеңу үшін күреседі. Өйткені "Өмір жолы қандай қызықты, қандай қиын, үңіле қараған адамға оның қызығы да қиындығында емес пе? . . . өмір жолы үлкен қозғалыс, ол қозғалыс әрқашанда алға, алысқа құлаш сермейді, талай өркешті толқындарды да кездестіреді (М. Ғабдуллин) .

Мінездің осы түрі халқымыздың ұлттық қасиетінен орын алуы тиіс.

3) Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үй іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бүл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-сезімді кажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің деңгейі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты сезіну, оны орындау, ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы - жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу - адамға үлкен қуаныш, шабыт-жігер, қанағат әкеледі, кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің борышы мен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі кісіге мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды. Адамгершілігі нашар төмен кісі жаман қылығынан қайтпай, қатесін түзету былай тұрсын, мойнына да алмай жүре береді, мұндайларды арсыз, "ары таза емес" деп жұрт ұнатпайды. Арсыз адамдарды ұлы Абай, Шәкерімдер кезінде іремей сойғаны белгілі. Мұндайлар қазіргі қазақ қоғамында да аз кездеспейді. Әрине, олардың жауапкершілік, борыш сияқты қастерлі есімдері от басында, балалық шақта дұрыс бағытта қалыптаспауы да ықтимал, мұндай "қасиет" әке-шеше, туыстардың да кінәсінен болуы ғажап емес. Ер жетіп, есейген адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе бермейтіні, оның психологиялық көңіл-күйіне ауыр жүк, зіл түсіретіні сөзсіз.

4) Мейірімділік пен ізгілік. Егіз қозыдай осы екі қасиет-басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т. б. ) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. "Мейірімділік, - деп жазды К. Бови, - мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл". Өте тауып айтылған сөз. Әрине, бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола бермейді, уақыт та жетпей жатады. Ал айналаңдағы адамдар, әсіресе, егде тартқандар, өзіне көңіл аударғанды ерекше бағалайды. "Ең үлкен сән-салтанат, - деп жазды Экзюпери, - адамдардың қарым-қатынасының салтанаты". Адам кішкентайынан басқаларды өзімен қарым-қатынасқа қызықтыра білгенге не жетсін. Ол үшін өзі білетін адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның талап-тілегіне, талғамы мен қамына көңіл аударып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса сезімталдықпен қарауға машықтанған абзал. Кімде-кім өзгелердің табиғи ұмтылысын байсалдылықпен ескере отырып, басқаның ақыл-ойы мен мүдде-тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп-жебесе, мұндай кісі инабатты да сүйкімді. Кісіге адал ісі мен жетістіктерін орынды жерінде байыптылықпен айтып отыру игі әсер етеді. Тіпті сол адамның ерекше абырой-беделі болмаса да, оның жақсылық нышанын ізгі қадам жасауға ұмтылыс талпынысын ескеріп отыру - бір ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға кішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта жүруді естен шығармайық. "Адамда қалайда болса, қашанда болса пайда келтіретін ой мен іс - ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу - адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе" (М. Жүмабаев) . Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік - адам біткенді сүйе беру секілді күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды. Нағыз гуманист үлкен мейірбандықпен қатар қоғамдық прогреске кесірін тигізетін керітартпа, жаңалық атаулыға жаны қас адамдарға өшпенділігін жасыра алмайды. Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін, адамзаттың бақытты болашаққа жетуге бағышталған асыл арманына бөгет жасаушылармен ымырасыз күресіп отырады. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында бүткіл өмірін халық бақыты үшін сарып еткен біртуар перзенттер аз болмаған (әл-Фараби, Асан-қайғы, Сырым батыр, Махамбет, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы т. б. ) . Осынау тамаша қасиет халкымыздың ұлттық психологиясынан да, аты шулы перзенттерінің жеке бастарынан да көрінетіндігіне айғақ болатын деректер жетерлік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез жайлы
Мінез - кең мағыналы ұғым
Мінез – адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік
Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі
Мінез туралы жалпы ұғым. Мінез бен темпераментті теңдестіру
Ми және психика
Мінез бітістері
Мінез туралы ұғым
Мінез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz