Тұлға, қарым - қатынас
МАЗМҰНЫ
Тұлға және қарым-қатынас 2
1. Тұлға туралы жалпы түсінік 2
2. Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері 3
3. Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат 4
Қолданылған әдебиеттер тізімі 9
Тұлға және қарым-қатынас
1. Тұлға туралы жалпы түсінік
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке
дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын,
өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп,
ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз.
Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі,
білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-
бағдары бар адамды түлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы
қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы
жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға
дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған
түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бүзық, қасқай т.б. толып жатқан
өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны
қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрнісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік
ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау
иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін
аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ
аяқталады. Бүл — өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын
құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен
адамгершіліктің басты белгісі, ее жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп
қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті,
адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жаксысы, көргенді,
көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты
бойына дарыта білген пенделерді ғана пір түтқан, адамгершіліғі темен, не
одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсіз" деп иттің етінен жек көрген.
Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын
болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі — ар-ұятқа кір келтірмеу,
намысты аяққа баспау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған
орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-
парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары "кісілік"
ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты
қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік,
адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі
үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру,
үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге
араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен
оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың
өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет.
"Әлеуметшіліксіз,— дейді X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта ұлт
тіршілігі, үлт мемлекеті болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін
елдің өткен-кеткен тұрмысын бүрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек".
Осы айтылғандар бізге оның психиологиясы туралы белгілі пікір айтуға
мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп.
Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,
дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
2. Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі
болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын
объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын
қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну
қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске
түсіп отырады. Осыған орай, оның түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті
шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-
бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мөні күшті түрткі іс-
әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы
мотив — оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның
қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы
ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз
алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.)
болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек
құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами
келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.)
туғызады. Рухани қажеттердің дамуы — материалдық қажеттерінің
қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың
елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына
себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар
мүмкіндігін пайдаланады. Бүл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге
талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп
отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы органы, табиғатты өзгертуге
дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның,
күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде
мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін
туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың
күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге
мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі
себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз
қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса,
адамдардың қажеттері — іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның
психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе,
табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет
өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да
тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да
маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді,
өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда
да бар. Бірақ бұл — биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері
— олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен,
тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып,
аузынан сілекейін шүбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете
түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз
қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мүндай қажет аңдарға туа бітеді, олар
шартсыз рефлекстік сипатта болады.
3. Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
Қызығу — шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып,
білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады.
Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып
табылады. Қызығудың физиологиялық негізі —"Бұл не?" дейтін рефлекс.
Мәселен, біреуді "футболға қызығады" десек, ол адамның футбол ойынына үнемі
баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, біреумен
әңгімелесуде де, көбінесе, осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір
көретінін байқаймыз. Сөйтіп, адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін
қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.
Қызығулар да бейімдіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде
ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге,
тракторға жалпы ~ техника атаулыға әуесқой келеді. Мүндай балалардың есі-
дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, олардың
маркасын жаксы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында
физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықласымен оқиды, ал мектеп
бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника
саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу
құбылысының табиғаты өте кұрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан
ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді
де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі
тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады.
Мәселен, "Шинель" әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің
негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының
барлығын қағаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат
алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде
басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу
әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды
болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді.
Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып
отырады.
Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда
ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды
әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз адамның
рухани өмірі дамымайды. К. Маркс бір сөзінде: "Адамға лайықтың бәрі де
маған жат емес" деген екен. Бұл қызығуы жан-жақты дамыған адамның ғана
айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен
жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады. Кейбір
адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де
біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай "көрсе қызар" әуесқойлық адамды
тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл —
үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын
пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын
билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере
білуге жөрдемдеседі.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz