Темперамент туралы теориялар, түсініктер
Темперамент жөнiнде түсiнiк
Темперамент - 25 ғасырдан берi ғылыми ойды қызықтырған мәселелердiң
бiрi. Оған деген қызығушылықтың төркiнi - адамдар бойында болатын дара
өзгешелiктер. Әр адамның жан дүниесi өз алдына бiр болмыс. Оның
қайталанбастығы, бiр жағынан, адам тәнiнiң биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екiншiден - әлеуметтiк ерекше
байланыстар мен қатынастарға негiз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрiнедi. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-
қозғалғыштығы - бәрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен,
осы күнге дейiн темперамент мәселесiнiң шешiлмеген, талас-тартысты қырлары
баршылық. Бiрақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптiгiне қарамай,
ғалым-дардың бәрiнiң мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтiк
тұлға ретiнде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Темперамент
көбiне адамға тума берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика)
сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе бермейдi. Назар
аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң әрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен
кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi
құрылымын түзедi.
Сонымен, темперамент - адамның психикалық әрекетiнiң нақты
динамикасын айқындайтын психика-ның дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Бұл
психикалық ерекшелiктер адамның барша iс-әрекетiнде оның мазмұны, мақсаты
және сеп-түрткiлерiне тәуелсiз бiрқалыпты көрiнедi, есейген шақта да
өзгерiске түспей, өзара байланыста темперамент кейпiн өрнектейдi.
Темперамент түрлерiнiң жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзiнiң ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераменттi реттеп,
түзетуге қаратылмай, нақты iс-әрекетте оның тиiмдi жақтарын саналы әрi өз
орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ
әрқилы тұлғалардың психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай
жалпыланған бейнелер бiрiгiмiн психология тарихында алғашқыдан темперамент
типтерi деп атаған. Темпераменттердiң бұл бiрiгiмдiк (типологиялық) жүйесi
өмiрлiк iс-әрекет тұрғысынан өте тиiмдi, себебi оны пайдалана отырып, нақты
тұрмыстық жағдайларда белгiлi темперамент типiне жататын адамның болашақ
әрекет-қылығын күнi iлгерi пайымдауға әбден болады.
Темперамент туралы теориялар
Темпераменттер жөнiндегi ғылымның iрге тасын қалаған ежелгi грек
дәрiгерi - Гиппократ (б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт
"дене шырындарының" - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен
ажыралады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгi дүние
дәрiгерi Клавдий Гален (б.э.д. II ғ.) алғашқы рет темперамент түрлерiне
ғылымдық сипат бердi. Гален темперамент түрiн денеде жоғарыда аталған
шырындардың бiрiнiң басымдылығымен байланыстырды. Ол бiздiң заманымызға
дейiн жеткен темперамент атауларын белгiледi: сангвиник (sangius - қан),
флегматик (phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole -
запыран). Гален ендiрген бұл ғажайып жаңалық кейiнгi жүзжылдықтар желiсiнде
көптеген ғалым-дар iзденiсiне күштi ықпалын тигiздi.
Ежелгi дәуiрлерден бастап зерттеушiлер адамдардың дене құрылымы және
физиологиялық қызметiнiң ерекшелiктерiмен сай келетiн көп түрлi әрекет-
қылықтарды топтап, ретке келтiруге ат салысты. Осыған орай темпераменттiң
көп түрлi типологиясы қалыптасты. Бұлардың iшiнде назар саларлықтай тип -
адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттерiне
негiзделген - конституциялық типология (Э.Кречмер). Бұл теорияның мәнi: әр
адам өз дене құрылымына орай өзiндiк психикалық ерекшелiкке ие. Осыдан,
дене мүшелерiнiң (қол, аяқ, бас, кеуде ж.т.б.) сырттай өлшемдерiне
байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгiленген:
1. Лептосоматик - бойшаң, нәзiк денелi, көкiрек тұсы жайылыңқы, тар
иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семiзшең, кiшi немесе орта бойлы, қарны қампиған,
домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттерi күштi дамыған, денесi мығым, берiк; ұзынша
не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектерi тартылған.
4. Диспластик - дене бiтiмi қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелiк
зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы
кемiстер).
Аталған дене құрылымы типтерiне үш темперамент типi сай: шизотомик,
иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзiк, әлсiз дамыған
(астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен
көзқарастар өзгерiмiне ере бермейдi, осыдан қоршаған ортаға икемдесуi қиын.
Иксотомик - денесi мығым (атлетический), мiнезi байсалды, сезiмталдығы кем,
ым-ишараға жоқ, ойлау қабiлетi шабан, көбiне майдашыл. Циклотомик -
семiзшең, домаланған денелi, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында
бiрдей, тiл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негiзiн
қалаған - Э.Кречмер. Бұл теория ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz