Топ және оның жеке адамға әсері
ЖОСПАР
Топ және оның жеке адамға әсері 2
Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі түсініктер 2
Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі 7
Жеке адамның дамуындағы өзіндік 9
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Топ және оның жеке адамға әсері
Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі түсініктер
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-
жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін
беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай
жағдаяттар ықпал ететінін білумен байланысты.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі “жеке адам” түсінігінің өзін
айқындап алу. Шынында да тәрбие аясы “жеке адам” нені білдіреді? Бұл
түсініктің “адам” түсінігімен ара-қатынасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын
генетикалық тұрғыдан берген жөн.
Ең алдымен ескертетін жәйт: адамның дамуында бір-біріне байланысты
екі өзек байқалды, оның бірі – биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы
бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында
көрініс бере бастады. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып
танылады, жеке адамдыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен
қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы
процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және
өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп,
осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін
ажыратамыз.
Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі сан алуан әлеуметтік салалар
мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл
адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын
адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі,
үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол
білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі
жұмыс істеуге ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Және олардың
барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің
қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді
қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға,
субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек,
“адам” түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамды), сапа мен
қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал “жеке адам” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа
мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық
тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттерімен
ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық
болмысын емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке адам”
дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне
топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар
біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке
адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген
сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С.Л.Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-
әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен
сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну
қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке адамның
мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В.П.Тугаринов жеке адамның сапалық
көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды: 1)саналылық, 2) жауапкершілік,
3) еркіндік, 4) жеке басының қадірі, 5) даралық; осыларға және қоғамдық
белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағытты қосады.
Жеке адамдықтың (өлшем) критерийлерін белгілеумен В.П.Тугаринов бұл
түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады.
Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен
ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын
көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса оның
құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам” және “жеке адам” түсініктерінің
сипаттамасы “даралық” түсінігімен толықтырылады.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен
өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша
бітістері (салмақты, сабырлы), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің
ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең
білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығымен,
еңбектегі жасампаздығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды
екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және
жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін “индивид”
түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша “жекелік” дегенді
білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның
сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрқандай ақыл-есі дұрыс
адам “индивид” бола алады. “Жеке адам” түсінігінің және онымен байланысты
ғылыми категориялардың мәні міне осындай.
Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және
қалыптасуынан педагогика үшін “даму” және “қалыптасу” категорияларының
мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді?
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер
жүрісі. Адамның туған күннен бастап дене ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz