Банк балансының активтердің құрылымын анықтау
Мазмұны
І Теориялық бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3
ІІ Аналитикалық бөлім

... 16
ІІІ Даму жолдары

... ... ... . 28
Банк балансының активтердің құрылымын анықтау
және талдау
Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйым-дастырылуы мен
қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты
болады. Сонымен қатар, рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және
тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама
экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып
отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының
бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамытк, инфляция деңгейін
төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің
өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі коммерциялық банктермен
бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық
салалары,халық пен үкіметтің экономикалық шаралары,Ұлттық банк сая-саттары
арасында қаржы делдалы қызметін атқарады.Коммерциялық банк-тер уақытша бос
ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақ-шаға сұраныс туып
отырған салаларды несиелеуді,әр түрлі делдалдық опе-рацияларды жүзеге
асыруға,елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның
өсуіне,халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен
айтқанда, нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Банк балансының активтердің құрылымын анықтау және талдау
Коммерциялық банктердің активтерінің ұғымы
Банктің активтері экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып
бөлінеді:
• Несиелеу;
• Есеп айырысу операциялары;
• Кассалық операциялар;
• Инвестициялық, қорлық операциялар;
• Кепілді оперциялар.
Активтер. Бұл операциялардың көмегімен банктер өз қарама-ғындағы
ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды
қамтамасыз ету үшін орналастырады. Бұған жататындар:
• Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру
үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
• Халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және
басқа да ұзақ мерзімде пайдаланылатын мүліктерді сатып алуға);
• Құнды қағаздарды сатып алуға несие беру;
• Лизингілік операцияларға несие беру;
• Факторингілік операцияларға несие беру;
• Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие).
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайта-
рымдылық,мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүр-гізу
болып табылады.Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы,бар-лық
табысының 80%-нан асып кетеді.Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен
қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй салып алуға
берілетін несие,үйді қатар тұрғызуға немесе үйге күрделі пәтер үй салып
алуға берілетін несие,сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін
несие,фермерлерге жер төлемін жақсартуға берілетін несие,оқуға және сы-нақ
мерзімін өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар, заңды тұлғаларға
кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға несие
беретін болды.
Несиелеу операциялары—қарызгерге қайтарымдылық,мерзімділік және
ақылылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельдерді сатып алу
(есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты не-сиелеу
операциялары да есеп операциясының қатарына кіреді.
Есеп айырысу операциялары—қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу
немесе оны шоттан шығару,оның ішінде клинттің контрагенттері-нің алдындағы
міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар.
Кассалық операциялар—қолма-қол ақша беру немесе оларды қа-былдаумен
байланысты операциялар.Кеңейтіп айтқанда,қолма-қол ақша-ның қозғалысымен
қаржыларды қалыптастыру,орналастыру және пайдала-нумен байланысты
операциялар деуге болады.
Инвестициялық қорлық операциялар—банктің күрделі қаржы-сын құнды
қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін
жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде еске-ретін нәрсе
Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы заңның 8-бабына
сәйкес,Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін басқа шаруа-шылықтардың
негізгі капиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді операциялар — кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген
жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу операциялары.
Сонымен қатар, банктің активтік операциялары: қауіптілік дәреже-сіне
қарай — қауіпті және қауіпті-бейтарап операциялары; орналастыру түріне
қарай — бірінші және екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай — пай-да келтіруші
және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.
Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің
өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында,иелігінде бар ресурстарды орна-
ластыруларды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ре-тінде
тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктің операциялар өзінің формасына және тағайында-луына әр
түрлі болып келеді. Банктердің активтік операциялардың ең көп тараған
түрлеріне мыналар жатады:
• Ссудалық операциялар;
• Инвестициялық операциялар;
• Депозиттік операциялар;
• Кассалық операциялар;
• Басқа да операциялар.
Өтімділігіне және пайда әкелуіне қарай банк активтерін төрт топқа
бөлуге болады.
Бірінші топқа — бірінші реттегі резервтер жатады. Бұл алынатын тө-леуге
салымдарды және несиеге деген сұранысты қанағаттандыруға тез арада
пайдалануға болатын ең өтімді активтерді білдіреді. Мұндай актив-терге:
кассадағы нақты ақшалар, Ұлттық банктегі корреспонденттік шот-тағы
қаражаттар, инкассалау процесіндегі чектер және басқа да құжаттар жатады.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің көзі
ретінде қызмет етеді.
Екінші топқа — екінші реттегі резервтер жатады. Бұлар кішкене та-быс
әкеледі, бірақ та, оларды жоғарғы өтімді активтер ретінде кішкене ке-шігіп
барып, ең төменгі тәуекелмен нақты ақшаға айналдыруға болады. Оларға:
вексельдер және басқа да қысқа мерзімді бағалы қағаздар. Сұра-нымды
ссудалар және бірінші класты қарыз алушыларға берілген қысқа мерзімді
ссудалар жатады. Бұл топтың басты тағайындалуы — олар бірінші реттегі
резервтерді толықтыратын көздер ретінде қызмет етеді.
Банк активтерінің үшінші бір маңызды бөлігін — банктік ссудалар
портфелі құрайды. Банктік ссудалар біршама табысты және өте жоғары
тәуекелді болып келеді. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі
ретінде қызмет етеді.
Төртінші топты — банктің бағалы қғаздар портфелі құрайды. Банк-тің
бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: бі-
ріншісі—банкке табыс әкелу, екіншісі— екінші реттегі резервке қосымша көз
ретінде қызмет ету.
Ссудалық операциялар.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің
активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ға жуық) құ-райды.
Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның кө-мегімен банктер
уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну
процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипаттала-ды. Коммерциялық банктер
өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудалар береді.
Несиелеу объектісіне қарай:
• Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
• Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар және
басқа да мүліктер алуына;
• Ломбардтық кепілдік және ссудалық операцияларға;
• Театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арасындағы масымдық үзілістерге;
• Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
• Тез өтетін тиімділігі жоғары шараларға.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайда-лануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуда-ның
арасында да өзара аййырмашылығы бар. Несие — банктің қаражатын құрайтын
көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі
формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын
білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен
байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйым-дастырудың бір ғана
формасын білдіреді.
Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастардың бір жағы. Қарыз
беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер бо-лып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мем-лекет, шаруашылық
субъектілер және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастардың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімне жақын
сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі — бұл құнның ерекше бөлігі,
яғни қарызға берілген құн.
Несие түрі — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың не-гізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барыында толық
сақталатын көрінісін білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммер-циялық, ал ақша
түріндегі несиені банктік деп атайды.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақша-лай
түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие — бұл әконо-микадағы
кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табы-лады. Банктік
несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік
келісім жатады. Банктік несиде несие беруші: банк және арнайы қаржы
мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіп-керлікпен немесе
бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұ-ранысы бар кез келген
заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз беру-шінің басты мақсаты — пайыз
түрінде табыс алу.
Несиелер берілу шартына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
• Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын са-тып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;
• Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несие;
• Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;
• Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі;
• Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие;
• Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін несиесі;
• Ломбардтық несие — тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие;
• Лизингтік несие — құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие;
• Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие;
• Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу метземе арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несие. Мысалы, бұл несие ауылшаруашылығында жиі кездеседі.
Жалпы қорытылай келе, банктер несие беру барысында несиелік сая-сатты
іске асырады. Несиелік саясат — банктің несиелік жұмысын ұйым-дастыру
негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары — несиелік операциялардан кейінгі
орында тұрады. Бұл рпеациялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы
қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың мақ-саттарына банкке
табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді:
• Мемлекеттік бағалы қағаздар;
• Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық опера-цияларға
бағытталған активтерінің басым білігін мемлекеттік бағалы қағаз-дарға
жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған актив-тер,
біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі
активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олар-дан
алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те
атасақ болады.
Активтердің сапасын талдау. Активтердің сапасын талдау барлық
активтердің түрлерін, сондай-ақ баланстан тыс активтер мен проблемалы
активтердің негізгі бөлігі ретінде несие портфелін қамтиды. Сондықтан не-
сие портфелінің сапасын талдау көп көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл талдау-дың
негізгі қағидасы несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуді талдау болып
табылады.
Егер банк несие бойынша шығындарды жабуға провизиялар құрған болса,
онда құрылған провизиялардың сомасын активтердің жіктелуіне дейінгі
сомасынан алынып тасталынады.
Активтердің сапасын талдау жіктелінген активтердің орташа құны мен банк
капиталының қатынасына негізделеді.
Сауықтыру бойынша бірнеше механизмдерді іске қосып және ағымда-ғы
шығындарды қысқартуға байланысты жақын арада шаралар қолданбаса, банктің
банкротқа ұшырау қаупі бар.
Қаржылық талдаудың теориялық негіздері
Қаржылық талдау экономикалық талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржылық талдау коммерциялық банктерді қаржылық басқа-рудың негізгі
элементі болып саналады.банктерде қаржылық талдауды жүргізу оның қоғамдағы
процесстер мен құбылыстардың байланыс-тылығымен ерекшеленеді.
Қаржылық бақылау тек банк қызметін тиімділігін зерттеуді және баға-
лауды қарастырмай, сонымен қатар оның басқарудың экономикалық тиім-ділігін,
басқаша айтқанда, менеджмент жүйесінің сапасын зерттеп баға-лайды. Кейбір
банктерде ұйымдастыру техникалық басқарудан қаржылық басқарудың үлес
салмағы жоғары болған жағдайда банктерді талдауқаржы жағдайы мен қаржы
нәтижелерінде жүйелі түрде жүргізіледі. Банк қызме-тінің тиімділігіне баға
беру, ағымдағы оперативтік қызметінің тиімділігін анықтауға бағытталады.
Аталған бағыттағы қаржылық талдау банктердің ссуда беру процесінің негізгі
элементтері ретінде клиенттер мен заемщик-тердің қаржылық есеп берулеріне
баға беру арқылы жүргізіледі. Талдау-дың бұл түрі банктердің активтерін
басқару аясында жүзеге асады. Банк қызметіне жалпы экономикалық баға беруді
іске асыруда қаржылық талдау төмендегі негізгі міндеттерді атқарады:
1. Банк қызметін қаржылық модельдеу және болжалдау мәселелерді талдау;
2. Альтернативтік және инновациялық баға беру және талдау;
3. Несие құнына баға беру.
Қаржылық модельдеу және болжалдау мәселелерін талдау банктің бизнес
жоспарының негізгі бөлімдерінің талдау және баға беру процесінде іске
асады. Оның құрамы: ресурстарды тарту, орналастыру жоспары, капи-талдың
есепті балансы, пайданы тарату жоспары, банктік қызметінің эко-номикалық
көрсеткіштері, банк персоналын дамыту жоспары, банктің ма-териалды-
техникалық базасын дамыту жоспары, банктің ақпаратты прог-раммамен
қамтамасыз ету жоспары, банк өнімдерін жетілдіру және банк қызметінің
деңгейін жоғарылату болжам-жоспары және тағы басқа.
Қазіргі кезеңдегі қаржылық талдаудың негізгі міндетінің бірі — банк-тің
инновациялық қызметіне талдау беру. Қаржылық инновацияның құра-мына
инновациялық өнімдер, процесстер, ұйымдастыру инновациясы кіре-ді.
Инновациялық өнімдердің құрамына фьючерс, своп және тағы басқа баланстан
тыс қызмет түрі кіреді.
Инновациялық процесс дегеніміз — банктерде телекоммуникация-лық және
компьютерлік техниканы тиімді пайдалану. Ұйымдастыру-ха-лықаралық банктік
операциясымен байланысты. Нақты қатынастар кезе-ңінде банктің капиталының
құнын анықтау негізгі роль атқарады. Қаржы-лық талдауда бұл 2 жолмен іске
асырылады:
1. Бухгалтерлік
2. Экономикалық.
Коммерциялық бантердің қызметінің қаржылық талдауды ұйымдастыру кезінде
төмендегі кезеңдер арқылы жүргізіледі:
• Талдаудың объектілері мне субъектілерін талдау;
• Талдау жргізудінің ұйымдастыру формасын анықтау;
• Аналитикалық жұмыстарды анықтау;
• Талдау субъектілердің арасында міндеттерді тарату;
• Аналитикалық талдау жұмысын әдістемелік және ақпаратпен қамтамасыз
ету;
• Мәліметтерді өндеу;
• Талдау нәтижесін безендіру және реттеу;
• Талдау нәтижелерін іске асыру шаралары.
Талдау субъектілері:
• Коммерциялық банк;
• Бағалы қағаздарды қоқандағы контрагент;
• Несиелік мекеме;
• Мемлекеттік салық органы;
• Аудиторлық фирма.
Банктің балансын талдау (қаржылық талдау) төмендегі талдаудың түрлері
бойынша жүргізіледі:
1) Дайындық — бұл түрі бойынша талдау экономикалық жұмысқа дайындау
кезеңі және балансты оқып зерттеу жүзеге асады. Сон-дай-ақ, белгілі
бір баланс баптарының құрылымы қарапайым, дәлі-рек айтсақ, берілген
белгілеріне сәйкес, актив және пасив бапта-рын топтау. Әрі қарай
шығын түрлері және олардың қайнар көзде-рі зерттеледі.
2) Аналитикалық — бұл түрі бойынша талдау талдалынатын көр-
сеткіштерінің өзара байланысты динамикасы, құрылымы, көлемі және
алынған есептік көрсеткіштері арқылы жүргізіледі.
3) Аяқтау — бұл түрі бойынша банктің жұмысын жақсарту, жетіл-діру
бойынша ұсыныстарды өңдеу және сараптау жұмыстары жүргізіледі.
Ақпараттық базаның қалыптасуы ақпараттың ішкі және сыртқы қай-нар
көзіне байланысты жүзеге асады. Қаржылық талдаудың ақпараттық ба-засын
құраушының ең басшысы болып ішкі қайнар көзі табылады.
Ақпараттың ішіндегі коммерциялық банктің эмиссиялық проспектіле-рін
алып қарастырамыз. Оның құрамына: акционердің саны, басқару ор-гандарының
сапалы және сандық құрамы, банктің қаржы жағдайы туралы мәлімет, тіркеуге
беруге дейін соңғы кварталдың және алдындағы жылдық балансы пайда мен зиян
есебі, құрылғаннан бері мерзім аралығында жи-налған пайданы пайдалану
туралы есебі, 3-4 жыл аралығындағы құқық қорғау органдарының әкімшілік
саекция туралы мәлімет, банктің қызметі туралы экономикалық-нормативтік
көрсеткіш, банктің жарғылық қоры ту-ралы есебі, шыққан бағалы қағаз есеп
беруі туралы, сонымен қатар, шыға-рылатын бағалы қағаз туралы мәлімет.
Бухгалтерлік құжаттардың құрамына бухгалтерлік баланс жатады.
Бухгалтерлік баланс — коммерциялық банктардың қаржы жағдайына ба-ға беретін
негізгі құжат. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына (ҚЕХС) сәйкес
есеп берудің құрамына баланс, пайда мен зиян есебі, ақша қаражатының есебі,
меншік капиталының өзгеріс туралы есебі, қаржылық есеп беруге ескерту
жатады.
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару сапасын талдау.
Банк капиталы дегеніміз банктің өз меншігіндегі мүлігі немесе мін-
деттемеден босатылған мүлігі (өз меншідегі капитал). Банктің капиталы
коммерциялық банктің қаржы ресурстарының қайнар көзі болып табыла-ды. Атап
айтқанда, ол банк ресурстарының айрықша формасын анықтай-ды. Капитал
тұрақты және қайтарымсыз түрде болады. Оның нақты құ-қықтық негізі және
функция міндеттері анықталады. Банк капиталы кез келген коммерциялық
банктің қызмет атқырылымы және қалыптасуының негізі болып табылады. Банк
қалыптасу кезеңі оның материалдық базасын қалыптастырудан басталады. Оны
дамыту және жетілдіру шаралары кейін жүргізіледі. Банк капиталын
қалыптастыруда коммерциялық банк қызметінде 2 функция іске асырылады:
1. Қорғану функциясы. Ол банк жойылған жағдайда салымшының,
инвестордың мүддесін қорғау.
2. Реттеу функциясы. Ол банк жүйесінің жалпы деңгейін тұрақты
ұстау.
Капиталдың қорғану функциясы халықтың салымдарын сақтандыру жүйесін
енгізу арқылы іске асырылады. Аталынған жүйенің өмірге келуі коммерциялық
банктің жойылуы мен басқа да төтенше жағдайда салым-шылардың депозит заң
жүзінде бекітілген тәртіп бойынша қайтару жүйесін енгізді.
Банктің меншіктік капиталы бойынша: акционер капиталы, резерв, қор,
таратылмаған пайда кіреді.
Меншікті капитал 2 бөлінеді:
• Негізгі деңгей (І деңгей)
• Қосымша деңгей (ІІ деңгей) .
Халықаралық талапқа сай І деңгейге төмендегілер кіреді:
• Төленген акциялық капитал (толығымен төленген жай акция,
кумулятивтік).
• Мерзімді кумулятивтік емес мерзімсіз артықшылығы бар акция.
Кумулятивтік артықшылықты акция — қоғамның жарғы-сымен бекітілген
мерзімге дейін салынған акция бойынша тө-ленбеген және жартылай
төленбеген дивиденд жиналады және төленеді. Егер жарғыда мерзім
бекітілмесе артықшылығы бар акция кумулятивтік деп есептелінбейді.
• Алынған резервтер. Сонымен қатар эмиссиялық түсім кіреді.
• Өткен жылдағы пайданың таратылмаған қаодығы.
• Үшінші қатысушылары төлеген банктің еншілес компаниясыының жай акциясы
кіреді.
І деңгейлі капитал құрамынан материалдық емес активтер және ағымды
жылдық зияндар алынып тасталды.
ІІ деңгейлі капитал құрамы төмендегідей:
• Жалпы және көрсетілмеген резерв. Жалпы резерв құрамына ва-люта
курсының толқуының жағдайындағы активті қайта бағалау барысындағы
жоспарланбаған зияндар және активтер құнсыз-дануы жағдайында құрылған
резерв жатады.
• Көрсетілмеген резерв. Жарияланбаған қарамастан пайда мен зиянның
құрамына кіретін және банктік бақылау резерві.
• Мерзімсіз артықшылығы бар акция
• Судординациялық облигация (ұзақ мерзімді облигация банк жойылған кезде
ең соңында жай акция өтеледі, ал оның алдында субординацияланған
облигация өтеледі).
ҚР банк жүйесінде бақылау базельдік бақылау құжаттарда көрсетілме-
гендей банк капиталын қалыптастырудың халық стандартына сәйкес банк
капиталы 2 деңгейде қалыптастырылады. І деңгейлі капиталының қалып-тасу
қайнар көзі:
Коммерциялық банк алғашқы құрылған кезеңдегі негізгі қайнар көзі —
жарғылық капитал. Оның мөлшері банк мүлігінің ең төменгі мөлшері болып
есептеледі. Басқаша айтқанда, несие ұйымының міндеттемелерінің негізгі
қатысушы болып табылады. Жарғы капиталы коммерциялық банк төтенше шығын
пайда болғанда резервтік қорда қаржы жетпеген банктік операция жүргізуге
мүмкіндік береді. Жарғылық капитал акционер банк акция сатудан түскен
қаржылардан тұрады. Жарғылық қор мөлшері оның қалыптасу тәртібі, ондағы
өзгерістер банк жарғысында анықталады. Банк балансына қаржылық талдау беру
үшін, банктің капиталының құрамына,құрылымына және динамикасына талдау
беруден бастаймыз.
Бірінші кезекте банк капиталы Базель комитет құжатына сәйкес капи-тал
түріне қарай топтап талдаймыз. Басқаша айтқанда, негізгі және қосым-ша
түрінде топтастырамыз.
1-кесте. БТА банк меншікті капитал құрылымы және оның динамикасы
Үлес
№ Меншікті 2008 2007 Ауытқу салмағы Өсу
капитал қарқ.
08 07
Артықтылықты 0 0 0 0 0
акция
Алынып 0 0 0 0 0
тас-талған
капитал
Кезең ішіндегі 68390437 193708348 -125317911 16,4 38,4
таза пайда
372893867 498182741 -125288874 89,4 98,8
2 Қосымша 165 0 165 0 0
тө-ленген
капитал
Резервті 42346425 4327337 38019088 10, 0,09 89,8
капитал
Тәуекел 24069 0 24069 0 0
бо-йынша резерв
Басқа резерв 1661295 1750079 -88784 0,4 0,3 -5,3
Бағалы қағазды 0 22257 -22257 0 0
қайта бағалау
23618031 36832826 13214795 10,6 1,2
Барлығы 44031954 6099673 37932281 100 100
2-кесте
Үлес Өсу
№ Меншікті 2007 2008 Ауытқу салмағы қарқ.
капитал
2007 2008 01.07.0701.01.07
ҚР Үкіметі мен
ҚР ҰБ займдар 576487 1402325 825838 0,1 4,5
Клиенттердің
банктегі 1373995789 1537079944 163084155 92,5 95,3
шоттары
Шығарылған
берешек баға-лы109566114 72316434 -37249680 7,4 4,5
қағаздар
Басқа
міндеттеме 673883 1288180 614297 0,1 0,1
Барлығы 1484812273 1612086883 127274610 100 100
4-кесте
Жарияланған
ба-ланстың есеп Сомасы, мың теңге Ауытқу Үлес салмағы
бе-рулері бойынша
мін-деттеме түрі
2007 2008 07 08
Банктің
корреспон-денттік
шоттары мен салымдары25223040 20306532 -4916508 1,1 0,8
ҚР үкіметі мен ҚР
ҰБ-дан займдар 576487 1402325 825838 0,03 0,1
РЕПО келісімі
бо-йынша сатылған
ба-ғалы қағаздар 46246157 51519379 5273222 2,1 2,1
Туынды қаржы
құ-ралдар 2971493 2724454 -247039 0,1 0,1
Клиенттердің банк-тік
шоттары мен 1373995789 1537079944 163084155 61,2 61,5
са-лымдары
Шығарылған бере-шек
бағалы қағаздар 109566114 72316434 -37249680 4,9 2,9
Басқа міндеттеме 572843131 622517653 49674522 25,5 24,9
Басқа тартылған
қар-жылар 2899 16005 13106 - -
Субординацияланған
берешек 94794038 158556992 63762954 4,2 6,4
Салық міндеттемесі 3190540 4223112 1032572 0,1 0,2
Мерзімі ұзартылған
салық міндеттемесі 0 0 - - -
Кредиторлық берешек
14237181 26233 11996725 0,6 1,1
Төлеуге дивидендтер 0 0 - - -
Барлығы 2244320752 2498184916 253864164 100 100
Несие ұйымдарының активтерінің басқарудың сапасын талдау
Активтердің сапасы негізгі 3 критерий бойынша анықталады:
1. ликвидтілігі
2. тәуекелділігі
3. түсімділігі.
Ликвидтілігі — нақты ақшаға ауысы қабілеті. Ликвидтілік деңгейіне қарай
банктің активтері төмендегі топтарға бөлінеді:
1. Өте жоғары ликвидтілік активі.Оның құрамына кассадағы, коррес-
понденттік шоттардағы ақша қаражат, мемлекеттік бағалы қағаздар кіреді.
2. Заңды және жеке тұлғаларға берілген қысқа мерзімді несиелер, банк-
ралық несие,факторингтік операция,акционерлік қоғамның коммер-циялық бағалы
қағаздары.
3. Ұзақ мерзімді салымдар және инвестиция. Оның ішінде: ұзақ мерзімді
несиелер, лизингтік операция, инвестиция.
4. ликвидтілігі жоқ актив, мерзімі өткен несие, ғимараттың негізгі
қралдары, кейбір бағалы қағаздар.
Активтердің тәуекелділігі дегеніміз активтердің ақша формасына ауысқан
кезде пайда болатын шығындар деңгейіне қарай топтастыру.
Активтердің түсімділігі — актив тиімділігінің жұмыс істей алу қабілеті,
басқаша айтқанда, табыс таба білу қабілеті.
Коммерциялық банктердің қаржылық талдаудың келесі кезеңі банк
активтерінің сапасын зерттеу болып табылады. Активтік операцияларды таладу
дегеніміз банк қызметінің түрлері мен бағыттарын таладу, сонымен қатар,
банктің орналастырған қаржының экономикалық тиімділігін талдау.
Талдаудың негізгі қайнар көзі — коммерциялық банктің балансы.
Активтерді басқарудың сапасын талдау оның құрылымын талдаудан бастаймыз.
5-кесте
Активтің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz