Есте caқтay және ұмыту


МАЗМҰНЫ
Есте caқтay және ұмыту2
Есте сақтау2
Тану. 5
Ұмыту5
Есте caқтay және ұмыту
Есте сақтау және оның түрлері. Есте сақтаудың физиологиялық және биохимиялық негізі. Еске түсіру. Тану. Ұмыту. Оның себептері. Жаттығу және оның ережелері. Голография.
Есте сақтау
Есте сақтау дегеніміз көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен кұбылыстарды нақтылы бір жағдайда оның қасиеттерімен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғырту. Есте қалдыру, сақтау және есте ұстау кезінде ми нейрондарында сыртқы және ішкі ортаның әсерлерінің ерікті және еріксіз із жазбасы (энграммасы) қалады. Ерікті энграмма адамның санасы арқылы іске асады. Есте сақтау кезінде мәліметті түйсік басталған сәттен еске түсіруге дейін ми толығымен немесе жартылай жаңғыртады. Есте сақтау адамның ойлау кабілетіне, өмірдегі тәжірибесіне, ниеттеріне байланысты. Еске түсіру сақталған мәліметті тауып, оны жаңғыртып, ойға алу қасиеті. Бұл белсенді түрде болатын және өте күрделі құбылыс. Оның күші мен деңгейі әртүрлі болады. Есте сақтаудың генотиптік және фенотиптік түрлері бар. Генотиптік түрі шартсыз рефлексті, ырықсыз сезімді, еске сақтауды калыптастырады. Фенотиптік түрі ағзанын жеке дамуы кезінде иемденген мәліметтерін өндеу және сақтау механизмін жүзеге асырады.
Есте сақтау касиетіне байланысты фенотиптік есте сақтау қабілеті бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Бейнелік есте сақтау адам мен жануарлардың жағымды ұнайтын немесе жағымсыз, яғни зиянды тітіркендіргіштердің бейнесінен туады. А. С. Бериташвили мұны жүйке жүйесінің туа біткен, үйренудің негізін қалайтын қасиеті деген.
Эмоциялық есте сақтау бұрынғы болған күй бастан кешкен оқиғаны, оларды тудырған жағдайларды бағалау қабілеті. Еске сақтаудың бұл түрі адамдарда шынайы және дерексіз түрде болады. Эмоциялық есте сақтаудың тез қалыптасу, беріктік, еріксіз және ерікті түсіну сиякты адам өмірінде аса маңызды ерекшеліктері бар. Зигмунд Фрейдтін тұжырымы бойынша ұнамды сезімдер мен оқиғалар ұзақ және тұрақты есте сақталады.
Жануарлардың мәліметті сақтауындағы негізгі түрі - шартты рефлекстік есте сақтау. Түрлі сыртқы әсерлер, ағзаның бейімделу іс-әрекеттері жүйке жүйесінде уақытша нервтік байланыс қалыптасқанда ғана есте сақталады.
Мәліметті сақтау ұзақтығына қарай, ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімдік есті ғалымдар жуық арадағы және оперативті ес деп бөледі. Жуыр арадағы ее аз уақыт, яғни бірнеше секундтан бірнеше минөтке дейінгі, ал оперативті ес ондаған минуттан бірнеше сағатка дейінгі мерзімді қамтиды.
Адамның есте сақтау қабілетін ұғымға және елестетуге байланысты қисынды-мағыналық және сезімді-бейнелік деп бөледі. Мұның біріншісі адам үшін аса маңызды ең жоғары дәрежелі естің түрі деп есептеледі. Ол ойлауға, қиялдауға, сөйлеуге қатысады. Ал екіншісі түрлі талдағыштардан алынған, яғни көру, есту, дәм сезу, тері сезімдері, іс-қимыл т. б. мәліметтерді сақтауға қатысады.
Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. Сыртқы ортаның мәліметтері адамнын миына жан-жақтан келеді: көру, есту, тері сезімдері иіс, дәм сезімдері мен ішкі түйсіктер аркылы. Олардың бәрі қабылданып, талданып, сарапталып қажеттісі ғана есте сақталады, қажет кезінде пайдаланылады. Мәліметтердін келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің бір түрі. Мәліметгерді қабылдап талдасымен қажеттісін есте сақтау басталады. Бұл кезенді ғалымдар консолидация (бекіту, нығайту, нықтау) кезеңі деп атайды. Онсыз ақпарат тұрақты ес іздеріне айналмайды. Ғалымдардың зерттеуінің негізінде мәліметтің ізі ми қыртыстарында пайда болып сақталады, ал оларды қабылдап, консолидациялауға торлы құрылым мен лимбия жүйесі қатысады.
Ми қыртысының сезгіштік және ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы құрылымы есте сақтау механизмін құрады. Олардағы нейрондардын тұйықталған шеңберінде серпіністің үйіріліскен айналма қозғалысынан қалыптасып, кейін оларда берік есте бекітіледі. Дегенмен, нейрондар жүйесінің үдемелі іс-әрекеті уақытша нервтік байланыстың қалыптасуында және оның нығаюында жеткіліксіз болады. Серпіністің кеңістік және мезгіл сипаты уақытша байланысқа ауысуы үшін түрткінің мәнін аңғаратын мәліметтің белсенділігі аса қажет. Уақытша байланыстарды көбінесе мидың норадренергиялық тетіктері қалыптастырады, ал серото-нинергиялық механизмдері оларды мықты берік сақтауға қатысады. Бұлармен қатар ұзақ мерзімге есте сақтауға глютанаттар, гаммааминмай қышқылы оралымды нуклеотидтер, кальцийдің иондары қатысады. Есте сақтаудың молекулалық қағидасы бойынша, мидағы нейрондардың уақытша байланыс тізбектері мәліметті химиялық жолдармен қалыптастырады. Мәліметтердің іздерінің қалыптасуы нерв торшаларындағы биохимиялық және биоэлектрлік өзгерістерге байланысты. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орыны - синапстар. Оған дәлел баланың өсіп-дамуына қарай нерв торшаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбеюі. Нейрондар арасындағы байланыс адам дамыған сайын күрделеніп, көбейіп дами береді. Қазіргі эпектро-физиологиялық әдістерді қолдану арқылы нейронаралық байланыстар мен контактілерде өнетін көп түрлер болатыны анықталып отыр. Бұған қоса, көп жаттықтырылған нейрондарда рибонуклеин қышқылының мөлшері көбейетіндігі.
Соңғы 20-30 жылдың ішінде мәліметтерді сақтауға мидағы глия торшаларының қатынасы бар екені анықталды. Америкалық ғалым Р. Галамбостың зертгеуі бойынша глия торшалары тек қана қоректендіру қызметін ғана атқарып қоймай, нейрондарда мәліметті сақтау үшін олардың қызметін жөнге келтіріп, бағыттап отырады.
Ғалымдардың мәліметтері бойынша, шартты рефлекстік қозудың күші мен қыртыс және қыртысасты құрылымдарда рибонуклеин қышқылының шоғырларының арасында айқын байланыс бар екені анықталды. Шартты рефлекстер қалыптасарда мида белоктардың бірнеше түрлері мен пептидтер түзіледі. Г. Унгардтың шартты рефлекстерді тудырған тәжірибелерді зерттеп, олардың қалыптасуына қатысатын белсенді заттар - ското-робин мен амелитинді химиялық әдіспен бөліп алған.
Голографиялық қағида бойынша қазіргі деректерге сәйкес уақытша байланыс тұйықталарда өзара әрекеттескен нейрондар серпіністерінің бір жүйеге келген тасқындары түйіседі. Мұнда шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің әсерінен түрлі ми құрылымдарында әртүрлі бейарнамалы голограмманың тіректі сәулесі пайда болады, ал заттың қасиетін көрсететін импульстің райлы арнамалы түрі голограмманың шағылысқан сәулесі іспетті деп жорамалдайды.
Есте сақтаудын қалыптасуына орталық жүйке жүйесінің үйлесімді жағдайы мен мидың белгілі мөлшердегі белсенділігі әсер етеді.
Есте сақтаудың психофизиологиялық механизміне психологиялық және электрофизиологиялық зерттеулердің мәліметтері негіз болады. Үлкен ми сыңарларының маңдай бөлігі зақымдалғаннан соң көптеген психикалық құбылыстар бұзылғаны байқалған, әсіресе, мидың есте сақтау қабілеті өте нашарлаған. Сырттан келген мәліметтер қабылданбаған, оған ешбір жауап беру ишаны білінбеген. Мұндай өзгерістер маңдай бөлігінің сыртқы (жоғарғы) қабатының істен шыққан шағында орын алған. Мидың бұл аймағы гипоталамуспен, миндаль тәрізді түйінмен және мидың торша құрылымдарымен тығыз байланысты. Бұлардың әрқайсысының есте сақтауға өзіндік үлесі бар. Ал бұлар үлкен ми сыңарларының маңдай бөлігімен бірлесіп қызмет атқарғанда есте сақтаудың психофизиологиялық толық механизмін құрайды.
Ерікті түрде есте қалдыруды жаттықтырудың маңызы зор. Ол үшін бірнеше рет қайталау әдісін қолданады. Бір рет қана қайталап қабылдағанын адам есінде қалдыра алмайды. Еске сақтау, әсіресе, ұзақ мерзімді еске сақтау көп қайталағанды қажет етеді. Егер есте сақтайтын мәлімет адамның бұрынғы тәжірибесімен, мәліметімен байланысса, есте жақсы сақталады. Бірақ барлық мәліметті ұзақ мерзім есте сақтаудың қажеті жоқ, себебі олардың бәрі өмірде жиі керек бола бермейді.
Сақталған мәліметті еске түсіру, яғни қайта жаңғыртып, пайдаланудың физиологиялық негізі толық зертгелмеген. Ол мәліметті сақтау нәтижесіне байланысты болар деген болжамдар бар.
Еске сақтау қабілетінің физиологиялық негізі туралы академик М. Н. Ливанов пен оның шәкірттері зерттеулерін қорыта келе, ес - баланы оқыту, үйрету барысында пайда болатын нейрондардын қозуды өткізуі ми қыртысындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты, - деген шешімге келді. Былайша айтканда, ес функциялық жүйелердің дәрежесінде қалыптасып, ал мәліметтерді таңбалау (кодтау), сақтау синапстық құрылымдар дәрежесінде өтеді.
Әр дәрежеде жасалган биохимиялық зерттеулердің негізінде естің қалыптасуына, оның таңбалануына РНҚ немесе белок, немесе белокты-көмірсутекті түрлі комбинациялар қатысады. Әсіресе мәліметті сақтауда олардың маңызы зор.
Жоғарыда келтірілген ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жинақтап қорытсақ, есте сақтаудың жеке бір орталығы, мидың арнайы бөлігі не аймағы бар деуге болмайды. Өйткені есте сақтау, еске түсіру, мидағы мәліметтерді дер кезінде іске қосып пайдалану сияқты күрделі психикалық құбылыстар бір нейронды, тіпті бір жерде бірлескен бір райлы нейрондар топтарының функциясы деу де қате болар.
Тану. Адам өзінің өмірінде болған, кездестірген жағдайларды, іс-әрекетті мәселені кейде толығынан, кейде жартылай, ал кейде жеке бөлшектерін есіне түсіріп, ажыратып, тани алады. Кейбір жағдайда бұрынғы болған болмыстарды жай ғана шырамытады, оның нақтылы деректерін, айталық қай жерде болғанын, кімнің қатысқанын т. б. нақтылы есіне түсіре алмайды, бірақ қосымша белгі-сипаттар, деректер пайда болса есіне түсіріп, тануы мүмкін. Мұндай жағдай көбінесе ертеде болған, көрген, естіген, білген болмыстар болады. Адамның эволюциялық жоғары дәрежеде дамығаны белгілі бір қасиеттерді, заттың сипатын естігенде немесе оқығанда сол затгы тани алады. Мұндай тану адамның өміріндегі тәжірибесіне байланысты. Неғұрлым өмірлік тәжірибесі мол болса, соғұрлым тану қабілеті де күшті болады.
Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, бұл ми қыртысындағы нейрондар аралық байланыстар деңгейінде өтеді. Сол байланыстардың негізінде адам бұрын көрмеген, тікелей сезбеген, тіпті естімеген нәрселерін де сипаттау бейнелеп суреттеу арқылы тани алады. Бұл жағдай есте сақтаумен тікелей байланысты болады.
Ұмыту . Бұл еске түсіру, тануға қарама-қарсы жағдай. Ұмыту дегеніміз бұрын болған, көрген немесе естіген, оқылған оқиғалардың іздерінің жойылуы, яғни еске түсіру, тану мүмкін болмаған, не болмаса қате болатын жағдайлар. Ұмыту жақсылап қабылдау, түсіну, қайталау яғни адамның сана-сезімінен өткізілу дәрежесіне тікелей байланысты. Ұмыту алға қойылған мақсаттың анық болмағандығынан, жеткілікті дәрежеде түсінбеген немесе көңіл аударылмаған, я болмаса ақыл-ой елегінен дұрыстап өткізілмегендігінен болады. Бұл ұмытылған жағдайдың дұрыс да болуы ықтимал. Білім алу барысында белгілі бір материалды, такырыпты, заңдылықты ұмыту - қабылданған мәселенің алдыңғы немесе соңғы материалмен байланысы болмағанда немесе олардың ара қашықтығында көп уақыт өткен жағдайда байқалады.
Ұмыту мен еске сақтау материалдың өмірмен байланысы болмауына немесе ескіруіне де байланысты. Ми зақымдалғанда адамның бұрынғы өмірін немесе оның бөлшектерін ұмыту нерв торшаларының бұзылуына, зақымдануына байланысты ойлау, еске түсіру қабілеттерінің бұзылуынан болады. Мидың зақымдалуына байланысты еске түсіру қабілетінің бұзылуы немесе толық жойылуын толық немесе жартылай амнезия дейді.
Адам өз өміріндегі оқиғаларды, ғылым негіздерін, табиғи немесе жасанды зандылықтарды ұмытпай есіне сақтау үшін келесі ережелерге көңіл аудару керек.
1) Мақсат болу керек және ол анық болып, оған дұрыс көңіл аудару керек.
2) Қабылдамақ болған материалды жақсылап түсіну керек. Ол үшін бұрынғы болған өмір тәжірибесімен байланыстырып адам оны ой елегінен жақсылап өткізуі тиіс.
3) Жаттығу бірнеше рет көңіл қойып қайталау керек. Тек қана механикалық жатталған мәселе оңай ұмытылады.
4) Материал заманының талаптарына сай, ескірмеген яғни қажетті болуы тиіс.
5) Оқу, жаттау, есте сақтау әдістемелері жаңартылып, өзгертіліп түрлендіріліп тұрғанды қажет етеді.
6) Есте сақтауға арналған материал шектен тыс көп болмауы керек. Оның шегі әр адамның миының қабілетіне, жаттықтырылу дәрежесіне байланысты.
7) Белгілі бір есте сақтауға арналған материал мезгіл-мезгіл еске түсіріп отырғанды, ауызба-ауыз айтуды талап етеді.
8) Аса маңызды талаптың бірі - ол өмірде сол материалды пайдалану, іске асыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz