Дарындылық туралы түсінік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
І. ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 3
1.1 Дарындылық туралы жалпы түсінік 3
ҚОРЫТЫНДЫ 10
Қолданылаған әдебиеттер 11
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың соңғы жарты жылдығында барлық өркениетті елдерде дарынды
балаларды анықтап, зерттеу, оқыту және дамыту жұмыстары өркендеді. Өйткені
жеке тұлғаның әлеуметтік, саяси-экономикалық, мәдениеттік процестерде ролі
өзгерді. Қазіргі кезеңде өндірісті басқару, ғылым, мәдениет, өнер
сферасының саласында өз бетінше, шығармашылық тұрғысынан ойлайтын, іскер,
алғыр жас маманды қалыптастыру талап етілуде.
Көптеген дискуссиялы проблемаларға қарамастан, оқытудың ғылымы
(генетика, физиология, психология, социология) және реалды практикасы оқыту
табыстылығындағы индивидуалды ерекшілектері бар балалар мен оқушылардың
шығармашылық потенциалын құрайтын мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдеді.
Шығармашылық потенциал бойынша барлық балалардың әр жас кезеңіне сай,
дифференцияциясы ақыл-ой кемшілігінен бастап жоғары таланттылық пен жалпы
дарындылыққа дейін әр түрлі.
Өкінішке орай,қазіргі кезде мектептегі және жоғарғы оқу
орындарындағы оқыту орташа үлгерімді оқушыға, студент пен маманға
бағдарланған. Мемлекет ақыл-ойы кем балалар мен оқушыларды зерттеу,
анықтау (диагностика) мен жеке оқытуға көптеген қаржы жұмсауда. Бірақ
жоғары шығармашылық потенциалы бар оқушылар, талантты және дарынды
балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты біртұтас зерттеу бағдарламасы жоқ.
Дарынды балаларды анықтау бойынша зерттеу жұмыстарының ғылыми мәні:
шығармашылықтың табиғаты мен психологиялық механизмдерін ашуға, барлық
оқушылар мен балаларды оқыту мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру үшін
шығармашылық заңдылықтарын қолдану мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Дарынды оқушыларды оқыту мен дамыту адамның шығармашылықты дамуының идеалды
моделін құрайды.
Осы проблема бойынша зерттеу жұмыстары мен практикасының көрсетуі
бойынша дарындылық дамудың кез келген этапында баяуап, кейде мүлдем тоқтап
қалуы мүмкін. Осыған байланысты, дарынды тұлғаның дамуына арнайы
психологиялық көмек пен қолдау қажет.
Дарындылықты дамыту мен диагностикалау проблемасы қазіргі кезде
жастардың профессионалды бағдары деп аталатын қоғамдық институтта маңызды
болып келеді. Адам қоғамында мұндай институттың қажеттілігі әрдайым болды,
бірақ мұны саналы түрде кеш ұғынылды. Барлығымызға белгілі, бұл белгілі
психофизиологиялық қасиеттері бар адамдарды таңдауда талап етілген адамның
іс-әрекет түрлерінің дамуымен байланысты.
Балалар мен оқушылардың дарындылығын анықтауда өткізілген зерттеу
жұмыстары, тәжірибелері дарынды балаларды, олардың ата-аналары мен
мұғалімдерін психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және
экономикалық көмекпен қамтамасыз ету керек екендігіне, ол үшін
мемлекеттік бағдарлама құру қажеттілігіне куә болып отыр.
Қоғам әр уақытта да шығармашылықты жеке тұлғаны керек етсе де, тек
20 ғасыр ортасында ғана талант пен қабілеттілік психологиясы бойынша
зерттеулер ауқымды жүре бастады. Бұл мәселенің қолға алынуына таланттылар
мен дарынды балалар бойынша Дүниежүзілік кеңес құрылғанда ғана (1975
жылы) жоғары қызығушылық туды. Ол дарындылық құрылымын анықтау бойынша,
мамандарды дайындайды. Әр түрлі елдерде дарынды балаларға деген
әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетуге арналған әдейі
бағдарламалар өңделуде. Біраз елдерде дарындылық орталықтары мен
институттары табысты жұмыс жасауда. Бұл мәселені шешуде музыкалық
мектептер, мектептен тыс мекемелер, әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын
мектептер мен сыныптар өз үлестерін қосып келеді.
Дарынды балаларды анықтап, зерттеу және оларды қолдау жұмысы әр
түрлі деңгейдегі пәндер олимпиадаларында, конкурстарда, интеллектуалдық
жарыстар барысында орындалуда.
І. ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Дарындылық туралы жалпы түсінік
Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен
жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ – бұл ізденіс, үміт,
күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әр түрлі
іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді,
музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл
қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне
айналмайды , ол адам жай ғана орташа кәсіпкерге айналады.
Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай бойынша,
кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда
аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде
ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар,
мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды
мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын
анықтау.
Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті
орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем
беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер
міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан,
екіншіден - әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті
деп атаймыз.
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның
сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық – адамда
обьективтілікті жан-жақты бейімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну,
қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір
бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы,
адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер
түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-
әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-
бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет,
қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық
көріністер болуы қажет: ең алдымен – еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық.
Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол
жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын
айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.3
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік,
талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар
бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер
ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана,
оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адамаралық қатынастар түзу және
психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән
қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу;
мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа
ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда
интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.4
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта
алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей
шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ
болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып,
қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне
жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.5
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды
игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға
байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші – тарихқа және
біреулер – қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып,
оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.
Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет,
техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны
бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының
озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы
тестері осыған негізделген).
Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық
шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын
балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет
салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға
дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым
арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз
емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге
жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең
үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі
бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық
ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның
бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының
нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына
және жастық өзгерістерге байланысты. 8
Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек – оның
дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында,
балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады.
Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек.
Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка,
математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер,
студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем
өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды
балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың
оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне
сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің
дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен
ұштастырылуын көздейді.
Баланың дарындылығы деп – бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен
салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып
табылуы түсіндіріледі.6
Дарындылық – бұл дарын сөзінен шыққан және ол дамудың аса
қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған
келесі түсінік беріледі: Дарындылық – бұл адамның белгілі іс-әрекет
аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары
деңгейі. Дарындылық түсінігі қабілет түсінігіне өте жақын.
Қабілеттілік сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды.
Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша :
- табиғи дарын
- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
Біз қабілеттілік сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы,
қабілетті оқушы, қабілетті жас ғалым) қолданамыз. Осындай жағдайда бұл
терминдер, яғни дарындылық және қабілеттілік өте тығыз байланысты,
мәндес, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген
қабілеттілік сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол – жинақталған тәжірибе
нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес). 6,7
Қабілеттілікке философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай
түсінік берілген: Қабілеттілік – ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz