Адам аралық қатынастар жөнiнде түсiнiк



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ 2
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк 2
2. Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнуi 7
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi 12
ТIЛДЕСУ ПСИХОЛОГИЯСЫ 13
1. Тiл қатынасы жөнiнде түсiнiк 13
2. Тiлдесу ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу 14
3. Сөз (сөйлеу) қызметтерi 16
4. Сөйлеу түрлерi 17

АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

 
Жоспары:       1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы           
              түсiнiк.
2.    Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен   
                        түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.
 

1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк

         Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема.
Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес.
         Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке және қызметтiк,
дара және топтық, тең құқықты және тәуелдi, қарамақарсылықты және
даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен
жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады.
Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны
мен мiндетiне тәуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi
де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шәкiртiне үлкен
сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.
         Қызметтiк қатынастар әлеуметтiк топ не мекеме мүшелерi арасында
олардың сол топтағы құқы не мiндеттерiне орай қалыптасады.
         Егер ара қатынастар әрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында
қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке
сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық
қатынастар деп аталады.
         Тең құқықты қатынастар қатынас мүшелерiнiң құқықтары мен
мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тәуелдi қатынастар құқықтары мен
мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
         Адамдар арасында қарамақарсылық болмай, өзара терең сыйластық
жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi.
         Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң
келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарамақарсылықты қатынастар бой
тiктейдi.
         Адамдардың бiрбiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде даудамайлы,
жанжалды қатынастар өрбидi.
         Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн
адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бәрi өмiрде
адамдардың бiрбiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, әр адамның
басқаға бағытталған iсәрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен
сезiмiнде көрiнiс бередi.
         Тұрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның
өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi әрбiр жеке адамның да, топ пен ұжымның да
қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам
аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересектердiң
төңiрегiндегiлермен қатынасынан сол ортаның көңiлкүйi айқындалып, алға
қойылған мұратмақсаттардың сәттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн.
         Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс
бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында
сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар
көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейдi.
Осыдан өзi қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк
қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да
кездеседi.
         Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында.
Адам өзi тектеспен араласа отырып, бiрбiрiне болған айрықша сезiмдер мен
ықластарға кезiгедi. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта
болып, әр адамның шын мәнiндегi тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе
бермейдi. Олар әрқашан адамның көңiлкүйiне байланысты, бiр адамның
екiншiсiне деген сезiм толғанысының ауысуымен өзгерiске келiп тұрады.
Көңiлкүйдiң бiр сәттiк болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келедi: бүгiнгi
тәптәуiр сыйлы қатынас күн өтпейақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс.
         Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты,
олар, әдетте, көңiлкүйге байланысты өзгере бермейдi. Мұндай  қатынастардың
әрбiр тұлғаның көңiлкүйiне бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресми қатынастар
деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың
әрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психологиялық кейпiне тәуелдi болмауы
қажет.
         Бiрақ өмiрде жеке және қызметтiк қатынастар өзара кiрiге
байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйiнде қарастыру мүмкiн
емес. Бiрiншiден, әр адам өзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға әрқашан
ерекше мән мен сән берiп отырады; екiншiден, әрқандай тұлға нақты
қатынастарға өзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс және сезiмдерiмен кiрiседi, ал
бұлардың бәрi адамның басқалармен болған қызметтiк қатынасына әсерiн
тигiзбей қоймайды.
         Қарамақарсылықты қатынастар негiзiнде толық үйлесiм болмағанымен,
оған қатысқан адамдар бiрбiрiнiң әрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi.
Бiрде келiссе, бiрде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуi жолында
қажеттi қатынасын үзбейдi. Қатынас түгелдей елемеу мен даудамайға бармайды.
         Кейде екi адам бiр ортада бола тұрып, бiрбiрiне деген ыстық та,
суық та шырай сезiнбейдi, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттiлiктi
таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
         Қоғамдықәлеуметтiк жағдайларға байланысты бiр ортаға түсiп қалған
адамдардың бiрi екiншiсiнен өзiн алшақ ұстау қажеттiгi де туындап қалады.
Мұндай кезде адамдар бiрбiрiне тiкелей жек көрушiлiк танытып, арадағы
мәселе бойынша ешбiр келiсiм мүмкiндiгiн таба алмайды да, iздемейдi де.
Мұның бәрi ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
         Адамдар арасындағы және бiр ерекше қатынастар түрi бұл екi ұшты,
амбиваленттi қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебi бiр адамдағы
екiншiге деген өзара тiкелей қарсы екi бiрдей эмоцияның: жек көрушiлiк пен
құрметтiң қосарлана жүруi. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерiнiң
көңiл төркiнiнде жатқан ниеттерiнiң нендей жағдайда екенiн айырып алуында
бiраз қиналады.
         Адамдар аралық қатынастар негiзiнде адамдардың бiрiменбiрi өзара
әрекетке, тiлдесуге болған өмiрлiк қажеттiлiгi жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық
қажетсiнуден бiрiнбiрi керексiнген адамдар өзара қатынасқа келiп, ал ол
болмаса бiрбiрiнен бейтарап қалады. өмiрлiк маңызды қажеттiлiктерi бола
тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергiлiк ететiн қалыптар да болады. Бұл
жағдайда да қатынастар үзiлмейдi, бiрақ мұндағы қатынастар өшпендiлiк не
жек көрушiлiкпен ұштасады.
         Адамдар қажетсiнулерiнiң арасында өз мәнi бойынша iзгi
адамгершiлiк сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда
альтруистiк қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, iсәрекетi
әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар арасындағы үйлесiмдi қатынастар өмiрде сирек кездеседi,
сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәнгi арман еткен мұраты ретiнде
қарастырған жөн. Бұл қатынастар типiне тұрмыста кезiгетiн "сүйiспеншiлiк"
қатынасты жатқызуға болады. Егер бiр адамның екiншiсiне психологиялық
тартымы болса, бiрiн бiрi адамгершiлiк сезiммен қабылдаса, екiншi адамға
қолынан келген жақсылығын аямаса, мiне мұндай қатынасты үйлесiмдi қатынас
деп бағалау әбден жарасымды.
         Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етушi факторлардың бiрi
психологиялық үйлестiк (үйлесiмсiздiк). Көп жағдайда адамдар өз
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн бiрiнбiрi керек етедi, бiрақ көзқарас,
ниеттерiндегi болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсiре
алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесiм таба алмаған жандар  арасында
бiршама ұнамды қызметтiк қатынас болғанымен, уақыт өтумен бiртебiрте өрiм
түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушiлiк олардың ресми
байланыстарының кедергiсiне айналады.
         Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруiне мүмкiн болар себеп бұл
нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтiкпсихологиялық орта
сипатының ауысуы. Екi немесе одан да көп адамдар бiрiнбiрi өте қажетсiнедi,
орталарында толық психологиялық үйлестiк болған, бiрақ кенеттен өзгерген
әлеуметтiксаяси жағдай оларды әртүрлi партиялар мен ағымдарға енуiнен екi
жiкке бөлiп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесiп тұрады: өзара
келiсiмдi жас жұбайлардың өмiрi кенет олармен психологиялық үйлесiм
таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетедi. Мейлi, бұл жас
жұбайлар арасындағы қатынас кейiн ресми бекiгенiмен, татутәттi туысқандық
қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.
         Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруiне және бiр себепшi
фактор бұл адамдардың жас деңгейi. өмiр бойы топтаған тұрмыстықәлеуметтiк
тәжiрибе адамға, оның төңiрегiндегi жандарға, болып жатқан оқиғаларға
әсерiн тигiзбей қоймайды. Жас деңгейi әртүрлi адамдардың бiр оқиғаға болған
бағасы бiрiнен бiрi алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен
болса, психологиялық келiспеушiлiк те соншама болады. Мысалы, жастардың
киiмi, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтiнiне бәрiмiз де куәмiз. Бұл
жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мәнмағынасына өз әсерiн бiлдiрмей
қоймайды.
         Ал осы төңiрегiндегiлермен болған өз қатынасының сипатын адам өзi
сезе ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бiрнеше жағдайларға тiреледi.
Бiрiншiден, бұл нақты адамның ойөрiс (санасезiмi) даму деңгейiне
байланысты. Ақылесi бiршама жетiлген адамдар өздерiнiң төңiрегiндегiлермен
қатынасын жақсы түсiнiп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды
сезiну және бағалау жоғары дамыған рефлекстiк қабiлеттi керек етедi
(қоршаған ортадан келiп түскен ақпараттық сигналдарды жанжақты мәндiк
байланысымен қабылдап, жауап бере алу).
         Екiншiден, бұл адамның жасына тәуелдi. Егделер балаларға қарағанда
өзара қатынасты дәлiрек пайымдайды, ұнамды не бiржақты келеңсiз
қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезiнедi. өмiрде
екiұшты немесе амбиваленттiк және өз iшiне ұнамды да, жағымсыз да
сипаттарды бiрдей қамтыған қарамақарсылықты қатынастарды бағалау күрделiрек
келедi.
         Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам
өмiрiндегi маңызына қарай да бағаланады. Қарымқатынас адам үшiн неғұрлым
маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсiздiктер жiберiлуi мүмкiн.
өзiнiң төңiрегiндегiлермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар,
арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейiм келедi. Керiсiнше,
кiмде кiммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбiн түсiре
жамандауға ниеттенедi де тұрады.
         Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара
ерекшелiктер бар. Кейбiр ойсезiмi толысқан, парасатты адамдар өзара
қатынастарды жанжақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабiлеттi, екiншi
бiреулердiң жалпы оң пiкiр айтуға тiптi өрiсi жетпейдi, ал үшiншiлер
төңiрегiндегiлердiң өзiне деген бағасын бiрде дұрыс түсiнсе, бiрде оған
санасезiмi жетпей қалады.
         Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай
бiркелкi тұрақты қалыпқа келедi. Егер де қатынастарға тән осы қасиет
болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзiлмес едi.
Себебi қауымдық бiрлестiктердiң негiзi жалпы адамдардың өзара қатынасының
тұрақтылығымен бiртектi болжамға келуiнде. Ал жеке тұлғалар арасындағы
өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесiнiң бiршама кемдiгiмен ерекшелiнедi.
         лкен әлеуметтiк топтардағы қызметтiк, ресми қатынастар өзiнiң
күштi мызғымастығымен байқалады, кiшi топтағы байланыстар да бiршама
осылай. Iрiлiкiшiлi қауымдастықтардағы қарымқатынастар көптеген өмiрлiк
маңызы зор факторларға тәуелдi, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы
қатынастарды өзгерте бергендi онша құптамайды. Егер кұнара субъектердiң
ниетiне орай төңкерiстер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетерi
баршаға аян.
         Жеке адамдар арасындағы қарымқатынастар өте нәзiк те үзiлгiш
келедi, себебi нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерiнiң
құбылмалы көңiлкүйiне тәуелдi. Уақыттың өтуiмен, жастың егде тартуымен
аралық қатынастар тұрақтала түседi, балалық пен жас өспiрiм шақтағы адамдар
арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның
iшкi дүниесi сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз
қалауын таңдай алу қабiлетiне жетедi.  Қатынастардың тұрақталуының және бiр
жөнi адамдар бiрiн бiрi жете танып, бiрiнiң қылығына екiншiсi көнiгiп,
өзара үйлесiмге бейiмделуi.
         Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы
қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым
жақсы басталған таныстық қапелiмде үзiледi, ал кейде тiптi басқаша да
болады: алғашқысында әйтеуiр бiрдеңеден ұнатпай жүрген адамына барабара
үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар
адамдардың бiр бiрiне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына
байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
         Нақты мезеттегi адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты
көптеген шарттарға тәуелдi, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық
кейпi. Ден сау, көңiл көтерiңкi болса, төңiрегiндегiлермен қатынас та
әпәдемi, үйлесе түседi. Көңiлкүйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрi
беки түседi, ал қандай да әбiгер күйде түзiлген қатынас көбiне баянды
болмайды.
         Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мiнезқұлығына да
байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы
қайырымдылық, ақ көңiлдiк, үйiршеңдiк, достық пен ұжымшылдық қасиеттер
пайдалы. Ал сенiмсiздiк, күмәншiлдiк, өшпендiлiк, тұйықтық пен өзiмшiлдiк
қалыпты қатынастар орнығуына керi әсерiн тигiзедi.
         Ойөрiсi кең дамыған, тәжiрибесi бар адамдар өз қатынастарын
меңгере алады, бiрақ бұл көптiң қолынан келе бермейтiн iс, себебi көп
жағдайда аралық қатынастардың мәнiн соларды түзушi адамдардың өздерi де
түсiне бермейдi, ал түсiнбеген затты саналы басқару мүмкiн емес.
         Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан,
адамның оларды басқару қабiлетi де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетiн
оның даралық ерекшелiктерiне қосымша өмiрлiк тәжiрибесi. Әрқашан адам 
аралық қатынастарды жеңiл де ұтымды реттейтiн адамдар арасында кәсiби
қызмет бабымен жұмыс жүргiзетiн, сендiре әңгiме айта бiлетiн, әлеуметтiк
жетекшiлiкке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және
өндiрiс басшылары, мұғалiмдер, дәрiгерлер мен актерлер. Адам аралық
қатынастарға ықпал жасай бiлу қабiлетiн қатынастар психологиясын үздiксiз
үйрену арқылы жетiлдiре, дамытып баруға болады.
 

2. Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнуi

         Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың
бiрiнбiрi қабылдай алуы, түсiнуi және бағалауына байланысты, яғни тiлдесу
нәтижесiнде бiр адамның екiншiсiнiң образы жөнiнде топшылаған ойпiкiрi.
Екiншi адамның тұлғалық образын оның сырт пiшiнi мен психологиясын және
әрекетқылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық
бейне әр адамның қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен,
әрқандай өмiрлiк жағдайлардағы көңiлкүй толғаныстары мен әрекеттерiнен
көрiнедi. Бұлардың бәрi "Ат кiсiнесiп, адам сөйлесiп" дегендей әңгiмелесу
барысында назарға алынып, санада жiктелiп, бекидi де адамның жеке, нақты
бағасын беруге негiз болады.
         Бөгде адамның бейнесiн қалыптастыру арқылы бiз оған болған
қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшелiктерiн тануға
мүмкiндiк аламыз. Адамды жөнiмен танып, дұрыс бағасын берiп, оның
әрекетқылығының мақсаттары мен түрткiлерiн айқындап, ол тарапынан болып
қалар жауапты әрекеттердi күнi бұрын болжастыра, бiз бұлардың бәрiн өз
қажеттiлiктерiмiз және мүдделерiмiзбен салыстырамыз, әңгiмелесудiң қолайлы
жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екi тарапқа да ортақ ниеттердi табумен
тұлғалар арасындағы қызметтiк қатынастарға кiрiсемiз. Сонымен, қызықтырған
адамның мiнез бiтiстерiн бiлiп алып, ендi оған бағытталған өз
әрекетқылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, бiз таңдаған
әрекетқылық түрi ол адамның даралық қасиеттерiне сәйкес болғаны жөн. Осының
нәтижесiнде екi адам ортасында толық өзара түсiнiк, жайлы да берiк аралық
қатынастар орнығады.
         Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, бiз оның нақты
көңiлкүйiне сәйкес қарымқатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкiндiк
аламыз және өзiмiздiң, оның және төңiрегiндегiлердiң мүдделерiне орай ол
адамға тиiмдi психологиялық ықпал етудiң жолдарын iздестiрiп, пайдаланамыз.
Егер бiз қатысқан адамдарымыздың әртүрлi тұрмыстық жағдайлардағы
әрекетқылығын күнi бұрын болжастыра алсақ, оның мiнезқұлығын қажеттi
бағытта басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға
қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз.
         Бөгде адамның тұлғалық дәрежесi жөнiнде бiз оның дене құрылымы,
психологиялық және қылықәрекеттiк белгiлерi бойынша топшылаймыз. Бұл
белгiлер адамның сырт көрiнiсiнен, киiмiнен, әрекетқылығынан, сөзiнен, бет
әлпетi мен ымишарасынан байқалады. Адамның сырт көрiнiсi мен психологиялық
бейнесi арасында тiкелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуi
қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөнiндегi бiздiң бiрiншi
пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. ғылым
ежелденақ адам мiнезi мен дене құрылысының өзара байланысты екенiн
дәлелдеген  (Э. Кречмер, У. Шелдон т.б.). Дене құрылымы ерекше бiтiске ие
болған адамдар, мiнезi жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар
үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар көңiлдi,
үйiршең, әңгiмешiл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар көбiне
тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүредi; ал атлетиктер
ұстамсыз, дүлей келедi.
         Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi.
Қандай сөздер мен тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенiн
талдай отырып, сөйлеу процесiндегi тыныстары мен жеделдiгiне орай жеке
адамның ерекшелiктерiн байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерiнiң бiразы тума
берiледi де, көбi оқутәрбие барысында пайда болады.
         Кейбiр қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесi
тұрақты келедi де, көбiне ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай
оның образы бiршама өзгерiссiз сақталады. Осыдан бiз адамды көпшiлiк iшiнде
ажырата бiлемiз. Және бiр тұрақты сақталатын қасиеттер адам мiнезi,
қылықәрекетi мен әдеттерi. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар
арқылы бiз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.
         Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып
көрiнедi. Ал тiлдесе келе, оның әрекетқылығына мән бере, тiптi басқа бiреу
екенiне көз жеткiземiз. Кейде, керiсiнше, алғашқыда танымасақ та, адамның
мiнез бiтiстерiнен, әрекетқылығынан бұрыннан бiзге таныс белгiлердi байқап,
жақындасуға тырысамыз. Осыдан, бiздiң санамызда бекiген адам бейнесiнде
үлкен рөл ойнайтын мiнез бiтiстерi, екiншi орында адамның сырт
көрiнiстерi.
         Уақыт ағымына берiлмей, ұзақ мерзiм сақталатын белгiлер адамның
қажетсiнулерi, әрекетқылық мотивтерi мен қызығулары. Бұлар бойынша бiз
адамды тануымыз мүмкiн, бiрақ бұл үшiн аталған белгiлер сол адамның сырт
көрiнiсi мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс.
         Жоғарыда бөгде адамды тану, бiлу мүмкiндiгiн әңгiмеледiк, ал ендi 
адам  өзiн-өзi сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап iзделiк.
Бұған оң да, керi де жауап айту мүмкiн. Егер адам өзiнөзi түк танымаса,
онда оның қауым ортасындағы әрекетқылықтары алдын ала өзiндiк болжастыруға
келмей, тұрақсыз кейiпке енер едi. Сонымен бiрге, мұндай адамның қатынас
қылығы мен iсәрекеттерi ақыл оралымынан алшақ, төңiрегiндегiлердiң iсiмен
сәйкестiк таппайды. Егер адам өз әрекетiн сырт көзбен бағалай алмаса, оның
iсқадамдары кейбiр жағдайларда оғаш көрiнедi. Егде адам бала сияқты
былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннiң ұстамдығын танытса,
төңiрегiндегiлер мұндайларды не жай күлкiге алады, не сайқымазаққа телидi.
         Екiншi тараптан, егер адам өзi жөнiнде бәрiн бiле берсе, онда
өмiрге деген қызығушылықтың да қажетi болмай қалары сөзсiз, себебi саналы
адамның бар өмiрлiк болмысы осы өзiн тануға деген жоғары ынтаықыластан нәр
алады. Адамның қалыпты өмiрi үшiн өзiнөзi бiле алмастық та, аса көп бiлу де
сиыспайтын құбылыстар.
         Адам өзiнiң шындыққа келетiн сырт көрiнiсiнен басқа өзiнiң мiнез
бiтiстерi жөнiнде де аздыкөптi мәлiметке ие, бiрақ бұл мәлiметтер көбiне
адамның өзi жөнiндегi ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бiрге, адам
өзiнiң кейбiр әлеуметтiк талапқа сай қажетсiнулерi мен әрекетқылығының
түрткiлерiн тануға бейiм. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық
тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бiтiстерiн тiптi де
бiлмейдi.
         Адам өзi жөнiндегi шындықты басқалардың оның iсәрекетiне болған
қатынасынан байқауына болады. өз әрекеттерi мен сол әрекеттерге берген
басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзi қасиеттерi мен сапаларын
болжастыруына болады.
         Iсәрекетте нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсiздiкке ұшырап,
сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезiгумен әр жеке адам өзiнiң
қабiлет деңгейiн сезедi. өмiрде жетiскен iсiне қанағаттануын, болмаса
қанағаттанбауын iшкi, ниеттегi психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам
өз қажетсiнулерi мен мотивтерiнiң оң не терiс бағытын дұрыс та толық тани
алады.
         Есте ұстайтын жәйт, өз бағаңды қорытындылауда толығымен басқалар
пiкiрiне құлай түсуге болмайды. Себебi өзiңiз ұнамды қатынастағы адамдар
сiздi асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретiн адамдар сiзде
бiрдебiр ұнамды қасиет көре алмауы мүмкiн. Сонымен бiрге, әр адам өзiнiң
афферент жағдайындағы әрекетiн тiптi де бiлмеуi мүмкiн, себебi мұндай
саналық  басқарудан айрылған кезде, адам өзiне, басқалар реакциясына
объектив баға берiп, әрекетiн байқастыру қабiлетiнен айрылады.
         Адамның өзiнөзi тануы төңiрегiндегiлердiң қабылдауы мен бағасына
тығыз байланысты, кеңiрек айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсiнiсуiне
тәуелдi. Күнделiктi тұрмыстық қатынастар, тiлдесу негiзiнде адамның
психологиялық бейнесiн түзу үшiн келесi тәсiлдер қолданылады: бiтiс тану,
алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра
сiлтей әсерлену, жеке адамның бiтiстердi бiрiктiре әсерленуi (Р. С. Немов).

         Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсiлi бұл бiтiс таңу. Оның
мәнi: адам төңiрегiндегiлердi өзiне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан
бағалайды, яғни өз мiнез бiтiстерiн екiншi бiреулерге таңады, оның
қылықәрекетiн түсiнгiсi келiп, өзiн сол адамның орнына қоя салады. Мұндай
тәсiл бiр адамға бiткен мiнездi екiншi адамға таңа салуда да көрiнедi.
Осылайынша, басқалардың мiнез, әрекетқылық бiтiстерiн өзiмiздi қызықтырған
адамға таңу арқылы да нақты тұлға жөнiнде бiр жөндi психологиялық мәлiмет
топтастыруымызға болады.
         Алғашқы әсер тәсiлi бөгде адамды бiрiншi көргеннен қалыптасатын
образды бекiту үшiн қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты
алғашқы әсердiң кейiнгi әсерлерге қарағанда күштiрек сезiлуiнен. Назарға
алынған адам жөнiнде көп, әртүрлi ақпаратты бiрiнен кейiн бiрi бiр iздi
қабылдау кезiнде бiздiң санамызда ең алғашқы мәлiмет тұрақталып қалатыны
ғылымда дәлелденген.
         Ал ендi жеткiзiлiп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерiнiң тiзiмi
молдау болып, мәлiмет бөлiктерiн хабарлау барысында бiршама уақыт үзiлiсi
болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы
әсерленуге қарсы құбылыс жаңалықты әсерлену тәсiлi iске кiрiседi, яғни
талдауға түскен адамның образы ол жөнiндегi ең соңғы мәлiметке орай
құрылады.
         Ықтималды болжай әсерлену деп келесi құбылысты түсiнемiз: адам миы
болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабiлетiне ие. Осыдан тұлға
басталған iсәрекеттiң бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесiн күнi
бұрын жоспарлайды. Әлi қолда жоқ бүтiн затты оның бөлектерi бойынша ойда
белгiлi бiр формаға келтiрiп, жанжақты сипаттамасын бере алады.
         Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттiлiгi адамдардың
өзара түсiнуi мен бiрiнбiрi қабылдауында өте қажет. Мысалы, адамға тән
белгiлi бiтiстерi бойынша оның әлi белгiсiз, бiрақ онда болуы тиiс
қасиеттерiн де анықтауымыз мүмкiн: батыр адам әрқашан адал да аңғал
болатынына ешбiр күмәнданбаймыз, сондайақ,  қорқақ әрдайым өтiрiкшi,
мәдениеттi ойөрiсi кең, қайырымды үйiршең, сенгiш, өшпендi адам әрқашан
тұйық, күмәншiл келедi. Егер өмiр жағдайлары адамның әлi белгiсiз
қасиеттерi жөнiндегi бiздiң болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға
деген бiздiң сенiмiмiздi бекiте түседi не керiсiнше де болуы мүмкiн.
Адамның болжастыру қабiлетiне өмiрлiк тәжiрибе өзi түзетулер енгiзiп,
нақтылап барады.
         Асыра сiлтеу әсерi адам жөнiндегi алғашқы бағаның кейiнгiлерiне
күштi ықпал етуiнен пайда болады. Мұндай әсерден бiрiншi берiлген мiнездеме
қатып қалған, өзгермес күйге түседi. Егер қандай да адам бiр көруден бiзге
ұнамды тарапынан танылып қалса, кейiн де бiз осы бағамыздан танбай, басқа
бiр сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керiсiнше де болуы
мүмкiн: алғашқы тiлдесуден ұнамаған адам соң қай күйге түсiп жолықса да,
баяғы жек көрушiлiгiмiзден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы
келеңсiз образ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам аралық қатынастар психологиясы туралы түсінік
Адам аралық қатынастар психологиясы
Қатынастар психологиясы
Адам аралық қатынас
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны
Қарым-қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік
Жеке тұлға психологиясы
Адам аралық қатынастар
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Пәндер