Күрделі жағдайларда автомобиль жүргізудің психофизиологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Кәсіптік педагогика

Тақырыбы:
Күрделі жағдайларда автомобиль жүргізудің психофизиологиялық
ерекшеліктері

Қабылдаған: Кенбаева Г.

Орындаған: ОП – 207к
тобының студенті
Садыков С.

Алматы 2007
Күрделі жағдайларда автомобиль айдаудың психофизиологиялық
ерекшеліктері

1. Түнгі кезде автомобиль айдау.
Ақпараттың көбісін жүргізуші көзбен көру арқылы қабылдайды. Егер
күндіз жүргізуші автомобиль айдау кезіде қатерге түспеудің бірнеше жолын
қарастырса, ал түнде тек бір ғана қауіпсіз жолды таңдайды. Сонымен қатар
жүргізушінің қорқу, есі шығуының әсерінен ақпаратты тез қабылдап, тез
шешім қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Сондықтан да түнгі кезде жол
жүрушілер аз болса да, қатерлі оқиғалар көп болады.
Германия ғылымдары түнде жол жүру күндізге қарағанда 2 есе қауіпті
дейді. Америка ғылымдарының айтуынша, барлық өнімдерінің 23 бөлігі жолда
орын алады дейді. Швейцарияда жаяу кісілерді басып кету тәуліктің түнгі
кездерінде 3 есе көп; қатерлі оқиғаға түсу ықтималдығы – 1,3 есе; өлу
қаупі – 2 есе көп. Ағылшын жолдарында таң ата жол апаты – 3%-ға, түнде –
33%-ға, ал таңертең жүргізушілер әбден шаршаған кезде – 50%-ға өседі.
Францияда қатерлі оқиғалардың жартысы түнде болады, ал қайтыс болғандар
саны барлық құрбандардың 57%-ын құрайды. Біздің мемлекет олардан
ерекшеленбейді. Ресейдің әртүрлі аудандарында түнгі кезде 27%-дан 46%-ға
дейін қауіпті оқиғалар болады.
Жол жүрушінің көру қабілетінің түнде бұзылуы әртүрлі болуы мүмкін
және әртүрлі факторларға байланысты. Оған жататындар: географиялық
орналасуы (мысалы, Мурманскіде ақ түндері жарық болады), ай нұрының болуы,
бұлттардың тығыздығы, жергілікті ерекшеліктер (орман, тау, жазықтық), жыл
мезгілі, метрологиялық жағдайлар (жаңбыр, тұман, қар), т.б.
Қатерлі оқиғалардың түнгі кезде болуының негізгі себептері: көру
қабілетінің жойылуы және жолдың түнде жарықтанбауы, қарсы келе жатқан
автомобиль жарығынан жүргізүшінің соқырлануы, автомобильдің жолды
жарықтандыру құралдарының дұрыс істемеуі мен жүргізушінің шаршауы.
Германияда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жолды жарықтандыру
арқылы қалаларда жол апатының болуы 30%-ға ал ауылды жерлерде 45%-ға
азаяды деген қорытындыға келді. Гамбургте жолды жарықтандыруды азайтқанда,
қатерлі оқиғалар 5%-ға артты. Нәтижесіде келтірілген нұқсан 17,6 млн.
марканы, ал электр энергиясын үнемдеу – 2 млн. Марканы құрады. Бельгияда
энергияны үнемдеу арқасында түнде жарықты түгел немесе 00.30-дан 5.30-ға
дейін өшірген. Нәтижесінде жарықтандырылмаған жолдардағы қатерлі оқиғалар
97%-ға, ал жарықталған жерде 83%-ға өсті.
Алайда болашақта көшені жарықтандыру жол жүру жиі болған жерлерде (
375 бірлік сағатынан жоғары ), қалаға кіре берісте, халық көп тұратын
жерде және негізгі автомобиль жолдарында болады деген үміт бар. Ал қалған
жолдарды жарықтандыру экономика жағынан үнемді емес, сондықтан бұл жолдар
тек автомобильдердің сыртқы жарықталуынан көрінетін болады.
Өткізілген тәжірибе автомобильдің түнде жол жүруінің үш жағдайы бар:
• жалғыз автомобиль жүрудің жылдамдығына байланысты, жургізуші бұл жағдайда
басқа жүргізушілерді көрмейді, сондықтан өзіне, автомобиль өлшемдеріне,
жолға көріну жағдайына байланысты жылдамдықты таңдайды
• қарсы жүру, қарсы келе жатқан автомобильдің жолды жарықтауына байланысты
көру нашарлайды, сондықтан жүргізуші жылдамдықты төмендетеді.
• тығыз орта жағдайы, басқа жүргізушілер байқалады, (озу, халық көп жерде)
жол жүрген кезде жылдамдықты азайтады.
Жүргізушілерге ыңғайлы түнгі кезде автомобильдің жарықтандыруын дұрыс
ұйымдастыру, яғни өз автомобилінің оң жағын жарықтандыру керек. Сол жақты
жарықтандыруда жүргізушіің көзіне қарсы келе жатқан автомобильдің жарығы
түседі. Жарықты ұйымдастыру жолдың жақын орналасқан аймақтарда жарық көп
болу керек, ал алыс заттарға жарық әсері аз болу керек. Мұндай
мүмкіншіліктерді қамтамасыз ететін жарықтандыру әлі ұйымдасқан жоқ.
Түнгі кездерде жол жүру ережесімен жол жасауды дұрыс ұйымдастырғанда
жүргізушінің көру қабілеті жақсарады. Заттың көрінуі түнгі кезде жол
бетінің жарықтығына және заттың жарықтығына байланысты.
Жол жүру таңбалары, жол ырғағында тұрған жол жүрушілер оларды қоршап
тұрған ортада киінуіне, т.б. байланысты байқалмай қалуы да мүмкін. Түнде,
жазық еместер, шұңқырлар, тастар үлкен көлеңке қалдырады, сондықтан жол
дақтарға толады. Жол түзу емес, кедір-бұдыр болып көрінеді. Нәтижесінде
жүргізуші жақсы жолды дұрыс анықтай алмайды.
Түнгі кезде (қараңғыда) көру қабілеті төмендейді. Бұның барлығы
жүргізушіге әсер етеді. Тіпті толық ай кезінде көру қабілеті екі есе
азаяды, ал бұлтты кезде 20 есе. Басқа мәліметтерден, жарық түнде көру 1,0-
ден 0,3-0,7-ге, ал қараңғы түнде 0,05-0,03-ке азаяды. Ал жолды
жарықтандыру болмай , автомобтль жарығы өшірулі кезде жүргізуші ешнәрсе
көре алмайды. Әсіресе кәрі кісілерді түнде көру қабілеті төмен болады.
Егер орташа 20 жастағы көздің көруін 100% десек, 40 жаста ол 90% азаяды,
ал 60 жаста 74%-ға азаяды, 80 жаста 47%-ты құрайды. Басқа мәлімет
бойынша, 60 жастағылар түнде 20 жастағыларға қарағанда 8 есе нашар көреді.
Сондықтан кәрі кісілер түнгі кезекте жұмыс істемегені ыңғайлы.
Алыстан көру қабілетінің бұзылуы жүргізушінің жай адамға дейінгі
қашықтықты анықтау қиын және жолдың енін көре алмайды. Күндіз қарсы
автомобильге анықтау қателігі 100 метрде 5-10%, ал алыстаған сайын 1
километрге 25%. Түнде бұл қателік екі-уш рет өседі.
Көзбен қабылдауға жол таңбалары, әртүрлі қасарыстар әсер етеді. Түнде
түс ажырату қиын. Қызыл түсті заттар тунде қара болып көрінеді, өйткені
көздің түс қабылдау қабыршағы тек күндіз дұрыс істейді.
Заттардың көрінуі тура және кері болуы мүмкін. Тура көрініс – егер зат
қара жерде жарық болып көрінуі, кері көрініс – егер зат жарық жерде қара
болып көрінсе. Бұл жағдайда көз заттың тек пішінін көреді. Пішіндік көру
жеткілікті емес, өйткені заттың бөлшектері көрінбейді, оның қашықтығын
анықтауға ұзақ уақыт кетеді.
Заттың жарықтығы мен ортаның арақатынасы 1:1,5 болу керек. Бұл кезде
қасарыстар ортадан жарығырақ немесе қараңғырақ болады. Тең болған кезде
қасарыстар орта түрін қабылдап, көрінбейді. Қасарыстарды тез қабылдау үшін
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол - көлік оқиғаларын талдау мәселелері
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Автомобиль ілініс муфтасынын негiзгi параметрлерiн аныктау
Жолаушылар автомобилдер тежегіш жүйесі анализі
Автокөлік психологиясы оқу құралы
Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің қазіргі жай-күйі
Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау
Криминалистік идентификация
Қазақстан Республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
Соттық автотехникалық сараптама
Пәндер