Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар
ЖОСПАР
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар 2
1. Ұлт психологиясы - этнопсихологияның негiзгi мәселесi 2
2. Қазақтық ұлттық мiнез бiтiстерi, олардың кейбiр ерекшелiктерi 2
ӘДЕБИЕТ 14
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар
1. Ұлт психологиясы - этнопсихологияның негiзгi мәселесi
Бүкiл халық ұстанатын тәлiм-тәрбиелiк нормаларды жан жүйесi тұрғысынан
баяндау-ғылыми этнопсихологияның iлкi бастауы болып табылатын халықтық
психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр,
салт-сана, әдет-ғүрып, ұрпақтан ұрпаққа бiртiндеп жалғасатын адамгершiлiк,
ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. тәрбие түрлерiне қатысты
таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгiлi бiр этностың, жалпы мiнез-
кұлқы, iс-әрекетiнiң iшкi астарлары сөз болады. Халықтық психология-
психика мен мiнез-құлықтың қанға "сiңген", тез өзгерiп, не жоғалып
кетпейтiн ұлттық бiтiсi, мезгiл мөлшерiмен алғанда ұзақ дәуiрдiң жемiсi.
Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжiрибесiнен, өмiрдегi
пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық бiлiмдерiнiң жүйесi. Бұл
- адам мiнез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгiлi этностың өзiне тән
психикасы жөнiнде бiршама мәндi мағлұматтар беретiн iлiм-бiлiмдердiң
жүйесi. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негiзделмегендiктен, адам
психологиясын ажыратуға жөндi жарай бермейдi. Мұндай жағдайда бiз тек
ғылыми психологияның деректерiне ғана сүйенемiз. Халықтық психологияның
теориялық мәселелерiн зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған
этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.
Этнопсихология - әрбiр халықтың рухани әрекетiн (миф, фольклор, тiл,
дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дiл, дiн, т.б), жемiсiн сол халықтың
психологиясын, сана-сезiмiн көрсететiн негiзгi өлшемдер деп есептейдi.
Этнопсихология жеке ғылым ретiнде XIX ғасырдың орта шенiнде Ресейде,
кейiнiрек Батыс Еуропа елдерiнде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда
болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбiрек айналысқан Шоқан Уәлиханов
едi. Оның еңбектерiнде "халық рухы" дейтiн ұғым жиi кездеседi. Мұны
"халықтық психология" ұғымының синонимi деуге болады. Бұдан бiртуар ғұлама-
ғалымның еуропалык этнопсихологтардың еңбектерiнен бiршама хабардар болғаны
байқалады. Этнопсихология зерттейтiн проблемалар (этностереотип,
этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр,
салт, т.б.) сан алуан.
Бiз төменде солардың бiрi - "ұлттық мiнезге" тоқталмақшымыз.
2. Қазақтық ұлттық мiнез бiтiстерi, олардың кейбiр ерекшелiктерi
Бұл - өте күрделi, әлде де толық зерттелiп, шешiмiн таппай келе жатқан
мәселе. Осы жәйттi жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейдi: "Менiң ойымша,
қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемi әлi жете зерттелмей,
зерделенбей жатқан тылсым дүние".)
Ғасырлар бойы көшiп-қонып жүрген халық өзi өмiр сүрген ортаның
әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына, мәдениетi мен тарихына, табиғатына
орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-тiлектерiн дүниеге
әкелдi. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық
нормасын "сегiз қырлы, бiр сырлы" делiнетiн қанатты нақыл сөздермен
қисындады. Осынау аталы сөздiң мән-мағынасы мыналар едi: көшпелi мал
шаруашылығын жете игеру; еңбек сүйгiштiкпен қиыншылыққа төзе бiлу; ел
намысын қорғау; жаудан бетi қайтпау; ата тегiн жадында сақтау; сөз асылын
қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат кұлагында ойнау; ата салтын бұзбау
(жасы үлкендi сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу,
т.б.).
Көшпелi өмiр тiршiлiгi қара күшке мығым, қиыншылыққа төзiмдi,
кұбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгiш болумен бiрге, жан-жүйесi
жағынан да жан-жақты жетiлген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де,
түзде де бала ес бiлгеннен бастап iз кесiп, жол қарап, жұлдыз санап өстi.
Олардың көзi қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал
бағып, күнделiктi күйбең тiршiлiкпен жүрсе де жас өскiн ақынның сөзiн,
жыраудың жырын, әншiнiң әнi мен әуенiн қалт жiбермей тыңдап, ел аузындағы
ұтымды мақал мен мәтелдi, ертек пен жұмбақты, терме мен шежiренi жадында
сақтап, халық даналығын өзiне рухани азық етiп отырды. Әрдайым көшiп-қонуға
дайын отырған қазақтар үшiн аң-құс аулау, мал күзету, жау түсiру-тұрмыстың
дағдылы машығына айналды. Әрбiр көшпендi әрi жауынгер, әрi малшы, әрi
шаңырақ иесi болып саналды. Осы айтқанымыздың дәлелi болып табылатын
кейiннен мақал болып кеткен "Өнердi үйрен де, жирен", "Жiгiтке жетпiс өнер
де аз", "Шебердiң қолы ортақ", "Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде
жүрсе, құрт қайнатқан батырым" сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы
қанатты сөздер бiздiң заманымызға дейiн жеттi. Көшпелi қауым бiрiн-бiрi
жақсы бiлдi, әр адамның қадiр-қасиетi, оның жасына, жол-жоралғысына,
әлеуметтiк ортадан алатын орнына қарай белгiленiп отырды. Мұндай
қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көрiп өскен бала да өсе,
ержете келе ортақ мүдделiлiктi, көзқарас сәйкестiлiгiн, кiсiлiк белгiсiн,
түсiнiп, жеке бастың өзiне бұра тартуына мүмкiндiк бермедi. Психологиялық
тұрғыдан "бiрауызды" болып қауымдасқан жандар үнемi өздерiнiң рулық одағына
етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Осыған орай көшпелi тұрмыс
тәлiмiне лайықталған бата беру, ант iшiп ақталу, айтысқа, дау-дамайға
төрелiк айту сияқты этностық таптаурындар (стереотип) кең өрiс алды. Әрине,
осы топтық санамен бiрге әркiмнiң жеке басының әлеуметтiк және биосфералық
факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшелiктерiнiң де болатындыры
еске алынды. Мәселен, көшпелi халық қыз баланы ерекше қадiрлеп, қастерлеп,
әлпештедi. Оны әдемiлiк пен әдептiлiктiң, сұлулық пен iңкәрлiктiң символы
деп, ал мiнезi жайсаң, әдептi жiгiттi “қыз мiнездi жiгiт екен” дейтiн
болды.
Қоғам өмiрiнде қазiргi кезде жүрiп жатқан терең саяси-экономикалық
өзгерiстер халкымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тiлi мен дiлi, дiнi
мен тарихы, өнерi мен әдебиетi, табиғи ортасы, күн көрiсi мен шаруашылығына
(қолөнерi, киiм-кешегi, ою-өрнегi, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.)
байланысты небiр асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкiл болмыс-бiтiмiн
(менталитетiн) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әрине, елiмiз бен
жерiмiздiң түпкiлiктi иегерi - қазiргi қазақтардың психологиясында осы
этносқа ғана тән бiртұтас ұлттық ерекшелiк бар деп айту қиын. Өйткенi,
қазақ этносының қазiргi бүкiл тыныс-тiршiлiгiнде, от басындағы әдет-
ғұрпымен салт-дәстүр, жөн-жосық, жол -жоралғысында кең байтақ өлкемiздi
бiраздан берi мекен етiп келе жатқан басқа этностар мiнездерiнiң
элементтерi де көрiнiс берiп жүр. Десе де, бәз бiреулер айтып жүргендей,
бiз жылқы мiнездiлiктен айрылған, “қой мiнездi” момын, жуас, намысы
жаншылған халық емеспiз.
Жерiмiздiң ұланғайыр кеңдiгiмен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерiнен
ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейiрiмдiлiк пен
өнерпаздық, қазақ биосферасының өзiндiк ерекшелiгiнен туындаған асқан
қонақжайлылық, жойқын соғыс пен, қуғын-сүргiнге ұшырау салдарынан тiрнектеп
жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткiзу ниетiнен қалыптасқан балажандық,
үнемi мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сiңген малжандылық,
ешуақытта басқа жұрттың жерiне көз алартпаған бейбiтшiлiк саясат, өзi тиген
дүшпанның кабырғасын қақырсатқан көзсiз батырлық, "мың өлiп, мың тiрiлген"
кездердегi керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық-бiздiң ұлттық
мiнезiмiздiң жоталы бiтiстерi, халқымыдың ұлттық мақтанышы.
“Бұрынғы уақытта- деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов "Қазақтың
өзгеше мiнездерi" деген мақаласында, - қазақ елi ұйымшыл, ерi жауынгер, биi
әдiл, намысқор, адамы iрi, бiтiмдi, қайратты, сауықшыл ел болған екен.
Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да бiлетiн
халық екен" - дейдi (Алаш, 1917, 30 наурыз, № 16).
Әрине, патшалық отарлау мен большевиктiк империялық саясат тудырған
ұнамсыз қасиеттер бiзде қазiр де баршылық. Қанымызға әбден "сiңiп" кеткен
жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық пен ұраншылдық, күдiкшiлдiк пен
күншiлдiк, арызқойлық пен жалақорлық, бойкүйездiк пен салғыттық, жалқаулық
пен шалағайлық, т.б. осы секiлдi келеңсiз қасиеттер әлi күнге дейiн
алдымызға оралып, заман талабына бейiмделуге оөгет жасауда. Әсiресе, Кеңес
өкiметi жылдарында ұлттық мiнезiмiзге дiнсiздiк, спирттiк iшiмдiкке
әуестiк, келеңсiз тiршiлiкке құмарлық, бақталастық, т.б. (бұлар бұрын-соңды
қазақтың түсiне де кiрмеген мерез қасиеттер едi) осы секiлдi жағымсыз
қасиеттер келiп қосылды. Бiзде бұдан басқа елiктеп - солықтаулар
(батысшылдық, ермелiк, елiктеушiлiк, желөкпелiк, т.б.) жетiп артылады. Бұл
жәйт еңсемiздi көтертпей, құлдық психологияның шырмауынан шығуға кесiрiн
тигiзiп-ақ келе жатқанын естен шығармауымыз қажет.
Қазақ халқы сонау есте жоқ ескi заманнан өзiнiң қадiр-қасиеттерiн
қызғыштай қорғап, көздiң қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын
ауыздандырып келген ел. Сондықтан да қазiргi ұрпақ осынау ұлттық
қасиеттерiмiздi ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскiндер осы рухта
тәрбиеленулерi тиiс.
Төменде қазақтың ұлттық мiнез бiтiстерiнiң кейбiр жақтарына сипаттама
берiлiп отыр.
Отансүйгiштiк
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен
мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып,
қадiрлеп-қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Бiзде қай жүзге жататыныңды, қай рудан екенiңдi бiлу ес жиып,
есейгеннiң белгiсiндей дей отыра, мұның түпкi мақсат-мұраты бiреу, ол -
ынтымақты ел болу деп есептеймiз. Ер-азамат үшiн туған халқын жан-тәнiмен
сүю, оның шаруашылығы мен мәдениетiнiң өркендеп, көркеюiне бар күш-
жiгерiмен бiлiмiн, еңбегiн жұмсап, үлес қосу перзенттiк парыз болған. Қаз
дауысты Қазыбек би: "Алтын ұяң - Отан қымбат... туып - өскен елiң қымбат,
кiндiк кесiп, кiр жуған жерiң қымбат"-деп тебiренген ғой. Қазақ елi —
бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз, қастерлеп келе жатқан туған жерiмiз. Осы
жердi жан-тәнiмен сүйетiндер де, оны көздiң қарашығындай қорғап,
сақтайтындар да ең алдымен қазақ халқы, оның сендердей iзбасарлары.
Қаршадайынан өз отбасын, әкесi мен шешесiн, бауырлары мен туған-
туысқандарын қастерлеп, қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен
ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз "Отан
отбасынан басталады", деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын
жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн
толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық — адамгершiлiк
қасиеттерi, - сондай-ақ, оның жекжат-жұрағатқа деген оңды көзқарасынан да
жақсы байқалады.
Қазақ елiнiң кез келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де
өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген
сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Бұл үшiн ата-бабалардың тарихы мен шежiресiн бiлiп, оларды талдап таратуға
ерекше мән берген абзал. Аталас ағайындарының аты-жөнiн жүйелеп, оларды
саусақпен санағандай айқын ажырата бiлу - кiм-кiмге де болса жарасымды
адамгершiлiк сипат.
Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Едiл мен Жайыққа дейiнгi ұлан-
ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар бойы басқыншы жаудан сан рет қорғап,
бостандық пен тәуелсiздiк жолында шыбын жанын пида еткен. Бiздер
халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбеттi,
Кенесары мен Наурызбайды, Касымхан мен Абылай ханды, Амангелдi мен
Бауыржанды қадiр тұтып, қастерлеймiз. Олардың халқы үшiн қалтқысыз қызмет
еткенiн өзiмiзге үлгi-өнеге етiп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын
қалайша мақтан тұтпаймыз!
Намысқойлық
Бұл - әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадiр-қасиетiн
көздiң қарашығындай сақтай бiлуiнен, қажеттi жерiнде бұл үшiн жанын пида
етуден көрiнетiн қасиет.
Қазақ халқы өзiнiң ұлы мен қызын қаршадайынан намысқойлыққа баулып,
Отанына, кiр жуып, кiндiк кескен жерiне дақ түсiрмеудi қатты ескерткен,
"арым жанымның садағасы"- деп, ар-намысты бәрiнен де жоғары бағалаған.
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындағы Баян батырдың iнiсi Ноян
жастық пен махаббаттың сезiм күшiн ақылға жеңдiре алмай, қолға тұтқын болып
түскен қызбен бiрге қалмақ елiне қашып кеткенiн бiлесiздер. Ағайын-
туысқандарының "елiн сатып кеттi" деген бiр ауыз сөзi намысына тиген Баян
батыр оларды қуып жетiп, өлтiредi ғой. Кешегi Ұлы Отан соғысы кезiнде өз
ұлтының намысын қызғыштай қорыған қазақ жауынгерлерi қаншама! Атақты
Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаевтың намыс сезiмi
қандай жоғары деңгейде болғаны белгiлi. Осы соғыста жүзге жуық қазақ
жауынгерлерiнiң Совет Одағының Батыры атағын алуы да ұлттық
намысқойлығымыздың белгiсi емес пе? Қазақ халқының арғы-бергi тарихынан
мұндай мысалды көптеп табуға болады. Мәселен, 1986 жылғы 17—18 желтоқсанда
қазақ жастары жүрек әмiрiмен ұлттық намысты қорғап, халқымыздың ардагер ұлы
Дiнмұхамед Қонаев (1912-1993) жұмыстан алынғанда оның орнына Қазақстанның
басшысы қазақ ұлтынан, не болмаса қазақстандық болсын деп заңды талап
қойған жоқ па? Осынау әдiлеттi талап-тiлек аяққа тапталып, арты қанды
қырғынға ұласып, қаншама адам қаза болды. Қазақ қыздарына қол жұмсап жатқан
қарулы милиция қызметкерлерiнiң анайы iсiне шыдай алмаған Қайрат
Рысқұлбеков, жiгiттiк намыспен арашаға түскенi үшiн аяусыз жазаланып,
өмiрiн қиды. Ол өлiмге қасқая қарсы қарап тұрып, тергеушiлер алдында басын
имедi. Оның "Атам десең атыңдар, Еркек тоқты құрбандық" - деген сөзi кейiн
нақылға айналып, ұлт намысын қозғаудың тамаша ұраны болды. Қайраттың осынау
жүректiлiгi ұрпақтан-ұрпаққа үлгi боларлық, ұлттық намысты жанынан артық
бағалаудың тамаша үлгiсi. Қазiргi нарықтық қыспақ кезiнде өз халқының
тiлiн, тегiн бiлмейтiн, ұлттық намыс деген ұғым есiне кiрiп те шықпайтын,
халықтық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа пысқырып қарап, өз “ұстаздарының”
қолдауымен, сауда-саттық, алыпсатарлықпен байып, доллар жинап, байлықтың
буына семiргендерде ұлттық намыс жағы жетпей жатады. Олар халқымыздың бүкiл
әлемге дербестiгiн әйгiлейтiн ата Заңы мен көк байрағын, теңгесi мен ән
ұранындағы "Жаралған намыстан қаһарман халықпыз!" деген тiркестi, жүректен
жарып шыққан ұлы сөздiң мән-мағынасын ойлап та жатпайды. Ертеректе қазақ
ауылындағы бiр адамның жасаған ағаттық iсiне бүкiл ауыл-аймақ намыстанатын
едi. Ауылдың бiр ұрысы немесе тентегi бұзақылық жасаса оның жазасын бүкiл
ел болып мойындап, төлемiн төлеп отыратын. Билер сөзiнде, ақын-жыраулар
тағылымдары мен айтыс, термелерде, тiптi күйеу мен балдыз әзiлiнде де жiгiт
намысына тиетiн оғаш iстер сын елегiне ерекше алынып отырған-ды.
Өз ұрпағын ата-баба рухында тәрбиелеп, ұлттық намысты ту етiп ұстаған
халқымыз "қоянды қамыс өлтiредi, ердi намыс өлтiредi" дегендi үнемi еске
салып келдi. Қазақ жесiрiн өгейсiтпеген, жетiмiн шеттетпеген аса бауырмал
халық. Қазiрде туған жұртының әдет-ғұрпынан, дәстүр-салтынан бейхабар
кейбiреулер имандылықтан мәңгүрттiкке қарай бет алуда. Ал, мейiрiмсiздiк
пен қатыгездiк сондайлардан шығады. Ұлтымыз арақ iшiмдiгiн “һарам” деп, оны
тоғыз жаудың (жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, суайттық, өсекшiлдiк,
мақтаншақтық, бөспелiк) бiрiне жатқызған ғой. Қазiргi кезде сырахана мен
дүңгiршектердiң айналасынан шықпайтын қазақтың кейбiр ұл-қыздарына көз
түскенде, жiгерiң құм болып, санаң сарсылып олардың осынау қылықтары ұлттық
намысқа тиiп, зығырданымыз қайнап жүрген жоқ па?
Шешендiк
Халқымыздың жайсаң психологиясын аса биiктен көрсететiн ұлттық
ерекшелiктерiнiң бiрi - суырып салма шешендiк. Бейнелi, астарлы, тұспалдап
айтатын шешендiк сөзге аса үйiр халық екендiгiмiз жайлы ғұлама-ғалым Шоқан
Уәлиханов: "қазақ шешендiкке құмар, сөз өнерiн, әсiресе әзiл-оспақты жаны
сүйедi" - деп, кезiнде айтқан едi. Халқымыз "Тiл тас жарады, тас жармаса
бас жарады", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан iннен шығады" - деп, сөз
құдiретiнiң психологиялық астарын жақсы аңғарған. Шебер де, шешен сөйлей
бiлу - адамның асыл қасиеттерiнiң бiрi есептелiнiп, мұны олар өзгелерге
психологиялық жағынан әсер етудiң ерекше құралы, тәсiлi деп те санаған.
Шешендiк өнер дарыған кiсi отаншыл, елiнiң салт-санасын, әдет-ғұрпын
жетiк бiлетiн ұшқыр ойлы, “орақ ауыз, от тiлдi, күмiс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz