Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні


ЖОСПАР
Кіріспе2
Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні2
Инженер-техникалық интелегенцияның өзіндік ерекшелігі5
Инженерлік шығармашылық6
Қорытынды15
Қолданылған әдебиеттер тізімі16
Кіріспе
Инженерлік кәсіп - негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіптер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты біртектес кәсіптердің өзі, әр-алуан білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы - инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық - кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді.
Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні
Инженерлік еңбекті мамандандыру - негізгі үш бағытта жүзеге асады:
Салалық мамандандыру (инженер-металург, тау-кен инженері, мұнай, машина жасау өндірісінде, т. б. инженерлер) . Бұл да кәсіп ішіндегі еңбек бөлінісіне қатысты. Мысалы: технолог кәсібі мамандық бойынша жіктеледі - машина жасау технологиясы, мұнай мен газ технологиясы, т. б.
Еңбек операциясының мазмұны бойынша мамандандыру. Бұл ақпараттық операциялар (ғылыми-техникалық ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу), логикалық-ойлау операциялары (өндіріс процесінің жоспарын талдау, есептеу), ұйымдастырушылық операциялары (өндірісті ұйымдастыру, үйлестіру жүйесі, бақылау, т. б. ) . Инженер еңбегінде қайсы еңбек операциялары басым түсіп, ерекше орын алуына орай инженер-зерттеуші, инженер-жобалаушы, инженер-конструктор, т. б. болып бөлінеді.
Функционалдық мамандану (инженер-энергетик, химик, электроншы, т. б. ) Бұл - өнеркәсіптің әр түрлі салаларында өндірістің жалпы техникалық негіздерінің дамуымен байланысты (энергетика, электротехника, электроника, т. б. ) ортақ негізді арқау еткен инженерлік мамандықтар пайда бола бастады. Бұған алуан түрлі өндірістерде пайдалануға болатын бір тектес механизмдерді, құралдарды, бөлшектерді пайдалануға жағдай тудыратын өндірісті автоматтандыру процессі себепкер болып отыр. Осы заманғы өнеркәсіп технологиясында ортақ элементтер барған сайын көбейе түсуде. Бұл процестер мамандықтарды біріктіруді, инженерлерді дайындау процессін ұлғайту қажеттігін туғызады. Екінші жағынан, ҒТП-те кері ағым қалыптасты, оған өнеркәсіп пен техникада жаңа салалардың пайда болуы мүмкіндік туғызады. XX ғасырдың 80-ші жылдарында халық шаруашылығында 600-ден астам инженер мамандығы, жүздеген инженерлік мамандандыру, өнеркәсіптің 400 саласы болған. Ал 1927 жылы академик С. Г. Струмилин құрастырған «Мамандық жіктемесі» деген анықтамада өнеркәсіптің 160 саласы мен 14 инженерлік мамандық белгіленген еді. Бүгінде ҚазҰТУ-де инженер кадрларын дайындау 74 мамандық бойынша жүргізілуде.
Соңғы он жылдықта жобалаушы-конструкторлық еңбекті компьютерлендіру, жобалауды автоматтандыру бағытында маңызды жұмыстар жасалады. Ғалымдар мен инженерлер жасаған жобалаудың автоматтандырылған жүйесі жаңа математикалық әдістерді кең қолдануға негізделген. Ол ақпаратты дайындау мен өңдеу сияқты техникалық объектілердің сандық сипатының рационалды вариантын таңдау мен құжаттарды өңдеу, т. б. процестерді белгілі бір дәрежеде автоматтандыруға мүмкіндік туғызады. Мұның барлығы жобалау мерзімін 2-3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жағдай - инженерлерді шығармашылық операциялармен молырақ айналасуға жағдай туғызады.
Инженер-технолог - өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, басшылық жасап, тікелей іске асырады. Ол техникалық құжаттарды дайындайды, чертеждерді мұқият зерттеп, техникалық есептер жасап, технологиялық карталарды тексеріп, түзетулер еңгізеді және техникалық ұйымдастырушылық мәселелермен шұғылданады.
Инженер-технолог өндіріс процессі барысында техника мен адамдардың өзара әрекетін дұрыс ұйымдастыруды, техниканы пайдалану тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да көбінесе кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштері - олардың іс әрекетіне байланысты. Сонымен қатар, ол өндірістің қалыптылығы мен шығарылған өнім сапасына, технологиялық тәртіптің қатаң сақталуына, ҒТП нәтижесінде шығатын технологиялық процестердің өзгеруіне мүмкіндік туғызуына және жұмысшының ұтымды ұсыныстарын өндірістерге енгізуге жауап береді. Технологиялық тәртіпті тек технологтар ғана емес, сонымен бірге инженерлердің барлығы да сақтау тиіс.
Инженер-пайдаланушы (эксплуатационщик) міндетіне техникалық объектілерді-машина, агрегат, құралдар, т. б. жөндеу мен қызмет етуін қадағалау, қамтамасыз ету жатады. Ол, техниканы дұрыс пайдалануды бақылайды, ұйымдастырады. Әрі техниканы терең меңгерген болуы тиіс. Сондай-ақ, жұмысшыларды техниканың мінсіз қызмет атқаруын қамтамасыз етуге жұмылдыра алуы қажет. Бұл қызмет бір жағынан шебер қызметіне (цех бастығына), ал техникалық білім мен практикалық тәжірибемен қатар, әлеуметтік-экономикалық білімді де игеруі керек.
Инженер-экономисттің негізгі қызметі - өндірістік-шаруашылық іс-әрекетті талдау, нормативті нұсқауларды жасау, экономикалық есеп жүргізу. Инженер-экономисттердің жұмыс кезеңінің маңызды бөлігі - ұйымдастыру мәселелерін шешуге, өндірісшімен кеңесуге, жоспарлауға, техникалық құжаттарды жөндеуге арналады. Шын мәнінде экономист инженерлік мәселелерді шешпейді, бірақ ол өзінің жұмысының орындалуы үшін, техникалық мәселелер мен ҒТП нәтижелерін білуі керек. Бұл мамандық мәні бойынша, техникалық және гуманитарлық мамандық арасындағы «қосылыс» болып табылады. Нарыққа өту кезінде инженер-экономистерге сұраныс арта түседі, басқа салалардағы экономисттер сияқты оларға да сұраныс көп.
Кейбір авторлар инженер қызметкерлер қатарына жоспарлаушы-экономисттерді, еңбек және еңбек ақы бойынша экономисттерді жатқызады, ал біздің көзқарасымыз бойынша, бұл инженер атағының дәлелсіз таралуы. Өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін экономисттер - «Еңбеккерлер жиынтығының» белгілі бір бөлігі болып табылатындықтан, бұлар техникалық маман бола алмайды.
Зерттеуші-инженер - шығармашылық еңбекпен шұғылданады, ғылым мен өндіріс арасында делдал ретінде көрінеді. Олар жасайтын ғылыми-зерттеулер кәсіп орындардағы нақты мәселелердегі шешуге арналған өндірістердегі техника мен технологияның жаңаруына, еңбек өнімділігін жоғарлату мен еңбек сапасын арттыруға бағытталған. Инженерлік-зерттеулер - мамандар ұсынатын перспективалы техникалық идеялар негізін құрайды. Инженер-зерттеушілер кәсіпорындарының инновациялық іс-әрекетіне белсенді қатысып, үздік технологияны, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізеді.
Инженер-техникалық интелегенцияның өзіндік ерекшелігі
Бұрынғы Кеңес Одағында ғалымдар мен инженерлердің, ғылым мен өндірістің шығармашылық тұрғыда өзара бірігіп қызмет атқаруы, әртүрлі формада жүзеге асқан болатын. Зауыттың ғылым секторының құрамында орталық лабораториялар, арнайы және цехтардағы лабораториялар, конструкторлық бюро, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру бөлімдері болатын. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында өнеркәсіпте осындай ғылыми-техникалық ұйымдардың шамамен тоқсан мыңы қызмет еткен еді. Кейбір социологтардың пікірінше, қазіргі ірі зауыттардың қалыпты дамуы үшін, инженерлердің 5%-ының тікелей зерттеу жұмыспен айналысуы қажет.
Өнім өндіретін де, іргелі ұлттық ғылымның негізін қалайтындар да осы инженерлер. Жаңа техника мен технологиялар заманында елімізді өркениетті елдердің қатарына қосатын да солар. Сондықтан да жерінің асты мен үсті байлыққа толы Қазақстан сияқты алып елге, білімді инженерлердің керек екені даусыз.
Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты анықтайтын маңызды факторлардың бірі - басқару тәсілі.
Ұжымда жақсы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыруда басқару стилі ғана емес, ұжымдағы тұлғалар арасындағы ауызбірлік те өте маңызды. Жалпы қазіргі кездегі адамдардың психология тұрғысынан қарағандағы инженер-техникалық интелегенцияның өзіндік ерекшелігі - оның техникалық прогреске, техникаға тікелей немесе жанама қарым-қатынасы арқылы көрінетіні мәлім. Яғни, инженер: 1) жаңа техниканы жасауға, басқаруға тікелей қатысады; 2) машинаға қызмет көрсетуші адамдарға жетекшілік етеді; 3) еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға, шығаратын өнімнің сапасын жақсартуға, техниканы неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты-ғылыми, экономикалық, басқылау сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады. Инженерлік еңбек дегеніміз - техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерде жобалау, жасау, жетілдіру, іске қосу және басқару процестерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап-сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін, ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық сипаттағы ерекше ақыл-ой еңбегі.
Инженерлік шығармашылық
Инженерлік шығармашылық үшін қажетті алғышарттар алуан түрлі жағдайларға байланысты бөгеттерге тап болатыны да рас. Сөйтіп, инженерлердің шығармашылық еңбекпен шынайы айналасуына мүмкіндік бола бермейді. Олардың белгілі бір бөлігінің субъективті сипаты бар және жалпы кәсіпорындардағы сияқты, ол инженерлік еңбекті ұйымдастыру кемшіліктеріне де байланысты. Инженерлік қызметтің қазіргі кездегі мәні оның қоғам алдындағы жауапкершілігінің барынша артып, экономикалық нәтижелерінің аумағы мен мәні жағынан маңызының күшеюі.
Мәселен, бүгінгі таңда, нарық жағдайында біз отандық тауарларымыздың шетелдік тауарлармен бәсекеде шеттеліп қалмай, өтімді болуына күш салудамыз. Әйтпесе, біздің ілгерілеуіміз мүмкін емес. Ол үшін шығарған өндірістік өнімдеріміз сапалы, шыдамды, әрі ыңғайлы болуы керек. Инженерлік еңбектің жауапкершілігі, осыдан туындайды. Инженерлік есепте, шешім қабылдауда кеткен қателік, орын толмас зиян шектіруі мүмкін.
Психологиялық тұрғыдағы инженерлік қызметтің күрделі құрылымы әр түрлі кәсіпте, мамандықта, лауазымда, білгірлік дәрежесіне сәйкес инженер санаттарының қалыптасуының объективті алғышарты болып саналады. Бүгінгі заманда инженерлік қызметтің, ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік-еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т. б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірінің тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамда инженерлік қызметті еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес.
Маман - бұл, белгілі бір ғылым саласында білімін шыңдап, өз ісін жақсы меңгеріп, қызмет жасайтын адам. Қазір әр түрлі мамандықтар саласында жұмыс істеп жүрген адамдар өте көп. Біздің тәуелсіз елімізді дамытып, өркендетуде бұл адамдардың қызметі аса қажет. .
Мамандықтың түрлері өте көп, мысалы ұстаз, дәрігер, экономист, құрылысшы, инженер және т. б. . Солардың бірі - мұғалім!
"Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға", - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық - ең қадірлі, ең асыл мамандық. Ұстаз - тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге тәрбиеші де.
Ян Амос Коменский "мұғалімнің атқаратын қызметі өте құрметті әрі тамашылығы соншалық, күн астында мұндай ешбір қызмет жоқ" деп атап көрсетеді. Ал қазақтың ұлы ағартушылары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасы өз халқының жарқын болашағы тек оны ағарту, оқыту, білім беру арқылы ғана болатынына деген терең сенімге толы.
Алайда, нағыз тәжірибелі де білікті маман болу үшін педагогикалық нормалардың ережесін ұстану керек. Қолға алған кәсібін сапа жағынан тыңғылықты орындап, сол кәсіптің маманы болу үшін адамға бірнеше қабілеттің біріккен жиынтығы керек. Бұл әсіресе мұғалімдік мамандық үшін маңызды жайт. Ұстаздың бойында барлық жақсы қасиеттер, яғни, әдептілік, кішіпейілділік, ұстанымдылық, қамқорлық, сыйластық, мәдениеттілік және т. б. болуы тиіс.
Этика, яғни әдептілік - мұғалімнің ең бір асыл қасиеті. Сабақ беруде, балалармен қарым-қатынас жасауда әдептіліктің сақталуы үлкен мәдениеттілікті көрсетеді.
Педагогикалық этика мұғалімнің адамгершілік санасының даму заңдылықтарын, педагогикалық кәсіби қызмет жағдайында моральдің жалпы нормаларының көрініс беру ерекшеліктерін зерттейді. Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының сипатын анықтайды.
Педагогтық әдеп - кез-келген жағдайларда балалармен жұмыс істеудің мейлінше дұрыс тәсілдерін таба білу болғандықтан, ол "тактика" деген сөзбен білдірілетін ұғымға жақындайды. Педагогтық әдеп, егер оның мәніне қысқаша анықтама беруге тырысып көрсек, үш нәрсені: мұғалімнің терең түсінігін, сезімтал қарым-қатынасын және жоғары талапшылдығын білдіреді. Ал нақты айтсақ, бұл - балалармен дұрыс қарым-қатынаста бола білу, ілтипаттылық, сыпайылық көрсету, оқушыларға тіл қатқанда дұрыс дауыс ырғағын таба білу, оларға ақылға сиымды талаптар қоя білу, балалардың бойындағы адамдық қадір-қасиеттерді құрметтей білу. Мінез-құлықтың икемділігі, жұмыс жағдайларына бейімделе білу қабілеті -мұғалімдік педагогтық әдептің бар екендігін көрсетеді.
А. С. Макаренко бірде ешқандай іс адамнан мұғалімнің жұмысындағыдай тез икемделуді қажет етпейтінін әділ атап көрсеткен болатын. Мұғалімнің әрбір сөзі, оның әрбір көзқарасы мен қылығы, оның тәрбиеленушілермен күрделі де бұралаңы мол өзара қарым-қатынастары өзінің барлық кезеңдері мен түрлерінде педагогтық этиканың биік талаптарына, мұғалімнің мінез-құлқының нормалары мен ережелері сияқты компонентіне сай болуға тиіс.
Мұғалімнің мінез-құлқының эстетикасы - оның оқушыларға ойдағыдай ықпал жасауының шешуші факторларының бірі. Мұғалімдер мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастарда тәрбиеленушілер мен тәрбиелеушілердің жан-дүниесін біріктіріп, туыстыратын, көзге көрінбейтін әсемдік сезімі де, тартымдылық та орнуы тиіс.
Әрбір мұғалімнің өзінің кәсіптік білімінде, қызметінде беделді педагог болуға ұмтылуға тиіс, себебі балалар үшін идея жеке адаммен біртұтас, деп атап көрсетті Н. К. Крупская. Яғни мұғалімнің әрбір жағымды қасиеттерінің кәсіптік маңызы бар. Жақсы мұғалім - ең алдымен жақсы адам болуы керек. Сондықтан маңызды кәсіптік міндет - оқушылардың арасында құрметті, беделді болу.
Мұғалім этикасының негізгі компонентерін мынадай түрде беруге болады: мұғалім еңбегінің әлеуметтік функциялары; идеологиялық қызметінің адамгершілік мазмұны; мұғалімнің жеке басының кәсіптік міндеттері мейлінше жақсы атқаруды қамтамасыз ететін моральдық қасиеттері; мұғалімнің жеке басының ерекшелігін психологиялық жағынан ұйымдастыру; мұғалімнің кәсіптік қарулануы; педагогикалық процестегі мұғалімнің өзара қарым-қатынасының сипаты; мұғалім мінез-құлқының нормалары мен ережелері; жасы, жынысы, мамандығы, семья жағдайы және т. б.
Мұндағы алғашқы екі компонент мұғалімнің кәсіптік еңбегінің өзін, оның еңбегінің адамгершілік аспектісін сипаттайды, ал қалғандары мұғалімнің өз жеке басына бағытталған.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі - жете ұғынылған және жеке адам басқаратын өзін-өзі дамыту болса, мұндай қоғамның талаптарына адамның өзінің мақсат мүдделеріне сәйкес өздері жобалаған күш-жігер мен қабілеттер қалыптасатын болса ғана нәтижелі болмақ. Мұғалім үшін сыртқы келбет ұзақ жылдар бойы қартаймау қабілеті қажет, оның үстіне бұған кәсіптік жағынан қарулану, педагогикалық шеберлік қосылып жатса құба-құп. Сонымен бірге мұғалім жұмысындағы артистизмге оқушылардың алдында өзін ұстай білуі туралы айта кеткен жөн. Осы шеберліктердің бәрі мұғалімнің жеке басы мен қызметінде оның этикалық әсерлілігіне жағымды көңіл күйіне қосылып жатуы керек.
Бұл жөнінде А. С. Макаренко былай деген:
"Сергек көңіл . . . мен бұл қасиетті жоғары бағалаймын. Үнемі сергек жүру, бет әлпеттің ешқашан тұжыраңқы болмауы, әрекетке үнемі дайын тұру, шат-шадыман, нақтылап айтқанда сергек, ширақ қуанышты көңіл күйде жүру керек. " Ал тұнжырап жүретін, селсоқ мұғалімдерді ол сынға алып, "жылуы жоқ" деп оларға қарсы болды.
Педагогикалық оптимизм проблемаларын сөз еткенде мұғалімнің киім-киісін айта кеткенде жөн. Бұл әрине сыртқы фактор және оның қажеттілігі маңызды болмауы мүмкін, бірақ мұғалім жұмысына тәрбиелік мәні болуы мүмкін. Себебі, сыртқы келбет -бұл өзіңнің айналаңдағыларға құрмет көрсету болып табылады. Мұғалімнің кәсіптік қарулануына қатысты мұғалім этикасының келесі компоненті-педагогикалық ізденіс, яғни өзін-өзі жетілдіру программасын қамтиды. Өзін-өзі жетілдірудің мейлінше маңызды мәселелері мұғалімнің өзімен жүргізілетін жұмысының жеке жоспарына бейнеленуі тиіс.
Мұғалімнің кәсіптік қарулануын жетілдіру туралы айта отырып, "сөз дарыны" сияқты маңызды мәселені атап кетуге болмайды. Мұғалімге ең болмағанда сөйлеу мәдениетіне қойылар талаптарды: тыныс алуды реттеу, дауысты жолға қою, анық сөйлеуді, лексика байлығын, орфография нормаларын әдеби жағына сөзді дұрыс айтуды, сондай-ақ сөздің эмоциялық әсерлігін қалыптастыру қажеттілігі туралы білу керек.
Біртұтас педагогикалық процесте мұғалім араласатын адамгершілік қатынастар сан құрлы әрі мынандай негізгі паралельдерде кездеседі: мұғалім-оқушылар; мұғалім-оқушылардың ата-аналары, мұғалім - мұғалім, мұғалім - мектеп әкімшілігі, мұғалім-жұртшылық. Бұлардың әрқайсынының өзіне пән ерекшеліктері бар, бірақ барлығы жалпы моральдық принциптерге бағынады.
Мұғалімнің балаларға деген сүйіспеншілігі бір немесе бірнеше балаға деген сүйіспеншілік емес, әрқайсынына деген ерекше сүйіспеншілік. Оның ерекшелігі өсіп келе жатқан баланы дамытуға жәрдемдесетін, педагогикалық бағыттылық. Ол балалардың бойында жауап сезімді, балалардың жан дүниесінде сезімталдықты, қамқоршылдықты, адамшылдықты тудырады.
Қазіргі мұғалім саясаттан тыс болуы мүмкін емес. Олай деуге негіз, ұлттық-саяси тұрғыдан оның қателік жіберуге ешқандай қақысы жоқ. Сол себепті де ол педагогикалық жоғары оқу орнында қалыптасқан дүниетанымдық көзқарасын тұрақтандырып, одан әрі жетілдіріп отыруы тиіс. Өйткені білім берудің әлі түпкілікті ұлттық бағдары нақтыланбай тұрғанда Қазақстан үшін нақтылықпен шығармашылық жұмыс істей алатын білікті де қабілетті мұғалімдер ауадай қажет. Ал азаматтық және кәсіби бағдарды таңдау көп ұлтты Қазақстан қоғамына сай жүйеленіп, жоғары ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан бағдарланса, көмегі көп болатыны даусыз.
Этнопедагогиканың мәні ұлттың дамуы мен қалыптасуының нақты проблемаларын шешуге бейім озық педагогиканың этникалық үлгілерін құрайтын арнайы білімдерден және практикалық ұсыныстардан тұрады. Мұнда халықтың педагогикалық мәдениеттіліктің маңызы үлкен мәнге ие. Олай дейтініміз, халықтың педагогика дәстүрі мен оның мазмұнын одан әрі байыптап. Тереңдетуге, сонымен қатар жазылған не жазылмаған заң-ережелерін бұлжытпай сақтауға үйретуіміз керек. Оның өзектілігі сол, біз бастан кешіріп отырған әлеуметтік және саяси жағдайлардың объективті себеп-салдары. Оқушыларды тәрбиелеу үрдісіндегі көп жоспарлы міндеттерді ойдағыдай орындау, оның ішінде олардың этномәдени білімін қанағаттандыру негізінен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің даярлығына тікелей қатысты. Осыған байланысты педагогикалық білім беру болып табылатын күрделі жүйенің теориясы мен практикасын дамыту және одан әрі байыту талап етімді. Оның бірден-бір сара жолы -мұғалімнің кәсіби этнопедагогикалық қызметі. Мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеттілігі оның жоғары кәсіби педагогикалық деңгейін көрсетеді.
Философия-педагогикалық ойлар сансыз көптеген мәтіндерден, терең білім мен біліктіліктен тұратындықтан, адамзат өркениетінің дамуының барлық кезеңінде өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің көп жоспарлы міндеттерін ойдағыдай орындау, біріншіден, мұғалімнің жан-жақты даярлығы мен кәсіби шеберлігіне байланысты болады. Сондықтан, этнопедагогикалық мәдениеттілік педагог үшін теңдесі жоқ қасиет әрі таптырмайтын үрдіс. Бұл жөнінде М. Вебер өз еңбектерінде жақсы айтқан. Болашақ мұғалім үшін жоғары оқу орындағы арнайы даярлық кезеңі жаттығу алаңы іспетті.
Өйткені онда жас маман бастапқы шеберлігін жинақтап, шыңдайды, оны іс жүзінде асыруға талпынады, бұдан оның өз халқына деген сүйіспеншілігі артады, өзге ұлттарға деген құрметі қалыптасады.
Мұғалімнің кәсіби жеке тұлғалық этнопедагогикалық мәдениеттілігі өз-өзінен пайда бола қалмайды. Ол педагогикалық бағыт-бағдардың, жоғары оқу орнында алған педагогикалық білігі мен кәсіби дәрежесінің негізінде орнығады. А. Н. Леоньтев бұл мәселе төңірегінде жүргізген зерттеулеріне сүйенсек қателеспіз.
Қазіргі заман жағдайында мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің мәні күн санап өсіп келеді, өйткені этномәдениет пен этнопедагогиканың күрт өсуі қоғамның барлық әлеуметтік-саяси және рухани өмірінде өзінің рөлін арттыра түсуде. Мұғалім осы этнопедагогикалық мәдениеттілік арқасында этнопедагогика және этномәдениетке бейімделудің қабілеттері мен кең ауқымды мүмкіндіктеріне ие бола алады, оның қызықты мәліметтері мен ақпараттарының сақтаушысына айналады, ең бастысы-этнопедагогиканы өзі үйреніп қана қоймай, Қазақстан халықтарының этномәдениетін өскелең ұрпаққа жеткізуші тұлға дәрежесіне көтеріледі. Этнопедагогикалық білімдердің толық пісіп жетілмеген, этномәдениет пен этнопедагогиканың әлі жүйелене қоймаған қазіргі кезеңде оның негізінде орта және жоғарғы оқу орнында, отбасы тәрбиесінде, көпшілік ортасында т. б. жерлерде білім берудің маңызы ерекше.
Сондықтан студенттердің этнопедагогикалық даярлығының теориялық негіздерін жасауда, сондай-ақ болашақ мұғалімнің жеке тұлғалық этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруда мынадай жағдайлар ескерілуі қажет, әсіресе:
- «сапа» түсінігінің өзі философиялық категория, ол обьекті не пәннің өне бойындағы тұтас жиынтықтарының көрінуі ықтимал;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz