Менталитет ұғымын талдау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1 Менталитет ұғымын талдау 3
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13
КІРІСПЕ
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер
мен жаңғырулар ұлт менталитетінің дамуына өзіндік әсерін тигізуде. Қазақ
халқы менталитетін жаңа қоғамдық қатынастар талабына бейімдеу, оны қоғам
өмірінің рухани өзегіне айналдыру тек философиялық, дүниетанымдық мәселе
ғана емес, сонымен бірге саяси мәселе.
Қазақ халқы менталитетінің өтпелі кезеңдегі қалыптасу тенденциясы, оның
ішкі қайшылықтары, даму ерекшеліктері, оның жаңа қоғамдық қатынастарға
әсері, өмірде болып жатқан өзгерістерді қабылдау мен таңдауы, әлеуметтік
философия тарапынан өзінің тиісті бағасын әлі дұрыс алған жоқ. Қазақстандық
ғалымдар бұл мәселеге енді назар аударып, көңіл бөлуде. Осының нәтижесінде,
қазақ халқы менталитетінің табиғатын, оның қыры мен сырын тереңірек тануға
жол ашылып қана қоймай, бүгінде оның ішкі мүмкіндіктерін қоғам
сұраныстарына айналдырудың жағдайы да туып отыр.
Қазақ халқы менталитетін зерттеудің тұғырнамасы жайында да ғалымдар
арасында әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Дегенмен де, соңғы уақытта
ғалымдар арасында батыстық үлгіде қалыптасқан қағидалар мен тұғырнамалар
арқылы қазақ халқы менталитетін зерттеуге болмайтыны, ұлт менталитетінің
өлшемдік межесінің мүлдем басқа екені туралы толық түсінік қалыптасуда. Бұл
жөнінде Д. Кішібеков Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті де
сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны еуропалық қалыпқа салып қарауға
болмайды. Оның өркениеті де, өлшемдік түсінігі де басқа дейді [1, 4 б.].
Бұл көзқарас біздіңше, қазақ халқы менталитетін басқа тұрғыдан қарауға,
оның ішкі құрылымдық жүйелеріне жаңаша үңіліп саралауға және оны зерттеудің
жаңа методологиялық қағидасын жасауға да жол ашады.
Менталитет қандай да болмасын қоғамның тарихи даму негізінде пайда
болатын әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени ортаға сай қалыптасады. Осы
тұрғыдан келгенде, қазақ халқы менталитеті өзінің қалыптасу барысында
бірнеше тарихи кезеңдер мен әлеуметтік сатыларды, рухани жаңғырулар мен
өзгерістерді, сыртқы әлеуметтік-мәдени ықпалдар мен өзара ықпалдасу үрдісін
басынан кешірді. Қоғамдағы өзгерістер ауқымы қаншалықты терең болғанмен,
қазақ халқы өзінің дамуында ішкі бірегейлігін, ментальдық тұтастығын
сақтауға үнемі талпынып отырды. Бұл оның өзіндік дамуының басты
ерекшеліктерінің көрінісі еді. Солардың ішінде ұлт менталитетінің дәстүрлі
тұтастығы мен бірегейлігіне, оның ішкі құрылымының өзара байланысына қатты
әсер еткен кешегі социализм заманы болды. Оның таптық көзқарасқа
негізделген саяси идеологиясы қазақ халқы менталитетінің өзіндік ішкі
ерекшеліктерін ескермей, оған саяси-идеологиялық тұрғыдан сипат беруге
тырысты. Тоталитарлық жүйенің құндылықтарын зорлықпен санаға сіңіру, оларды
адамдардың іс-қимылы мен дүниетанымының өзегіне айналдыру үйреншікті
құбылысқа, әлеуметтік практикада негізгі дүниетанымдық ұстанымға айналды.
Бәрін бір идеологиямен саяси ұстанымдарға бағындыру нәтижесінде қазақ халқы
дәстүрлі өмір сүру тәсілінен, өзінің ішкі рухани ерекшеліктерінен айырылуға
сәл қалды. Бір ғасыр ішіндегі жүріп өткен бірнеше саяси-әлеуметтік
тәжірибелер, қоғамның саяси-экономикалық негіздерінің жиі өзгеріске
ұшырауы, 1929-1933 жылдардағы қолдан жасалған аштық, саяси қуғын-
сүргіндер, халық жауларымен күрестің кең етек алып саяси науқанға
айналуы, одан кейінгі тың және тыңайған жерлерді игеру эпопеясы,
орыстандыру саясатының нәтижесінде жазу үлгілерінің өзгеруі, ұлт тілінің
қолдану аясының тарылуы, рухани саладағы орны толмас олқылықтар, ұлттық
құндылықтардың қоғам сұраныстарынан аластатылуы, оларға деген
салқынқандылық таныту, қоғамда атеистік көзқарастың басыңқы жағдайға ие
болуы, т.б. жағымсыз өзгерістер қазақ менталитетінің тұтастығына кері
әсерін тигізбей қалмады.
Ұлт менталитетінің рухани тірегі болып есептелетін негізгі этномәдени
архетиптерді тоталитарлық жүйенің алып машинасы таптап қана қоймай, оны
жоюға тырысып бақты. Оларға ескінің қалдығы, феодалдық қоғамның сарқыншағы,
өткеннің рудименті, коммунистік қоғам орнатудағы басты кедергілер деген
көзқарасты қалыптастырды. Осындай саяси-идеологиялық ұстанымдардан
туындаған сыңаржақ көзқарастар мен түсініктерді қалыптастыру салдарынан
ұлттың ментальдық ерекшеліктерін зерттеуге тыйым салынды. Нәтижесінде,
әлеуметтік–гуманитарлық білім ұлт менталитетін зерттемек түгілі, олардан
бас тарту, жатсыну үрдісін үдете түсті. Қоғамның рухани дүниесін дәстүрден
тазарту, олардың орнына жасанды саяси идеологиялық тұрпаттағы
құндылықтарды сіңіру қолға алынды. Бір ғасыр ішінде орын алған осындай
ірілі-ұсақты зорлық-зомбылықтар, әлеуметтік-экономикалық, саяси -
идеологиялық тәжірибелер қазақ халқы менталитетінің даму траекториясын
өзгертіп қана қойған жоқ, сонымен бірге, оның ішкі болмысының тұтастығына
да өзіндік әсерін тигізді.
1 Менталитет ұғымын талдау
Менталитет термині ХХ ғасырда Батыс мәдениетінде сана мен ақыл
ұғымдарының бірлігін қамтамасыз етіп, олардың қарама-қарсылығын жою
ретінде дүниеге келді. Менталитет мәселесімен тұңғыш айналысқандардың
қатарында психоаналитиктер Зигмунд Фрейд пен Карл Густав Юнг болды. К.Г.
Юнг өзінің 1912 жылы жарық көрген Метаморфозы и символы либидо атты
еңбегінде адамның түс көруіне мифтің, фольклордың әсері барын айтқан.
Адамдар түсінде мифтік кейіпкерлерді, өткен ұрпақ өкілдерінің бейнелерін
көретінін, түстің бұрынғы көне құндылықтармен байланысын дәлелдеген. Адам
психикасында жеке бейсаналықтан тысқары ұжымдық бейсаналықтың өмір
сүретінін және оның адамдар миының терең қабаттарында орналасатынын
дәлелдеген. Оны архетип деп атаған. Оның ұрпақтан ұрпаққа бейсаналық
түрінде беріліп отыратынын, жекелеген ұлт өкілдерінің мінез-құлқында, іс-
қимылдарында, ойлау жүйесінде, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктерінде
байқалатынын айтқан. Жалпы менталитет мәселесі батыс ғалымдары мен
философтарының еңбектерінде кеңінен зерттелген. Мәселен, 1922 жылы Леви-
Брюль өзінің атақты La mentalіte prіmіtіve атты зерттеуінде менталитетті
логикаға дейін және логикалық деп екі түрге бөледі. Осы еңбегінде ол
австриялықтар мен африкалық тайпалардың менталитетін зерттей отырып, оған
еуропалық дүние танымдағы қалыптасқан көзқараспен және рационалистік
тұрғыдан әсте қарауға болмайтынын айтады.
Менталитет мәселесін зерттеуге өзіндік үлес қосқан француз тарихшысы Ж.
Левефра болды. Ол 1789 жылы француз деревнясын қамтыған әлеуметтік-
экономикалық дағдарыстың негізін ұжымдық менталитеттен іздеу керектігін
айтқан. Француз деревнясындағы жаппай психологиялық үрейдің көзін және
революциялық пиғылдағы адамдардың мінез-құлықтарын зерттей келіп, олардың
талаптары мен ұсыныстары астарында және ұстанылып отырған идеологиясы мен
саясаттары негізінде ұжымдық менталитет әсері барын дәлелдеген. Сонымен
бірге ол ұжымдық менталитет негізінде биологиялық қасиеттердің жатқанын
және оның адамдардың құндылықтарды таңдауына әсер ететінін көрсеткен.
Аннал мектебінің негізін қалаушылардың бірі тарихшы Л. Феврдың айтуынша,
менталитет негізінде ешқандай биологиялық себеп жоқ. Адамдардың биологиялық
қасиеттері менталитет негізі бола алмайды деген ой айтады. Оның пікірінше,
менталитет негізінде өткен ұрпақтың дүниені қабылдау дағдылары, құндылықтар
туралы ойлау ерекшеліктері жатады және оны жұрттың бәрі сезе білмейді.
Сонымен бірге менталитеттің ішкі құрылымы қоғамдағы әлеуметтік ортаның
өзгеруіне қарағанда әлде қайда консервативті, тым баяу өзгерістерге ұшырап
отырады. Қоғамдық қатынастар жүйесі жиі өзгеріп жатқанда менталитеттің
өзгеруі өте ұзақ та, ықтималды тұрақты процесс. Сөйтіп, қоғамдық ғылымда
тарихқа деген жаңа көзқарастың негізі қаланады. Тарихи дамуға өркениеттілік
тұрғысынан қарау қажеттілігі дәлелденеді. Оның ойынша, тарихи үрдістің
астарында өндірістік қатынастармен бірге адамдардың наным-сенімдері, әдет-
ғұрыптары, салт-дәстүрі, мәдениеті де жатады.
Басқаша айтқанда, француз тарихшыларының тарихи процестің даму негізінде
антропологиялық болмыстың жатқанын дәлелдеуі тарихқа деген жаңаша
көзқарасты дүниеге әкелді. Менталитеттің тарихтың дамуына тигізер әсері
өндірістік қатынастармен салыстырғанда әлде қайда пәрменді болып шықты.
Олай болса, қоғамның бір сатыдан екінші сатыға өтуін тек өндірістік
қатынастар мен өндірістік күштердің қайшылықтары немесе таптық күрес арқылы
түсіндіруге болмайды екен. Сөйтіп, Аннал мектебінің өкілдері тарихқа жаңа
көзқарасты қалыптастырады. Маркстік тұрғыдан түсіндіріліп келген қоғамдық-
экономикалық формацияның негізінде таптық күрестен басқа да ментальдық
құбылыстардың жатқаны дәлелденді.
Тарихи процестің адами сипатын мойындаудың маңыздылығы жайында А. Я.
Гуревич былай дейді: Егерде материалдық өндірісті қоғамдық дамудың шешуші
факторы деп есептегеннің өзінде, қоғамдағы саяси-экономикалық қатынастардың
өзгеруі әлеуметтік процестердің өзгеру себебін түсіндіре алмайды. Қоғам –
абстракция емес, керісінше тірі адамдардың бірлігі, тәні мен қанының,
мүдделері мен қажеттілігінің, ойлары мен эмоциясының тоғысуы. Біздің
қазіргі саясаткерлеріміз осы бір қарапайым ақиқатты түсіне алмай-ақ қойды.
Қалай болғанда да, адамдар нақты экономикалық немесе саяси жағдайларда,
өндірістің заңдық талабымен іс-әрекет етпейді. Олардың іс-әрекеті көп
жағдайда олардың бойындағы, санасында, психикасында қалыптасқан түсініктер
мен стереотиптерге, қала берді, қалыптасқан көзқарастарына байланысты
болады. Ал соңғысы тек саяси экономикалық, социологиялық қағидалармен
анықталмайды. Керісінше ұлттық және мәдени дәстүрлерге тікелей байланысты
болады [ 12,с. 517].
Менталитет мәселесі Э.Фроммның еңбектерінде де кездеседі. Ол өзінің
атақты Еркіндіктен безу атты еңбегінде ұжымдық менталитетті әлеуметтік
мінез ұғымымен тең деп қарастырған. Ол ұжымдық менталитетті экономикалық,
әлеуметтік және психологиялық қатынастардың өзара байланысы негізінде
қарастыра келіп, адамдардың саяи-экономикалық белсенділігі осы үштікке
байланысты екенін айтқан.
Менталитет мәселесін структуралистер өкілдері де айналып өтпеді. 1945
жылы жарық көрген Туыстықтың қарапайым құрылымы атты еңбегінде Клод Леви-
Стросс былай деп жазады: Адамдағы барлық әмбебаптылық табиғатқа байланысты
болып келеді және олар спонтанды, ал басқа қалғандары белгілі бір қалыпқа
бағынады, мәдениетке жатады және рельефтік ерекшеліктерді құрайды
[13,с.162]. Сонымен бірге ол Жабайылардың ойлауы атты еңбегінде Леви-
Брюлдің алғашқы қауымдық адамдардың паралогикалық ойлау жүйесі бар деген
ойын жоққа шығарып, олардың бәріне тән ақылдық ойлау тән екенін дәлелдейді.
М.Фуко өз еңбектерінде менталитет ұғымының интеллектуалдық астарына
үңіле келіп, эпистема ұғымын енгізді [14,с.217]. М.Фуконың түсінігінде
эпистема ғылымдар саласында қолданылатын ғылыми тәсілдердің нақты жиынтығы.
Ол бейсаналық түрде ғылыми сөздерде көптеген ғылымдардың әмбебаптық қасиеті
ретінде жүзеге асып отырады.
ХХ ғасырдың антропологиялық философиясы менталитет мәселесін адамның
рухани болмысымен, оның өмір сүру салтымен тікелей байланыстыра қарауды,
бүгінгі адамзат баласы ғылыммен білімнің жетістіктерін өздерінің рухани
дүниесін тануға және дамытуға жұмсау керек екенін алға тартады.
Философияның басты мақсаты осы орайда дүниенің объективтік заңдарын танумен
бірге адамдардың рухани ішкі жан дүниесін, олардың өмірге, тіршілікке
бейімделу ерекшеліктерін тану болмақшы. Бұл жерде біз, адам мәселесі тек
антропологиялық философия шеңберінде тұңғыш көтерілді деген ойдан аулақпыз
және ол шындыққа жатпас та еді. Өйткені, адам мәселесі философия тарихында
сонау ерте заманнан бері қарастырылып келе жатқаны белгілі. Бұл
біріншіден, ал екіншіден, философия тарихында менталитет ұғымы мүлдем
кездеспейді. Ол ХХ ғасырдағы философиялық ойдың жемісі. Дегенмен де, біздің
түсінігімізде менталитет адам мәселесімен тығыз байланысты болғаннан кейін
философия тарихына шолу жасап өткенді жөн санадық. Ондағы мақсат –
менталитет ұғымына тікелей қатысты ойлар айтылмаса да сана, ақыл, сезім,
ойлау формасына байланысты айтылған кейбір методологиялық ойлар мен
ұстанымдарды өз зерттеуіміздің негізі ретінде пайдаланып, экстрополяциялық
әдіс арқылы менталитет туралы түсінігімізді тереңдетуді жөн санадық.
Философия тарихындағы адам мәселесі мен оның менталитетіне деген
көзқарас әр заманда әртүрлі болған. Мәселен, антика дәуірінде грек
философиясы адамды космостың ажырамас бір бөлігі деп қарап космокіндіктік
менталитетті қалыптастырғаны белгілі. Онда табиғат пен ақыл, сана мен
сезім, объекті мен субъекті, қажеттілік пен еркіндік біртұтас. Бәрі космос
заңына бағынады. Көне материалистер (Фалес, Демокрит, Гераклит, Эпикур
т.б.) дүниенің алғы себептерін нақты табиғи құбылыстардан іздесе, көне грек
идеалистері дүниенің даму себептерін нақты заттардан, уақыттан тысқары
тұратын метафизикалық құндылықтардан іздегені белгілі. Оларға: Игілік,
Әділеттілік, Әсемдік идеяларын т.б. абсолюттік құндылықтарды жатқызған.
Сократтың өзіңді таны, Протагордың адам қандайда болмасын заттың –
өлшемі деген қағидалары адам болмысын, оның менталитетін ашуға жаңа жол
ашады. Бұдан былай адам мәселесі философияның негізгі таным объектісіне
айналып, адамның әлемге қатынасы, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктері,
олардың дүниеге баға беруі софистік философияда алдыңғы орынға шығады.
Адамдардың дүниеге қатынасындағы субъективтік сәт құндылықтарға толы
болғасын олардың бәрі сана, ақыл алдында ақталуы тиіс. Сократтың ойынша,
тек ақыл объективті білім бере алады. Бірақ та, адам білімді дайын күйде
таба алмайды. Білім табу үшін адам талпынып, қарекет жасауы тиіс. Сократ
оны, яғни білім табуды майевтика деп атайды. Сөйтіп, майевтика адамның
жаңа өмірге келуіне көмектеседі. Ол үшін адам үш негізгі ізгіліктерге
ұмтылуы керек: бірінші, қанағат (құмарлықты тыю туралы білім), екінші,
батырлық (қауіп-қатерді жеңу туралы білім), үшінші, әділеттілік (құдай және
адамгершілік заңды сақтау туралы білім) [15,с.35]. Сократтың бұл ойлары
менталитет табиғатына, оның астарына философиялық тұрғыдан терең қарауға
жол ашады. Басқаша айтқанда, осы ізгілікті үштік, яғни (қанағат,
батырлық, әділеттілік) адам болмысының рухани тұтастығын айқындайтын
күштер. Бұл күштердің ментальдық болмыста орнығуына адамзат баласы ғасырлар
бойы күресуде.
Менталитет ұғымын терең түсінуде жан мен рухтың орны ерекше. Жан мен
менталитеттің өзара байланысы тұтас пен жартының байланысын еске салғандай.
Мұндағы тұтас – менталитет те, жарты – жан. Жан менталитеттің тең жартысы,
ол менталитеттің ішкі негізі, қозғаушы күші. Философия тарихында жан
мәселесіне айрықша көңіл бөлгендердің бірі Платон болды. Платон түсінігінде
жан танушы, өйткені жанда қозғалыс, идея бар. Бірақ, Платон іліміндегі
танушы жан қозғалысы таным объектісіне бағытталған [16,с.20]. Ал Аристотель
болса, жанды энтелехия деп түсініп, оған белсенділік сипат беріп, ерекше
құбылыс ретінде қарағаны белгілі. Қысқаша айтқанда, философия тарихында
жан мен рух өзара байланыста қарастырылады. Жан негізінде рух жатыр
және ол – жан мен тәннің антологиялық негізі, қозғаушы энергиясы. Діни
сенімдерде рух –құдайдың мәні, әруақтар рухы, философиялық ілімдерде
(Гегель) әлемдік рух, абсолюттік рух, әлеуметтік-философиялық ілімдерде
ұлт рухы, ата-баба рухы деген ұғымдарды жиі кездестіруге болады.
Рух пен жанның менталитетке қатысы бар. Кейбір зерттеушілердің
пікірінше, менталитет адамның немесе халықтың жаны [17,147]. Бұндай
пікірмен келісуге болады, себебі менталитет тұтас интегралды ұғым, онда
ақыл, жан, рух, жүрек, ерік бір-бірімен қабаттасып тұтастықты құрайды.
Орта ғасыр философиясы теокіндіктік менталитетті қалыптастыру негізінде
құдай идеясын қарастырды. Адамның тағдыры, еркіндігі, мақсаты, іс-қимылы,
құндылықтарды қалауы – бәрі құдайға байланысты болды. Христиан ойшылдары
табиғаттан тыс күштің ролін абсолюттік деңгейге көтере отырып, адамдар
менталитеті өз жанын құтқаруға бағытталуы керек деген көзқарасты
қалыптастырады. Олардың айтуынша, адамдар ақылы мен санасы – тек құдайды
тануға, адам өмірінің басқа жақтары тек діни құндылықтар негізінде қаралуы
тиіс. Ортағасыр философиясы шеңберінде менталитет мәселесі діни
интеллектуализм мен антиинтеллектуализм төңірегінде өрбіп: біріншісі –
негізінен ақылға, интеллектіге сүйенсе, екіншісі – керісінше, соқыр сенімге
бой ұрады. Антиинтеллектуализм өкілдерінің пікірінше, құдай ақылға сыймайды
және ақыл құдайды тануда кедергі етеді. Сондықтан құдайды Ақиқат ретінде
мойындаудың және танудың бір-ақ жолы бар, ол сенім деп жариялайды. Ақыл мен
сенім үйлесімін дәлелдеуге тырысқан Августиннен кейін Ф.Аквинский құдайды
танудың екі жолы бар екенін және олар бір-біріне қайшы келмейтінін,
керісінше, бірін-бірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz