Ерiк жөнiнде түсiнiк, құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе 3
1. Ерiк жөнiнде түсiнiк 3
2. Ерiк теориялары мен физиологиялық негіздері 4
3. Ерiктің  құрылымы және іс-әрекетпен байланысы 7
4. Ерiк  сапалары 10
5. Еріктің іс-әрекетке әсері 12
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

         Қандай да iс-әрекеттiң қажеттiгiн бiлумен, адам соған орай керектi
шешiм қабылдайды, бiрақ оны орындау үшiн кейде ешбiр қимыл жасай алмайды.
Мұны орынды түрткiлердiң кемдiгiмен ғана түсiндiрiп болмайды. Кейде адам
тiптi өз өмiрi үшiн қажеттi болған жұмыстарды да аяқсыз қалдырады.
         Теңдей бiлiк пен бiлiмге, ортақ көзқарас пен сенiмге ие бола тұра,
адамдар өз алдарында тұрған мiндеттердi бiрi сылбыр, бiрi шапшаң, әртүрлi
қарқынмен орындайды, немесе кей адам iске байланысты қандай да қиыншылық
кездесе қалса, жұмысын қоя салады, ал екiншiсi мұндай кезде қуатына қуат
қосып, өршелене әрекетке кiрiседi. Адамдағы бұл құбылыстардың бәрiн
психология ерiк көрiнiсiмен байланыстырады.

1. Ерiк жөнiнде түсiнiк

         Ерiк - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен
сыртқы және  iшкi кедергiлердi жеңуiмен байланысты өз қылық әрекеттерiн
қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында
белсендiлiк  көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзi болумен түгелдей сана
басқарымында болады. Адамның өз әрекет-қылығын реттестiре алу қабiлетiнiң
негiзiнде жүйке жүйесiнiң өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр.
Осы принциптерге сай ерiк саналы өзiндiк басқарумен бiрге белсендiлiк
арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерiн де атқарады.
         Ерiк, яғни ырықты әрекеттер - ырықсыз қимыл - қозғалыстар
негiзiнде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар,
мысалы, көз қарашығының тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, түшкiру
т.б. құсаған  рефлекстi әрекеттер. Ыстықтан қолды тартып алу, шу шыққан
тарапқа бас бұру т.б. сияқты қозғалыстар да осы топтан. Бiздiң сезiмдiк,
көңiл-күй таныту әрекеттерiмiз де ырықсыз сипатқа ие, мысалы, таңдана,
қасымызды керемiз не ауызымыз ашылып қалады; қуана, күле шырай бiлдiрiп,
ашуда  қабағымызды түкситiп, тiсiмiздi қайраймыз т.с.с.
         Сонымен бiрге, әрекетiмiздiң жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген
импульстiк қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар тобына кiредi, мысалы,
сырттағы шуға мойын бұру, қандай да затқа бiр көргеннен әуестену т.б.
Ерiктiк қылықтың ерекшелiгi оның ''мен қалаймын'' емес, ''мен мiндеттiмiн''
толғанысының жетегiнде болуы. Дегенмен, кейде адам өзiнiң ерiктiк бағдары
мен тума қылықтарын бiрiктiре алады, мысалы, "Мен өз борышымды орындауды
қалаймын" – "борыш" - ерiктiк, "қалаймын" - импульстiк. Осыдан, бiздiң
барша өмiрiмiз ұдайы ерiктiк әрекеттер мен әдеттегi қылықтарымыздың өзара
байланысты қатынасынан тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы
әрекеттер адамға тән бола келiп, ниеттелген мақсатқа жетуге бағдарланады.
Ерiктiк қылықтың басты көрсеткiшi де осы нақ мақсатқа бағытталған саналы
әрекет. Бiрақ әрқандай ниет өзiнiң құрылымдық күрделiлiгiнен көздеген
мезетте iске аса бермейдi, осыдан ерiктiк әрекет өз iшiне жеке бiрлiктер
ретiнде көп қайталанудан бастапқы саналық сипатын жойып, автоматтасқан
қимыл-қозғалыстарды қамтуы мүмкiн.
         Кейбiр ерiктiк әрекеттер күрделi сипатта болуынан, оның орындалуы
ұзақ мерзiмге созылуы мүмкiн, мысалы, тау шыңын ерттеп мiнем деген
альпинист, көрмеге дайындалған оқушы т.с. өз ойларын ақтауы үшiн талай
жұмыстарға маңдай терiн төге, ерiк күшiн сарп етуi керек.
        Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақсаттың мән-
мағынасын терең түсiне бiлуге және адамның өз борышын саналы байыптауына
тәуелдi. Мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соғұрлым қандай да кедергiден
қаймықпайды. Кей жағдайларда мақсаттың өмiрден де қадiрлi болуынан, адам ол
үшiн жан пидалыққа барады.  

2. Ерiк теориялары мен физиологиялық негіздері

         Ерiктiк әрекеттер табиғатын түсiну үшiн бұл жөнiндегi ғылыми
көзқарастар өрiсiне зер салған жөн. Ерiк ұғым ретiнде де, нақты болмыстық
құбылыс ретiнде де тарихи сипатқа ие. Ежелгi және орта ғасырлық дүние ерiк
құбылысын бүгiнгi бiздiң түсiнiгiмiздей танып бiлмеген. Мысалы, ежелгi
қоғамда адам еркi жөнiнде тiптi сөз болмаған, оның орнына ''даналық
мұраты'' ұғымын қолданған. Адамның қылық-әрекеттерi табиғат пен өмiрдiң
ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсiнген. Осыдан,
Аристотельдiң пайым-дауынша, әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан
туындайды. Ал өзiнiң "Никомах этикасы" еңбегiнде: "дәмдiнiң бәрiн жеу
керек" және "бұл алма дәмдi" деген пiкiрлер санада "Бұл алманы жеу керек"
деген қорытынды ой пайда етпейдi, адамды бiрден сол алманы жеп қою
әрекетiне келтiредi" - деп жазған. Ерiк табиғатына болған мұндай  көзқарас
қазiргi күнде де жоқ емес. Ш. Н. Чхарташвили мақсат пен саналы тану
интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, ерiктiң өзiндiк
сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бiр "ерiк" терминiн
ендiрудiң қажетi жоқ екенiн дәлелдеуге тырысады.
        Ерiк табиғатын бұлай түсiндiрудiң себебi - сол заманда қалыптасқан
қоғамның адам әрекет-қылығының негiзi оның өзiнде екенiн мойындамаудан. Әр
адам бабалардан жеткен нәсiлдiктiң iзi ғана деп қабылданған. Мұндай
сипаттан қауымның кейбiр мүшелерiнiң ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы,
бабалар аруағы және ол дүниемен тiлдесетiн - бақсы-балгер (шаман), от пен
металды бағындырған - темiршi, өзiн қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанiшер 
т.б.
         Мүмкiн, ерiк түсiнiгiнiң жаңа "Қайта тiктелу"  заманында  жеке
адам проблемасымен бiрге ғылым аренасына келуi осы адамның қалыпты
жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа
қабiлеттi, "тiптi қателер жiберуге де бейiм" дегендей тұжырымдар жоққа
шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасынан бөлiнумен адам жеке адамдық
кемелденуге жетiседi. Мұндай тұлға үшiн ең мәндi нәрсе - ерiк бостандығы.
         Ерiк бостандығын бiр жақты асыра дәрiптеу  нәтижесiнде
экзистенциализм немесе "тiршiлiк философиясы" пайда болды. Экзистенциализм
(М. Хайдегтер, К. Ясперс, Ж.П. Сартр, А. Камю т.б.) ерiктi тәуелсiз, тысқы
әлеуметтiк әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негiзi
- қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтiк-мәдени ортадан бөлек,
дерексiзденген адам. "Дүниеге қандай да бiр күшпен келiп қалған" бұл
адамның өмiрi мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзi –
"пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық
мiндеттерi мен жауапкершiлiгi жоқ. Осыдан да ол адамгершiлiктен жұрдай,
намыссыз, өз бетiмен кеткен, тартыну дегендi бiлмейдi. Қандай да қалып-
тәртiп (норма) ол үшiн жойылу, басыбайлыққа түсу көзi.  Ж.П. Сартр
пiкiрiнше, нағыз адамгершiлiк - бiр ғана рет көрiнетiн, реттестiрiлмеген,
қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберiмен оқшауланбаған,
өздiгiнен туындайтын, себепсiз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекетi. Ерiк
бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы
негiздерi жөнiндегi ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмiрiнiң мәнi,
мақсаты және жауапкершiлiгiнен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы
келетiн кездойсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұүғиығына бiр-ақ
түсiрдi.
         Қылық иесi-адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара
отырып, мiндеттi түрде қандай да басқа, өзiне ұнаған құндылықтарға ауысады.
Егер адам бiр мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әрекетi
екiншi бiр, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттiктi көздегенi. Осыдан
ежелден бүгiнге дейiн баршамыз қоғамға жат деп есептейтiн парақорлық пен
нашақорлықтың бiр жағы мәдениеттiлiктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоғамға
ерсi болып көрiнген қылықтардың өздерi де қандай да ұйымдасу негiзiне ие,
өздерiне сай талап, ережелерi, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары
баршылық.
         Осыған байланысты түсiнiктеме берген И. П. Павлов ерiктi - адам
белсендiлiгiне байлау болатын кедергiлердi жеңуде көрiнетiн әрекетшеңдiк –
"еркiндiк инстинктi" деп қарастырады. "Еркiндiк инстинктi ретiнде ерiк
аштық пен қауiп-қатерден де мәндiлеу. Егер осы қасиетi болмаса, - деп жазды
И. П. Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусiз-ақ кедергiден өте алмай,
өлiмге душар болар едi". Ал адам үшiн мұндай кедергiлер қатарына әрекетке
матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттiлiктерiн
бақылауға алатын өзiндiк сана мазмұны да болуы мүмкiн. Бұл тұрғыдан
ерiкiндiк инстинктi болған ерiк, Г. Л. Тульчинскийдiң пiкiрiнше, жеке
адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерiнде көрiнедi, бiр
қажеттiлiктердi басып, екiншiсiне ынталандырады, өз мiндетiн танытып, жеке
адамдық қадiрiн қорғау мен өз мұраты  үшiн жан пидалыққа дейiн апарады.
         З. Фрейд пен Э. Фроммның психоаналитикалық зерттеулерiнiң 
нәтижесiнде  "ерiк  адам қылықтарына дем берушi ерекше қуат)" деген түсiнiк
ғылымға ендi. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзi -
психикалық формаға келтiрiлген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты.
Ал бұл қуат, З. Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) -
жыныстық құмарлықтың психо-сексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.
Фрейд адам қылығын осы тiршiлiк жалғастырушы, яғни "либидоның"
"мәдениеттестiрiлген" алғашқы көрiнiсi (эрос) деп, ал кейiн бұл қылық
адамның арғы дүниеге (өлiмге) ұмтылысының белгiсi (танатос) екенiн
түсiндiрiп бақты.
         З. Фрейд болжамдары оның шәкiрттерiнiң еңбектерiнде қызықты
эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бiрi К. Лоренц ерiк энергиясы адамның
әу бастан жыртқыш болуынан дегендi алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет
қоғам рұқсат еткен белсендiлiктер түрiнде жүзеге асып тұрмаса, ол
әлеуметтiк қатерге айналып, ырыққа келмейтiн қарақшылық әрекеттермен
ұштасуы мүмкiн. А. Адлер,  К.Г. Юнг, К. Хорни, Э. Фромм ерiк көрiнiстерiн
әлеуметтiк жағдайлармен байланыстырады. К. Г. Юнг үшiн бұл - әр мәдени
қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлерi, А. Адлер 
әкiмшiлiк пен әлеуметтiк билiкке талпыныс; ал К. Хорни мен Э. Фромм ерiктi
мәдени ортада өз мүмкiндiктерiн iске асыра бiлудiң шарты деп бiледi.
         Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкiлдерiнiң (З. Фрейд және
шәкiрттерi) қай-қайсысы да қорытынды пiкiрлерiн - адам әрекеттерiнiң көзi -
қажеттiлiктердiң мәндi, бiрақ тұтастай емес, бiр тарапын ғана асыра
дәрiптеуге бағыттаған. Пiкiр қарсылығын тудыратын тек бұл әсiре ғана емес,
адамның өз "тiршiлiгiн сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететiн
ықпалдарды түсiндiруi де ғылымдық көзқарасқа сай келмейдi. Адам өзiнiң
биологиялық болмысы, яғни тiршiлiгiне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан
белгiлi: соғыстағы ерлiк, қауiп-қатерде батылдық т.б., бiрақ фрейдшiлер бұл
жағдайды ескермейдi.
         Ерiктiк әрекет себептерi адамның сыртқы ортамен белсендi қарым-
қатынасқа келуiнен туындайды. Ерiктiң себептi болуы адамды қандай да
қылыққа мәжбүрлеп, көндiрудi бiлдiрмейдi. Адам табиғатынан қоршаған орта
жағдайлары болмай, өз өмiрiн қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерiк
бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терiстеу емес,
керiсiнше, адамның оларды жете танып, өз әрекетiн соларға сай реттестiре
бiлуi.
          Психиканың басқа да көрiнiстерi сияқты ерiк те мидың жүйкелiк
процестерiне негiзделген заттасқан құбылыс.
         Ырықты әрекеттердiң негiзi алдыңғы орталық жүйке сайларындағы ми
қабықтарының бiрiнде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар қызметiнде
көрiнедi. Әрекетке келтiретiн импульстер осы жасушаларда  пайда болады, осы
арадан түйдектелген жүйке талшықтары  бастауын алып, миға тереңдейдi, одан
төмен түсiп, жұлынды (арқа ми) бойлай отырып, дененiң қарсы тарапындағы
бұлшық еттерге жетедi, яғни пирамидалы жол жүредi. Осы жасушалардың қай
бiрi жарақаттанса, адамның оларға сәйкес бiр қозғалыс мүшесi iстен шығады.
         Алайда, ырықты әрекеттер бiр-бiрiне байланысты өзара ықпалды әрi
ниеттелген қимылдардың күрделi жүйесiнде пайда болады. Бұл процесте
қозғалыс түйсiктерiнiң маңызы үлкен. Егер алдыңғы орталық жүйке сайларының
артына жайғасқан бөлiктердiң бiрi зақым алса, адам өз әрекеттерiн сезбей,
қарапайым қимылдардан қалады, қалаған қозғалысын таңдап, реттей алмайды.
Әрекеттердiң бiр iздiлiгi мен байыптылығы алдыңғы орталық жүйке сайларының
қызметiмен басқарылады. Бұл ми қабығы бөлiгiнiң зақымдануы қозғалыс
икемсiздiгiне соқтырып, бұрыннан қалыптасқан дағдыларды  жояды.
         Ерiк әрекеттерiн орындауда адамның саналы әрi мақсатты қимыл-
қозғалыстарын реттеушi екiншi сигналдық жүйенiң маңызы орасан. Екiншi
сигналдық жүйе адамның қозғалыс қуатын арттырумен бiрге, барша психикалық
процестерiнiң: ойлау, қиял, ес, зейiн, сезiм - бастау көзi. Осыдан, ырықты
әрекет бас миы қабығының барша бөлiктерiнiң бiркелкi қызметiнiң нәтижесi
ретiнде көрiнедi (И. П. Павлов).
         Тұтастай алғанда ерiк шартты рефлекстiк сипатқа ие. Уақытша жүйке
байланыстарының негiзiнде әрқилы ассоциациялар жинақталып, бекидi. Ендi
келiп түскен ақпарат бұрыннан бар бiлiктермен салыстырылады. Егер келiп
түскен хабар ми қабығында бұдан алдын түзiлген бағдарламамен сәйкес
келмесе, не әрекет өзгередi, не жоспар қайта жасалады. Ерiктi реттестiрудiң
рефлекторлық негiзi бас миындағы қажеттi қозу ошағының пайда болуына
тәуелдi. Бұл жүйкелiк қозу ұдайы энергиялық қуатты керек етедi. Мұндай ми
қажетiн ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы  формация қамтамасыз етедi.
Осы ретикулярлы формация қажеттi қозу ошағының қуатын қолдауынан, адам
қандай да жұмыс орындауда үлкен жiгерлiлiк танытып, көздеген мақсатына
жетуге батыл қадам жасайды. 

3. Ерiктің  құрылымы және іс-әрекетпен байланысы

         Әрқандай ерiк әрекетi өзiнiң күрделiгiмен ерекшеленедi. Ниеттелген
мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сәйкес әрi тiкелей iс-әрекетке
өтетiн болса, әңгiме қарапайым ерiк әрекетi жөнiнде болғаны. Ал күрделi
ерiк  әрекетiнде ықпал жасаушы импульстер мен нақты әрекеттер арасына
қосымша ерiк бiрлiктерi енедi. Ерiк процесiнiң мәндi кезеңдерi мен
бөлiктерiнiң құрамы келесiдей: 1) ниеттiң туындауы мен мақсат белгiлеу; 2)
талдау, талқылау кезеңi мен түрткiлер таласы; 3) шешiм қабылдау; 4)
орындау.
         Ерiктiк әрекет желiсiнiң бастапқы басқышының негiзгi мазмұны -
ниет  белгiлеу мен мақсат қою. Ниеттiң бәрi бiрдей саналы болып келе
бермейдi. Қандай да қажеттiлiк өз түсiнiк денгейiне орай құмарлық немесе
тiлек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бiрге,
осыған байланысты қажеттiлiк толығымен өзiне әлi түсiнiксiз болса, оның
мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгiрт болғаны. Бұл жағдайда оны iске
итермелейтiн әшейiн құмарлық, көрсеқызарлық. Құмарлықта адам өзiне
бiрдеңенiң керектiгiн сезiнедi, бiрақ сол нәрсенiң не екенiне көзi қанық
жетпейдi, қажеттiлiгiн нақты түсiнбейдi. Мұндайда "не керегiн, өзi де
бiлмейдi" деймiз. Байыпталмағандығынан  құмарлық iс-әрекетке бастау бола
алмайды. Сондықтан да ол ауыспалы құбылыс, ондағы қажеттiлiк бiрде сөнедi,
ал кейде анық-қанығы ашылып, нақты тiлек, ниет, арманға айналады.
         Бiрақ тiлек ету де әлi әрекетке келу деген емес. Қажеттiлiк мәнiн
бейнелегенiмен тiлекте белсендiлiк болмайды. Тiлеу - бұл алдымен әрекетке
келтiрушi себептi түсiну кезеңi. Әрқандай қылықтың түрткiсiне, кейiн
мақсатына айналудан бұрын тiлiк сарапталып, бағаланады; оның орындалуына
кедергi не қолдау беретiн шарттар өлшестiрiледi. Тiлек iс-әрекет түрткiсi
сияқты өзiнiң туындауына себепшi болған қажеттiлiктiң айқындығымен
ерекшеленедi. Ынталандырушы күшке негiзделген тiлек адам санасын болашақ
мақсатқа ойыстырып, жоспар түздiредi, сонымен бiрге ол мақсаттың орындалу
жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды.
         Көрiнген тiлектiң бәрi iске аса бермейдi. Адамда бiр уақытта
әртүрлi, тiптi бiрiне бiрi қайшы келген тiлектер туындап, осыдан қайсысына
орай әрекет iстеуiн бiлмей, ол күйзелiске келедi. Мектептi бiтiрiп, қай
жоғары оқу орынын таңдайтынын бiле алмай, дағдарысқа түскен кешегi оқушы
осының мысалы.
         Әрқилы қажеттiктер маңызының өзгерiске келуiнен адамда түрткiлер
күресi басталады. Бұл талас-тартыстың мәнi: әлi бастамаған әртүрлi
әрекеттердiң оң не терiс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кiрiсу
қажеттiлiгiн таңдауға бағышталған адамның талқылау iсiнiң жүруi. Түрткiлер
таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа келiп, өз санасы мен сезiмiнiң,
қара басы мен қоғам мүдделерi арасындағы қарама-қарсылықтарды жеңе алмай,
өз "қалауы" мен сырттан қойылған мiндет "талауына" түседi.
         Түрткiлер тартысының қорытынды сатысы - шешiм қабылдау; бiр
түрткiнi қалаумен нақты мақсатқа жүгiну. Шешiм қабылдай отырып, адам бұдан
былайғы әрекеттiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Психология» пәнінен лекциялар жинағы
Ерік жөнінде түсінік
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Темперамент типн және адамның мінездік ерекшелігі
Тұлғаның когнитивті теориясы
Саналы әрекеттің еріктің қалыптасуындағы рөлі
Психология
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің психологиялық-педагогикалық тарихы
Жеке тұлға
Жеке адам және ерік тәрбиесі
Пәндер