Қабiлет туралы жалпы түсiнiк


ЖОСПАР
Қабiлет2
1. Қабiлет туралы жалпы түсiнiк2
2. Қабiлет және нышан4
3. Бейiмдiлiк және қабiлет7
4. Қабiлет саласындағы дара айырмашылықтар және оларды қалыптастыру8
Қолданылған әдебиеттер тізімі11
Қабiлет
1. Қабiлет туралы жалпы түсiнiк
Күнделiктi ауызекi сөзде “қабiлет” деген атауды жиi қолданамыз. Мәселен, мұғалiм оқушысына мiнездеме бере отырып, осы баланың математика пәнiне қабiлетi күштi екенiн айтады. Мектепте оқушыларға түрлi қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбiреулерiнiң ұйымдастырғыштық, екiншiсiнiң - музыкалық, үшiншiсiнiң - суретшiлiк қабiлетi еске алынып, бұған ерекше мән берiлiп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекетiң бiр түрiне жарамдылығын көрсететiн дара ерек-шелiгi болатынын байқатады. Мұндай ерекшелiктер iс-әрекеттi орындау үстiнде, әсiресе, оның нәтижесiнен жақсы көрiнiп отырады. Мәселен, бiреу қолына алған iсiн бұрқыратып тез бiтiрiп тастайды және оны өте нәтижелi етiп шығарады. Ал екiншi бiреу өте баяу қимылдап әрi iстi сапасыз етiп орындайды. Бұл мысалда да бiрiншi адамның iске қабiлеттiлiгi екiншiге қарағанда әлдеқайда жоғары екендiгi көрiнiп тұр.
Қандай да болмасын бiрер нәрсеге қабiлетi жоқ адам болмайды. Ол бiреуде күштi, бiреуде шамалы болып келуi мүмкiн. Тәжiрибе мен парасат адамдардың тең емес екенiн дәлелдейдi дегенде теңдiк деп адамдардың қабiлеттерiнiң теңдiгi немесе дене күштерi мен рухани қабiлеттiктерiнiң бiрдейлiгiн түсiнедi.
Бұл мағынада алғанда адамдардың тең емес екендiгi түсiнiктi. Қабiлеттiлiктiң өлшемi - белгiлi бiр iстiң нәтижелi болып орындалуында. Қабiлет адамның iс-әрекетiнiң белгiлi бiр түрiне, өнер саласының бiрiне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгiлi бiр iстi үздiк орындауға мүмкiндiк беретiн адамның әр түрлi жеке қасиеттерiнiң (музыкалық саңылау, түстердi жақсы ажырата алу, қолдың икемдiлiгi т. б. ) қиысып келуiн, яғни адам қасиеттерiнiң синтезiн қабiлет деп атайды.
Қабiлеттiң дамуы оны қажет ететiн қызмет саласында және әрекетке үйрену үстiнде көрiнiп отырады.
Қабiлеттiң ойдағыдай дамуы адамда тиiстi бiлiм жүйесiнiң, икемдiлiк пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабiлеттiң ойдағыдай дамуы үшiн техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы бiлуi, оны тәжiрибе жүзiнде пайдалана алуы қажет. Баланың бiлiмi тереңдеп, икемдiлiгi артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабiлетi де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбiр мұғалiмдер өз оқушыларының (тiптi ол жақсы оқитын оқушы болса да) үлгiрiмiне көңiлi онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкiндiгiмен жұмыс iстемейтiндiгiн айта келiп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кiрiсетiн болса, бұдан да гөрi жақсы оқи алар едi-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалiм қолынан iстесе, iс келетiн, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөндi ұсына алмағандықтан, қабiлетiн жөндi көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Оқу-тәрбие процесiнде қабiлет, бiлiм, дағды, ептiлiк сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнiнде түсiне алмау мұғалiмдердi педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкiн. Мұны дәлелдейтiн мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабiлетi ерте көрiнгенмен де, сурет салуға қажеттi дағды мен бiлiмi болмаған. Сондықтан да ол академияға қабылданбаған. Академияның мұғалiмдерi Суриковтың сурет өнерiне тиiстi бiлiмi мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабiлеттiлiгiн көре алмай, үлкен қате жiберген. Кейiн ол өзiнiң зор қабiлетiнiң арқасында сурет өнерiне қажеттi бiлiм мен дағдыны екi-үш ай iшiнде меңгередi де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиядағылардың Суриков жөнiндегi пiкiрлерi жаңсақ болғандығын аңғартады. Бұл мысал адамның қабiлеттiлiгi бiлiмi мен икемдiлiгi, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балалардың қабiлеттерiн дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттiлiгiне мұғалiмдердiң зер салуын керек етедi.
Қабiлет негiзiнен екiге бөлiнедi. Адамның ақыл-ой өзгешелiктерiнiң жеке қасиеттерiн көрсететiн кез келген адамнан табылатын қабiлет жалпы қабiлет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейiндiлiк пен бақылағыштық, зеректiк пен тапқырлық т. б. осы секiлдi ақыл-ой әрекетiнде көрiнстiн өзгешелiктер жалпы қабiлет болып табылады.
Iс-әрекеттiң жеке салаларында ғана көрiнiп, оның нәтижелi орындалуына мүмкiндiк беретiн қабiлеттi арнаулы қабiлет деп атайды. Бұған суретшiнiң, музыканттың, актердiң, спортшының, математик-ғалымның ақын-жазушының қабiлеттерiн жатқызуға болады. Соңғы кездерi кейбiр зерттеушiлер қабiлеттiң үшiншi түрi деп практикалық iске қабiлеттiлiктi айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивтi-техникалық қабiлеттердi жатқызады. Қабiлеттердiң осы түрлерi iс-әрекеттiң басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлiнедi.
Адам қабiлетiнiң дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтiк сипатына ғылыми-техникалық прогресс байланысты болып отырады. Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуiрде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өрiс берiп отырды. Өйткенi қауырт дамып келе жатқан капиталистiк өндiрiс барған сайын жаңа ғылыми бiлiмдердi талап ете бастады. Мұның өзi бiлiмдi адамдардың көбейе түсуiне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездерi жан-жақты қабiлеттi, аса дарынды адамдар көп болды. Өйткенi бұл қоғамның қажетiнен туған құбылыс едi. Ф. Энгельс “Қайта гүлдену дәуiрiне” берген сипаттамасында сол дәуiрдi: “күштi ой-өрiсi, құштарлығы мен сипаты, сан қырлылығы, ғылымдығы жағынан алыптарды керек еткен және сондай алыптарды туғызған заман болды . . . Ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт-бес тiлде сөйлемеген, творчествоның бiрнеше саласында жарқырап көзге түспеген бiрде-бiр iрi адам болған жоқ дерлiк едi. Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер суретшi, гравер, скульптор, архитектор болды, оның үстiне өзiндiк кейбiр идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейiн барып, Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа немiс iлiмi қайтадан көтерiп кеттi. Макиавелли мемлекет қайраткерi, тарихшы, ақын болды, оның үстiне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бiрiншi әскери жазушы болды . . . Ол замандағы геройлар кiсiнiң өрiсiн тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың iзбасарларының бойынан ықпалы бiзге сондай жиi байқалып жүрген еңбек бөлiнiсiнiң құлдары бола қойған жоқ-ты”. Ф. Энгельс айтып отырған Орта ғасырдағы “қайта гүлдену” (дұрысы “қайта өрлеу. қ. Ж. ) ХХ-ғасырдың бас кезiнде қазақ қоғамында да белең алған едi. Осы кездегi тарихи аренаға жан-жақты қабiлеттi адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, X. Досмухамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т. б. шыққаны белгiлi.
Адам қабiлеттерiнiң жан-жақты жетiлуi еңбектiң ескi бөлiнiсiн, яғни ой еңбегi мен дене еңбегi болып бөлiнуiн, сөйтiп адамның белгiлi бiр кәсiпке немесе мамандықка таңылып қоюын бiрте-бiрте жоюды көздейдi.
Әрине, бұдан еңбектiң түрлi салалары жойылып кетедi деген мағына тумайды. Еңбектiң сан алуан түрлерiнiң ұштасуы адамның дене күшiнiң де, рухани күшiнiң де дамуына себепшi болады, адамның бiлiмi, шеберлiгi, iс-әрекеттiң түрлi саласындағы айрықша дамыған тәжiрибе мен бiлiм икемi дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабiлетi мен дарыны, таланты дамып, оның ойдағыдай өрiстей түсуiне кең мүмкiндiктер жасалады.
2. Қабiлет және нышан
Адамның кейбiр өзгешелiктерi ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейдi. Жүйке жүйесiнiң, кейбiр анализаторлардың ерекшелiктерi де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейдi.
Нышанның соңғы түрi қабiлеттiң дамуында белгiлi орын алады. Мәселен, баланың есiту анализаторының жетiле дамуы музыкалық қабiлет үшiн, көру анализаторының өзгешелiгi сурет қабiлетiнiң көрiнуiне себiн тигiзедi. Бiрақ нышан қабiлет дамуының бiрден-бiр шарты бола алмайды. Ол - адамның iшкi мүмкiндiгiнiң көрсеткiшi. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгiлi әрекетпен айналыспаса, оның қабiлетi айтарлықтай дамымайды. Әрбiр қабiлетке арнаулы нышан сәйкес келедi деп ойлау да қате. Нышан көп мәндi қасиет, яғни сол нышанға негiзделiп, адам өмiрiнiң жан-жақтылығына қарай түрлi қабiлет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабiлеттiң түрiн дарындылық дейдi. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметiнiң тума типiне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берiк орнығуы, жүйке процестерiнiң қозғалғыштығы динамикалық стереотиптердiң шапшаң жасалып, оңай өзгеруi т. б. ) байланысты болып келедi.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетiн болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгi өмiрiмiзде болсын мұндай мысалдар өте көп.
Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда “ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектiк төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннiң өмiрi, iс-әрекетi, саяхаты мен өлiмi” деген кiтап жарық көрдi. Аса дарынды бала жөнiндегi алрашқы кiтап осы болатын.
Туғанына он ай толмай жатып кiшкентай Гейнрих “суретке салынған заттардың көпшiлiгiн айырып атайтын” болды. Ол үш жасқа келгенде ертегiлердi өзi оқып, математиканың төрт амалымен есеп шығара алады. көп ұзамай сәби француз тiлiн үйренiп, “географиядан жақсы мағлұмат алады” және мыңнан астам латын мәтелiн бiледi.
Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королi қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған.
Дарынды адамдардың қабiлетi әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқатып жүр. Дарынды балалар мектептiң оқу бағдарламасын ерте меңгередi. 5-6 жаста ондай балалар өзiнен екi есе үлкен балалардың бiлгенiнен артық бiлетiн болады. Кейде дарынды балалардың мектептегi оқуға көңiл бөлмейтiн кездерi де кездеседi. Мәселен, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала күндерiнде түк бiлмейтiн кеще саналған. Олардың көпшiлiгi өз уақыттарын өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинауға, немесе химиялық тәжiрибе: жасауға сарп етедi. Мұндай дарынды адамдардың балалық шақтағы ерекшелiктер туралы жазылған шығармалар есепсiз. Айталық, Дюрер үш жасында өз портретiн салған, жетi жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген.
Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бiр жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете немiс, латын, грек тiлдерiнде өлең жазатын болған.
Қазiргi математиканың негiзiн салушы Гаусс үш жарым жасында әкесiнiң салық төлеу жөнiндегi есебiн көрiп, соның қатесiн шығарыпты, сөйтiп әкесiнiң 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседi. Ол алгебралық есептермен сандар теориясы жөнiндегi өзiнiң дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзiнiң ең басты жаңалықтарын негiзiнен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты.
Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасынан бастап ғылымға ден қояды да, тоғыз жасында 18 жасар балалармен бiрге оқиды. 12 жасында колледжге түсiп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ берiледi.
Не бары отыз-ақ жыл өмiр сүрген Шоқан Уәлиханов та аз ғана ғұмырының iшiнде адамзаттық ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, тiл, этнография, география, шығыс тану т. б. ) баға жетпес көп үлес қосты. Ол музыка, сурет саласында да, публицистика мен жазушылық өнерде де, өзiн жоғары биiктен көрсете бiлдi. Шоқан жөнiнде С. Мұқанов былай деп жазады: “Аз өмiрiнде осынша тығыз, зұлымдықпен арпалыса жүрiп атқарып үлгерген еңбегiнде қисап жок . . . Шоқанды . . . 27 жасында өлген Лермонтовтың, 24 жасында өлген Добролюбовтың қатарына қоюға болады. Шоқан да солар сияқты: шын мағынасындағы талант, шын мағынасындағы данышпан”.
Алты жасар Таня Федина музыкаға мейлiнше дарынды болды. Ол фортепьянода көптеген композиторлардың, сондай-ақ, өз шығармаларын тамаша орындады. Оның фортепьяно үшiн жазған пьесалары, космонавтар туралы әндерi бар. Таня отыздан аса ән және осындай аспаптық шығармалар (вальстер, прелюдиялар, фантазиялар т. б. ) жазған. Мәселен, оның космонавтарға арнаған “Титов маршы”, “Терешковаға”, “космонавтарға хат” деген шығармалары бар. Ол Мәскеу консерваториясы жанындағы орталық музыка мектебiнде оқып жүргенде бiр актiлi опера жазған.
Дарынды адамдарды ғылым саласынан да көптеп кездестiремiз. Мәселен, қазiргi аттары әйгiлi математик С. Мергелян 16 жасында университеттiң бiрден екiншi курсына қабылданды. Ол жиырма жасында ғылым докторы атағын алды. Академик Л. Ландау орта мектептi 13 жасында үздiк бiтiрiп, он төрт жасында университеттiң екiншi курсына түседi. Мұндай мысалдарды көптеп келтiре беруге болады.
Қабiлеттiлiктiң ең жоғарғы дәрежесiн талант деген сөзбен белгiлейдi. Талант - бiр әрекеттi творчестволықпен орындау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн қабiлеттердiң ерекше қиысып келуi. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т. б. әрекеттерде көрiнедi. Таланттың дамуы еңбек ете бiлумен, еңбек сүйгiштiкпен тығыз байланысты. А. М. Горький “талантты өсiретiн нәрсе - iстi сүю” деп бекер айтпаған.
Творчестволық қызметтiң асқан дарынды өкiлдерiнiң барлық қуат-қабiлеттерiнiң бiрдей шарықтайтын кездерi болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткiрленiп, мейлiнше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседi, жазатын нәрсесi мұқият әрi тез дайын далумен қабат, iште жетiлiп пiседi. Бұл - адам талантының шарықтауының тамаша бiр көрiнiсi. М. Әуезов “Абай жолының” кейiнгi үш кiтабын машинкаға қолма қол айтып бастырған. Тек зор талапты адамның ғана осындай “керемет” қасиеттерi болады. Жазушы Ә. Нұрпейiсов Мұхтардың талант ерекшелiгiн былайша суреттейдi: “Бiрде үйiне бардым. Кабинетiнiң есiгi ашық қапты. Мұқаң “Ақын аға” аталған үшiншi кiтапты жатқа айтып тұр . . . Оның жүресiне, толқи шығатын қоңыр дауысы шалқар шабыт тұсында шалқи төгiлген аса бiлiмдi, көл-көсiр көрiнiстердi, адам жанын аламан - асыр қылатын ащы-тәттi шындықтарды, өлмес-өшпес көркем сөзге айналдырып жатты. Дес бермей бара жатқан ой тасқынын iрiккiсi келгендей ара-тұра бiр жөтелiп алады да, қайтадан сөз маржанын толассыз тоғыта бередi”.
Осы эпизод бiзге үлкен талант иелерiнiң шығармалары оп-оңай өзiнен-өзi жазыла салатындай етiп көрсетуi мүмкiн. Ал, шындығында бұлар инемен құдық қазғандай еңбектенедi. Аты-шулы ақын-жазушылардың, ғалымдардың қолжазбаларын көрсек, олардың бiр жазғанын қайта-қайта өңдейтiнiн, сан рет көшiрiп жазатынын, бiр сөзбен айтқанда, қажымай-талмай еңбек ететiнiн жақсы байқаймыз. В. Маяковский осындай альга еңбектi былайша көрсеткен:
“Жыр маржан ғой теңiздiң түбiндегi,
Алу үшiн қадалған миллион көз.
Дәл осындай жыр жолына iлiгедi,
Миллион сөздiң iшiнен жалғыз-ақ сөз”.
Iзгiлiктi демократия кең өрiс алған қоғамда ғана таланттары дами алады, оған жағдай жасауға мүмкiндiк туады. Сондықтан әрбiр адам өзiнiң жеке ерекшелiктерiне байланысты аянбай еңбек етсе, үнемi оқып үйренiп, iзденсе ғана өзiнiң, талантын шарықтата алады.
Жалқау, ерiншек, бейнетi көп жұмысты онша сүймейтiн адамдардан талант иесi шықпайды. Н. Островскийдiң: “бiзде талантсыз тек ерiншектер ғана” деуi өте тауып айтылған сөз.
Тарихи-әлеуметтiк маңызы бар творчество беретiн қабiлеттiлiктiң ең жоғарғы түрi данышпандық деп аталады. Қабiлеттiң кең өрiстiлiгi, iс-әрекеттiң қоғам мүддесiмен тығыз байланыстылығы - данышпандықтың негiзгi белгiсi. Данышпан адам өзi айналысқан әрекет саласында бұрын-соңды болып көрмеген жаңалықтар ашып отырады. Мәселен, жаратылыстану ғылымы саласындағы Н. Коперник, Г. Галилей, Н. Ньютон, Ч. Дарвин, И. П. Палов, А. Эйнштейн, Н. Винер; әдебиет тарихындағы В. Шекспир, В. Гете, А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой; музыкадағы В. Моцарт, Л. Бетховен, П. И. Чайковскийлер осындай адамдар. Ал Аристотель, Әл-Фараби, Леонардо да Винчи, М. В. Ломоносов, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов т. б. әр түрлi ғылым саласынан көрiнген энциклопедиялық бiлiмдi данышпандар болды. Ақыл-ойы қияға шарықтаған адамның бәрi бiрдей данышпан бола бермейдi, нағыз данышпандық әр кез халықтың мүддесiне сәйкес келiп, әлеуметтiк прогреспен тығыз байланысып жатады.
3. Бейiмдiлiк және қабiлет
Қабiлет адамнан әрекеттiң бiр түрiмен айналысуға мүмкiндiк беретiн бейiмдiлiкте байқалады. Бейiмдiлiк пен қабiлет көп жағдайларда бiрге болады. Өйткенi адамның бiр нәрсеге қабiлеттiлiгi оның бейiмдiлiгiне орай қалыптасады. Бейiмдiлiк - адамның белгiлi бiр әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңiлi аууы, оянып келе жатқан қабiлеттiң алғашқы белгiсi. Сонымен қатар, бейiмдiлiк әрекеттiң бiр саласына (сурет, музыка т. б. ) әуестенушiлiктi көрсетедi. Бейiмдiлiктi балада қандай да бiр нышанның барлығын хабарлайтын белгi деуге де болады.
Балалық, кезде ерекше көзге түсетiн бейiмдiлiктер оның келешек қабiлетiнiң көрсеткiшi болып та табылады. Мәселен, екi-үш жасар баланың музыка үнiне құлағының елеңдеуi, онда музыкалық қабiлетке байланысты табиғи негiздiң бар екендiгiн көрсетедi. Жас балаларда әрекеттiң әр түрiне байланысты бейiмдiлiк жиi ұшырайды. Нағыз бейiмдiлiктен алдамшы, шүбәлi бейiмдiлiктi айырған дұрыс. Нағыз бейiмдiлiк адамнын әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны нәтижелi етiп орындауында. Мәселен, осындай бала сабақ үлгiруде қатарындағы баладан көп iлгерi озып кетiп отырады. Ал бейiмдiлiктiң алдамшы түрiнде адам iске қатты әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкiндiгi орта дәрежеде ғана болады. Жалған бейiмдiлiк, көбiнесе, үлкендердiң сендiруiнен немесе баланың өзiн осылай сезiнуден тууы ықтимал. Мәселе, кейбiр интеллигент семьяларда баласына: “сен келешек дарынсың, сенен үлкен ғалым, суретшi, әншi т. б. шығайын деп тұр”, - деп айтатындар кездеседi. Расында да үш-төрт жастағы балалардың әп-әдемi етiп тақпак, айтпайтыны, дөңгеленiп билемейтiнi, әсем дене қимылдарын жасамайтыны кемде-кем. Осыған мәз болған ата-ана баласынын бейiмдiлiгiн дамыта тусу үшiн шарқ ұрады. Мәселен, алты жасар бiр бала үйiне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдердi көп бiлуiмен таң қалдырған. Бұған баланың оқытушы шешесi де мәз екен. Бiрақ әлгi баладан оң қолың қайсы, сол қолың қайсы деп сұрағанда, ол жауап бере алмай қиналған. Бала өзi ерекше еңбек етпейтiн болса, әрекеттiң сол саласында үздiк нәтиже көрсете алмайтын боладьг, онда тек алдамшы бейiмдiлiктiң болғанын көрсетедi. Нағыз бейiмдiлiкте әрекетке адамның бар сезiм еркi жұмыла талпынады. Мұндай бейiмдiлiк адам нышандарының қабiлетке ауысуына қолайлы жағдай жасайды.
Баланың бейiмдiлiктерiн дамытып отыру, оның жалпы дамуына, ақыл-ой қабiлетiнiң жақсы қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтан мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балалардың бейiмдiл iктерiн уақытында дұрыс көре бiлiп, осыған сәйкес келетiн қабiлеттердi дамытып отыруы керек.
Бейiмдiлiк пен қабiлет ересек адамдардан да қосақтаса көрiнiп отырады. Адамда күштi, әсерлi, тиянақты бейiмдiлiктiң болуы онда зор қабiлеттiң бар екенiн жақсы аңғартады. Бұл екеуiнiң бiр-бiрiмен қабыспай жататын кездерi де болады. Бiреу тек өзiн көрсету үшiн ғана iс-әрекетке бағыт алатын болса, мысалы, тек жұрттың көзiне түсу үшiн театрдың оқуына түсетiндер де болады. Мұны оның бейiмдiлiгiне қарай туып отырған қабiлеттiң көрiнiсi деуге болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz