Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары

Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан-қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т. б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі "Шипагерлік баянда" көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т. б. ) туралы қызықты мағлұматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғүламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т. б. ) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми тұрғыдан дәйекті нанымды.

Ол ес - көрген, естіген нәрсені жадта сақтау үшін аса қажет дейді. Адам тез аңғарғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс (" . . . тез, шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, көңілге толымды, өте нанымды, бүге-шегесіне дейін ойда сақтау") . Автор есті, дамыту үшін көптеген тау-тас, жер-су және жан-жануарлардың аттарын жаттап алудың қажеттілігіне үлкен мән береді. Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына негіз болатын қасиеттің бірі - зерделілік пен зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспайды. Осы еңбекте зейін көбінесе "мәнділік аңғарым" деген ұғым мағынасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына байланысты қалыптасатыны біраз сөз болады.

Ойлау процесінде сезім мүшелері арқылы затты, іс-әрекетті жан-жағынан қара, қолыңмен ұстап көр, бір-бірімен салыстыр, одан соң барып толған, өйткені толғану сараланбаса, ойлау дараланбайды дей келе, ойлау, сөйлеу қызметіне байланысты екендігін баса айтады. Ойдың сөз арқылы бейнелеуінің арқасында адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін есінде сақтап қалады, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды шижамалап (жазбаша деген ұғым Қ. Ж. ) қағазға түсіргенде ғана оны түгелдей есте сақтай аламыз. Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны сараптап, толғана талдау қажет. Айтар ойыңды алдымен өзің түсініп ал, алдамшы сезімге беріліп үстірт ойлау - үлкен қателік, жақсылап түсіну үшін көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстай білу қажет.

Ғұлама ғалым сөз саптау, сөйлеу мәнеріне де ерекше мән берген. Оның пайымдауынша, жұмсақ, байыпты, сыпайылықпен сөйлеу кімге де болса жарасымды қасиет ("Жақсы сөйлемелік (сөйлеу) жанға шырай бермек") . Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей ашық айту, яғни ой жинақтылығы, оның мазмұнды болуы мен байланысты.

Бала түйсігінің дұрыс қалыптасуы үшін сезім мүшелерін таза ұстап, оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырған абзал.

Баланың өң мен түсті, тәтті мен ащыны дұрыс ажырата алуын, алыс-жақыннан келетін дыбыстарды дәл естуін ата-аналар мұқият қадағалауы тиіс, мұның өзі әр затты жан-жақты түйсініп, оның сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем етеді.

Ғалым мінезге батырлық пен батылдықты, қайсарлық пен әділдікті жатқызады. Еш нәрсеге қызықпайтын енжар адамның ешкімге шапағаты болмайтындығын айта отырып, ондайларды барынша шенеп мінейді. Адам өмірге келген соң, белсенді өмір сүруге, "сегіз қырлы, бір сырлы" болуға ұмтылуы тиіс дейтін тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен орын алған. Ұлттық психологияға қатысты көптеген ғылыми түйіндерді Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри да аз айтпаған.

Жан құбылыстары туралы ғылыми мәні зор, тың пікірлерді кейінгі замандар да ғұмыр кешкен Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкерім, Әлихан, Ахмет, Хөлел, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, т. б. шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады. Мәселен, Шәкерім Құдайбердіұлының (1858-1931) "табиғат неше түрлі жан жаратты, . . . жәндіктен адам жаралған . . . айуаннан өсіп болдық адам . . . жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр" деп, терең мәнді тұжырым жасаған.

Қазақ топырағында жан мәселелері жайлы XX-ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі -Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931) . Ол бас-аяғы 5-6 жылдың ішінде осы салада 6 кітап жазды. 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап "Тәрбие жетекшіні" жазса, /Орынбор, 1924. Госиздат, 86-бет/. 1926 жылы екі кітап, бірі - "Психология" / Қызылорда-Ташкент 371 бет . екіншісі -"Жан жүйесі және өнер тандау" /М. "Центриздат". 81-бет/. 1929 жылы "Комплекспен оқыту жолдары" /Қызылорда, Казгосиздат, 129 бет/, мектеп оқушыларына арналған "Жаңа ауыл" / бастауыш сыныпқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-30 жж. / "Саутсыздықты қалай жою керек?".

Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде "Психология" деп аталатын көлемді еңбек айрықша айтуға тұрарлық. Өйткені бұл - бүкіл советтік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды. Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрікпен қырғыз, башқұрт, татар т. б. тілдерде мұндай еңбектердің болмағанын ескерсек, осы басылымның бағасы ерекше арта түседі.

Петербургтегі Әскери-медициналық академияның түлегі Хәлел Досмухамедов (1883-1939) Алаш Қозғалысының белсенді қайраткері болумен қатар, әр түрлі ғылым саласында (медицина, физиология, тарих, әдебиет, психологияда) өзін үлкен биіктен көрсеткен тұлға еді. Ол қазақ этнопсихологиясының іргетасын қалаушылардың бірі болды. Оның "тіл - жұрттың жаны. Тілінен айырылған - жойылған жұрт . . . Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру - зор қате" деуі қазіргі кездегі мемлекеттік тілді өркендету, дамыту мәселесімен ерекше үндесетіні хақ.

Осы кезде ғұлама ақын М. Жұмабаев (1893-1937) " . . . қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл" дейтін аталы сөзін өзінің "Педагогика" атты кітабындағы психологиялық түйіндердің негізгі арқауы етті. 1923 жылы Орынборда В. Я. Струминскийдің (1880-1967) "Психология" атты көлемді еңбегі жарық көрді. Сол жылы Ташкентте П. Н. Архангельскийдің "Мектептегі психологиялық зерттеулер" деген еңбегі, Н. Құлжапованың "Мектепке дейінгі тәрбие", ғ. Қарашевтің "Педагогика" атты тел туындылары жарық көрді. 1935-1948 жылдар арасында Семейде қызмет еткен белгілі орыс психологі А. П. Нечаев (1870-1948) "Психофизиологиялық синдромдар жүйесі" (1940), "Психология" атты оқу құралын жазды. 30-40 жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ ғалымдары да (Ш. Әлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ә. Сыдықов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, т. б. ) жүргізіп келді. Соғыс жылдары елімізде қызмет еткен профессор Г. С. Костюк, профессор В. Я. Резник, профессор П. М. Рубинштейндер республикадағы психология ғылымының дами түсуіне жәрдем етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес туралы жалпы ұғым және оның түрлері
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциясы
Әскери педагогика құрылымы
Діни ұйымдар мен топтар
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Мектепке дейінгі педагогика жайлы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz