СЕМЬЯДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
sСЕМЬЯДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТ

Семьяның берік болуында оның мүшелерінің арасындағы психологиялық
сыйысушылық үлкен роль атқарады, Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің
шапшаңдығы, өмір және тұрмыс ырғағының қарқыны адамдардың психологиялық
жүгін көбейтті. Ал семья қоғам мен қоғамдық қатынастардың дамуымен тығыз
байланысты өзгеріп, өсіп отырады. Сондықтан қоғамдағы әлеметтік-
экономикалық өзгерістер семьяның тұрмыс-тіршілігіне, оның мүшелерінің іс-
әрекетіне сөзсіз әсер етеді.
Семьядағы психологиялық климат ең алдымеи ерлі-зайыптылар арасындағы
қарым-қатынастарғы байланысты жасалады. Халқымызда есіктің екі босағасы
атанған ерлі-зайыптылар семьяның басы болуымен қатар, оның тағдырына ең
алдымен жауап беретін адамдар. Еркек пен әйелдің сүйіспеншілік сезімдерінен
келіп туатын заң жүзінде некелесу біздің қоғамымызда олардың тең праволығы,
негізінде семья құрруына жағдай жасап, жол ашты. Былайша айтқанда, мемлекет
тарапынан семьяға деген қамқорлықпен қатар қажеттілікте туып отыр. Кімге
сүйіп қосылу әркімнің өз еркі болғанымен, семьяның тағдырына қалай болса
солай немқұрайды қарауға еркектің де әйелдің де ешқандай правосы жоқ. Семья
құрған ерлі-зайыптылар өздерінің праволары мен осындай жауапкершілігін
қатар орырдауға міндетті.
Семья құрғанға дейінгі бір-бірін сүюі қандай дәрежеде, бұл сезімдері
сыйластық, ұғынысушылық қарым-қатынастарымен жұптасқан ба, талғам-тәртіп
жақтары бір-біріне белгілі ме, бір-бірінің кемшіліктерін кешіріп, бір-
бірінің ар-намысын аяққа баспай ма? Міне,осы сұрақтар төңірегінде жастар
көбірек ойланып, бір-бірін көбірек біліп, семья құруға асықпағаны жөн.
Кейде сүйіспеншілік сезімдері екі жақта бірдей болмаса да, өзінің сүйгеніне
қол жеткізу үшін тезірек үйлену немесе тұрмысқа шығу сияқты асығыстық
жасау, осының себебінен дұрыс семья бола алмай, аяғында жанжал-ұрыспен
айрылысып кететіндер де кездесіп жүр. Адамның бір-бірін сүюі ол ешкімнің
зорлығымен, өктемдігімен не бұйрығымен келетін сезімдер емес әлбетте,
махаббатқа зорлық жүрмейді, - деген осындай себептерге байланысты туғаны
айдан анық. Сонымен қатар, берік семья құруға жалаң сүйіспеншілік сезімдер
жеткіліксіз. Сүніспеншілік сезімдер семья құрғаннан кейін берік достық,
биік адамгершілік қасиеттермен біте қайнасып, үлкен махаббатқа ұласуы тиіс.
Махаббат сезімдері туралы ертедегі индустардың эпостық жырында:
Қөңіл-күйдің құштарлырынан достық,
Ақыл-ойдың бірлестігінен сыйластық,
Тән құштарлығынаи ынтызарлық.
Осы үшеуінің қосылуынан махаббат туады, -
деп жазғандай махаббат адамдар арасындағы достық, сыйластық және тән
жақындығынан туатын құштарлық жиынтығынан тұратын асқақ та, адал да, терең
да, күрделі де, құдіретті де, күшті сезім.
Балаларды болашақ семьялық өмірге тәрбиелеу мәселесі айтарлықтай жолға
қойылмай отыр және оларға жыныстық, гигиеналық тәрбие берілмейді деген
мәселелер төңірегінде көптеген пікірлер айтылып жүр. Осы мақсатта барлық
мектептерде; Гигиена мен жыныстық тәрбие және Семьялық өмірге
тәрбиелеу, - деген курстар міндетті түрде оқу пәніне айналып отыр. Алайда
мұның бәрі – теориялық білімдер. Ал оны іс жүзіне асыру әркімнің жеке
басындағы қасиеттерге, еңбектенуіне байланысты. Барлық жағынан дайындалған
семьяның қожасы – ерін, сол сияқты дайын әйелін белгілі бір семьялық өмірді
басынан өткізбейінше заказбен даярлап беру мүмкін емес. Семьялық өмір
дегеніміз – ерлі-зайыптылардың қол ұстаса жүріп, өзара үйренетін, өзіндік
мектебі. Халқымызда: Сұлу жүзің бір жылдық, сұлу мінез жүз жылдық, -
дегендей семьядағы ерлі-зайыптылар махаббатының ұзаққа созылуы олардың
адамгершілігіне, мінез-құлқына, өздерін семьядағы рөліне сәйкес ұстауына,
іс-әрекетіне, талап-талғамына және т.б. семьялық өмір қажеттігінен туған
жауапкершілікпен міндеттерді атқаруына байланысты.
Семья құрғанға дейін жастар көз алдына бұл өмірдің жарқын, шуақты, қуанышты
жақтарына ғана елестете алады, ал оның кейбір бұлт торлайтын
қиындықтарын біле бермейді. Шындығында қазіргі заманның шапшаң өсу
қарқыны, еркек пен әйелдің бірдей қоғамдық енбекке теңбе-тең араласуы
олардың арасындағы қарым-қатынастарға да әсерін тигізбей отырған жоқ.
Осылардың әсерінен кейде бір-біріне ойдағыдай көңіл бөлуге, немесе талап-
талғамын қанағаттандыруға, сол сияқты әркімнің жеке басындағы
ерекшеліктерін толық ескеріп, санаспайтын кездері де болады. Ерлі-
зайыптылар өздерінің қарым-қатынастарында осы психологиялық әсерлерді
дұрыс ұғынып, бір-біріне талап қоюда ең алдымен адамдық фактор мен
адамгершілік қасиеттерді есепке алып, бір-бірінің талғам мен әдетіне және
кемшілігіне төзімділік жасап, осы тұрғыда қатынас жасауға үйреніп
дағдылануы керек. Әйел өзінің табиғатында, семья өмірі мен тұрмыс-
тіршілікке байланысты істерде үлкен рөл атқарып, осы арқылы өзін іс жүзінде
семья мүшелеріне, ағайын-туысқа, ауыл-аймаққа мойындатты. Бірінші байлық
– денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, - деп халқымыз текке айтпаған.
Атақты Қазыбек би мен шешен Сырымның ұлағатты сөздерінен әйел затын қатты
құрметтегенін көреміз. Мысалы: Дүниеде кім жақын? - деген сұраққа Қазыбек
би: Жан серігің жас кезіңнен, бәрінен де әйелің жақын... Ұят пенен ар
қымбат, өзің сүйген жар қымбат, - десе, Сырым:
Жігіттер, әйелді қорсынбаңдар,
Әйелсіз ерге күй бітпейді...
Астымдағы қара атым – тұлпарым
Қасымдағы қара әйелім – сұңқарым -
деген екен. Міне бұл құр шешендік сөздер емес, өмірдің шындығынан туған
өсиет сөздер.
Қазір әйелдің қолында көптеген праволар, қолайлы жағдайлар шоғырланды.
Олар материалдық жағынан еріне де, ержеткен баласына да тәуелді емес.
Әрние, бұл семьяның материалдық және моральдық жағдайын жеңілдетеді.
Бірақ, бұл семья мүшелерінің арасындағы психологиялық ахуалды
күрделендірді. Әйелдің заң жүзінде еркекпен тең праволы, материалдық
жағынан тәуелсіз болуы еркектің, (әкенің) семьядағы орнын бағалауға кері
жағдай жасап отырғанын жасыруға да болмайды. Кейде өзіне көп сенім артқан
әйел еркектің семьядағы орнын мойындамай, оның семьяға деген көңілі мен
әсеріне сенімсіздік жасап, кінә тағып, оның атына сын-ескертпелер жасауды
көбейтіп, осының нәтижесінде семьяда дау-жанжал туады. Мұндай семьяда әйел
ерін әке ретінде құрметтемейді, балаларының көзінше күйеуінің арына тиіп,
қорлауға дейін барады. Ерінің болмысындағы жақсы қасиеттерді жоққа шығарып,
оның осал жақтарын бетіне басып, осы арқылы кемсітіп, әбестік қылықтар
көрсетеді. Осыдан келіп ерлі-зайыптылар арасында бір-біріне деген көңіл
қалушылық туады. Мұндай ерлі-зайыптылар кейде балалары үшін бір шаңырақ
астында тұруға мәжбүр болғанымен олардың арасындағы махаббаттың жібі
үзіліп, ешқандай рухани жақындық болмайды. Ал, кейде мұндай ерлі-
зайыптылар қаншама жыл бірге тұрғанмен түбінде татулыққа келе алмай, тіпті
көп жылдардан кейін ажырасып кетеді. Сонымен қатар, мұндай әке-шешеден
балалардың жақсы тәлім-тәрбие алуы да мүмкін емес. Анасының ықпалымен
балалардың әкесіне қарсы келуі, сыйламауы туады. Осының салдарынан мұндай
семьяда қыз балада еркекке деген жаман көзқарас қалыптасады. Ал ұл балада
өзіне деген сенімін жоғалтып, бойында жігерсіздік пайда болуы ықтимал.
Сондықтан ерлі-зайыптылар өзара қарым-қатынастарының балаларына қандай
психологиялық әсер ететінін біліп, олардың болашақ өмірі мен тағдырына
кесел келтірмейтін қатыста өмірі сүруі тиіс.
Кейбір әйелдер тең праволылықты желеу етіп, ерін үй іші, от басы, ошақ
қасы тіршілігімен көбірек айналыстырып, өзі бұл ұсақ-түйек жұмыспен бас
қатырмауға тырысады. Ұсақ-түйек үй жұмысымен айналысқан еркектің
психологиясында тұрмыстағы нәрсенің бәріне бірдей киліге беретін ұсақтық
кейігіштік мінез-құлық пайда болмай ма? Және мұндай еркектің қоғамдық
еңбектегі пробломалық келелі мәселелерді шешуге қатысудағы белсенділігі,
ондағы творчестволық енбегі қандай дәрежеде болмақ? Бұл жағынан ерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақша мен отбасы
Жанұя қызметының әлуметтык психологилық аспектісі
Ежелгі тас дәуірі
Жанұя
Психологиялық кеңес берудің ерекшеліктері
А.С.Макаренконың педагогикалық ойлары мен тәлімі
А. С. МАКАРЕНКО ТАҒЫЛЫМДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жанұияның өзіне тән ерекшеліктері
Психологиялық кеңес беру туралы ақпарат
Мемлекеттің пайда болуы туралы мәлімет
Пәндер